Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет80/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

    Бұл бет үшін навигация:
  • Сабақ
нақтыланбаған (неградуированные) сыныптар сақталған: кей 
оқушы бір пəн бойынша жетінші сынып бағдарламасымен оқыса, 
қалған пəндерден алтыншы не бесінші сыныптық білім алып жүруі 
мүмкін. 
Жер-жерде ашық мектептер ұйымдастыру эксперименттеріде 
жүріп жатыр. Оқу мұндай мектеп жағдайында қоры бай кітапханалар, 
шеберханалар орталықтарында өткізіледі, яғни бұл болашақта 
“мектеп” деген жүйенің жалпы керек болмасына мегзеп тұр. 
Оқу ұжымдастырудың ерекше формасы шомдыру (погружение): 
оқушы белгілі уақыт (бір не екі апта) аралығында бір немесе екі пəнді 
игерумен ғана айналысады. Осыған сəйкес Вальдорф мектептерінде
дəуірлер бойынша оқу ұйымдастырылған. 
Оқуды ұйымдастыру формалары дамуының қысқаша тарихы 
осылайша. 
Жоғарыда аталған барша жаппай оқыту формаларының арасында 
үлкен тұрақтылығымен сақталғаны сынып-сабақтық оқу жүйесі. 
Шынымен де, осы оқу формасы педагогикалық ой мен жаппай мектеп 
озық тəжірибесінің аса құндылықты жемісі.
9.3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары 
Оқу 
процесі 
əрқилы 
ұйымдастырылуы 
мүмкін. 
Оның 
ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), 
дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, 
практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, 
өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн 
үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне 
т.б. 
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі 
тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз 
маңызын жойған емес. 
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу 
барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың 
тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн 
негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс 
түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне 
басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды 


тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің 
көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. 
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды 
түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. 
Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие 
іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, 
сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне 
сападағы көрініс береді. 
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-
қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым 
əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, 
оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып 
ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ 
типтерінің де сан алуандығына жол ашады. 
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты 
классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен 
оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің 
алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында. 
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай 
төмендегіше топтастырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет