Дегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау
негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен
оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көрсетіп,
алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін.
Сондықтан бағалаудағы субъектив ойдың бəрін бірдей қателікті деп
қарастыру дұрыстыққа келмейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қадағалаудың негізгі қызметтеріне сипаттама беріңіз.
2. Қадағалауға қойылатын педагогикалық талаптар қандай?
3. Ауызша жəне жазбаша қадағалаулардың тиімділігі мен
кемшілігі неде?
4. Компьютерлі қадағалау мүмкіндіктері қандай?
5. Бағалау, баға қою өлшемдерінің қай түрінің болашағы бар деп
ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: