Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ


 Адам жəне оның мəнi туралы қазiргi көзқарастар



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

4.2.2. Адам жəне оның мəнi туралы қазiргi көзқарастар. 
 
Ғылымның  қазiргi  жетiстiктерi  адам  биологиялық  факторлармен  қатар  əлеуметтiк 
факторлар да маңызды рөлге ие болатын эволюциялық дамудың өнiмi деп тұжырымдауға 
мүмкiндiк  бередi.  Осы  орайда  адамның  жоғары  ұйымдасқан  жануарлардан  басты
айырмашылықтары  туралы  жəне  осы  айырмашылықтарды  мүмкiн  еткен  процестердi 
ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мəселе шешушi маңызға ие болады.
 
Алайда  əлемнiң  қазiргi  ғылыми  картинасында  антропогенез  процесi  көп  жағдайда 
белгiсiз  күйiнде  қалып  отыр.  Бұл  жағдай  "адам  феноменiн"  тамаша  зерттеушi,  атақты 
француз философы, биологы, палеонтологы жəне антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң 
мынадай  сөздерiмен  түсiндiрiледi:  адам  "эволюцияның  өзегi  жəне  шыңы"  болып 
табылады жəне "адамның кiлтiн табу, демек əлемнiң қалай құрылғанын жəне ол қалайша 
ары қарай құрылуы тиiс екенiн бiлуге ұмтылу деген сөз".

Жетiспейтiн  айғақтардың  жоқтығы,  адамға  деген  ескi  көзқарасқа  күмəн  келтiретiн 
жана ашылымдар адамның мəнi мен табиғаты туралы əртүрлi концепцияларды туғызды. 
Оларды  жалпы,  шартты  түрде  рационалистiк  жəне  иррационалистiк  деп  бөлуге  болады. 
Иррационалистiк  көзқарастың  негiзiне  адам əрекетi  немесе  оның кең  мағынасында  адам 
болмысы  түсiндiруге  келмейтiн  iшкi  мотивтер,  ырықтар,  көңiл-күйлердiң  көрiнiсi 
позициясымен  талданатын  идеялар  құрайтын  экзистенциализм,  неотомизм,  фрейдизм 
iлiмдерiн  жатқызуға  болады.  Бүтiндей  алғанда  иррационалистiк  концепциялар  адамның 
кейбiр  қырлары  мен  қасиеттерiн  ашқанымен,  адамның  шығу  тегi  жөнiнде  ешқандай 
логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейдi.
 
Адам  туралы  бiздiң  қазiргi  көзқарастарымыз  иррационалистiк  бағыттағы 
ойшылдардың  жетiстiктерiн  ескергенiмен,  көбiне  рационалистiк – материалистiк  жəне 
идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы,  жүздеген, мүмкiн мыңдаған жылдарға созылған 
адамның  жануарлар  əлемiнен  бөлiнiп  шығу  процесiн  түсiндiре  отырып  Маркс  жəне 
Энгельс  былай  жазады: "адамдарды  жануарлардан  санасына,  дiнiне  жалпы  тағы 
басқалар  қарап  айыруға  болады.  Ал  олар  өздерiн  жануарлардан  өмiрлiк  қажеттi 
құралдарды  өндiре  бастаған  кезден  айыра  бастайды,  адамдар  өздерiнiң  материалдық 
өмiрiн  жанама  жолмен  өздерi  өндiредi".  Жануарлық  жағдайдан  адамға  өтуге  мүмкiндiк 
беретiн  басты  критерий  оның  мəдениеттенуi,  бұл  жерде  материалдық  өндiрiс  болып 
көрiнедi.  Адамның  əлеуметтiк-биологиялық  эволюциясын  түсiндiруде  Энгельстiң  ұсынған 
антропогенездiң  еңбек  теориясының  маңызы  зор.  Бұл  теорияның  жақтаушылары  еңбек 
биологиялық заңдардың əсерiн терiске шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу əрекетiнiң 
сипатын  өзгертедi,  қалыптасушы  адамның  өз  жеке  өлшемi  бойынша  табиғатты  өзгерту 
кабiлетiне жəне адамның өзiнiң қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек əрекетiнiң 
арқасында  адамның   биологиялық  жəне  рухани  кқажеттiлiктерi  өтеледi,  адамдардың 
бiрiгуiнiң ауқымы кеңейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық жəне ақыл-ой 
қабiлеттерiн көрсете алады.
 
Адам  жəне  адамзат  тұлғасының  қалыптасуындағы  үлкен  рөл  тiлге  тиесiлi.  Тiлдiң 
арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл алғашқы қауымдық адамдардың бiрлескен еңбек 
əрекетiнiң  арқасында  қоғамның  қалыптасуымен  бiрге  пайда  болды  жəне  дамыды. 
Дыбыстарға  бөлiнген  сөздiң  пайда  болуы  адамның  қалыптасуы  мен  дамуында,  адамдар 
арасындағы қатынастың орнауында жəне алғашқы адам қауымдастықтарының түзiлуiнде 
орасан зор рөл атқарды.
 
Тiлдiң  маңызы  ең  алдымен,  онсыз  адамдардың  еңбек  əрекетi  практикалық  тұрғыда 
мүмкiн  еместiгiмен  сипатталады.  Өзара  қатынастың  арқасында,  адамдар  бiр-бiрiмен 
байланыс орнатты, өзара əрекеттiң əртүрлi мəселелерi бойынша келiстi, тəжiрибе бөлiстi 
жəне  т.б.  Тiлдiң  көмегiмен  бiр  ұрпақ  келесiсiне  ақпарат,  бiлiм,  əдет-ғұрып  жəне 
дəстүрлердi  жеткiзiп  отырды.  Онсыз  бiр  қоғамда  өмiр  сүретiн  əртүрлi  ұрпақтар 
арасындағы байланысты көзге елестету қиын.
 
Адамзат  психикасының  қалыптасуы  мен  адамзат  ойлауының  дамуында  тiлдiң  рөлi 
өте үлкен. Адамның жоғарыда келтiрiлген барлық қасиеттерi адам қауымдастығынан тыс 
пайда болуы, өмiр сүруi, дамуы мүмкiн емес едi. Бұл жолдағы маңызды қадам моногамды 
отбасы  мен  ру  түрiндегi  алғашқы  адам  қауымдастықтарының  пайда  болуымен
сипатталады.  Мұның  арқасында  адамның  биологиялық  түр  ретiнде  сақталуы  мен 
дамуына  қолайлы  алғышарттар  қалыптасып  қана  қоймай,  оны  "тəрбиелеумен" 
айналысуға,  яғни  бiрлесiп  өмiр  сүрудегi  тəртiптер  мен  ғұрыптарды  сақтап,  ұжымдағы 
өмiрге үйретуге жағдай туды. 
 
Адамның  мəнi  мəселесi  адам  туралы  философиялық  iлiмнiң  өзегiн  құрайды. 
Адамның дамуы мен тарихи негiзiн жəне оның мəнiн құрайтын субстанция ретiнде қазiргi 
ғылым  қоғамдық  өндiрiс  щеңберiнде  жүзеге  асатын  еңбек  əрекетiн  атайды.  Қоғамдық 
өндiрiс  пен  Еңбек  əрекетiнiң  дамуы  нəтижесiнде  адамдардың  қоғамдық  қатынастары  да
дамиды.  Индивидтiң  жеке  дамуы  қоғамдық  қатынастардың  бүкiл  жиынтығын  өн  бойында 
жинақтауына,  игеруiне  жəне  оны  жүзеге  асыруына  байланысты.  Сондықтан  да  Маркс
адамды абстрактылы тұрғыда түсiнгенi үшiн Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды 
"адамның  мəндiлiгi  жекелеген  индивидке  тəн  абстракт  емес.  Ол  өзiнiң  болмысында 
барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады".

Бұл  жерде  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы  ретiнде  оның  материалдағы  мен 
идеалдылығы да, бүгiнi мен өткенi де айтылады. Адам бiр мезгiлде өндiрушi де, ақылды 
да, мəдени де, адамгершiлiктi де, саяси да жəне т.б. жан болып табылады. Ол өз бойында 
белгiлi  дəрежеде  қоғамдық  қатынастардың  барлық  түрлерiн  қорыта  отырып  жəне 
осылайша, өзiнiң əлеуметтiк болмысын iске асырады. Бұл мəселенiң тағы бiр қыры - бұл 
 адамның   адамзат    тарихының  жемiсi  екендiгi.  Қазiргi  адам  "ешқайдан"  шыққан  жоқ,  ол 
қоғамдық-тарихи процесс дамуының нəтижесi болып табылады. Басқаша айтқанда, адам 
мен адамзат тегiнiң бiртұтас екендiгi сөзсiз. 
 
Алайда,  адам  қоғам  мен  қоғамдық  қатынастардың  нəтижесi  ғана  емес,  өз  кезегiнде 
оның  жаратушысы  да.  Осылайша,  ол  бiр  мезгiлде  қоғамдық  қатынастардың  объектi  де 
болып  табылады.  Адамда  субьект  пен  обьектiң  тұтастығы  жүзеге  асады.  Осылайша 
адамның  əлеуметтiк-əрекеттiк  мəнi  туралы  айтуға  болады.  Əрекетсiз,  əлеуметтiк  қарым-
қатынастарсыз адам адам бола алмайды. 
 
Бiрақ  адам  өз  мəндiлiгiнде  салыстыруға  келмейдi.  Бұл  нақтылық  оның  өмiр  сүруi 
барысында  аңғарылады.  Жəне  де,  егер  адамның  мəнi - бұл  адамзат  тегiнiң  жалпы 
сипаттамасы  болса,  ал  əрбiр  индивидтiң  өмiрi  өзiнiң  нақты-эпирикалық  тұрғысында 
əрқашанда  индивидуалды  жəне  тек  мəндiлiкпен  ғана  қамтылмайды.  Адамның  өмiр  сүруi 
өзiнiң  алуан  түрлi  формалары,  түрлерi  мен  қасиеттерi  көрiнiстерiнiң  бүтiн  тұтастығы 
ретiндегi  индивид  болмысы  болып  табылады.  Бұл  бүтiндiк,  ең  алдымен  адамның  үш 
негiзгi  бастаудың - биологиялық,  əлеуметтiк  жəне  психикалық  бастаулардың  тұтастығы
екендiгiнен,  адамның  биопсихоəлеуметтiк  феномен  екндiгiнен  көрiнедi.  Бұл  фактордың 
кез-келген  бiреуiн  алып  тастасақ,  адамның  өзiн  де  жояр  едiк.  Сондықтан  да,  адамның 
қабiлеттерiнiң  дамуы,  жəне  оның  бүтiндiк  қалыптасуы  əрқашанда  осы  негiзгi 
факторлармен байланысты: табиғи жаратылыспен əлеуметтiк ортамен жəне iшкi Менiмен 
(ерiк, ұмтылыс, мүдде т.с.с.).
 
Адамның  өмiр  сүрүi  мəселесi  де  адамның  мəнi  мəселесi  сияқты  маңызды.  Оның 
алғышарты  туралы  емес,  адамның  өмiр  сүруi  мен  мəндiлiгiнiң  тұтастығы  мен  қажеттi 
байланысы туралы айтуға болады. Адам əрқашанда, бiр жағынан əуел бастапқы "нəрсе" 
жəне,  екiншi  жағынан,  ол  өзiнiң  iзi  мен  шектеуiн  қалдыратын  əлеуметтiк  ортада  дамиды. 
Сондықтан да индивидуалдық өмiр сүру осы қажеттiлiксiз, оның мəнiн құрайтын қоғамдық 
қатынастарының жүйесiнсiз мүмкiн емес. Сонымен қатар, оның мəнi де оның өмiр сүруiнен 
тыс бола алмайды.
 
Адамның бойындағы биологиялық пен əлеуметтiлiктiң арақатынасы мəселесi де осы 
өмiр  сүру  мен  мəндiлiк  мəселесiмен  байланысты.  Өзiнiң  мəнi  жағынан  адам  əлеуметтiк 
жан.  Сонымен  бiр  мезгiлде  ол  табиғаттың  жемiсi  жəне  оның  шектерiнен  тыс  өмiр  сүре 
алмайды,  өзiнiң  биологиялық  қажеттiлiктерiн  өтейдi, iшедi,  жейдi,  дене  қабатын  тастап 
кете  алмайды.  Адамдағы  биологиялық  пен  əлеуметтiлiк  ажырамас  тұтастықта 
орналасады  оның  бiр  жағын  "əлеуметтiк  сапаға"  ие  тұлға  құраса,  екiншi  жағын  оның 
табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.
 
Өзiнiң биологиялық жаратылысы жағынан əрбiр индивидтiң өз ата-анасынан алатын 
гендер  жиынтығы – белгiлi  бiр  генотипi  əуел  бастан  қаланады.  Туылысымен-ақ  ол 
нышандары  генде  сақталған  биологиялық  тұқым  қуалаушылыққа  ие  болады.  Бұл 
нышандар  индивидтiң  сыртқы,  физикалық  кейпiне  де  (бойы,  терiсiнiң  түрi,  бет-əлпетi, 
дауысының  күшi,  өмiрiнiң  ұзақтығы  жəне  т.б.),  психикалық  қасиеттерiне  де  (эмоция, 
темперамент,  кейбiр  мiнез-құлықтары  жəне  т.б.)  Кейбiр  ғалымдардың  пiкiрiнше, 
адамдардың  əртүрлi  əрекет  түрлерiндегi  де  дарындылығы  да  тұқым  қуалаушылықпен
берiледi.  Алайда  мұнан  адамның  қабiлеттерi  тек  табиғи  алғышарттармен  байланысты 
деген  қорытынды  шығарудың  қажетi  жоқ.  Нышандар-бұл  адам  қабiлеттерiнiң 
алғышарттары ғана, оны генотипке əкелiп тiреуге болмайды. Қабiлеттер де өзiнiң жалпы 
түрiнде үш фактордың бiрлiгi: биологиялық, əлеуметтiк, психикалық.
 
Əлеуметтiлiк  пен  биологиялық  мəселелерiн  қарастырғанда  екi  көзқарастан  бойды 
аулақ  ұстау  керек:  əлеуметтiк  факторды  абсолюттендiру  жəне  биологиялық  факторды 
абсолюттендiру.  Бiрiншiсiнде  адам  əлеуметтiк  ортаның  абсолюттiк  нəтижесi  болып 
көрiнедi.  Екiншi  концепцияға  əртүрлi  биологияландырушы  iлiмдер  жатады.  Оның  iшiнде, 
мысалы  табиғи  тұрғыда  бiр  нəсiлдi  екiншiсiнен  жоғары  қоятын  нəсiлшiл  теорияларды 

жатқызуға  болады.  Нəсiлшiлдiлiктiң  жарамсыздығын  адам  генотипiнiң  ерекшiлiгiнiң 
нəсiлдiк  емес,  индивидуалдық  денгейде  көрiнетiндiгi  арқылы  дəлелдеуге  болады. 
Табиғатта қандай да болсын нəсiлдiк, ұлттық немесе əлеуметтiк генотиптер өмiр сүрмейдi. 
Дарвиннiң  табиғи  сұрыпталу  iлiмiн  негiзге  ала  отырып  қоғамдық  өмiрдi  түсiндiруге 
тырысқан социал-дарвинизмнiң өкiлдерi де осы биологияландырушы позицияны ұстанды.
 
Қазiргi  кездегi  ғылымда  адамның  биоəлеуметтiк  табиғаты  туралы  пiкiр  қалыптасты. 
Мұның  үстiне  адамның  əлеуметтiлiгi  төмендетiлмейдi,  есесiне Homo sapiens жануарлар 
əлемiнен  бөлiнiп,  оның  əлеуметтiк  жанға  айналуындағы  шешушi  рөлi  баса  айтылады. 
Адам  пайда  болуының  биологиялық  алғышартын  ешкiм  терiске  шығара  алмайды.  Тiптi 
ғылыми  дəлелдерге  сүйенбей-ақ,  қарапайым  бақылаулар  мен  қадағалауларды
жетекшiлiкке  ала  отырып,  адамның   табиғи  өзгерiстерге – атмосферадағы  магниттiк 
борандарға,  күннiң  белсендiлiгiне,  жер  стихиялары  мен  апаттарына  барынша
бағыныштылығын аңғаруға болады.
 
Екiншi  жағынан  адамның  қалыптасуындағы  үлкен  рөл  еңбек,  адамдар  арасындағы 
өзара  қатынастар,  олардың  əлеуметтiк  жəне  саяси  институттары  сияқты  əлеуметтiк 
факторларға тиесiлi. Бұлардың əрқайсысы жеке өз алдына адамның жануарлар əлемiнен 
бөлiнiп  қалыптасуына  əкелуi  мүмкiн  емес.  Бұл  тек  олардың  өзара  əсерi  мен 
диалектикалық тұтастарының арқасында ғана мүмкiн болады.
 
Адам  жер  бетiнде  өмiр  сүретiн  биологиялық  түрдiң  бiрiне  жатқандықтан  оның 
биологиялық табиғатын гомоноид (адамға ұқсас) ретiнде оған тиесiлi түрлiк қасиеттердiң 
жиынтығы анықтайды. Алайда, осы биологиялық параметрлердiң өзiне əлеуметтiк фактор 
тiкелей əсер етедi, мысалы, өмiрдiң ұзақтығына, жас ерекшiлiктерiне жəне т.б. əсер етедi. 
Жануарға  тəн  өмiр  сүру  ортасына  түскен  нəрестенiң  өзi  қалыпты  жағдайларға  сай 
физикалық  тұрғыда  тiрi  қалғанымен,  ол  адам  болып  қалыптаспайды.  Бұл  үшiн  индивид 
əлеуметтендiрудiң  белгiлi  бiр  кезеңдерiн  бастан  өткiзуi  керек.  Сонымен  қатар  төмендегi 
пiкiрмен  де  келiсуге  болады: "Туылған  сəтiнде  нəресте  адамға  кандидат  қана,  ал  оқшау 
жағдайда  кандидат  та  бола  алмайды:  ол  адам  болуды  адамдармен  қарым-қатынас 
барысында  үйренедi" (А.Н.Леонтьев).  Басқаша  айтқанда,  əлеуметтiк  жағдайлардан  тыс, 
тек биология ғана адамды тұлға ретiнде қалыптастыра алмайды.
 
Адамдағы əлеуметтiлiктiң биологиялыққа ықпалының тағы бiр қыры биологиялықтың 
əлеуметтiк  формада  қанағаттандырылуы  мен  жузеге  асырылуында.  Адам  өмiр  сүруiнiң 
табиғи-биологиялық  жағы  əлеуметтiк-мəдени  факторлармен  "адамданады"  жəне  ортаға 
түсiрiледi.
 
Осылайша,  биологиялық  алғышартсыз  гомоноидтың  пайда  болуын  көз  алдыға
келтiру мүмкiн емес болса, əлеуметтiк алғышартсыз да адамның қалыптасуы мүмкiн емес. 
Ары қарай мұның арқайсысы жағдайларға байланысты адамның күш-жiгерiн бiрде азайта, 
бiрде күшейттi. Жалпы, бүтiндей алғанда адамның пайда болу кезiнде де, қазiргi кезде де 
оның өмiр сүруi биологиялық пен əлеуметтiлiктiң тұтастығымен қамтамасыз етiледi.
 
Адам  өмiр  сүруiнiң  психикалық  жəне  биологиялық  жақтарын  бейнелейтiн 
философиялық  антропологиядағы  бейсаналық  пен  саналық  мəселесi  де  биологиялық 
жəне əлеуметтiлiк мəселесiмен тығыз байланысты.
 
Ұзақ уақыт бойы философияда антропологиялық рационализм принциптерi үстемдiк 
еттi,  адам  оның  қылықтары  жəне  болмысының  өзi  саналық  өмiрдiң  көрiнiсi  ретiнде 
қарастырылып келдi. Адам "ақылды адам" ретiнде ғана саналып келдi. Ал Жаңа заманнан 
берi  философиялық  антропологияда  бейсаналық  мəселесi  үлкен  орын  ала  бастады. 
Лейбниц,  Кант,  Кьеркегор,  Шопенгауэр,  Ницше  сияқты  авторлар  адам  санасынан  тыс
психикалық  процестердiң  маңызы  мен  рөлiн  əр  түрлi  қырлары  мен  позициялары 
тұрғысынан талдай бастады.
 
Адамның  өлшемi  мен  өмiр  сүруiнiң  аса  маңызды  факторы  ретiнде  бейсаналықты 
бекiтiп, философиялық антропологиядағы бүкiл бiр бағытты ашқан З.Фрейд бұл мəселенiң 
шешiлуiне  үлкен  ықпал  еттi.  Ол  бейсаналықты  санаға  қарсы  тұратын  күш  ретiнде 
танытады.  Фрейдтiң  ойынша,  ең  басты  күшi  жыныстық  қатынас - либидо  болып 
табылатын  бейсаналық  моральдық  стандарттар  жəне  шектеулермен  қоса  қоршаған
əлеуметтiк  ортаға  үнемi  бойұсынып  отыратын  саналықпен  қақтығыста  болады.  Ортаның 
шектеулерi индивидтi күйзелiске ұшыратады, соның нəтижесiнде бейсаналық қатынастар 

невроз,  түс  көру,  көбiне  агрессивтi  қате  əрекеттерге  ұрындырады.  Қақтығыстық 
ахуалдың  шектен  тыс  қысымынан  индивид  ығыстыру  көмегiмен  құтылады:  индивидке 
тиiмсiз  ойлар,  көңiл-күйлер  санадан  "қуылып",  саналықтан  кейiнгi  деңгейге  көшiрiледi, 
бiрақ  оның  əрекетiне,  қылығына  əсерiн  тигiзiп  отырады.  Осылайша  фрейдтiк  талдау 
биологиялық  қатынастар  мен  саналы  əлеуметтiк  нормалар  арасындағы,  саналылық  пен 
бейсаналылық,  өмiр  инстинктi  мен  өлiм  инстинктi  арасындағы  бiрқатар  қайшылықтардан 
құралады.  Бiрақ,  ақарында  биологиялық  бейсаналық  анықтаушы  рөлге  ие  болады. 
Фрейдтiң  жəне  оның  iзбасарларының  концепциясындағы  бейсаналықтың  рөлiн  бағалай 
отырып  адамға  жəне  оның  өмiр  сүруiн  бейсаналылық  жəне  саналықтың  арақатынасы
арқылы  қарастыру  бұл  мəселенi  философиялық  түсiнуде  жаңалықтар  əкелгенi  сөзсiз. 
Бiрақ, сонымен қатар Фрейд бейсаналылықтың рөлiн бiршама абсолюттендiрiп көрсетедi.
 
Осылайша,  бейсаналылық  мəселесiн  ойластыру  адам  психикасы  аймағын
саналылық жəне бейсаналылық салаларына бөле отырып индивидуалды жəне қоғамдық
саналардың  құрылымын  зерттеуге  үлкен  үлес  қосты.  Осыған  байланысты  қазiргi  кездерi 
кеңiнен  таралған  менталитет,  ментальдылық  сияқты  ұғымдарға  көңiл  аудару  қажет. 
Ментальдылық  құрамына  бейсаналықты  да  еңгiзетiн  индивидуалдық  жəне  ұжымдық 
сананың терең деңгейiн бiлдiредi. Ол индивидтiң немесе əлеуметтiк топтың əлемдi белгiлi 
бiр тəртiппен қабылдауының, ойлауының жəне əрекет етуiнiң ерекше қалпы мен жүйесiнiң 
жиынтығын  бiлдiредi.  Тұлғаның  менталитетi  дəстүрдiң,  мəдениеттiң  жəне  адамның 
əлеуметтiк ортасының негiзiнде қалыптасады жəне , өз кезегiнде оларға да əсер етедi.
 
Адам  тектi  ұғым  болып  табылады  сондықтан  адамзат  тегiне  қатысты  барлық 
белгiлер  бейнеленедi.  Бiрақ  мұндай  көзқарас  адам  мəнiн  анықтау  үшiн  жеткiлiксiз. 
Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, индивидуалдық сияқты
ұғымдар  қолданылады.  Адам  адамзат  тегiнiң  жекелеген  өкiлi  ретiнде  индивид  түрiнде 
қарастырылады.  Бүкiл  адамзат  тегiне  тəн  жалпы  белгiлерiмен  қатар,  оның  өзгелерден 
ерекшеленетiн  өз  қасиеттерi  бар.  Бұл  табиғи-бойы,  көзiнiң  түсi,  дене  құрылысы,  жəне 
əлеуметтiк-дамуының  интелектуалдық  деңгейi,  психологиялық  қыртысы,  рухани 
мəдениеттiң  əртүрлi  деңгейi  сияқты  ерекшелiктерi  болып  табылады.  Индивидуалдық 
ұғымы  индивид  түсiнiгiмен  тығыз  байланысты.  Оны  индивидпен  байланыстыратыны 
олардың негiзi биологиялық, табиғи екендiгi болып табылады. Индивидуалдық күрделiрек 
жəне  жан-жақты  болады.  Индивидуалдылық  ең  алдымен  адамның  табиғи  жəне
психикалық  қасиеттерiнен,  нақтылап  айтқанда,  оның  жадынан,  темпераментiнен,  мiнез-
құлқынан,  эмоционалдылығынан  көрiнедi.  Индивидуалдық  белгiлер  адамның  саналы
əрекеттерiнен де, оның пiкiрiнен, қылығынан, мəдени қажеттiлiктерiнен де байқалады. Бiр 
əлеуметтiк топтың өкiлдерi арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшiн 
өзгеше нəрселер тəн болады.
 
Адамның  əлеуметтiк  қасиетiнiң  келесi  бiр  жоғары  деңгейдегi  сипаттамасы  оның 
тұлғаға айналуы болып табылады. Көбiне адамның биологиялық табиғатына негiзделетiн 
индивид  пен  индивидуалдықпен  салыстырғанда  тұлғаның  мəнiнiң  ерекшiлiгi  оның 
əлеуметтiк қасиеттерге негiзделетiнiде. Бiрақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз
əсерiн тигiзетiнiн ескеру керек.
 
Əлеуметтiк  индивидуалдылық,  əрине,  бос  жерде  пайда  болмайды.  Адам  нақты 
тарихи  уақытта  жəне  əлеуметтiк  кеңiстiкте,  тəрбие  мен  практикалық  əрекет  барысында
қалыптасады. Сондықтан да тұлға əлеуметтiк индивидуалдылық ретiнде –бұл əрқашанда 
нақты  нəтиже,  өте  əр  алуан  факторлардың  өзара  əрекетi  мен  синтезi.  Адам  неғұлым 
үлкен  деңгейде  əлеуметтiк-мəдени  тəжiрибенi  бойына  жинақтаса,  соғұрым  тұлға 
маңыздырақ жəне ол, өз кезегiнде, оның дамуына өзiнiң индивидуалды үлесiн қосады.
 
Тұлғаның  қалыптасуына  қандай  факторлар  ықпал  етедi  жəне  тұлғаның  қарапайым 
адамдардан қандай айырмашылығы бар? Əрине, мұндай факторлар өте көп, бiрақ оның 
қалыптасуындағы  негiзгi  рөл  əлеуметтiк  жағдайларға – тəрбиеге,  бiлiмге,  қоршаған 
əлеуметтiк ортаға, ата-анаға тиесiлi екендiгiн атап өту маңызды. Тəрпбиенiң рөлi адамның 
балалық  жəне  жасөспiрiмдiк  кездерi  қандай  моральдық  жəне  қоғамдық  құндылықтарды
игеруiмен байланысты. Бiлiм адамға əр алуан ақпаратты жəне ең маңыздысы, өтiп жатқан 
оқиғаларды  талдау  жəне  бағалау  қабiлетiн  берiп,  ойлауды  дамытады.  Қоршаған 
əлеуметтiк орта – бұл адамның мекен ету əлемi, бұл тұлғаның қалыптасуына тiкелей əсер 

ететiн  дүниетанымдық,  кəсiби,  адамгершiлiк  құндылықтар.  Алайда,  тұлғаның 
қалыптасуына  басты  ықпал  ететiн - ата-аналар.  Нəрестенiң  көз  алдында  олар  "алғашқы 
əлем", онымен танысу барысында нəресте елiктеудi, терiске шығаруды немесе өзгертудi 
үйренедi.  Сондықтан  ата-ананың  жеке  абыройы,  олардың  бала  тəрбиелеудегi  қатысы, 
қоғамға  жəне  өзi  сияқтыларға  қатынасы – баланың  тұлға  болып  қалыптасуындағы 
маңызды фактор болып табылады.
 
Тұлға бос кеңiстiкте емес, ұжымда, қоғамда əрекет ететiндiктен, ол белгiлi дəрежеде 
оларға  бағынышты.  Мұндағы  қоғамның  рөлi  тұлғаның  пайда  болуы  жəне  оның 
мүмкiндiктерiн  жүзеге  асыруға  қажеттi  алғышарттар  қалыптастырумен  қатар,  осы  жолда 
кедергiлер  құруымен  де  көрiнедi.  Сондықтан  да  қоғамдық  құрылыс,  экономикалық  жəне 
əлеуметтiк  дамудың  деңгейi  үлкен  мəнге  ие  болады.  Нақтылап  айтқанда,  қоғам  əрбiр 
адамға өзiнiң ақыл-ой жəне физикалық қабiлеттерiн iске асыру үшiн бiлiм алуға мүмкiндiк, 
еңбек ету мен еркiндiкке құқық бередi.
 
Философиядағы  тұлға  ретiндегi  адамның  мəнi,  оның  əлем  мен  тарихтағы  орны 
мəселелерi. Тұлға бұл жерде адамдардың əрекетi мен қарым-қатынастарының, қоғамдық 
қатынастардың,  қоғамдық  идеалдардың,  құндылықтардың  индивидуалдық  көрiнiсi  жəне 
субьектi  ретiнде  қарастырылады.  Олардың  тарихи  тұрғыда  да, "нақты  болмысы" 
тұрғысында  да  салалары  тұлғаның  тарихи  типi  қалыптасуына,  оның  нақты  жағдайлары 
мен  қасиеттерiне  орасан  зор  ықпал  етедi.  Əсiресе,  əрекеттiң  тұлғаға  əсерi  ерекше 
екендiгiн  атап  өткен  жөн.  Адамның  əрекетiнiң  негiзiнде  жəне  соның  арқасында  тұлғаның 
дамуы  жəне  оның  қоғамда  əртүрлi  рөлдердi  атқаруы  жүзеге  асады.  Тек  əрекетте  ғана 
индивид тұлға ретiнде бекiтiледi, онсыз ол "өзiндiк зат" болып қалған болар едi. Адам өзi 
туралы  қаншама  ойларға  берiлiп,  кез-келген  қиялдар  тудыруы  мүмкiн,  ал  өзiнiң  нақты 
болмысында  тек  iс  арқылы  ғана  аңғарылады.  Бекерден  бекер  Конфуций  адамдардың 
сөздерiн тыңдап қана қоймай, олардың iстерiн де көре бiлген, сол сияқты Аристотель де 
былай деп жазған: "Жеңiстiң сыйлықтарын тек жарысқа қатысқандар ғана алады".
 
Басқаша  айтқанда,  адамның  əлеуметтiк  əрекеттiк  мəнi  ең  алдымен  тұлғаның 
əлеуметтенуiнiң  негiзiне  жатады.  Əлеуметтендiру – бұл  индивидтiң  қоғамда  өзiнiң 
өмiрқамын  дұрыс  тəсiлмен  iске  асыруына  мүмкiндiк  беретiн  бiлiмдердiң,  нормалар  мен 
құндылықтардың  белгiлi  бiр  жүйесiн  игеруi  процесi  болып  табылады.  Ол  адамның 
əлеуметтiк тəжiрибенi игеру барысында жүзеге асады, бiрақ ең алдымен оның белгiлi бiр 
қоғамдық  қатынастарға,  əрекет  түрiндегi  қарым-қатынас  формасына  түсудiң  нəтижесiнде 
iске  асады.  Бұл  жағдайда  əлеуметтену  филогенезде  де  (адамның  тектiк  қасиеттерi  мен 
сипаттарының  қалыптасуы),  онтогенезде  де  (нақты  тұлғаның  қалыптасуы)  жүзеге 
асырылады.  Адамның  тарихи  дамуы  тұрғысында  да,  онтогенезде  де  тұлға  индивидтiң 
əлеуметтенуiнiң 
нəтижесi. "Тұлға 
болып 
туылмайды, 
тұлға 
болып 
қалыптасады" (А.Н.Леонтьев).  Əлеуметтену  динамикалық  сипатта  болғандықтан,  тұлға  -
бұл   əрқашанда   процесс,  бұл  үнемi  қалыптасу.  Өзiнiң  қалыптасуында,  өзiнiң 
ұмтылысында тұрып қалған, қатып қалған тұлға – бұл демек, керi кетушi тұлға. Тұлғаның 
деградациялануы  индивидтiң  өзге  ерiкке  толығымен  бағынып  жəне  оның  əрекетi  алдын-
ала  бағдарланып  қойылған  жағдайда,  яғни  əрекет  пен  таңдау  еркiндiгiне  орын  қалмаған 
жағдайда да орын алады.
 
Индивидтiң  қарым-қатынастан  жəне  таңдау  мүмкiндiгiнен,  белгiлi  дəрежеде  еркiн 
қимылдаудан  айырылуы  да  тұлғаның  дамуы  мен  оның  көңiл-күйiне  керi  əсер  етедi. 
Адамды қоғамнан жəне қарым-қатынастан бездiру үнемi ең қатал жазалардың бiрi болып 
саналды,  өйткенi  үнемi  оқшаулану  мен  жалғыздық  тұлғаның  өзiнiң  мəнiне  қайшы  келедi. 
Бiрақ  өзге  ерiк  пен  ойды  тұлғаға  таңу  онан  да  терiс  ықпалын  тигiзедi.  Басқа  ерiкке 
толығымен  бағынған  жəне  өз  дүниетанымынан,  өз  ойы  мен  көзқарасынан  айырылған 
адам – бұл  тұлға  емес.  Сол  сияқты  белгiлi  бiр  себептерге  байланысты  ақыл-ойы  мен 
жадыдан айырылған индивидтi де тұлға деп айтуға келмейдi.
 
Тұлғаның тағы бiр маңызды сипаттамасы – оның адамгершiлiк-рухани мəнi. Тұлғаның 
мазмұнының  жəне  оның  бағалануының  маңызды  компонентi  ретiнде  оның  санасының
дүниетанымының,  адамгершiлiгiнiң  жəне  жауапкершiлiгiнiң  деңгейiмен  сипатталатын 
тұлғалық бағдарлары мен санасының барысы көрiнедi. Əрине тұлғаның қалыптасуы мен 
қылығына  əлеуметтiк  ортаның  үлкен  ықпал  етерi  сөзсiз.  Бiрақ  тұлғаның  бағдары  мен 

қылығы  да  сол  деңгейде  адамның  iшкi,  рухани  əлемiне  бағынышты.  Адамның 
бойындағы  интелектуалдық-адамгершiлiк  жəне  ерiктi  қасиеттерi  неғұрлым  айшықты 
көрiнген  сайын,  оның  өмiрлiк  бағдарлары  жалпыадамзаттық  құндылықтармен  сəйкес
келедi,  тұлғаның  өзiнiң  де  маңызы  артып,  бұл  құндылықтардың  бекiтiлуi  мен  дамуына 
өздерiнiң  оң  ықпалдарымен  əсер  етедi.  Бұл  тұрғыда  ол  өзiнiң  рухы,  еркiндiгi, 
шығармашылығы мен қайырымдылығы жақтарымен сипатталады.
 
Тұлғаның ерiк-жiгерi мен рухының күштiлiгi, оның адамгершiлiк қайырымдылығы мен
тазылығы тек нақты практикалық əрекетте жəне белгiлi бiр əлеуметтiк жағдайларда ғана 
бекiтiлiп, iске  асады.  Дəл  сондай  жағдайда  ғана,  яғни  iс  нақты  қылыққа  жеткенде  ғана 
тұлға  болудың,  еркiн  болудың,  адал,  принципиалды  болудың  жəне  т.б.  қиын  да  ауыр 
екендiгi  аңғарылады.  Өйткенi,  егер  индивид  өзiн  шын  тұлға  деп  есептеп,  соған  ұмтылса, 
ол  өзiнiң  тек  ақыл-ойында  ғана  емес,  ең  алдымен  қылықтарында  да  жауапкершiлiктi 
болуы тиiс. Тұлғаның еркiндiк жағынан сипаттамасы, сөзсiз қажет. Еркiндiк – бұл тұлғаның 
атрибуты. Бiрақ жауапкершiлiксiз еркiндiк – бұл шектен тыс бей-берекетсiздiк. Сондықтан 
жауапкершiлiктiң тұлға атрибуты ретiндегi маңызы бiр де кем емес, кейде ерiктi болғаннан 
жауапкершiлiктi болу қиынырақ.
 
Сонымен,  тұлға  болу  қиын.  Нағыз  тұлғаның  еркiндiгi  мен  жауапкершiлiгi  үнемi 
шығармашылықты,  көңiл-күйдегi  уайым-қайғыны  талап  етедi.  Тұлға  неғұрлым  жоғары 
жəне  маңызды  болған  сайын,  оның  өзiнiң  жəне  өзгерлердiң  алдындағы  жауапкершiлiк 
деңгейi де жоғары.
 

4.3. Этнос философиясы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет