Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет134/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159
16-дəрісбаянТəрбие құрал-жабдықтары мен формалары
 
 
 
Жоспары 
1. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі 
2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама 
3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау 
16.1.Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі 
 
Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің 
педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету 
жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі 
тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған 
нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық 
туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – 
тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге 
өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта 
пайдалануы да мүмкін. 
Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру 
үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. 
Құралдар 
өмір 
құбылыстарын 
көз 
алдына 
келтіреді, 
тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық 
тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, 
іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы 
рəмізін айқындай түседі, т.с.с. 
Құрал- жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, 
инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт. 
Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар 
бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады. 
«Форма» терминінің мəні: 1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) 
тəрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін 
ұйымдастыру тəсілдері мен тəрбиелік шаралардың бірлікті 
жиынтығы; 3) тəрбиеленушілердің ұжымдық жəне жеке-дара 
іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, 
форма – бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің 
тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі
Тəрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тəрбиелік 
қызметтерді орындайды: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет