-
игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу,
есептеу
жəне т.б.);
-
табиғат жəне қоғамда жүріп жатқан оқиғалар мен
құбылыстардың мəнін түсіну;
-
оқушының дербестігі, өз бетінше іс-əрекет жасау дəрежесі;
-
оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі;
-
тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тəртіп ұстанымы,
қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділігі, эстетикалық жəне тəн-дене
мəдениетіне орай талғамы.
Əрине, оқу-тəрбие жұмыстарының
оқушы арқылы көрінетін
нəтижелері мұғалім қызметін бағалауда қажет-ақ, дегенмен,
олармен
шектелу шынайылыққа нұқсан.
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі
дəрежеде орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-əрекет
процесін ескерген де жөн. Бұл тұрғыдан назар аударарлық ұстаз
əрекеттері; яғни
процестік өлшем- шектері:
-
мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары;
-
өткізетін сабақтарының сапасы, оқу жəне тəрбие жұмыстары;
-
оқыту жəне тəрбиелеу барысында əр оқушыға жекелей қатынас
жасаудағы мұғалім ептілігі;
-
ата-аналармен жұмыс, бала тəрбиесіне
байланысты отбасыға
педагогикалық жəрдем ұйымдастыра білу.
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі:
Алғашқы кезеңде білім мекемесінде Педагогикалық кеңес
қаулысымен сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы
бекітеді.
Сараптау жөніндегі Ережеге сəйкес мұғалімнің (педагогикалық
қызметкердің) сараптан өтуіне қажет жеке құжаттары дайындалады:
сарапқа түсу жөніндегі арызы, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар
көшірмесі, бақылау- қадағалау не
басқа біліктілік жұмыстарын
орындағаны туралы эксперттік комиссия шешімі, сараптау парағы,
білім беру мекемесі басшысының бұйрығынан көшірме.
Екінші біліктілік категориясын алу үшін
мұғалім мектеп сараптау
комиссиясына , бірінші категория үшін – аудандық комиссияға,
жоғары категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді.
Достарыңызбен бөлісу: