Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
 
Идеялардың мыңдаған жылдық құпиясын өз бойына жинақтаған философия тарихы
бұгiнгi таңда орасан зор  мəнге ие болды. Өз ұлтының түп-тамырына, салт-санасына жəне 
ерекшелiгiне назар сала бастаған жаңа тəуелсiз мемлекеттер үшiн мұның маңызы ерекше 
зор.  Жаңа  мемлекеттiң  тарихи-қоғамдық  аренасындағы  орталық  ұғымы  „төлтумалылық”, 
өзiндiк  болмыстылық.  Бұл  ендi  өзiнiң  барлық  мүшелерiнiң  өмiрлiк  доминанттарының 
жалпылығы  жəне  өзiне  тəн  ерекшелiгiне  негiзделген  қоғамның  дербестiгiн,  сапалық 
айқындылығын  бiлдiруге  жұмсалады.  Бұл  жерде  қоғамдық  тұрмыстың  əр  қырлары, 
қоғамдық  сананың  онтологиялық  жəне  гносеологиялық  аспектiлерi,  тiршiлiктiң 
қалыптасқан  элементтерi  жəне  дамудың  iшкi  бастаулары   ажырамас  бiр  салаға  бiрiгедi. 
Əртүрлi философтар мен мəдениеттанушылар өзiндiк болмыстың орны жайында ой түйе 
келiп,  ол – тарихтың  қозғаушы  күштерiнiң  бiрi,  мəдениеттiң  өмiршеңдiк  өзегi,  ғылымның 
мəдени  өзегi,  қоғам  дамуының  үдемелi  қағидасы  (динамикалық  принципi)  деген  ұғым 
қалыптастырған.
 
Өзiндiк болмыс ұғымына жақын тұрған ерекшелiк ұғымы көбiнесе салт пен дəстүрде, 
рухани  мұра  мен  адамдардың  мiнез-құлықтарында  басым  қолданылады.  Бұл  ұғым 
қоғамның  сапалық  ерекшелiгiн  көрсетуде  белсендi  түрде  көрiнедi.  Бұның  өзi  жалпы 
адамзат  айғағының  экономикалық  шындыққа  қатысындағы  үлкен  рухани  бағалы  орнын
жоққа  шығарады.  Шығыс  қоғамдарының  ерекшелiгi  тұрақты  рухани  мұраны  əлеуметтiк 
байлықпен  тығыз  бiрлiкте  қарастырады.  Осыдан  бiз  индустриялық  қоғамға  қарсы 
бағытталған  əлеуметтiк  қатынастардың  түбегейлi  өзгешелiгiн  көремiз.  Сондықтан  да, 
рухани  байлық  бастауы  „ерекшелiк”  ұғымының  жүгiн  арқалап,  шығыстың  ойлау 
ерекшелiгiн айқындап тұр. Əйтсе де, бұдан бұлтартпас сұрақ туындайды.  Экономикалық 
қатынастардың  басты  екенi  жайында  батыста  қалыптасқан  жағдай  шығыс  елдерiндегi 
дамудың əмбебап бағыты болып табыла ма? 
 
Азияттық өндiрiс əдiсi жайында жəне басқа да пiкiр таластар нəтижесiнде шығыстық 
өркениеттiң  дербестiк  табиғатын,  дамудың  өзiндiк  бастауларына  иелiгiн,  осы  себептер 
оның ерекшелiгi мен өзгешелiгiн белгiлегенiн түсiнемiз. Бұл Шығыс ғалымдарында жалпы 
батыстық бағыттардан өзгеше „эндогендiк даму” бағытын iздеу ұмтылыстарын туындатты. 
Бұған  қоғам  дамуын  зерттеуде  бұрынғы  формациялық,  яғни  алғашқы  қауымдық  жəне 
құлдық қоғамнан феодализм арқылы капитализмге, социализмге өтедi деген жорамалдар 
мүлдем басқа, жаңа өркениеттi қоғам дамуын зерттеу факторы да итермеледi.    
 
Европалық  əмбебаптылықтан  бас  тарту  елеулi  салдарға  əкелдi,  ол  қоғамның  арғы-
бергi түп тамырын зерттеуге,  өткен мен бүгiннiң бiрлiгiн бағалауға, əрi уақыт пен кеңiстiк 
мəдениеттерiнiң  ара-қатынасына  негiзделген.  Шығыс  əмбебаптылығының  жаңа 
концепциялары белсендi сөз бола бастады. Мұның маңызды қорытындысы - əр кез шығыс 
халықтарының мəдениеттерi арасынан тарихи жəне мазмұндық параллельдер (сəйкестiк) 
тауып,  Отан,  патриотизм,  эндогендiк  идеяларына  негiзделген  ортақ  бiр  мəдениет  бар 

деушiлердi бiрiктiру.
 
Өркениеттi  негiздерге  жүгiну  өркениеттiлiк  ұғымына  тереңiрек  үңiлудi  туындатады. 
Бүгiнде  оны  жеке  адамдар  мен  топтардың  (материалдық)  заттық  жəне  рухани 
аспектiлерiнiң  жалпы  байланыстарына  негiзделген,  уақыт  пен  кеңiстiкте  бұлжымас 
орнықтылығы  бар  əлеуметтiк  өмiрдiң  үлкен  көлемдi  қалыптағы  ұйымдастырушысы  деген 
түсiнiк  көпшiлiктiң  мойындауына  ие  болды.  Қоғамдық  арақатынастардың  рухани 
қалыптары ерекше мəнге ие болады. Мұның өзi жалпылық мəнге ие жəне қажеттi жүйелiк 
компоненттерде  iске  асады.  Бұл  өркениеттiң  əлеуметтiк  күштерi  арқылы  оның  тұтастығы 
құралады.  Бұл  өз  көрiнiсiн  рухани  байлықтардың,  идеялардың,  бiлiмнiң,  бет-бағдардың, 
дəстүрдiң,  нормалар  мен  символдар  бiрлiгiнен  табады.  Тек  өркениеттiлiк  қоғам 
дамуындағы  үйлесiмдiлiктi  оның  болашақпен  байланысын  қамтамасыз  етедi,  қоғамды 
өзiнiң  ырғағына  бағындырады.  Бұл  өз  көрiнiсiн  əрқилы  қалыптасу  кезеңдерiнен, 
өркендеуден, тоқыраудан табады.
 
      Осы  негiзде  нағыз  ұлттық  қоғамдасу  тек  капитализмнiң  келуiмен  əлеуметтiк  мəдени 
жүйе болып қалыптасады деген формациялық көзқарастың жалғандығына көз жеткiземiз.
 
      Көп  жылдық  айтыстар  көрсеткендей, „азиялық  өндiрiс  əдiсi”  батыстық 
экономикалық  өлшеулерге  бағынбайды.  Сондықтан  да  шығыстағы  өркениет  мүлдем
батыстық  емес  қауымдасу  əдiсiне  негiзделген.  Бұл  бiрiншi  кезекте  адамдар  арасындағы 
қатынастың базистiлiгiне қатысты, атап айтқанда, ол мəдени байлықтардың молдығынан, 
рухани реттеудiң тұрақтылығынан көрiнедi. Егер жекелеген қоғамдарды алып қарасақ, ол 
жеке  адамдар  арасындағы  қатынастардың  фундаментализмiмен  сипатталады, 
экономикалық  қатынастардан  айқын  байқалатындығымен  ерекшеленедi.  Бұл  қоғамда 
жалпыға ортақ рухани байлықтар болады, ол қоғам мүшелерiнiң барлығы үшiн бұлжымас 
мəнге  ие.  Бұл  қоғам  ерекше  күштi  рухани  арақатынастармен  байланысқан.  Осы  арда 
қатынастар   табиғи  бола  отырып,  өзiндiк  арақатынас  құпияларын,  тiл  жəне  əдiс 
коммуникациясын, сондай-ақ символ (таңба), трансляциясының (жарыққа шығару) қалпын 
құрайды.  Өркениеттi  тұрғыдан  келу  қоғамның  сапалы  өзгешелiктерiн  бағалауға,  оның 
рухани  өнiмiнiң  ерекшелiгiне,  ондағы  экономика  менсаясатқа  қарағанда,  мəдениеттiң 
үлкен  орын  алатындығын  бағалауға  мүмкiндiк  бередi.  Көзге  көрiнбес  рухани  байлықтар 
астаса, нығая келiп, шығыс өркениетiнiң бүкiл жиынтығын, оның батыстық индустриалдық 
қоғамнан түбегейлi ерекшелiгiн анықтайды.
 
     Қазiр өркениеттiлiктiң ортақ теориясы жоқ. Дегенмен, Шығыс қоғамдарын жүйе ретiнде 
зерттеу  үшiн  өркениеттiлiк  мəнi  мен  оның  орнын  сипаттауға  мүмкiндiк  беретiн  жалпы 
көпшiлiк  қабылдаған  ұғымдар  бар.  Өркениеттi  бұл  жағдайда  аталмыш  қоғамның  бүкiл 
шекарасы (сферасы) мен өн бойын көктеп өтетiн, мəдени қалыптардың барлығына қорек 
берiп, қоғамның рухани негiзiн құрап, бүтiндiктi бекiтетiн белгiлi бiр механизм субстанция 
ретiнде  түсiндiрiледi.  Халықтың  əртүрлi  қауымы,  оның  iшiнде  қалалықтар  немесе  ауыл 
тұрғындары орталықта тұрса да, шеткерi аймақты мекендесе де, белгiлi бiр мөлшерде сол 
қоғамға тəн идеалдар мен байлықтарға кездесiп отырады. Бұлар сол қоғамда бола тұрып 
əруақытта болатын бүтiндiлiк механизмiмен бекiтiледi.
 
      Бұл  өркениеттегi  ең  бастысы – рухани  өндiрiстiң  қолма-қол  жүйесi,  ол  заттық 

(материалдық)  өндiрiс  факторына  қарағанда  əлдеқайда  мығым,  орнықты.  Бұл  қоғамның 
өзiндiк тұрмыс ерекшелiгiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Ондағы рухани эволюцияның 
iшкi бастауларын бөлiп алып, ерекшелiктерiн жəне қозғаушы күштерiн табуға жол ашады. 
Яғни  мəдениет  проекциясына  бой  ұру  оның  базасында  жəне  соның  өзiне  тəн 
құралдарының  көмегiмен  тұрақты,  өтпелi  емес  əлеуметтiк  мəдениет  құрылымын,  оның 
қайталанбас  бояулары  мен  иiрiмдерiн  сақтай  отырып,  қалпын  сол  күйiнде  сақтап  қалуға 
мүмкiндiк бередi.
 
      Барлық  дамушы  тұтастықтардың  модификацияларына  қатысатын  ортақ  бастау  iздеу 
мейлiнше ертеден келе жатқан жəне тарихи есте сақталып қалған, адамдар арасындағы 
өзара қатынастарды нығайтудың тəртiбi болып шығады.
 
      Бұл  жеке  адамдар  арасындағы  қатынас  тəртiбi  қоғамның „differentia specifica” бола 
тұрып,  ұзақ  уақыт  аралығында  күрделi  эволюцияға  ұшырайды.  Бiрақ,  өзiнiң  о  бастағы 
мəнiн, „айқындаушы ұйытқысын” сақтап қалады, сондықтан барлық рухани өндiрiске жəне 
қоғамдық  қатынастарға  ғасырлар  бойы  ұйымдастырушы  басшылық  ықпалын  тигiзедi. 
Батыстағы ақша-тауарлық қатынас орнын бұл жерде жеке адамдар арасындағы қатынас
басады,  ол  сананың  негiзгi  заңдылығы  ретiнде  бой  көрсетедi.  Дəстүрлi  Шығыс 
қоғамдарындағы  рулық,  туыстық  байланыстардың  мəнi  осымен  түсiндiрiледi.  Бұл  осы 
уақытқа дейiн сақталған əртүрлi идеологиялық бұрмалауларға соқтырып отырады.
 
Өркениеттiң рухани аспектiсiнiң көлемдi болғаны соншама оның Шығыс қоғамындағы
орны  Батысқа  қарағанда  мүлдем  өзгеше.  Ал  бұның  өзi  қоғамның  экономикалық,  саяси 
бейнелерiнiң  (ракурстерiнiң)  тарихи  есiнде  сақталуымен  ерекшеленедi.  Ол  əрқашан 
тарихи  тəжiрибенi  шыңдауға  мүмкiндiк  бередi,  қоғам  жүгiнерлiк  прецеденттер 
қалыптастырады, мəдени мұраның жүрек соғысы болып табылады.
 
Осы  негiзде  Шығыс  өркениет  батыстың  өмiр  сүру  үлгiсiне  конфронтациялық
қатынасын  қалыптастырады.  Шығыс  қоғамдарының  дербестiк  жəне  тəуелсiздiк  шегiн 
белгiлейдi.  Ол  таза  рухани  аспектiге  ұласады  жəне  шығыс  мəдениетiнiң,  өзiндiк 
тұрмыстық,  автономдық  принциптердiң  негiзiнде  халықаралық  құқықтық  жүйеленуiне 
белсендi əсер етiп, халықаралық жəне ұлттық қауымдастықтардың əрекет ережесi болып 
қалыптасады. 
 
Қазiр өркениеттi даму концепциясына үлкен үмiт артылып отыр. Бұл дүниетанымдық 
теориялардың 
евроцентристiк 
түрiнiң 
жалпы 
əлемдiк 
əмбебаптылыққа 
ие 
болмағандылығына  байланысты  келiп  тiрелген  тұйық.  Даму  түрiнiң  көпқабаттылығы 
идеясы,  эволюция  жолдарының  плюрализмi,  яғни  өркениет  Шығыста  да  Батыстағыдай 
əрқилы  жолдармен  жүредi  делiнедi.  Бұл  алшақтық  стереотиптерден  алыстау  қоғам
дамуының əртүрлi қарқынынан хабар бередi. Яғни, бұл мəдениетi мен философиясында
өз көрiнiсiн тапқан, дербес қайталанбас өз тарихы бар Шығыс қоғамын көрсетедi.
 
Бұрынғы  əлемдiк  философия  тарихының  қазiргi  мəселе  қою  жағдайынан  өзгешелiгi 
сол,  онда  еуроцентризм  үстемдiк  алды.  ОлБатыстағы  шешiмдi  асырып  жiберiп,  Шығыс 
философиясын  терiс  бағалады.  Бұған  сенсек,  Шығыста  барлық  уақытта  бiр  түрлi 
философия  өмiр  сүрген.  Оның  негiзгi  белгiлерi –  пессимизм,  иррационализм,  идеализм.
Отаршылдықтың  көптеген  ғасырлары  Шығыс  ойларының  пессимистiлiгi,  инерттiлiгi 

делiнетiн  менсiнбей  қараушылықпен  белгiлi.  Бұл  Гегель  концепциясында  тiркелген, 
онда  Батыс  философиясы  Шығыс  философиясынан  əлдеқайда  жоғары  бағаланған.  Бiр 
жағынан,  Шығыс  тұрғындары  отаршылдыққа  қарсы  күрес  барысында  „мəдени 
империализммен”  əртүрлi  күрес  тəсiлдерiн  тапты.  Бұл  Шығыс  ұлтшылдығының  əртүрлi 
қалыптарында жалпыланды.
 
Шығыс философиясына үңiле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең 
аз дегенде, үш дербес бағытта, үндi, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көремiз 
(Степаняц М.Т.Своеобразие типов восточного философствования // Вопросы философии. 
1987, N 6. 158-бет).
 
Сондай-ақ   рационализмнiң,    материализмнiң,  активизмнiң,  экстраверттiлiктiң,  тағы 
да  басқа  бағыттардың  əртүрлi  қалыптары  Шығыста  өмiр  сүргендiгi  белгiлi.  Шығыс 
философиясының ерекшелiгiнiң өзi - қатып қалған, қатаң бұлжымас флософия түрлерiнiң 
болмауында.  Сондықтан  да,  жаңа  европалық  ойлау  əдiсiнен  шығатын  өлшемдердi 
қолдану дұрыс емес.
 
      Егер  мейлiнше  жалпылай  қарасақ,  философия  адамзат  мəдениетiнiң,  оның 
дүниетанымдық  əмбебаптылығының  түпкi  негiзiнiң  рефлексиясы.  Бұған  бақсақ, 
философия  адамдар  үшiн  мiндеттi  емес,  тек  оның  тiршiлiгiн  қалыптастыратын,  əмбебап 
дүниетанушылық  қана  қажеттiлiк  екендiгi  белгiлi.  Философия  тек  мəдениеттiң  күйзелу 
кезеңдерiнде  ғана  қажет.  Ол  кезде  мөлдiр,  айқын  даналық  əдiстерi  қажет  болады.  Ал 
дəстүрлi  салыстырмалы  түрде  жай  дамитын  мəдениетке  тура  философиялық  емес
қалыптағы даналықтың өзi керек.
 
      Бұл  əдiс  Шығысқа  тəн,  өйткенi  даналық  бұл  жерде  орта  ғасырларда  туындап,  оның 
кəсiпқой  философия  ретiнде  қалыптасқан  университеттiк  түрi  болмады.  Сондай-ақ 
рационалдық  бағыттағы  даналықтың  басқа  да  түрлерi  кездеспейдi.  Философия 
мəдениеттiң  дүниетанымдық  негiздерiн  толғағанда  жаңа  мəндердi  дүниеге  əкелетiнi 
белгiлi. Бұл əмбебапшылықты бейсаналықтан суыртпақтайды, оларды ой елегiнен өткiзiп, 
„философем”  қабатын,  яғни  философиялық  ұғымдар  мен  категорияларды  түзедi.  Бiрақ, 
Шығыста  философиялық  емес  қабаттардың  басымдығына  байланысты  бұл  ұғымдар
(текстердiң)  көркем  жəне  дiни  мəндегi  əдебиеттердiң  дəстүрлi  түрлерiнде  малтығып 
қалады.  Бұл  философиялық  дүниенiң  зерттелуiн  əлеуметтiк  мəдени  (контексте)  мəнде 
құруға мəжбүр етедi. Дүниетанымдық бағыттағы мұралардан „философемдi” жiктеп алуға 
көбiрек күш жұмсауды қажет етедi.
 
      Қазақ  қоғамы  үшiн  философиялық  емес  қалыптағы  даналық  тəн.  Ол  адам  тiршiлiгiн 
қалыптастыратын  дүниетанымдық  əмбебаптылық  дəрежесiнде  қолданылады.  Сондықтан 
да шығыс „философемi” дəстүрлi көркем жəне дiни əдебиеттерде малтығып, философия 
тарихшыларын  философиялық  жүйенi  əлеуметтiк  аспектiде  зерттеуге,  дүниетанымдық 
бағыттағы текстердi тануға итермелейдi.   
 

2.2. Қазақ философиясының қалыптасуы
 
 
 
Мемлекет    негiзi  əлсiз  болған  сайын табиғи  ортаның  этникалық  қауымдастыққа  
ықпал   ететiнi   белгiлi.   Ал   қазақтың   ата   тектерiнде    жəне   қазақтарда  да  
мемлекеттiлiктiң   тарихи  жағынан  əлсiз  болғаны   белгiлi.  Табиғат   əрқашан  Қазақстан  
тұрғындары  үшiн  абсолюттiк жəне  мəңгiлiк  дүние   бастауы, бiрден  бiр  ақиқат  болды.   
Ол    өздiгiнен   жаратылған,  тiршiлiк   етудiң  имманенттiк  себептерi  мен   факторларының,  
белсендiлiк   пен  эволюцияның    негiздерi    болды.  Адамдарға   алғашында   табиғат  
заңдарына мойынсұнып   қалтқысыз бағыну  ғана қалды.  Оның   себептерiн   түсiнiп жəне  
соған   өз   болмысын  құрып,   табиғат  катаклизмаларынан   қашқақтап   отырды.   Табиғат 
бұл   жерде адамдарға   тұрмыстың  формалары мен   əдiстерiн,   көшпендiлiктiң  немесе   
егiншiлiктiң  таңдауларын белгiлеп беретiн  ғалам  ретiнде көрiнедi.
 
Көне   заманда  адамдарды   күн   сайын   рудың    немесе   тайпаның   дүниетанымдық  
ұстанымына адалдығын дəлелдеп  отыруға  мəжбүр  еттi,  өйткенi   тiршiлiк  етудiң  ауыр  
жəне   қатал   жағдайлары   руластардың   əлеуметтiк   бағдар   мен   салттардан   
бұлтаруына  жол  бермедi,  əйтпесе оларға  рудан  аластауы, көп  жағдайда  мұның  арты  
өлiмге апарып  соқтыратын  едi.  Дүниенi  сезiну  айқындала  түстi, дүниенi  түсiну  айқын  
əрекеттерге   итермеледi,  дүниетаным   нақты   жағдайдан   туатын,  шын   айқын   болды.  
Табиғат дүниенiң  аяқталған  қалыпты  жағдайы,  ал  адам  табиғаттың  бiр  бөлшегi  ғана 
болды.      
 
Алайда,  адамзат   баласының    даму   эволюциясының   нəтижесiнде  еңбектiң  
практикалық   жəне   жаңғыртушылық  қызметi   бiрте-бiрте   түсiнiктi    бола   түстi,   сөйтiп  
табиғи  ортаны   адам  қажетiне   бейiмдеп,  қайта  жаңғырту  жүзеге  асырылды. Егiншiлiк  
пайда   болады,   жинаушылық   бау-бақша    өсiруге    айналады.   Үй   малдарына   шөп  
шабу    iске   асады.   Табиғи   ортаны   бейiмдеуден   адамдар   оны    өңдеуге   ауысады.  
Оның   ендi   бiр   формасы    аңдарды   қолға    үйрету   болды.   Жабайы   жылқыны    қолға  
үйрету    жабайы    мал   өсiру     мен   көшпендiлiкке   жол    ашты.   Бұл  сол   заманда 
прогрестiк  құбылыс  болды.
 
Табиғи   ортаны   өзгертудiң    пайда   болуы   философиялық    көз-қараста   адамның   
айқын   мақсатты   қызметiн,   мақсат    қою   факторын   өмiрге    келтiрдi.   Мұның   өзi  
адамның   табиғаттан    бөлiнiп    дербес    (сущность)    тiршiлiк    иесi    болып 
 қалыптасуының    алғы    шарты   едi.   Адамның    мақсаткерлiк   қызметi   объективтiк  
процестiң    шешушi   формасы   болып    табылады.   Бiртұтас,   бiрақ    қарама-қайшылықты 
процесте   ол    табиғи   заңдылық    жəне   адамдардың   мақсаткерлiк   қызметi   ретiнде  
көрiнiс   тапты.   Тұтас   дүние   қалпы   ендi  үнемi   адамдардың    мақсатты   қызметiмен,  
оның   „табиғи   бөлшегi”    емес,   оның   əмiршiсi,   өзгертушiсi   болуға    ұмтылған   əрекетi 
нəтижесiнде   бұзыла   бастады.  Əзiрге  мұнда   ешқандай  оғаштық  жоқ  едi  бiрақ  көп    
ғасырлардан     кейiн   бұл   əрекет   экологиялық    жəне   антрапологиялық    дағдарысқа 
əкеп  соқтырды.
 
Табиғат  əлемi  адамдардың  мақсаткерлiк   қызметiнiң  барысында   адам   əлемiне   
айналады.   Ендi   қажеттiлiктiң   „темiрдей   ерiк-жiгерiн”   талап    ететiн   табиғи   

заңдылықтар    емес,    адамдардың  ерiктi   қызметi   шешушi    рөл   атқарды.    Олар  
сыртқы    жағдайлардың   детерминациясы   сияқты    емес,   бостандық   заңы   бойынша  
əрекет   еттi.   
 
Мүлiктiк  теңсiздiкке  негiзделген  қоғамдық  құрылыстың  ұйымдасуы  материалдық  
өндiрiс  процесiнде   танымдық  баға  беру  жағдайларының  енгенiн  көрсетедi.  Осының  
өзi    жалпы   алғанда   кейiннен   тiршiлiк   етудiң  дүниетанымдық   бағдарына   жеткiзедi. 
Қоғамдық   санада   олардың   өзi-ақ   əлеуметтiк   мiнез-құлықтың   нормалары,   салты, 
дағдысы ретiнде қалыптасады  да,  адамдардың  қауымдастығының, сондай-ақ  қазақтың  
арғы  тегiнiң  де  өмiр  сүруiн   реттеп   отырды.
 
Бұл   жердегi   көзделген   мақсат    жартылай   көшпендi    мал   өсiрудiң  өндiрiстiк   
қатынастары   қазақтың   ата   тегiнiң  дүниетанымдық    бағдарының   қалыптасуына  қалай  
əсер  еткенiн  өткiзу  немесе адамдардың өндiрiстiк  қызметi „нақты  тұрмыс  жағдайымен”  
қалай   байланысты   болғанын   бiлу.   Ал   кез-келген   қоғамда   тұтыну   үшiн   ұдайы  
өндiруге    тиiс,   бұл   əрбiр   қоғамдық   құрылыс   үшiн   де,   сондай-ақ   қазақтың   арғы   тегi  
өмiр   сүрген   қоғам   үшiн  де   бұлжымас   заң   болып    табылады.  Қандай   да   болмасын  
өндiрiс   процесiндегi   қоғамдық   форма   барлық   жағдайда   үздiксiз   болу   керек,   яғни  
барлығы  да  мезгiл-мезгiл  қайталап  сол  кезеңде  өтуге  тиiс. Қоғам  тұтынуды  тоқтата  
алмайтыны  сияқты,  өндiрiстi  де тоқтата  алмайды. Сондықтан  да   өндiрiстiң кез-келген  
қоғамдық   процесi   өзiнiң   жаңғыруының    тұрақты   байланыста   жəне   үздiксiз  
тасқынында   бола  отырып,    сонымен   бiрге   ол   ұдайы   өндiрiс   процесi  де   болып  
табылады.  Көптеген    ғасырлық   шежiресi   бар,  ал   Қазақстанда   осы   күнге   дейiн  өмiр  
сүрiп  отырған  жартылай  көшпендi  мал  өсiру  кəсiбi  осы  халықтың  өмiр  сүруiнiң  аса  
терең   тамырларына  нəр  бередi.  Мұның  өзi  болмыс  принциптерi  мен  адам  баласы  
жасаған   игiлiктерге   келiп   қосылады.   Оның   үстiне   бұл   игiлiктер    ежелден   келе  
жатқандығы   сонша,   олар   адамға   нəресте   күнiнен   қанына   сiңген   қасиет,   сондықтан  
да   көбiнесе   санасыз   əрекеттерге   барғанымен,   оның   түпкi   мəнiн   түсiне   алады.   Бұл  
адам  санасында  жиi  кездесетiн,  қанында  бар,  туа  бiткен  жəне   атадан  қалған  мiнез-
құлықтың  формалары,  оларды  жеке  адамның  өзi  өмiрi  арқылы  түсiндiруге  болмайды. 
Бұл   дүниедегi   барлық   заттардың   өз   тарихы   бар,   яғни   ақыл-ойдың   да   өз   тарихы  
болуға   тиiс.   Оған   адамның   антогендiк   сатыдағы  санасы   даму   кезеңге   жол   салады.  
Дамудың  бұл   сатыларында   дамудың   нақ   сол   филогенетикалық   тұрақтылығы  
жасалады,   бұған   адамның    ақыл-  есi   болған;   өзiнiң   қатысы   болмайды,   бiрақ   қайта  
жаңғыртып   отырады.  Басқаша   айтқанда,   баланың   өзiндiк   даму   барысында   оның  
арғы   тегiнiң   филогенетикалық   сатылары   қайта   жаңғырады.   Бұл   тəрбие   барысында  
жүзеге  асады,  сонан  соң   санасыз      түйсiк  құрамына  кiредi  де   санаға   əсер  етедi.  
Яғни   психика   мен   сана   екеуi   екi   басқа   нəрсе.   Оның   құрамында   сонымен   қатар  
адамның  өмiр  сүруiне  ықпал  ететiн  үлкен  санасыздық  бөлiгi  бар   болып   шықты.
 
Бұл   архаистiк   (көненiң)  қалдықтар   (З.Фрейд)   адам   психикасының    ескi   бөлiгi    
жəне   „коллективтiк   образдар”    мифологиялық   тақырыптар    арқылы   оның    негiзiн  
құрайды.   Нелiктен   бұдан   екi    мың  жыл  бұрын  өмiр   сахнасынан   кеткен   мифтер  үнемi 
жаңғырып   отырады   жəне   бұл   құбылыс   бүгiнде   де   неге   бiздiң   санамызда   

белсендiлiгiн   сақтап   қалған   деген   сұраққа   жауап   iздесек,   ол   мынадай   болмақ.  
Мифтер   адамның   ойлау   аппараттарында   үнемi   базистiк   бiлiм   ретiнде   қатысып  
отырады.   Кейiннен   бұл   архаистiк   қалдықтар   психикалық   талдаудың   басқа  
мектептерiнде   мифологиялық   бейнелер  мен   тақырыптардың   саналы   көрiнiсi   болып 
табылатын  архетиптер  немесе  прообраздар   ретiнде  танылады.  Мыңдаған  жылдарға  
созылған   жартылай   көшпендi   мал   өсiру   кəсiбi,   оның   батыр,  ат,  көш,   киiз   үй,  алыс  
елдер,   замана,  көш-қоныс   кеңiстiгi,   жылы   оңтүстiк   аймағы, „сарғая   күткен   қалыңдық” 
тағы   да   басқа   көптеген   тақырыптары   тек   қана   тiкелей   өндiрiстiк    қатынастардың  
ықпалымен   ғана   емес,   қоғамдық   мəдениеттiң   болуымен,   яғни   белгiлi   бiр   тiршiлiк  
салтының  əсерiнен  пайда  болады.
 
Қазақтың   ата   тегiнiң   болмыс  шындығына    тiкелей   жақын  болуы – олардың 
бақылайтын,  қабылданатын,  дүниеге   сезiмдiк  тұрғыдан   жақын   болуы,  бұл   болмыспен  
тамырластығы   уақытты,  кеңiстiктi,  адамның   iшкi   дүниесi,  тiршiлiк   етудiң   басқа   да  
жақтарын,  болмыс  мəнiн, ар-ождан бастауларын  түсiнуiнен  өз  көрнiсiн  тапты. Мұның  
бəрiнiң   нақты   өмiрде   нақты   түп  тамыры   бар,   осыдан   келiп   басқа   ешбiр   дүние  
түсiнiгiмен  шатыстыруға   болмайтын   дүниенiң   ұлттық   образы,   дүниетанымы   пайда  
болады.
 
Қазақтың   ата   тегiнiң   мəдениетiне   назар   аудару   ондағы   этностың   менталитетi  
ұғымын   түсiнуге   мүмкiндiк   бередi.  Яғни,   бұдан   қоғам   мүшелерiнiң   барлығына   
қатысты   жəне   индивидуалдық   деңгейде   көрiнетiн   қоғамда   ұжымды   түрде  
қалыптасатын  ойлау  жəне  психика  құрылымын  ұғынамыз.  Мəдениеттiң бұл  „ферментi” 
əрбiр   адамның   əлеуметтiк  мiнез  құлқында  шешушi   рөл   атқарады.   Өйткенi  ол   оның  
санасында орныққандықтан  оған  қоғамдық  қозғалыстың  жолын  айқындайды, сан  қилы  
өмiр  сəттерiне бағдар  бередi, ең  бастысы,  барлық  объективтi  мүмкiндiктердiң iшiнен өз 
қалауын таңдауға  жөн  сiлтейдi.  Егер  түйсiк  дəрежесiндегi  қалау  архетиптiк  қалыптың  
базасында   жүзеге   асып,  инстинктер  импульстерде   көрiнiс   тапса,   ал  менталитет 
„ғылыми   мiнез-құлық”  пен   əдет-ғұрыптардың  жиынтығы   негiзiнде   бағдар   таңдауы  
талап  етедi, бұларды   тəрбие  мен бiлiм  беру т.б. арқылы  коллектив  бередi.
 
Адамдардың   материалдық-өндiрiстiк   қызметi   процесiнде   танымдық   қатынас  
практикалық   тiршiлiк   ету   қызметiнiң   мұраты   ретiнде   көрiнедi.  Қоғамдық  өндiрiс  
процесiнiң   өзiнде   адамның  мақсаттары  мен   қажеттiлiгi,  қызметтiң   заты,   құралдары  
мен   нəтижелерi   туралы  ұғым  пайда   болады.   Сондықтан   сапа   өз   бойына   тiкелей  
материалдық  өндiрiс    саласымен  тiкелей   байланысты   жəне   материалдық   мəдениет  
ескерткiштерiнде  өз iзiн  қалдырған  өзiндiк болмыс  категориясы  болып  табылады.
 
Қазақстан   аймағындағы   алғашқы   адамдар,  тас   дəуiрiнен   бастап   еңбек   құралын 
сапасына   қарай   таңдады,  осыдан  сезiмге   негiзделген   заттың   əрекет   процесi  
басталды. Көне  адам  Қаратау  жотасының  салаларына  орналасты; мұны шелль-ашель 
дəуiрiнiң   ескерткiштерiнен  көремiз.  Бұл  жерде  көне   кремниден  жасалған   ежелгi   тас 
құралдары   табылды.   Одан  бас   жағының  жартысы   соғатын  шүйде   етiп  жасалған 
шоқпардың   нобайын  байқаймыз.   Бұдан   кейiн  пайда   болған   шоқпардың   немесе  
сойылдың  белгiсiн   көремiз.   Көне   екi   қырлы   шабу   құралы-қырғыш,  өткiр   ұштықтар  

табылған.   Бұдан   кейiнгi   ашель-мустьерлiк  кезеңде   құралдар   күрделiленiп  
бизонға,  бөкенге,   марал  мен   тарпаңды   аулауға  қолданылатын   түрге  ендi.   Кремниден 
жасалған   құралдармен   қатар  халцедон   пайдаланылады.  Өндiрiс   қызметiнiң 
нəтижесiнде   тастың   сапасы  да  өзгере   бастайды.  Тас  құралдарды   өңдеу  үшiн  сүргiш  
жəне   жонғыш   ретiнде   сүйек  пен   мүйiзден  жасалған   құралдар   пайдаланыла   бастады. 
Заттың   жаңа   қасиеттерi  мен   сапасын  анықтау   оны   адамның   заттық   қызметiне  
тартудың   негiзгi   жолы   болды.  Тас   құралдарды   одан   əрi   дамыту   оның   сапасын  
жетiлдiру  жолымен жүзеге  асырылды.             
 
Тас   құралдар   уақыт  өте  келе   өзiнiң  сапасы   жағынан   дамып   отырған   өндiрiстi  
қанағаттандыра   алмады.  Сөйтiп   мыстың   жəне   қалайының   қорытпасын,   қорғасын , 
мырыш  қосып   дайындалған   қоланы    еңбек   құралдарын,   аңшы   қаруларын   жасаудың  
негiзгi  шикiзаты  ретiнде   пайдалану  кең   тарады.  Тас   шапқыштардан    əдемi   де  берiк  
металлға   көшуден  қазақтың   ата   тегiнiң   де   сапалық   артықшылықтарды   пайдалануда  
алғаш  басушылық болғанын  көремiз.
 
Қола   дəуiрi   барлық   халықтар   арасынан   бақташы  тайпалардың   бөлiну   жəне  
алғашқы   iрi   қоғамдық  еңбек   бөлiнiсiнiң   болу   тарихымен   байланысты.   Бұл   бiрден  
материалдық   мəдениеттiң  дамуында   қозғаушы   күш   болды.   Терi   шалбарлар  пайда  
болды, ал, көршi  халықтар  мұны  тез-ақ  қабылдап  алды. Ауыздықтың,  айыл,  құйысқан, 
ер-тоқым,  найза,  жебе   ұштарының   қажеттiлiгi  металлургия  мен   тау   кен   өндiрiсiнiң  
жедел  дамуын  туғызды. Қоғамның  неғұрлым  сапалы  өндiрiс құралдарына  жəне  қару-
жараққа  зəрулiгi   Жезқазғанда,  кендi  Алтайда,  Қаршығада,   Жалтырда,  Ащылыда, 
Ұратөбеде-мыс;  Атасуда,  Қалбада,  Нарымда - қалайы;  Степнякта,  Қазаншұңқырда, 
Балажалда,  Ақжалда, Далбада, Майқапшағайда,  Ақабекте - алтын  өндiрiсiн  дамытты.
 
Қоланың  сапасы  еңбек  құралдары  мен қару-жарақ  жасауға  ғана емес, сондай-ақ  
тұрмыс  заттары  мен  əшекейлiк  заттарды  дайындауға  да мүмкiндiк  бердi.  Мұның  өзi  
құю,  нақыштау,   жылтырлау,  майдалау   заттарды   əрлеу   өнерiн   көркемдiкке   жеткiздi. 
Əйткенмен  бiраз  уақыттан  кейiн  Қазақстанның байырғы  тұрғындарын қоланың  сапалық 
қасиеттерi    қанағаттандырмады   жəне   солақ   дəуiрiнде   жалпы   адамзат   баласы 
дамуында   революциялық   рөл   атқарған   аса   маңызды   шикiзат   темiрге   көштi.  Темiр  
құю   өндiрiсi  қызыл   жəне   қоңыр   темiр     рудаларын   қорытудан   басталды.   Өндiрiлген  
шойын    мен   темiр   ат   əбзелдерiн,  қару-жарақ,  тұрмыс   саймандарын   дайындауға  
кеңiнен   пайдаланылды.  Акинак   пен   пышақ   дайындауда    темiр   қоланы   тез   арада  
ығыстырып  шығарды.
 
Ғұндардың  өзi заттары  мен тiршiлiк иелерiне  сапа  тұрғысынан қарады.  Мейлiнше 
күштi,   күтiм   тiлемейтiн,   алыс   жорықтарға  төзiмдi   асыл   тұқымды   жылқыларды 
өсiргендi   дұрыс   көрдi.  Тайпа   көсемiн   оның   сапалық   қасиеттерiн  бағалай   отырып 
сайлады.   Оның   қасиеттерi   неғұрлым   күштiлiгiмен,   айлалығымен  жəне    көргендiгiмен  
бағаланды.  Мұндай  сапалық  қатынас   мынадан  да  көрiнедi. „Күштiлерi   айлалы  жəне  
дəмдiнi   жейдi,  қартайғандары  солардың   қалдықтарымен   тамақтанады.   Жастар   мен  
мықтыларды   сыйлайды,  қариялар   мен  əлсiздерге   құрмет   аз” (Бичурин  Н.Я.  Собрание 
сведении о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. М., 1950, т.1. 40-бет). 

Жауынгердiң   қылыш   шабу   өнерi-жауынгерлiк   сапаның    шығу   формасы   болды. 
Жiгiттiң  сапасы  ретiнде  батыр  таңдап  алынды.  Халық  тарихында  оның  орнының зор  
екендiгi белгiлi.  Оның  өз  басына   тəн  сапасы  мен қасиетi, ерлiгi  мен   қаһармандығы, 
өрлiгi  мен  өжеттiгi  ерекше  мəнге  ие  болды.  Мұның  халықтың  қалыптасуында  орасан  
зор   мəнi  болғандығы   сондай,   басқаларда,  тiптi   көршiлес   халықтарда    да 
батырлардың,  бағадүрлердiң  маңызы   зор   болғанымен,  батырлар   қоғамдық   мəндiлiгi  
жағынан  қазақ  қауымындағыдай   дəрежеге   жете   алмады.    Бұл  мекендеген  аймақтың  
кең   байтақ   кеңдiгi   мен    оны   қорғап   сақтау   қажеттiгiнен,   қорғаныс   факторының  
маңыздылығымен   байланысты.   
 
Қабанбай    жəне   Бөгенбайдың,   Наурызбай  жəне  Сыпатайдың,  Малайсары  мен  
Тайлақтың,   Жəнiбек   пен   Өтегеннiң,  Саурық   пен   Əбiлқайырдың,   Құлашбек   пен  
Естербектiң,    Баян   мен   Таукеннiң,   Бұхарбай   мен   Ағыбайдың   жəне   басқа   көптеген  
батырлардың  қазақ   халқының    есiнде   сөнбес   ерлiктiң   үлгiсi  ретiнде   қалып,   ерлiк  
бейнелерi   батырлық   эпостарда   көрiнiс     тапты.  Бұл   батырлық   дəрежеге   жетiп,  қол  
бастап  қана   емес   рулар   мен   тайпаларды   аузына   қаратып,   билiк   айтқан  жiгiт  
сапасының  қандай  мəнге  ие  болғандығын  көрсетедi.  Жоңғарлармен болған Аңырақай  
шайқасы   ерлiкпен   қолбасшылық  таланттың   жарқын   үлгiсi   болғанын  Кiшi    жүз  ханы 
Əбiлхайырдың  абырой - атағының   бастауы   болғандығын айтса да  жеткiлiктi.
 
Тарихи   деректер   көрсеткендей,  Жетiсу   қазақтарының  арғы   тегi   асыл   тұқымды 
жылқылар   өсiрдi.   Бұл   көршiлес   елдерде,    əсiресе   Қытайда  қызу   қанды   жүйрiк  
тұлпарлар    ретiнде  аса   жоғары   бағаланды.  Үйсiн   жылқылары,   теңлiк   қорғанынан  
табылған   алтын   (пластинка)  тақташада   бейнеленгендей   iрi   жəне   биiк,  бұлшық   еттi,  
басы   үлкен   жалы   мен   құйрығы  өрiлген   немесе   күзелген.  Олар,   əрине,  Персеполь  
рельефiндегi  жəне   Петров   коллекциясындағы    Сiбiрден   табылған  алтын   тақташада   
бейнеленген   сақ    жылқысына   ұқсайды.   Бұл   жылқылардың  құндылығы   сондай,  
олармен  бекзада қалыңдықтардың, хан  қыздарының қалыңмалын  берген. Бұл  уақытта  
Изюцюань  бекеттер мен бекiнiстердi  Юймыняға  дейiн  қойды. Үйсiн  1000 бас  жылқыны  
ханшаның   қалыңына  айдатты.   Хан   сарайынан   император   тегiнен  Цзян  дуесiмдi  
ханшаны   ұзатты.  Сапаны  айқындаудағы   осы   дағды   қазақтарда   осы   күнге  дейiн  
сақталған.
 
Сан   ұғымы  заттарды   есепке   алуды   қалыптастырумен  жетiлдiрумен,   оларды  
өлшеумен,  объектiлерге   əртүрлi   сандық   сипаттамалар   белгiлеу   жолымен   пайда  
болады.  Былай  айтылады: „Үйсiндерде   жылқы  көп,  олардың  ең  бай  адамдары төрт-
бес   мың   жылқы   иелендi” (Китайские  известия  о  народах  Южной  Сибири,  Центральной 
Азии и Дальнего Востока. М., 1961 120-бет). Мал  өсiрудiң дамуы  сандық  айқындылықты  
дүниеге  əкеледi. Санның онтологиялық  сипаттамасы барлық  кезде  кеңiстiк  пен  уақыт  
болды.   Сандық   қатынастар   алғашында   өлшеу   барысында    жiктеледi.  Бұл   бiрден-ақ 
сезiмдiк  
құрметке 
пайдаланылды,  
яғни  
мал  
басын  
түгендеуде,  
өзен 
жағалауларындағы, аңғарларындағы  егiн  салынатын жерлердi  бөлiскенде  қолданылды.
Қазақтың   ата   тегiнiң     еңбекқорлық   қызметi   кеңiстiк  ұғымының   дамуына   алып  
келдi,  яғни   мың   шақырымнан    астам   көш   жолдары   талай   ай   мен  күнге  

созылғандықтан  кеңiстiк   ұғымы   пайда   болды.   Тiптен   күндiк   көш  жолы  бiркөш,  
сондай-ақ   қозы  көш,   апталық  көш  т.б.  қашықтық   мөлшерi   белгiлендi.   Қыстаулар   мен  
отырықшы  мекендерде   нақты  белгiленген,  арықтармен  бөлiнген, отбасы  мүшелерiнiң  
санына   байланысты 60-150  шаршы   метрден   бөлiнген   жер   иелiктерi   болды.   Бұл  
кеңiстiктi  геометриялық  игеру  мен  оны  өлшеу қызметiн,  сондай-ақ  суармалы  жердегi  
егiстiң   тиiмдi   көлемiн   көрсетедi.   Ал   ендi   тəлiм   егiстер,   зерттеу   жұмыстары  
көрсеткендей,   əлдеқайда   көп   мөлшерде   игерiлдi.  Өйткенi   бұл   жерлер   онша   құнды  
болмады,  тəуекел  жағы басымырақ болды (тəуекелдi  егiншiлiк  аймағы). Сондықтан, сан 
ұғымы  мал  өсiру  мен  егiншiлiк   процестерiнде    қатар   қалыптасты.   Бұл   қазақтың   ата  
тегiнде   бiрыңғай   таңбалы  жүйе  болғандығын  көрсетедi.  Мұнда  адамдардың  əлеуметтiк  
тəжiрибесiнiң коды тiркеледi.  Қарапайым  санау  операциясынан  бастап,  санның  негiзгi  
субкатегориялары – сан, шама, құрылым т.б. қалыптаса бастады.
 
Тауар  өндiрiсiнiң  дамуы,  ақшаның  пайда  болуы  өмiрдi  сандық  тұрғыдан  игерудiң 
жолындағы  маңызды  кезең болды. Қазақтың  ата тегiндегi өндiрiстiң əртүрлi формалары 
–  мал  өсiру,  егiншiлiк,  бағбандық,  бақша  өсiру – отырықшы  жəне  көшпендi  халықтар 
арасында  сауда   қатынасының  кең  қанат  жаюына   жағдай  жасады.  Яғни  мал  өсiру  мен 
егiншiлiк  тауарларына  сандық  арақатынас  белгiлендi.  Қоғамның  өз  iшiндегi   сауда-
саттықтың  кең  таралуы,  көршiлес  елдермен  айырбас  үшiн  оның  мəнi,  Ұлы  Жiбек  
жолының,  Еуропа  мен  Қытай   аралығындағы  керуен   жолдарының  болуы – сандық 
айқындылықты  жоғары орынға қойды.
 
Iс  жүзiндегi  арифметиканың  қажеттiлiгi  саудадағыдай  сияқты   соғыс  iсiнде  де  қажет 
болады. Қытай жалнамашылары  былай деп жазады: „Үйсiн басы шабылғаны бар, əскери 
тұтқыны бар, 40000 жауды қолға түсiрiп, жылқылар, бұқалар мен қошқарларды, есектердi, 
түйелердi 700000 бастан  астамын  олжалап,  тұтқындарды  айдап,  өз  елдерiне  қайтып 
келдi” (Кюнер  Н.В.  Китайские  известия. 82-бет).  Əскери   қажеттiлiктер,  қол  жинаудағы, 
контрибуция   жəне  олардың  төленуi  сандық   көрсеткiштердiң  қолдануы  аясын  кеңейтудi 
қажет  еттi.  Əйтсе  де  сандық   ұғымдардың   негiзгi  қолдану  аясы – сауда  мен  айырбас 
болды. Бұл жеке меншiктiң шығуымен байланысты одан ары дамыды, ал оның қазақтың 
арғы  тегiнде  ежелден   келе  жатқаны  күмəн  туғызбайды.  Жеке  меншiктiң  пайда  болуына 
орай  байлық ру басылары иелiгiндегi  жылқы санымен  өлшене бастады. Адамдар асқан  
байларға (4 – 5 мың жылқы), орташа байларға (1–2 мың жылқы ) жəне  аздаған  малы бар 
қатардағыларға  бөлiндi.  Жеке  меншiк  өлшемiнiң  осы   тенденциясы XX ғасырдың  басына 
дейiн қолданылды. Жекелеген феодалдардың  жеке меншiгiндегi жылқы саны 17 – 18 мың 
болды.
 
Сезiмдiк-заттық  қызмет  барысында  малшы  мен  диқаншы  күнделiктi  кездесiп 
отыратын  бастау  сандық  шамалар  пайда  болды.  Олар  жылқы  саны  мен  игерiлетiн  жер 
көлемi.  Тiптi  ежелгi  түрiктердiң  өзiнде-ақ  санның  бiр  формасы  ретiнде  кеңiстiк  пайда 
болады,  ол  көлем  өлшемiнiң  көрiнiсi  ретiнде  ғана  емес,  сонымен  қатар  көшi-қон  кеңiстiгi 
ретiнде  үлкен  маңызға  ие  болды.  Көшпендiлердiң  шығыстан  батысқа  дəстүрлi  түрде 
жылжуына,  сонымен  қатар  олар  күндi  құдiрет  тұтуына  байланысты  шығыстың  олар  үшiн 
қадiр-қасиетi  басым  болды,  жердiң  басқа  бөлiктерi  оған  тəуелдi  деңгейде  тұрды, 

көшпендiлiктiң  дамып  өркендеуiне  байланысты  бұл  шығыс  ырымын  онша  ұстана
бермейтiн  болды.  Мұны  киiз  үйдiң  есiгiнiң  орналасуынан  көруге  болады.  Алғашында  ол 
шығысқа бағытталатын, ал кейiннен орналасқан жердiң бедерiне тəуелдi болды. Иакинф 
былай  деп  жазды: „Тұрақты  мекен-жайы  жоқ,  бiрақ  əркiмнiң  өз  жер  иелiгi  бар  (жайылым 
болса  керек).  Хан  əрқашан  Дугинь  тауын  жайлайды.  Оның  ордасына  шығыстан  кiредi, 
елге  күн  нұрының  шапағы  төгiлетiн  жақтан” (Бичурин  Н.Я.  Собрание  сведений…т.1.230-
бет).
 
Кеңiстiк  бағдары  қазақтардың  ататегi  мен  ежелгi  түрiктердiң  басқа  халықтардан
ерекшелiгiн  үйлерiнiң  есiгi  шығысқа  қарауынан-ақ  байқауға  болады.  Ғұндар  жайлы  да 
былай делiнген: „шаньюй ертемен қосынан (лагерь) күнге табыну үшiн, кешке айға табыну 
үшiн  шығады.  Ол  жүзiн  сол  жаққа  солтүстiкке  берiп  отырады” (Бичурин  Н.Я. 50-бет). 
Ғұндардан қалған бұл дəстүр түрiктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түрiктер екендiгi 
жайлы  болжамды  қуаттайды.  Киiз  үйлерiнiң  есiгi  əрқашан  оңтүстiкке  ашылған 
моңғолдардан айырмашылығы осында.
 
Бiр қызық жəйт, моңғол қазақтарының киiз үйiнiң есiгi осы жергiлiктi тұрғындардың үйi 
сияқты оңтүстiкке қарайды, ал түндiгi түрiк дəстүрiндегiдей шығысқа қарайды.
 
Таным  бағдарында  шығысты  құрмет  тұту  ежелгi  тас  балбалдардан  да  көрiнедi. 
Түрiктердiң ежелгi молаларының барлығының жүзi шығысқа қаратылады. Тiптен көне түрiк 
тiлiнде шығыс алдыңғы жақ, батыс – арқа бет, ал оңтүстiк – оң, солтүстiк сол жақ болып 
есептеледi.  Күлтегiн  ескерткiшiнде  былай  делiнедi: „Iлгерi – күншығысқа,  оңға – түстiкке, 
кейiн – батысқа,  солға - терiстiкке” (Малов  С.Е.  Памятники  древней  тюркской 
письменности. 27-бет). Əйткенмен көшпендiлiктiң дамуымен  бұл бағдар өз мəнiн жоғалта 
бастады. Егер есiк пен түндiктiң шығысқа бағытталуы күннiң алғашқы сəулелерiн сезiнуге 
мүмкiндiк  берсе,  ал  бұдан  кейiн  күн  сəулесiнiң  шаңырақ  шеңберiн  бойлай  жылжуы  жəне 
уықтар  ерекше  бiр  уақыт  өлшеушi  сағат  ретiнде  қызмет  атқарады.  Ал  бұл  кеңiстiкте 
орналасудың қатаң тəртiбiн жасады. Тек кейiннен басқа мекендерге көшкенде түрiктiң ата-
тектерi  есiктi  еркiн,  желдiң  ығына,  киiз  үйлерiн  алдын  кең  көрiп  отыратындай  етiп  тiгетiн 
болды. Қазақтардың өздерiнiң басым бөлiгi киiз үйдiң есiгiн оңтүстiк-шығысқа қаратып тiктi. 
Бұл  солтүстiктен  батысқа  бағытталған  желдiң  əсерiне,  табиғаттың  жағдайларына 
байланысты болды. Киiз үйдiң есiгi мен оның орналасуы киiз үйдi тiгудi есiктен бастаумен 
түсiндiрiледi (Маргулан  А.Х.  Казахская  юрта  и  ее  убранство.  А.,1964).  Киiз  үйге  егжей-
тегжейлi  тоқталуымыздың  себебi,  ол  бағзы  заманнан  көшпендiлердiң  дəстүрлi  тұрақ-
жайы,  өзiндiк  ерекшелiктерiмен  осы  күнге  дейiн  сақталды.  Сондай-ақ  көшпендiлiкке 
мейлiнше жақындылығы тұрғысынан əлем бiтiмiнiң үлгiсi болды.
 
Киiз  үйдiң  неғұрлым  кейiнгi  түрлерiнде  айтарлықтай  дəрежеде  шындық  пен
символдың  бiрлiгi  жоғалған.  Сондықтан  да  өн  бойында,  жарық  сəулесiне  бет-бағдар 
алуында, iшкi  жасау-жиhаздардың  жиналуында  күнделiктi  пайдаланылуы  мен  отбасы 
мүшелерiнiң орындарының белгiленуi жəне т.б. өн бойына маңызды сипат сыйғызған киiз 
үйдiң алғашқы формаларын зерттеу ерекше маңызды. 
 
Киiз  үйдi  зерттеу,  оның  əлемнiң  үлгiсi  ретiнде  көшпендi  үшiн  жоғарыдан  төңкерiлiп, 

адамды  өзiнiң  iшiне  енгiзетiн  көк  күмбезiн  құрайтынын  көремiз.  Бұл  киiз  үйдiң  мəнiн 
жаңа қырынан аша түседi. Материалдық жəне рухани салттар мен дəстүрлердiң бiрлiгiнiң 
жарқын үлгiсi болған киiз үй бұл тұрғыда шындықтың, символдың жəне оны пайдаланудың 
бiрлiгi  ретiнде  көрiнiс  тапқан.  Мұны  тұрғындардың  өзi  көбiне  мойындай  бермейдi  немесе 
осы үшбұрыштың бiр қырын ғана мойындап, басқаларын жоққа шығарады. Киiз үй кеңiстiгi 
жайлы  ой  елегiнен  өткiзе  отырып,  оны  көп  ғасырлық  тəжiрибелiк  саралаудан  өткен 
шығармашылық  еңбектiң  нəтижесi  ретiнде,  көшуге  аса  қолайлы  тұрақ-жай  ретiнде 
бағалауға болады. Оның берiктiгi, құрылысының сəулеттiлiгi мен нықтылығы, ағаш сүйегi 
мен  туырлығы,  үзiгi,  оның  жасау-жиhазының  əсемдiгi  мен  үйлесiмдi  бояуы,  жабдығы, 
тоқыма  бұйымдары  киiз  жəне  басқұр  баулардағы,  ағаш,  терi  жəне  басқа  да  заттардағы 
кесте, ою-өрнегi – шығармашылық туынды ретiнде айтуға тұрарлық. 
 
Бiздi  киiз  үй  кеңiстiгi  қызықтырады,  бұл  тұрғыда  оны ежелгi  грек  ғарышына  ұқсатуға 
болады.  Грек  ғарышы   сұлулық  заңдылығы  бойынша  салынған,  сондықтан  да  ол 
кеңiстiктiң  артықша  нүктелерi  арқылы  қиыстырылған.  Дəл  сол  əлем  жаратылысының 
жемiсi табиғатпен бiте қайнасқан жер мен көк, су мен от, жоғары мен төмен сияқты киiз үй 
кеңiстiгi жасанды жəне хас шеберлiкпен жасалынған табиғаттың бiр бөлшегi iспеттес. Киiз 
үйдегi  ең  сыйлы орын  төр болған.  Қатаң түрде  əйел жəне  еркек  болып бөлiнедi.  Осыған 
сай  еркек  жақта  Радлов   жазғандай     „ер  адам  қолданылатын  заттардың  барлығы  iлiнiп 
тұр:  мылтық,  оқшантай,  жүген,  белбеу,  ат  əбзелдерi,  ертоқым,  жүк  ершiктерi,  қамшылар 
т.б.  Ал  төсектiң  оң  жағында  əйелге  тəн  бұйымдар  орналасқан.  Əйелдердiң   ер-тұрманы, 
содан соң есiкке жақын шаруашылық  жабдықтары мен ыдыс-аяқтар”. 
 
Бұл  кеңiстiктегi  барлық  жасаулар  мен  орындар  белгiленiп  қойылған.  Бұл  тұрғындар 
мен  қонақтарға  ырымдық  тежеулер  мен  шектеулер  жасайды.  Мəселен,  табалдырықты 
басу отағасын қорлау, сыйламау болып саналады. Қонақтарға ошақты айнала күн жолына 
ұқсас сағат тiлiне қарсы жүруге тыйым  салынады. Көне түрiктерде мынадай салт болған: 
„Хан  көтерiп  таққа  отырғызғанда  жақын  билер  мен  бектер  ақ  киiзге  отырғызып   күн 
бағытымен  тоғыз  рет  айналдырады.  Əр  айналдырғанда  ел  басшылары  тағзым  етедi. 
Бiрақ  əйел  адамдарға  үйдiң  артымен  шығуға  рұқсат  етiледi.  Өйткенi  оларға  құрметтi 
жақтан, төрден, ошақ пен қонақ арасынан жүруге рұқсат етiлмедi.”
 
Ортадағы  ошақ  барлық  көшпелi  елдерде  құрметке  ие  болды,  қасиеттi  орын  деп 
саналады.  Отағасының  қаза  болуы  немесе  ұрпақтың  болмауы,  от  басының  құруы  –
ошақтың  сөнуi,  ұрпақ   -   түтiн  түзетушi  деген  ұғымдар  қолданылуы  бекер  емес.  Оған 
түкiруге,  сүт  немесе  су  төгуге  болмайды.  Күлiн  шашуға,   үстiне  отын  жағуға,  қоқыс 
тастауға,  одан  от  тұтатып,  шашуға  тыйым  салынады.  Əйтпесе  от  басына  ауру, 
бақытсыздық келедi деп ырымдап отырған. Киiз үйдiң басқа орындары да назар аударуға 
тұрарлық.  Халықтың  жылсанағы  бойынша  жыл  қайыруды  тышқаннан  бастайды. 
Сондықтан  да  оның  атымен   тұрақ-жайдың  құрметтi  орны  сандық  жиналатын,   қонақ 
жайғасатын төр  аталады. Тышқаннан кейiн сиыр атымен төр мен кебеже аралығындағы
орын аталады жəне  сиырмен  бiрге от басына келетiн молшылық бейнеленедi. Отағасы 
отырар жер „жолбарыс” аталады. Өйткенi ерлiк пен билiктiң символына одан басқа ешкiм 
таласа  алмйтын.   Одан  əрi  əйелдiң  (қоянның)  нəзiктiк  пен  бой  ұсынуды  көрсететiн  орны 

белгiлендi. Əйелдiң жанында ас, дəм, көк пен жер тартуы – тағамы еңбекқор ұлумен 
бейнелендi.  Одан  əрi  жыланның  кеңiстiгi  орналасты.  Жерден  шыққан  жылан   ыдыс-аяқ, 
шелек,  құман  орналасқан   жерге  су  əкеледi  деп  ұғылды.  Жылқы  кiре  берiсте  қозғалыс 
символы  ретiнде  орналасты.  Одан  соң  жетiм-жесiр,  кем-кетiктiң,  кедейдiң  қайыр  немесе 
күтiм  тiлейтiн  босағасы - қойдың  кеңiстiгi  деп  саналды.  Одан  əрi  дана,  жақсы  сапар 
тiлеушi,  ерекше  жануар  мешiн  кеңiстiгiнде  қымыз  құйылған  күбi  мен  қару-жарақ  жəне  ат 
əбзелдерi орналасты, осы жерден сусындап, атқа ер салып, қаруды қолға алуға болушы 
едi. Одан соң құстың орны белгiлендi. Бұл жердi үйдегi жастар мен өз бойларында өсiп-
өну қуаты бар қонақтар иелендi, одан соң жоғарырақ  еркек қонақтар орналасты. Бұл жер 
иесiне берiлгендiктiң символы, иттiң кеңiстiгi, одан жоғары төрге жақын доңыз кеңiстiгi деп 
саналды.  Бұл  орынға  неғұрлым  құрметтi  қонақтар  отырғызылып,  неғұрлым  құнды  жүк 
жиналды. Шеңбер тағы да  ең сыйлы орын төрге, тышқан орнына тiрелдi. Бұл жерде жыл 
санау  басталып  уақыт  пен  кеңiстiк  түйiседi.  Киiз  үйдегi  кеңiстiктi  осылай  түсiну  барлық 
көшпендi халықтарға тəн болды.  Дегенмен, кейiннен доңыз сыйлы орыннан ығыстырыла 
бастады.  Бұл  түрiктердiң  мұсылмандануына   байланысты  арақ-шарап  пен  доңызды
аластауды көрсеттi.
 
Егер  киiз  үйдiң  сыртына  қазiргi   физика  терминдерiн  қолданып,  оны  əр  тектi  жəне 
анизатропты  кеңiстiкке  бөлсек,  басқа  дүниеге  тап  боламыз.  Өйткенi  бұл  жерлерде  киелi 
орындар  бар,  кейбiр  бағыттағы  қозғалыс   (күн  бағытымен  қозғалу)  ерекше  құрметтi 
иелендi.  Көшу  кеңiстiктi  талап  етедi,  ол  көшпелi  үйге,  киiз  үйге,  қозғалысқа  ыңғайлы 
шаруашылыққа,  күш-көлiкке,  тағам  қорына,  арнайы  киiм  мен  аяқ  киiмге  зəру.  Осы 
құрамдас  бөлiктiң  кез  келгенi  мəлениет  бөлшегi,  дүниетану  сəтi,  халық  ғарышының 
құрамдас бөлiгi.  Егер кеңiстiктi алып қарасақ, көшу құрамдас бөлiгiне  ұқсастығы бар өзiн-
өзi  жасайтын  кеңiстiктi  талап  етедi.   Басқаша  айтқанда  бiр  тектi  кеңiстiктен  əр  бағытқа 
қарай қозғалыс жасау бiрдей негiзделген, яки изотропты болуын  талап еттi. Көшпендiнiң 
арманы – тұрақты  бiр  жердi  мекендегiсi  келгенiмен,  ол  өзiнiң  тұрағын  үнемi  ауыстырып 
отыруға мəжбүр болды.
 
Көшпендi  үшiн  кеңiстiктiң  кең  немесе  тар  болуы  аса  маңызды  емес,  ол  өзiнiң 
жайлылығымен  жəне  қажеттiлiктi  өтеуiмен  пайдалы  əрi  қолайлы.  Ұлы  дала  осындай 
қажеттiлiкке  сай  мекен  болды.  Сондықтан  да  Жетiсу  қазақтарының  ата  тегi (түп  қазық)  
„жазды  Бұлғар  аймағында  (Волга – Едiл ) өткiздi,  ал  қыста   Баласағұн  аймағын 
мекендедi” (Ибн  ал-Асир.  Хроника. 1863. Т. IX // История  Казахской  ССР.  Т II..1979, 22 -
бет).  Əрине,  қазiр  Шудан  Едiлге  дейiнгi  көш  жолы  ұғымға  сыймайды,  бұның   шындыққа 
жақындығы  да күмəндi. Əйтсе де бұл көштiң ауқымы мен қашықтығы ой  салады. Əдетте 
көш  жолының  қашықтығы  мың  шақырымға   дейiн  жетсе  керек.  Бұл  жағдайда  малдың
негiзгi  түрi  жылқы  болғаны  шүбəсiз.   Баласағұн  былай  деп  жазды: „Олар  табындаған 
жылқы бағады. Жылқыны тамаққа, сусынға, мiнiске пайдаланады, айғырлар мен биелер, 
сондай-ақ   жүк артар жылқы солардан келедi. Қымыз,  сүт,  жүн,  май, iрiмшiк жəне құртты 
тамаққа, киiмге жəне үй жабдықтарына қолданады.”
 
Аса маңызды  философиялық  категориялардың бiрi уақыт ұғымы болып табылады. 
Қоғамның бiртiндеп дамуымен, тайпаның тарихи есiнде қалған жекелеген құбылыстар мен 

белгiлi бiр оқиғаларға байланысты адамдарда  уақыттың сезiнуi ояна бастады. Жұт, 
аштық,  оба,  мал  iндетi,  соғыс  т.  б.  сияқты  табиғи  жəне  стихиялы  апаттар  адамдар
санасында  өз  iзiн  қалдырып,  белгiлi  бiр  уақыт  қарқынының  анықтамасы  ретiнде  қызмет 
атқарды.  Əйткенмен,  бұл  дамыған  уақыт  ұғымын  ауыстыра  алмады.  Өнiм  жинаумен, 
аңшылықпен,  жабайы  егiншiлiкпен  айналысқан  тайпалар  уақыт  ұғымын   түсiне  алмады, 
уақыттық  ингреденттердi  ғана  сезiмдiк  заттармен   байланыстырды.  Уақытты  түсiнушiлiк 
жекелеген  адамдар  үшiн  ғана  мəнi  болғанымен  əлемдiк  жаратылыстың  өтпелi 
компоненттерiмен берiк байланыста болды.      
 
Л.Н.Гумилев   былай  деп  жазды: „Халықтың   əл-ауқат  жағдайын   анықтайтын, 
классификация  үшiн  аса  ыңғайлы  индикаторлардың  бiрi  этникалық  сананың  (əрбiр 
халықтың)  уақыт  категориясына   қатыстылығы  болып  табылады” (Этнос  и   категория 
времени//  Доклады  отделении   и  комисии   географического   общества  СССР.  Л., 1970, 
145-бет ).  Бұл  тұрғыда   алғашқы  көшпендiлер  iргелес  халықтарға   қарағанда  неғұрлым 
дамыған  уақыттық  сезiмдерге  ие  болды.  Алыс  көш  жолдары,  бай  жайлау  мəселесi,  су 
бастаулары,  жыл  мезгiлдерiне  байланысты  ауа  райының  өзгерiстерi,  басқа  да   көптеген 
себептерi  көшпендiлердi  уақытты  қандай  да  бiр  абсолют  деп  түсiнуге  мəжбүр  еттi.  Оған 
аптап  ыстық,  жайылымдардың  күйiп  кетуi,  өткел  бермес  сең,  көктемгi  алғашқы  балауса 
шөп, күзгi сарғайған шөп, суаттардағы қабыршақ мұз, қардың түсуi жəне оңтүстiкке, жылы 
жаққа, күнгейге көшудiң қажеттiлiгi уақытқа тəуелдi болды.
 
Уақыттың ең бiрiншi бағдары ауа райы болды. Жуанның жiңiшкерiп, жiңiшкенiң үзiлер 
кезi - қыстың соңғы күндерiнен соң  көктемгi алғашқы көкке iлiгу мен қайта түлеу, өзгерiс 
əкеледi.  Көктемгi  күн  мен  түннiң  теңелуiмен  Жаңа  жыл – Наурыз   келдi.  Осыдан  барып 
„шөптiң көгi ” уақыттың объективтi  критериi болып табылады. Бұл көктемгi-күзгi науқанға, 
қыстаудан жайлауға шығу, осы көш жолындағы көктемгi жəне күзгi маусымға байланысты
əртүрлi  мейрамдардың  тууына   негiз  болды.  Қазақтың  ата  тегiндегi  көктем  мен  жазда 
түстiктен  терiстiкке  көшу   жəне  күздегi  терiстiктен  оңтүстiкке  бағытталған  ендiктi  бойлай 
көшудiң  басым  болуы   осы  ұзақ  қашықтықты   өз  уақытында   жүрiп  өту  үшiн  уақыттық 
өлшемдерi  болғандығын  көрсетедi.   Бұл  көш  жолдар   мыңдаған  шақырым,  тiптi  одан  да 
ұзаққа созылатын-ды.
 
Алғашқы   түрiктер  жайлы  сөз  еткен   Иакинф  былай  деп  атап   көрсеттi: „Көктемде 
немесе  жазда  қаза  болғандарды   өсiмдiктердiң,  ағаштың  жапырақтары  түсе  бастағанда 
жерлейдi,   күзде  немесе  қыста  қаза  болғандарды  гүл  қауызын  жара  бастағанда
жерлейдi” (Собрание сведений… Т.1. 230-бет). Бұл жерде түрiктер  мезгiл теңдiгiн мүлдем 
бiлмейдi, ал мезгiл ауысуын  көктiң шығуынан байқайды.  Тiптен қазiргi қазақ күнтiзбесiнде 
уақытты  табиғи  тұрғыдан  түсiну  көрiнiс  тапты.  Бұл  күнтiзбе   сол  дəуiр  үшiн  ұлы  құбылыс 
болды,  өйткенi  уақытты   рудың,  тайпаның  немесе  жанұяның  өмiрiнде  болған  оқиғаларға
байланысты  емес,   жыл  мезгiлдерiмен  салыстырды. „Шiлде” (июль)   айы  жылдың  ыстық 
айы  ретiнде  белгiлi  болса, „желтоқсан” (декабрь)  оған  мүлдем   қарама-қарсы,  ал 
бұлардың мағынасы  аптап пен қарлы боранды бiлдiредi. Көк шығар - „көкек”, молшылық -
„мамыр”,  жаңбырлы - „тамыз”,  үсiк  жүретiн  - „қыркүйек”  айларының  атауы  жайлы  да 
осыны айтуға болады.
 

Осыдан  кейiн  Шығыста  қабылданған  он  екiлiк  санаққа  орай  он  екi  жылдық  өлшем 
қалыптасты. Мұның өзi кейбiр рухани мистикалық бастауларды ұстанды. Мəселен,  жылан 
жылы   бақытсыздық  жылы болып  саналды,  өйткенi  əдетте  он екi  жыл сайын   осы жылы 
жұт  келедi.  Жылқы  мен  қой  жылдары  бақытты  болып  саналады,   əдетте  бұл  жылдары  
мал қоңды, халық тоқ болды. Түнгi аспанға көз салған көшпендiлер  көк күмбезiнде сексен 
сегiз  шоқжұлдызды   белгiледi.  Олар  ерекше  мəнге  ие  болды.  Өйткенi  аспан  жарты  шар 
ретiнде   көз  көрiм  əлемдi  жауып  тұрушы    жəне  жұлдыздар  қозғалысы   төменгi  əлемге 
байланысты,  оған  елеулi  ықпал  етедi  деп  санады.  Егер  бiрiншi  он  екi  айдан  тұратын  
жылдық  циклге   көңiл  аударар   болсақ,  олар  белгiлi  бiр   шоқжұлдыздарға  сай  құрылды. 
Уақытты  одан  əрi  түсiну   он  екi  жылдық  циклге   алып  келдi   оған   тышқан,  сиыр,  барыс, 
қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешiн, тауық, ит, доңыз енедi.
 
Таза   көшпендiлiктiң  өзiндiк  уақыттық   циклi   болды.  Бұл  белгiлi  бiр  дала  ареалы 
бойынша оның  қозғалыс ырғағына  байланысты. Бұл цикл үш жүз жылдықпен саналады.
 
Ал  ол  Оңтүстiк-  Сiбiр  ойпатының   солтүстiкте  Тянь-  Шань,  Памир  тауларына, 
оңтүстiгiнде  Сары   теңiзден  Қара   теңiзге   дейiнгi   аридтiк   аймақтың   ылғалдануына 
немесе құрғақшылыққа ұшырауына байланысты болды. Уақыт циклiнiң  белгiлi аумақтағы  
айқын   тездiгi   нəтижесiнде   көшпендiлер   басқа   мекен   жайға  үш  жүз  жылдан  кейiн 
ауысуы  керек  болды.  Бұл   қазақтың  арғы  аталарының  бiрi,  əсiресе,  ғұндарда  анық 
көрiнедi. Л.Н.Гумилев былай деп жазды: „бiздiң дəуiрiмiзге дейiнгi IV-III ғасырларда ғұндар 
Иньшань жоталарында тұрды. Ол таулар орман, шалғынға бай болғандықтан  аң-құсы да 
мол,  ғұндар  Иньшаньнан айрылғанда оның жанынан өтiп бара  жатып жылады”. (Истоки 
ритма   кочевой  культуры  Среднеи  Азии //Народы   Азии  и  Африки. 1966, N4, 89-бет),  ал 
олар  оны  тура  үш  жүз  жылдан  соң  бiздiң  дəуiрiмiзге  дейiнгi I ғасырда  жоғалтты,  өйткенi 
өте қатты қыс басталды, құрғақшылыққа ұшырады, мал жұтқа ұшырады: „Ғұндар  тарихы  
үшiн бұл ауыр соққы болды - ғұн державасы құлады”.
 
Көшпендiлер  бiр  жерде   300  жылдан  артық  өмiр  сүре  алмады.  Олардың  уақыттық  
циклiнiң  айналым  шегi  де  осы.  Бұл  шек  жайылымның  тозуы,  таптаурын  болуы,   күйiп 
кетуiмен  ғана  байланысты  емес,  далада   үнемi  болатын  ылғалдылық   немесе 
құрғақшылық    процестерiне  де  байланысты  едi.  Л.Н.Гумилев  көрсеткен  үш  жүз  жылдық 
уақыт  кезеңдерi   көшi-қон  аридтiлiгiнiң   дəрежесiне  тəуелдi   таза   көшпендi 
қауымдастықтар   белгiлi  бiр  аймақта   ұзақ  уақыт  бойы   өмiр  сүре  алмайды,  олар 
физикалық-жағрапиялық   заңдылықтарға   тəуелдi,  сондықтан  да  „мəңгi  кезбелiк ” өмiр 
сүруге   немесе   жартылай  көшпелi   мал   өсiру  кəсiбiне   ауысуға  мəжбүр   болды.  Бұдан 
шығар  қорытынды  жартылай   көшпелi  мал  өсiрудiң  „таза”  көшпендiлiктен  артықшылығы  
экономикалық  себептерден туындайды. 
 
Ежелгi  түрiктер  жəне   қазақтың  ата  тегi  осылайша   өзiнiң  табиғатпен  етене  
жақындығының   жəне  ұқсастығының  арқасында  табиғат  құбылыстарының  күнтiзбесiн  –
фенологиялық   календарды   қолданды.  Бұл   қазақтың  ата  тегiнiң   этнос   ретiнде, 
табиғатты  бiртұтас  жəне өзiне өте жақын деп танығандығын көрсетедi. Дəл   осының өзi 
халық   -  адам – табиғат  қатынасын   мейлiнше   толық  жəне   адекватты     көрсететiн 
    болмыс     қисыны.     „Этнос, - деп    жазды 
 

Л.Н.Гумилев, - табиғат  құбылысы,  ол  əлеуметтiк   институттар   формасына  ауысып 
отырады жəне əрбiр жеке жағдайда: тiл, дəстүр, идеология, материалдық мəдениет жəне 
т.б. сияқты индикаторлар арқылы айқындалады”. 
 
Шаруашылық қызметтiң өсуi циклдiк күнтiзбеге көшуге мəжбүр еттi.  Оның  құрамына 
жетi күндiк апта, төрт апталық ай, он екi айлық жыл жəне он екi жылдық мүшел циклдары 
кiрдi.   Бiр  цикл  айналымына  сыймайтын  оқиғаларға  уақыттың  „тiрi   хронология”  стилi 
қолданылды. 
 
Түрiк   қағанатының  құрылуымен   ұзақ  жыл  санау  əдiсiне  көштi,  бұл  атау  түрiктердiң 
тiршiлiк  кеңiстiгiнiң   ұлғаюына,  батысқа  жəне  шығысқа  бағытталған   экспансиясының 
артуына байланысты болды. Ғұндардың, үйсiндердiң, қаңлылардың бiрiгуi, түрiктенуi  мен  
бiрегей  шаруашылық  түрiне  көшуi   iргелес  халықтармен   бiр  уақыт  ұғымында  болудың  
қажеттiлiгiн  туғызды, өйткенi экономикалық, мəдени жəне тiлдiк қауымдастығы  тез дами 
бастаған едi.
 
Солай бола тұрса да, қазақтардың  табиғатқа етенелiлiгi  сол уақытта да, қазiрде де 
бар „Қобыланды”эпосында  былай делiнген:
 
 
 
„… Көлден ұшқан қаз деймiн
 
     Қаз жайлауын саз деймiн,
 
     Наурыздан соң жаз деймiн…”
 
 
 
„Еңбекшi  қазақ”газетi 1925 жылы  былай  деп  жазды: „Қыс  кеттi,  қар  ерiдi,  ежелден  
келе  жатқан  наурыз  құтты  болсын”.  Қырық  күнге  созылатын  аптап  шiлде  айы  парсының 
„чилла” - қырық  деген  сөзнен  шықты.  Бұл   қазақтың  ата  тегiнiң   диқандық  кəсiбiне  де 
байланысты,   қазан   айының  атауы  дəндi  дақылдар  мен  жемiс-жидектi  жинап  алуға 
байланысты болды.
 
Бiздiң дəуiрiмiзге дейiнгi III ғасырда құрылған  ғұн империясы, одан кейiнгi  көне түрiк 
империясы этникалық  Евразия  аумағында  түзулiк есептеу жүйесiн қолданды, ол əскери, 
көшпендi  жəне  экономикалық  экспансияның  мерзiмiн  белгiлеуге,  Қытай,  Иран,  Византия, 
Манчжуриядан   Қара теңiзге  дейiнгi шекарадағы   оқиғаларды тiркеуге қолданылды.  Бiрақ 
осы  ұланғайыр  аймақта  əлемдiк  ойкумен  уақытынан   басқа  да  тiкелей  шаруашылық 
мүдделерден  туындаған  есептеу   жүйелерi  пайдаланылды.  Бұл  ойкумен  уақыты  аса  
белсендi түрде ХV ғасырдан бастап қана қолданыла бастағандығы құпия емес. Ал  бұған 
дейiн  барлық   жерде  əртүрлi  патшалықтарға,  олимпиядаларға, „əлем  жартылғаннан” 
кейiнгi (б.д.д. 5508 жылғы 1 қыркүйек),  Селеквид   дəуiрiмен,  Йездигерд   дəуiрiмен 
байланысты   санақ   қолданылды. 532 жылы   монах   Дионисий  Малый   Христос  туған  
күнiнен (754 жылы Рим құрылған  күннен) бастауға  ұсыныс жасады.  Ал  арабтар өз жыл  
санауларын   Мұхамедтiң  Меккеден  Мəдинеге   қашуынан - (хиджрадан) 622  жылдан 
бастады.
 
Бiрақ  бұдан кейiн де  жыл санаудың əртүрлi  жүйелерi  болды. Əсiресе  Испанияда  
(бiздiң  дəуiрiмiзге  дейiнгi 38 ж.)  жəне  Рим  империясында  (Диоклетиан  дəуiрi)  көбiрек 

сақталды,  əйткенмен   мұның  барлығы   халықтардың  ұлы   қоныс  аударуы  
нəтижесiнде  бұзылды.  Сондықтан  да   уақыт  ұғымы  əрқашан   функционалдық  болды,  ол  
шаруашылық  пен  экономика,  мəдениет,  өнер  салаларының   қолма-қол   қажеттiлiктерiне  
қызмет   етедi.  Бiздiң  планетамыз   жаратылғаннан  берi 4,5 млрд.жыл  өткендiгiн,  ал 
алғашқы тiрi клетка 3,5 млрд. жыл, жазу 4 мың жыл бұрын  пайда болғанын  еске алсақ, 
бұл нешiншi жылдар деген сұрақ туындайды. Бұдан келiп шығатын қорытынды  қазақтың 
ата тегiнiң  даму үстiндегi уақыт ұғымы болмыс пен тiкелей қатысты құбылыстан, сезiмдiк 
нақтылықтан  шығып,  эволюция  барысында  фенелогиялық  жəне  циклдiк  сападағы 
кезеңдерге, „тiрi   хронологияға”  жəне  одан  əрi  ұзақ  жыл  санау  жүйесiне   өткенiне  
қарамастан  өз  бойларында   нақты  болмысқа  тəн  қасиетiн  сақтап  қалды.  Санасыз 
инстинкттердiң  немесе  саналы  импульстердiң,  бұлардың  екеуi  де  бiрден  пайда  болады, 
серпiндi формалары түрiнде қалады. Мұның өзi тарих барысында айтарлықтай өзгеретiн, 
бiрақ  ешқашан  базистiк  ядросын  жоғалтпайтын  архетип  немесе  оның  көрiнiсi  ретiнде 
бағалауға негiз болады. Уақытты бұлай түсiну арқасында ол образды жəне эмоционалды
сипатқа ие болады, бұл оның сезiмдiк нақтылыққа жақын екендiгiн бiлдiредi.
 
Кеңiстiк  сандық  өлшем  ретiнде  өз  шамасын  талап  етедi.  Көшпендi  ауылдың  жүрiп 
өтетiн жолының қашықтығы ауылдағы əлсiз қарттар мен бала-шаға, əйелдердiң сол жолға 
шыдау  мүмкiндiгi  ескерiле  отырып  белгiленедi.  Ал   көш  жолдары  жақын  болмағандығы 
белгiлi.  Өлшем  саласына  жататын  мөлшер  ұғымы  ежелгi  түрiктерде  екi  мəнге  ие  болды. 
Кеңiстiктiң  бiрiншi  өлшемi  əлсiздердiң  шамасын  ескерген  күндiзгi  көш.  Сонымен  қатар 
байлық  мөлшерi  жылқы  санымен  өлшендi,  бұрын  айтылғандай,  мал  иесiнiң  байлығы 
осыдан көрiндi. Бұл көзқарасты одан əрi дамыту көш үшiн, егiншiлiк, бау-бақша үшiн үлкен 
кеңiстiк  қажет  болғанын  көрсетедi.  Мал  байлық  өлшемi  бола  отырып,  оны  ұстау  үшiн 
үлкен  аумақ  қажет  болды.  Егер  бiр  малды  бағу  үшiн 8-10 гектар  табиғи  жайылым  қажет 
болса,  онда 4-5 мың  жылқыға 30-50 мың  гектар  жайылым  қажет,  мұның  өзi  жер-суды 
мейлiнше көп басып алуды талап еттi.
 
Бұл  тұрғыда  қазақтың  ата  тегiнде  мөлшер – сапа  ұғымын  алдын  ала  қолдану 
негiзiнде сан категориясының жалғасы болып табылады. Бұл жайлы жоғарыда айтылды. 
Iс  жүзiнде  мөлшер  ұғымының  iшiнде  дəл  сол  сан  категориясының  өзi  аяқталады.  Əйтсе 
де,  Гегель  бойынша,  мөлшер – сапалы  сан  немесе  олардың  қосындысы.  Барлық 
адамдарда  əрқилы  тiршiлiк  мөлшерi  болды,  бұл  қазақтың  ата  тегiнiң  мөлшер  түсiнiгi 
көрiнiсiнен хабар бередi. Ауқатты жəне бай адамдар үшiн көшу кеңiстiгi 1000 шақырымға 
дейiн созылды. Олар жылқыларын рулық таңбаларымен таңбалап алып, алыс, қиындығы 
мол,  қызық,  думанға  толы  жолға  аттанды.  Бұл   уақытта  кейбiр  кедейлер  жатақтарға 
айналды. Бақша салып, қыстақ күзетiп, бақша қорыған қарақшының кебiн кидi. Мұның өзi 
айқын 
мүлiктiк 
теңсiздiктi 
көрсетедi. 
Жеке 
меншiктiң 
дамуы  
мөлшердiң 
парцелизациялануына   алып  келдi,  мұны  үйсiн  қоғамында  металл  жəне  тас  мөрлердiң 
болғандығы  көрсетедi.  Ол  жердi  жеке  меншiктеуден  бас  тартты.  Бұл  қазiргi  Қазақстан 
парламентiндегi  қызу  тартысты  ерiксiз  еске  түсiредi  жəне  сонымен  қатар  тарихта  алғаш 
рет  мал  мен  қозғалмалы  мүлiкке  жеке  меншiктiк  енгiздi.  Ал  мұның  өзi  байлық  өлшемi 
болған мөлшер жайынан хабар бередi.
 

Бұл  жерде  мөлшер  ұғымының  құрамдас  бөлiктерге  жiктелуi  көрiнедi.   Егер  мал  мен 
қозғалмалы мүлiкке жеке меншiк  сол кезде-ақ пайдалы болса, демек, бұл сан да белгiлi 
бiр мөлшерде пайда болғаны. Жер сатылмайды, демек оған басқа өлшем белгiлендi. Бұл 
мөлшердiң  əртүрлi  компоненттерiн  қайткенде  де  олар  бiрегей  мүлiктiк  кеңiстiкте  жұмыс 
iстеуi үшiн үйлестiру қажет болды. Сол уақытта: „Менiң ата-бабамның сүйегi жатқан жер, 
менiң  қыстағым – менiң  жерiм”  деген  қағида  шықты.   Мұның  ақыры  жер-судың  ру-тайпа 
арасында  қатаң  бөлiске  түсуiне  əкеп  соқтырды  жəне  бұл  ХХ  ғасырда  таптық  көзқарас
енгенге дейiн созылды.
 
Бұл  мыңдаған  ғасырлардан  берi  өмiр  сүрiп  келе  жатқан  қағиданы  терең 
зерттеуiмiздiң  себебi,  мұнда  өлшем  ретiндегi  сыртқы  мөлшерден  шамаластық  ретiндегi 
iшкi  мөлшерге  ауысу  жүредi.  Сол  кезде  сыртқы  көрiнiс  ретiндегi  байлық  мөлшерiн  жердi 
бөлуге  тыйым  салатын  тарихи-мəдени  жағдай  ретiнде  жерге  жеке  меншiктi  жоятын 
мөлшермен – оны мойындаумен толық салыстыруға болады. Бұл күнi бүгiнге дейiн мəнiн 
жойған  жоқ,  өйткенi  автохтонды  халықтың  ғасырлық  игiлiгiн  иемдену,  қазiргi  жағдайда 
құнарлы жерлер мен жайылымдардан айырылу қаупiн туғызды.
 
Сонымен  қатар  жердi  белгiлi  бiр  рулардың,  тайпалардың  мұрагерлiк  иеленуi 
прогрестiк рөл атқарды, өйткенi жердi иесiздiктен  құтқарды жəне сонымен қатар жеке жер 
иеленушiлiктi жойды. Сөйтiп, жерге сұранымның  ұдайы өсуi жағдайында феодалдардың  
жақсы жерлердi басып алуынан  сақтандырды.  Мəселен,  осы  жағдай Англияда   „қойлар 
адамдарды  жеп  қойды”  деген  айтулы  жағдайды  туғызған.  ХХ  ғасырдың  басында 
Алашорда  көсемдерiнiң     бұл  ежелгi  қағиданы  қорғаулары  тегiн  емес  едi.  Жайылымдар 
рулардың  ғана,  соның  өзiнде  де  ата-бабасының  сүйегi  жатқан  қыстаулар  ғана  меншiгi 
болсын деп жердi жеке адамдардың иеленуiне мүлде тыйым салды. Бұл метрлiк (сыртқы) 
жəне  имоненттiк   (iшкi)   мөлшерлердi  бiрiктiру  қазақ  тiлiнiң  этимологиялық   деңгейiне  де 
əсер еттi, метрикалық мөлшер - өлшем деп, ал iшкi мөлшер – шама деп аталды.
 
Қытай деректерi жерге меншiк болуының негiзiн рулар салғанын айтады. Бұл жайлы 
гуньмо  тыйым  салуы  былай  дейдi: „Ол  уақытта  ұлы  гуньмо  Цылим  билiктi  берiк  ұстап 
тұрды,  жəне  барлық  қорыққан  лин-хоу  соған  бағынды.  Ол  тұрғындар  жылқылар  мен 
малдарын  бағып  жүрiп,  жайылымға  кiрмесiн  деп  бұйырды” (Кюнер  Н.В.  Китайские 
известия… 92-бет).  Шығарманы  түсiнiк  берушi (комментатор)  Янь-Ши-Гу  былай  деп 
түсiндiредi: „жайылымға,  яғни  гуньмо  жайылымына  кiрмедi.  Олар  жайылымды  бүлдiредi 
деп  қорықты”.  Егер  тайпа  көсемi  Гуньмоға  қарағанда  „өлшем”  бойынша  көп  төлей  алса 
да,  „шама” бойынша ол мүлдем бұлай iстей алмас едi.
 
Жеке адам мəселесiн, бақташы үшiн мөлшер қатынастарының барлық кезде шешушi 
жүйесi  болды.  Бұған  ол  болмыстың  объективтiк  заңы  ретiнде  қарады.  Көш  бойында  бар 
нəрсенiң  ыстық-суығына  (ауаның,  судың,  жердiң  т.б.)  төзуiне  тура  келдi.  Мөлшердiң 
объективтi  белгiлерiн  адам  табиғат  құбылысы  ретiнде  қабылдады  жəне  оны  өзiнiң  iшкi  
ұғымына  айналдыруға  тырысты,  сөйтiп  оған  объективтi  түрде  қарсы  тұрды.  Еңбек 
əрекетiнде  жеке  адам  əр  алуан  сипаттағы  көптеген  мөлшер  ұғымдарын  қабылдады, 
сондықтан  да  осы  өзгерiп  тұратын  мөлшерге  сəйкес  бейiмделу  əдiсiн  игердi.  Қысқасы, 
дүние  ол  үшiн  аса  мол  мөлшердiң  жиынтығы,  осы  дүниемен  тайталасқа,  антогонизмге 

түспей өз тiршiлiгiн одан əрi тыныш жайғастыру үшiн оны барынша игеру қажеттiлiгi 
туды.
 
Мөлшердiң  түп-төркiнiн  түсiну  жеке  адамға  мөлшердiң  iшiнде  сапалық  шамаластық 
бар  екенiн,  бiр  сапаның  сандық  өлшемдерi  өзара  байланысты  екендiгiн,  яғни,  заттың 
немесе  құбылыстың  iшiндегi  сандық  өлшемдер  арасында  өзара  қатынастық  болатынын
көрсетедi. Сонымен қатар бұл мөлшерде əрқашан өлшем элементi қатар жүредi, ол басқа 
заттар мен құбылыстарды бiр эталон негiзiнде өлшеуге алып келедi. Алғашқыда бақташы 
қызметi сапалық сипатқа ие болды. Ол кез келген затта, мысалы бағымындағы жылқының 
шамалық  қалыптан  асқандарын,  семiрiп,  төрт  елi  қазысы  барларын  сойысқа  жiбердi,  ал 
жас тай-құлынды мөлшер шегiне жетпегесiн жайылымда қалдырды. Дəл сол сияқты диқан
астықтың,  бау-бақшаның  пiсiп  жетiлуiнiң  тиiмдi  мөлшерiн  өткiзiп  алса,  ысырапқа 
соқтыратын.  Ол  сондай-ақ  игерiлер  жердiң,  қажеттi  су  көлемiнiң  мөлшерiн  де  бiлдi. 
Өйткенi бұл жер мұрап еңбегiн қажет етпедi.
 
Бұл   мөлшердi   парцелизациялау    адамдарда    бұл   дүниеде  де, 
 
о  дүниеде    де     айқын     тепе-теңдiктiң     бұзылуына  алып   келдi. 
 
К.А.  Акишевтiң  пiкiрiнше: „Жетiсу  аймағындағы  үйсiн  заманынан  қалған  жүздеген  мың 
қорғандар  үш  түрге  бөлiнедi.   Олардың  алғашқысы – диаметрi 50-80м.  биiктiгi   8-12м 
балшық  қорғандар.  Əдетте  үйiндi  астында  бiр-екi  мола,  оларда  бай  немесе  əйелi 
жерленген
[ф1]
”.  Бұл  типтес  молаларда  бай  адамдар  болған,  олардың  ақыреттiк 
киiмдерiнде  жүздеген  алтын  заттар,  ал  кейбiрiнде  билiк  белгiсi – алтындалған  күрзiсi 
немесе  саздан  iстелген  мөрлерi  болды.  Атақты  адамдардың  қымбат  заттары  мен  билiк 
белгiлерiнiң марқұммен бiрге жерленуiнде де белгiлi бiр мөлшер сақталғандығы анық.
 
Биiктiгi 1 метр,  аумағы 15-20 метр  қорғандардағы  мөлшер  басқаша  болды. 
Марқұммен  бiрге   негiзiмен  қоладан,  ағаштан,  қыштан  жəне  кейде  алтыннан  жасалған 
заттар,  темiр,  қару,  ұшқырлы  немесе  жалпақ  жебе  ұштары  жерлендi.  Ол  қатардағы  бас 
еркi  бар,  қару  асынар,  құқысы  жəне  жеке  шаруашылығы  бар  адамның  жерленгенiн 
болжауға мүкiндiк бередi. Ал ұсақ өндiрушiлер мен құлдар жерленген қорғандар мөлшерi 
өте кедей болды. Оларға қару да қоса жерленбедi, қорғандардың биiктiгi жарты метрден, 
ал  аумағы 5-10 метрден  аспады.  Бұл  жерде  ұсақ-түйек  темiр  заттары:  түйреуiш,  темiр 
пышақ, бiрнеше қыш түтiк, қола сырға, моншақ қана табылды.
 
Мөлшерге мұндай көзқарастан иерархияның қатаң ықпалын көремiз. Мұнда мөлшер -
əрбiр  жеке  адамның  қоғамда  алатын  орнын  белгiлейтiн  айқын  сыртқы  масштаб  ретiнде 
басты рөл атқарды. Мөрлер жайында да осыны айтуға болады. Оның алтындары билiктiң 
жоғары  сатыларын  көрсеттi,  мыстары - əкiмдерге,  ал  тас  жəне  қыш  мөрлер  алым-салық 
жинаушы мен меншiктi шектеуге арналды.
 
Қазақтың ата тегi үшiн қарапайым жер өңдеуден  көшпендiлiкке, одан кейiн жартылай 
көшпендi  мал  өсiру  кəсiбiне  ауысу  материалдық  мəдениеттiң  жаңа  формасын  iздеуден 
көрiндi.  Тұрмыс  жабдықтары  ыдыс  жасауда  шар  немесе  бомба  пiшiндес  заттарға  көшу 
байқалды,  бұл  дала  тұрғындарына  анағұрлым  қолайлы  едi.  Сонымен  қатар  түбi  жалпақ 
андрон  мəдениетiне  тəн  қыш  ыдыстар  да  сақталды.  Мал  өсiрумен  егiншiлiктiң  əр  түрi, 

формалары  тиiсiнше  тұрмыс  бұйымдарының  да   формаларын  туғызды.  Қару-жарақ 
саласында  да  форма  эволюциясы  елеулi  көзге  түседi.  Əсiресе,  металдың  жаңа  сапалық 
қасиеттерi мол мүмкiндiк ашып, қола жебе ұштарынан темiрге, қола акинактан  ұзын темiр 
қылышқа  көшiп,  металл  бұйымдар  анағұрлым  тиiмдi   формаға  көшуi,  бұл  жағдайдың 
өзгеруiне, атты əскердiң көбеюiне байланысты болды.
 
Оңтүстiкке  қарай  барған  сайын  тұрғындар  ыдысы  алмұрт  пiшiндес  болды.Арал 
бойындағы  (Тегiскен,Үйгарақ ) ыдыстарының   пiшiнiнен  өзгеше,  одан  ұзынырақ,  биiк 
цилиндр  тəрiздi  мойны  бар,  бүйiрлi,  түптi  келдi,  егiншi  аймақтарда  пайдалануға  қолайлы 
едi.  Ыдыстарда  түтiкше  шүмектер  пайда  болды,  қазба  жұмыстарында  жиегi  қайырылған 
тостақтар,  қос  тұтқалы  саптыаяқтар  табылды.  Тұрғындардың  отырықшы  аудандарында 
Иран,  Парфия,  Хорезмнiң  ежелгi  егiншiлiк  мəдениетiмен  көршiлес  болуының  əсерi 
байқалды.  Зерттеу  жұмыстары  бұйымдардың  формасы  шикiзаттың  сапасына, 
тұрғындардың  қажеттiлiгiне  байланысты  болғандығын  көрсетедi.  Жетiсудың  құрбандық 
шалатын  жердегi  ошақтарының  жəне  мыстан,  қоладан,  темiрден  жасалған  қазан
пiшiндерiнiң əртүрлi болуы осының куəсi.
 
Бұдан қазақтың ата тегiнiң болмыс дүниесiн сапаның, кеңiстiктiң, уақыттың, мөлшер 
мен форманың тiкелей нұсқаларын мейлiнше жақсы игергенiн көремiз. Бұл алғашқы тиiмдi 
дүние  болады,  онда  жеке  адам  заттардың  мөлшерiне  жəне  əсiресе  өзiнiң  тiршiлiк 
мөлшерiне сəйкес əрекет еттi. Э.В.Ильенков қоршаған ортаға тұрмыстық көзқарас жайлы
былай  деп  жазды: „Қозғалыс  процесiне  қатысқан  əрбiр  зат  өз  заңдылықтарына  сəйкес 
қызмет етедi, өздерiнде болып жатқан өзгерiсте өзiне сəйкес форма мен мөлшердi өмiрге 
келтiредi”. (Диалектическая  логика.  М.,1984,187-бет).  Бұл  пiкiр  бұл  қатынастың  сөзсiз 
алғашқы формасын көрсетедi.
 
Қазақтың  ата  тегiнiң  қоршаған  ортаға  етенелiгi,  қоғамдық  өндiрiстiң   бiршама  төмен 
дамуы  əзiрге  бұл  адамдардың  философиялық  көзқарасын  тұрмыстық  деңгейден
тұтынушылық - пайдалылық деңгейiнен асыра алмады. Нəтижесiнде олар бiр-бiрiне жəне 
өздерiне тоғышарлық көзқараспен қарады. Əйтсе де, қазақтың арғы тегiнiң дүниетанымы 
төмен болды  деп кiнəлап,  тым  астамдық  етпегенiмiз  жөн,  өйткенi  олардың  бергенiнiң  өзi 
одан əрi дамуға жағдай жасаған едi.
 
Қазақ  этносының   көп  ғасырлық  тарихы  өз  iшiнде  немесе  көршiлес  халықтармен 
ұдайы  антогонизмде  жəне  қарама-қайшылықта  өттi.  Солай  бола  тұрса  да  бұл – тыныш 
бөлмеде  отырып  жаза  салатын  логикалық-гносеологикалық  қайшылық  емес  едi,  майдан 
даласында немесе елшiлiк келiссөздерде шешiлетiн қақтығыстар мен тартыстар болатын. 
Қазақ  философиясының  нақты  болмысқа  тəндiлiгi  мен  сезiмдiк  нақтылығы  осыдан
көрiнедi.
 
Өзiнiң табиғатқа  көзқарасы қалыптасқаннан бастап, осы күнге дейiн түпкi ипостосия 
ретiнде  қарайтын  жəне  мəңгiлiк  əрi  өткiншi  емес  болмысты  бiртұтас  дүние  деп  тани 
отырып,  қазақ  халқы  өзiнiң  этноспен  шендесуiне  қол  жеткiздi,  өйткенi  оның  табиғатқа 
жақындығы  мейлiнше  айқын  əрi  талас  туғызбайтын  едi.  Ғасырлар  бойғы  эволюция 
барысында  қазақ  əрқашан  табиғатқа  қайта  оралып  отырды.  Бұл  оның  бiрiншi  ажырамас 

белгiсi болды. Оның тiршiлiгiне тəн екiншi бiр қасиет – оның түп негiзiндегi қайшылық. 
Бұл қайшылық ғұндардың, үйсiндердiң, қаңлылардың ара қатынастарынан, мал өсiру мен 
егiншiлiктiң,  көшпендi  жəне  отырықшы  тайпалардың  кей  кездерде  қайшылықтарға  дейiн 
жетiп,  соғыс  жолымен  шешуге   дейiн  баратын  өзара  əрекеттерiнен  туған  едi.   Бұл 
амбиваленттiлiк  осы  халықтың  бүкiл  тарихымен  қатар  жүредi.  Ол  адамдар  санасына 
əлеуметтiк  материяға  тереңдей  енiп,  бiтiспес  таластар  туғызды.  Бүгiнгi  заманға  дейiн 
қарама-қайшылықтар  жiкке  бөлген  қазақ  ұлты  ХХ  ғасырда  да,  ХV,VIII  жəне  ХIХ  
ғасырлардағыдай   екi  оттың  ортасында  қалып  отыр.  Қарама-қайшылықтар  мен 
антагонизмдер  Қазақ  этносы  туғаннан  əлеуметтiк-  экономикалық,  этнологиялық,  мəдени, 
экономикалық  жəне  басқа  аспектiлердегi  қарама-қайшылықтар  мен  антагонизмдерге 
кездесiп,  ол  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отырды.  Халықтың  қарама-  қайшылықты 
тарихына  дүниетанымдық  тұрғыда  талдау  жасау – бiздiң  бұдан  былай  зерттеуiмiздiң 
тақырыбы  болады.  Бұдан  əрi  оның  тiршiлiк  ету  қарекетiне   көп  көңiл  бөле 
алмаймыз.                  
 
 
[ф1]
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет