Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың
əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні
– дəрісбаян (лекция).
Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған
тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа
оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды
белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян
оқу ақпаратын ұсынудың ең
тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада
шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып
салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың
белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп,
сабаққа араласып отыруына
қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл
сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына
байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық ,
қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері
төмендегідей:
-
ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін
дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;
-
проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет
болған
сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен
өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау,
əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын
оқу шарты;
-
көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу
құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере
отырып, оқыту жүйесі;
-
бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу
материалын екі
оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт
өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
-
шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер
алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –
оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау
қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян
соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген
қателіктерге талдау беріледі;
-
дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн
ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде
баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы
қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі
тұжырымдар жасайды;
-
Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс»
күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
-
Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша
екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді.
Оқушылар қатысына орай
оқытушы рейтингі анықталады.
Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
-
жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік,
насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады;
-
мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік
дəрісбаяндары белгілі;
-
ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі
дəрісбаяндар қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне
қорытынды – бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімде тақырып
нақтыланады,
жоспар
мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша
əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі,
тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады.
Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен
ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар
көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми
зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба
анықталады.
Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы
үйретіліп, негізгі теориялық
көзқарастар қысқаша қайталанып,
жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға
жауаптар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: