Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет56/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63

474       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

22.5.

Өзіндік жұмысқа арналған 

тапсырмалар

22.5.1. Есептер

1 - е с е п .   Алматы  облысының  зерттелетін  үй  шаруашылықтары  жұмсайтын 

шығыстың динамикасы жөнінде мынадай деректер (отбасының бір мүшесіне бір 

айға есептелген) берілген, теңге: 

Көрсеткіш

1998 ж.

1999 ж.


Ақшалай шығындар, барлығы 

 оның ішінде

тамаққа

азық-түлік емес тауарларын сатып алуға 



алкогольдік сусын сатып алуға 

қызметтерді, салықтарды, жиындарды, 

төлемдерді төлеуге

өзге шығыс

5369

2584


731

58

1475



272

249


5643

2509


821

73

1663



239

338


Мынаны есептеңіз: 

1.  Ақшалай шығыстар мен олардың құрамдастарының өсу қарқыны мен аб-

солюттік өсімдері. 

2.  Ақша шығысының əр жылдағы құрылымын жəне құрылымдық өзгерістерді 

табыңыз. Экономикалық қорытынды жасаңыз. 

2 - е с е п .  1-есептің деректері бойынша мынаны есептеңіз: 

1.  Құрылымдық ерекшеліктердің сызықтық коэффициентін. 

2.  Құрылымдық ерекшеліктердің квадраттық коэффициентін. 

3.  К. Гатевтің интегралдық коэффициентін.

4.  Салаи индексін.

3 - е с е п .   Қазақстан  Республикасы  халқының  зерттелген  үй  шаруа-

шылықтарының ақшалай табысы мен шығысы құрамының динамикасы жөніндегі 

деректер берілген, теңге: 

Көрсеткіш

1997 ж.

1998 ж.


1.  Халықтың  жан  басына  шағылған  орташа  ақшалай  шығысы, 

барлығы,


оның ішінде

еңбекақы төлеу

əлеуметтік трансферттер

сатудың барлық түрінен алынған табыстар 

өзге ақша түсімдері 

2. Халықтың жан басына шағылған ақшалай шығысы, барлығы 

 оның ішінде 

тұтыну шығыстары

оның ішінде

азық-түлік тауарларына 

азық-түлік емес тауарларына 

ақылы қызметтерге 

салықтарға, жиындарға, 

төлемдерге 

өзге ақша шығыстары 

34187


25347

3927


2209

2704


33237

28651


16074

7026


5551

1825


2761

36241


26622

4515


2236

2868


35901

31237


16765

7476


6996

16892


2975

22-тақырып. Əлеуметтік статистика        475

Əр жылдың мына көрсеткіштерін есептеңіз. 

1.  Ақшалай табыстардың құрылымын. 

2.  Ақшалай шығыстардың құрылымын.

3.  Ақшалай шығыстардың ақшалай табыстармен арақатынасы жəне оның өсу 

қарқынын. 

4.  Халық жинағының, оның ішінде мына факторлардың өзгеру ықпалының 

есебінен өсімін: 

а)  ақшалай табыстардың;

ə)  жинақтың жалпы табыстардағы үлесі. 

Халықтың  ақшалай  табысының  негізгі  көздері  мен  олардың  шығысының 

бағыттары жөнінде экономикалық қорытынды жасаңыз. 



Жауабы: 4) –610; 4ə) –667.

4 - е с е п. Ақшалай шығыс құрамындағы өзгерістерді сипаттау үшін 3-есептің 

деректері бойынша мынаны есептеңіз: 

1.  Құрылымдық ерекшеліктердің сызықтық коэффициентін. 

2.  Құрылымдық ерекшеліктердің квадраттық коэффициентін. 

3.  К. Гатевтің интегралдық коэффициентін. 

4.  Салаи индексін талдаңыз жəне қорытынды жасаңыз. 



5 - е с е п. Алматы облысының зерттелетін үй шаруашылықтарын қолда бар 

ақшалай табыстың көлемі бойынша 2000 жылғы желтоқсандағы жан басына шағыл-

ған қолда бар ақшалай табысты бөлу деректері келтірілген: 

Шаруашылықтардың айлық жан басына шағылған 

орташа табыс бойынша топтары, теңге 

Зерттелетін үй 

шаруашылықтарының саны

1450-ге дейін

1451–2900

2901–4350

4351–5800

5801–7250

7251–8700

8701–10150

10151–11600

11601–13050

13051–14500

14501–15950

15951–17400

17401–18850

18851-ден жоғары

Жиыны:


4

21

42



72

37

29



24

24

18



22

14

9



55

19

390



 

Мынаны есептеңіз: 

1.  Үй  шаруашылықтарының  жан  басына  шағылған  орташа  айлық  ақшалай 

табысының көлемі бойынша құрылымы. 

2.  Барлық зерттелетін үй шаруашылықтарының жан басына шағылған орта-

ша ақшалай табысы. 



476       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

3.  Моданы – үй шаруашылықтарының ең жиі кездесетін жан басына шағылған 

орташа ақшалай табысын. 

4.  Медиананы – үй  шаруашылықтарын  екі  жартыға  бөлетін  жан  басына 

шағылған орташа ақшалай табысты. 

5.  Төменгі жəне жоғарғы децильдік жан басына шағылған табысты.

6.  Табысты децильдік саралау коэффициенті. 

7.  Лоренц коэффициентін.

Лоренцтің қисық сызығын графикалық түрде көрсетіңіз. 

Халықтың өмір сүру деңгейі туралы экономикалық қорытынды жасаңыз. 



Жауабы: 5) 3384 жəне 18297.

6 - е с е п .  Алкогольді тұтынушыларды олардың отбасы жағдайына байланыс-

ты  əлеуметтік  демографиялық  сипаттау  мақсатында  ішінара  бақылау  жүргізілді. 

Зерттеу нəтижелері мынадай болды (мың адам): 

Алкогольді 

тұтынушылар тобы

Отбасы жағдайы

Барлығы 

тұрмыста (үйленген)

тұрмыста емес 

(үйленбеген)

Тұтынған

10

14



24

Тұтынбаған

2

4

6



Жиыны

12

18



30

Мынаны есептеңіз:

1.  Ассоциация коэффициентін.

2.  Контингенция коэффициентін.

3.  Алкогольді  тұтынушыларға  отбасы  жағдайының  жасайтын  ықпалының 

дəрежесі жөнінде қорытынды жасаңыз. 



Жауабы: 1) 0,176; 2) 0,053.

7 - е с е п .   Қазақстан  Республикасы  халқының 2000-2001 жылдардағы  квин-

тильдік топтары бойынша табыстың бөлінуі жөніндегі мынадай деректер берілген: 

Жыл

Халықтың табыстары бойынша əлеуметтік квинтильдік 



топтары, %

Жиыны


1

2

3



4

5

2000



2001

2002


2003

2004


7,74

7,25


7,71

7,94


8,41

12,29


11,64

11,92


12,22

12,44


16,44

16,25


16,30

16,74


16,75

22,52


22,98

22,67


23,08

22,85


41,01

41,88


41,40

40,02


39,55

100


100

100


100

100


А.  Мынаны есептеңіз: 

 1) 


əр жылдың Джини коэффициенттерін;

 2) 


əр жылдың Лоренц коэффициентін. 

В.  Əр жылдың Лоренцтің қисық сызығын сызыңыз.

С.  Халықтың  табысын  саралау  динамикасы  жөнінде  экономикалық  қоры-

тынды жасаңыз. 



22-тақырып. Əлеуметтік статистика        477

22.5.2. Тест тапсырмалары 

1.  Халықтың  табысының  құрылымдық  ерекшеліктерінің  (өзгерістері-

нің) сызықтық коэффициенті не ретінде анықталады?

1)  құрылымдық квадраттық орташа табыс; 

2)  медиандық табыс;

3)  модальдық табыс;

4)  Джини табыстың шоғырлану коэффициенті;

5)  Табыс  құрылымының  қатысты  көрсеткіштерінің  абсолюттік  ауытқу-

дың орташа шамасы. 

2.  Адами даму индексі қайсысын жинақтап қорытатын көрсеткіш?

1)  туу мен өлімнің жалпы коэффициенттерінің айырмасын; 

2)  адамның алдағы жасының орташа санын; 

3)  уақытша болмайтындарды қоса алғанда тұрақты тұратын адам санын; 

4)  халықтың  жан  басына  шаққанда  негізгі  тамақ  өнімдерін  орташа 

тұтыну; 


5)  білім  беру,  табыс  жəне  халықтың  жасының  ұзақтығы  индекстерінің 

арифметикалық орташа шамасын. 



3.  Алдағы өмірдің орташа ұзақтығын есептегенде қай формула пайдала-

нылады? 

1)  гармоникалық салмақталған орташа шама; 

2)  арифметикалық салмақталған орташа шама; 

3)  арифметикалық жай орташа шама; 

4)  геометриялық орташа шама; 

5)  хронологиялық орташа шама.



4.  Кедейшіліктің тереңдігі нені көрсетеді?

1)  бір адамға шағылған қажетті ең аз ақшалай табысы; 

2)  зерттелетін үй шаруашылықтарының мүшелері табысының тапшылық 

үлесі квадраттарының орташа шамасын; 

3)  табыс деңгейінің ауытқу квадраттарының орташа шамасын; 

4)  зерттелетін  үй  шаруашылықтары  мүшелерінің  табыс  деңгейінің  күн- 

көріс деңгейінен орташа ауытқуын; 

5)  бір адамға шағылған ең аз еңбекақыны. 



5.  Базистік жылы Джини коэффициентінің 0,25-тен есепті жылы 0,36-ға 

дейін ұлғаюы нені айғақтайды?

1)  халықтың табысы жоғары тобының ең аз табысын; 

2)  халықтың табысының ауқымын; 

3)  халықтың табысының саралануының азайғанын; 

4)  халықтың табысы төмен тобының барынша жоғары табысын; 

5)  халықтың табысының саралануының күшейгенін. 



6.   Халықтың  табысын  графикалық  саралау  ненің  көмегімен  көрсе-

тіледі?

1)  Лоренцтің қисық сызығының; 

2)  Варзар белгілерінің;


478       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

3)  жазықтықта бейнелейтын сызықтардың; 

4)  пирамидалардың;

5)  секторлардың.



7.  Өңірдің отбасы жағдайына байланысты алкогольді тұтынатындарды 

іріктеме  нəтижелері  бойынша 0,38-ге  тең  ассоциация  коэффициенті 

нені айғақтайды?

1)  алкогольді тұтыну олардың отбасына байланысты емес екенін; 

2)  алкогольді тұтынушылардың өмір сүру деңгейінің нашарлағанын; 

3)  алкогольді тұтынушыларды саралаудың күшейгенін; 

4)  алкогольді тұтынушыларды саралаудың азайғанын; 

5)  тұтынушылардың  алкогольді  тұтынуы  олардың  отбасы  жағдайына 

байланысты екенін. 

8.  Лоренцтің қисық сызығы нені білдіреді?

1)  халықтың  əр  түрлі  топтарының  орташа  табысының  арасындағы 

арақатынасты; 

2)  халықтың жан басына шағылған қажетті ең аз табысты; 

3)  халықтың ең аз ақшалай табысының құрылымын; 

4)  халықтың санын жəне осы санға сəйкес табысты кумулятивтік бөлу; 

5)  халықтың əр түрлі топтарының табыс деңгейінің орташа ауытқуы. 

9. «Өмір сүру деңгейі» ұғымы нені білдіреді?

1)  мемлекеттік бюджеттің табыс деңгейін; 

2)  адам,  отбасы,  халықтың  əлеуметтік  тобы  иеленетін  тауарлар  мен 

қызметтердің жиынтығын; 

3)  материалдық игілік сатып алуға жұмсалатын шығыстың деңгейін; 

4)  жалпы ішкі табыстың көлемін; 

5)  мемлекеттік бюджеттің шығыс сомасын. 

10.  Нақты (реально) еңбекақы индексі неге тең болады?

1)  теңгенің сатып алу қабілетінің индексіне; 

2)  тұтыну бағасының индексіне көбейтілген атаулы еңбекақы индексіне; 

3)  ең төмен күн көріс деңгейіне көбейтілген атаулы еңбекақы индексіне; 

4)  теңгенің  сатып  алу  қабілетінің  индексіне  бөлінген  халықтың  атаулы 

табысына; 

5)  теңгенің сатып алу қабілетіне көбейтілген атаулы еңбекақы индексіне. 

11.  Контингенция  коэффициентін  ішінара  бақылаудың  мына  деректері 

бойынша есептеңіз: 

Тұрғылықты мекені

Өмір сүру деңгейінің бағасы

оң

теріс



Ауылды жер

23

47



Қалалық жер

32

42



1) 0,319; 

2) 0,107; 

3) -0,107; 


22-тақырып. Əлеуметтік статистика        479

4) 0,218; 

5) -0,218.

12.  Төменгі жəне жоғарғы децильдер – бұл: 

1)  барлық жиіліктердің табысының ширегі орналасқан аралықтар; 

2)  бөлу қатарының əр түрлі шектеріндегі жиіліктердің 10%-ын кесетін та-

быстар орналасқан аралықтар; 

3)  жиіліктердің жартысының табыстары орналасқан аралықтар; 

4)  халықтың 10%-ның табысы мен баға деңгейлерінің арасындағы тəуел-

ділікті сандық бағалау; 

5)  баға  деңгейі  мен  табыстардың  арасындағы  тəуелділікті  сандық  баға-

лау. 

13.  Табыстың өзгеруіне орай сүт пен сүт өнімдерін тұтынудың 0,3-ке тең 

икемділік коэффициенті нені айғақтайды?

1)  халықтың  табысының  өсімі 0,3%-ға  өскен  жағдайда  сүт  пен  сүт 

өнімдерін тұтыну 1%-ды құрағанын; 

2)  халықтың  шығысының  өсімі 1%-ға  өскен  жағдайда  сүт  пен  сүт 

өнімдерін тұтыну 0,3%-ға төмендегенін; 

3)  табыстың 0,3%-ға төмендегенін;

4)  халықтың  табысы 1%-ға  ұлғайған  жағдайда  сүт  пен  сүт  өнімдерін 

тұтыну 0,3%-ға ұлғаятынын; 

5)  сүт пен сүт өнімдерін тұтыну 0,3%-ға төмендейтінін. 

14.  Икемділік  коэффициенті  ненің  арасындағы  тəуелділіктің  санын 

бағалайды? 

1)  бағалардың деңгейі мен оларға ықпал ететін факторлардың; 

2)  үй шаруашылықтары шығыстарының нақты құрылымының; 

3)  бөлшек сауда бағаларының индекстері; 

4)  тұтыну бағаларының индекстері; 

5)  іріктелген отбасылар бойынша үй шаруашылықтары табысының нақты 

құрылымының. 

15.  Халықтың жекелеген тауарлар мен қызметтер топтарын тұтыну ди-

намикасы ненің көмегімен зерттеледі?

1)  нақты көлем индексінің;

2)  гармоникалық орташа баға индексінің; 

3)  нақты көлемнің арифметикалық орташа индексінің;

4)  Доу-Джонстың орташа индексінің; 

5)  өзгермелі құрамның бағасының орташа индексінің. 



16.  Үй  шаруашылықтарының  нақты  қолда  бар  табыстың  индексі  не 

ретінде есептеледі?

1)  атаулы қолда бар табыс индексінің ақшаның сатып алу қабілетінің ин-

дексіне қатынасы; 

2)  атаулы қолда бар табыс жəне тұтыну бағасы индексінің көбей тіндісі; 



480       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

3)  есепті кезеңнің қолда бар табысының базистік кезеңнің иемденетін та-

бысына қатынасы; 

4)  ақшаның сатып алу қабілетінің тауар айналымына қатынасы; 

5)  атаулы  қолда  бар  табыс  индексінің  тұтыну  бағаларының  индексіне 

қатынасы. 



17.  Үй шаруашылықтарының қолда бар табысы бастапқы табыстарды 

ненің мөлшеріне нақтыласа пайда болады?

1)  күрделі трансферттер сальдосының;

2)  еңбекақы;

3)  ағымдағы трансферттер сальдосының;

4)  бастапқы табыстар сальдосының;

5)  баға индекстерінің.



ГЛОССАРИЙ        481

«СТАТИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ» 

1-БӨЛІМІНЕ ГЛОССАРИЙ

А.А.  Чупровтың  өзара  түйіндестік  коэффициенті – сапа  көрсеткіштерінің 

келісілген өзгерісінің байланыс тығыздығын өлшеу үшін пайдаланылатын ең 

ортақ  көрсеткіш  болып  табылады.  Ол  екі  атрибутивтік  белгінің  арасындағы 

өзгерісті, осы өзгеріс бірнеше топ (үш жəне одан астам) топ құрған жағдайда 

қолданылады. 

Абсолюттік көрсеткіштер – бастапқы статистикалық материалды жинақтау (жи-

нау)  нəтижесінде  тікелей  алынатын  көрсеткіштер.  Осы  көрсеткіштердің  не-

гізінде оларды толықтыратын қатысты жəне орташа шамалар есептеледі. 

Абсолюттік  өсу  (∆y) – қатар  деңгейлерінің  айырмасы.  Қатар  көрсеткіштері 

өлшенетін  бірлікте  көрсетіледі.  Жекелеген  уақыт  кезеңінің  (тізбекті  есептеу 

тəсілі),  сондай-ақ  қатардың  басынан  бастап  бүкіл  уақыт  кезеңінің  (базистік 

есептеу тəсілі) абсолюттік өсуі есептеледі. 



Агрегаттық  индекс – экономикалық  индекстің  негізгі  нысаны.  Агрегаттық  ин-

дексте  жекелеген  элементтердің  жиынтықталмау  салдарынан  индекстелетін 

элементпен  экономикалық  жағынан  тығыз  байланысты  жəне  агрегаттық 

индекстің салмағы деп аталатын қосымша көрсеткіш енгізіледі. 



Ағымдағы бақылаулар – жүйелі түрде, тұрақты, үздіксіз жəне құбылыстың пай-

да болуына орай жүзеге асырылатын бақылаулар. Деректер əдетте қайсы бір 

құбылыстың белгіленген уақыт кезеңіндегі жай-күйін сипаттайды. 

Аналитикалық топтар – сол немесе басқа жиынтықтың шектерінде варициялана-

тын белгілердің өзара байланысты өзгеруін зерттеу. 



Анкеталық  тексеру – жаппай  емес  бақылаудың  бір  түрі,  бұл  жағдайда  мəлімет 

алынуы тиіс тұлғаларға толтыруды жəне оны кері қайтаруды өтініп анкетелер 

таратылады немесе жіберіледі. Əдетте анкеталар кері қайтарылғанда аз болып 

шығады, мұның өзінде олар кездейсоқ болмайды. 



Аралық – əр топтағы белгінің ең көп жəне ең аз мағынасының арасындағы айыр-

ма.  Аралықтар  жиынтық  бірліктерінің  осы  белгі  бойынша  бөліну  сипатына 

байланысты тең жəне тең емес болуы мүмкін. 

Аралық  вариациялық  қатарлар  –  варианттардың  мағыналары  аралық  түрінде 

берілген қатарлар (мысалы, халықтың жастар тобы бойынша саны). 



Аралық  көрсеткіштер – белгіленген  кезең  ішіндегі  процестердің  нəтижелерін 

(өнім өндірісі, еңбек пен материалдың шығынын, халық санының өсуі немесе 

азаюы жəне т.б.) сипаттайтын көрсеткіштер. 

Арифметикалық  орташа  шама – вариант  сомаларын  олардың  санына  бөлуден 

алынған бөлінді. 



Арифметикалық орташа (сызықтық) ауытқу – варианттардың орташа шамадан 

орта абсолюттік ауытқуын сипаттайтын көрсеткіш. 

31 – 3/10-09


482       ГЛОССАРИЙ

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулар – бастапқы статистика-

лық ақпарат есептердің негізінде емес басқа тəсілдермен жиналатын жалпы-

мемлекеттік жəне ведомстволық статистикалық бақылаулар. 

Асимметрия коэффициенті (K

A

) – орта шама мен моданың арасындағы айырма-

ның квадраттық орташа ауытқуға қатынасы. 



Ассоциация  (контингенция) коэффициенті – өзара тоқайластық коэффициенті-

нің  екі  атрибутивтік  белгінің  вариациясы  екі  топпен  шектелген  жағдайдағы 

нұсқасы (варианты) (өйткені альтернативті сипатта болады). 

Атрибутивтік  белгілер – сапаның  мағынасын  қабылдайтын  белгілер  (жыныс, 

білім, мамандық). 



Əлеуметтік-экономикалық  статистика – статистиканың  БҰҰ  Ұлттық  шоттар 

жүйесіне (1993 ж.)  негізделетін  жəне  төрт  негізгі  тармаққа:  экономикалық, 

əлеуметтік,  демографиялық  статистикаға  жəне  қоршаған  орташа  статистика-

сына бөлінетін тарауы. 



Базистік индекс – зерттелетін құбылыстың 100% ретінде қабылданған қайсы бір 

кезеңмен салыстырғанда белгіленген кезеңде өзгеруін сипаттайтын индекс. 



Бақылау  бірлігі  –  қажетті  статистикалық  мəлімет  алынуы  тиіс  бастапқы  бірлік. 

Яғни бақылау бірлігі – зерттелетін нəрсе немесе алынатын мəлімет көзі. 



Бас жиынтық (N) – бақыланатын бірліктердің бүкіл жиынтығы. 

Басып  озу  коэффициенті – салыстырылатын  динамика  қатарларының  өсу 

қарқындарының арақатынасы. 



Бета-коэффициенттер – дамуында  зерттелетін  көрсеткішті  жақсартудың  ірілеу 

резервтері  бар  факторларды  табады  жəне  тиісті  факторлық  белгі  оның  орта-

ша  квадраттық  ауытқу  шамасына  өзгерген  жағдайда  нəтиже  белгісі  орташа 

квадраттық ауытқудың қай бөлігіне өзгеретінін көрсетеді. 



Бөлу  заңдылығы – вариацияланатын  белгілердің  ұлғаюына  байланысты  бөлу 

қатарындағы жиіліктердің өзгеру заңдылығы. Бірқатар бөлу қатарында жиілік-

тер вариацияланатын белгімен қатар өседі, содан кейін азаяды. Осы заңдылыққа 

сəйкес келетін теориялық бөлудің қисық сызықтары ретінде қалыпты бөлудің 

қисық сызығы болып табылады. 

Бір факторлық жəне көп факторлық корреляциялық байланыстар – жұптық 

корреляциямен  немесе  көптік  корреляциямен  сипатталатын  байланыстар. 

Мұның өзінде барлық факторлар кешенді түрде, яғни бір уақытта жəне өзара 

байланысты іс-қимыл жасайды деп қарастырылады. 



Біржолғы бақылаулар – оқтын-оқтын, кезеңді түрде емес жүргізілетін бақылау-

лар.  Осы  бақылаулардың  деректері  əдетте  белгіленген  уақыт  кезеңіндегі 

құбылыстарды сипаттайды. 

Біржолғы есеп – кəсіпорындардың бастапқы есебінің материалдары негізінде ар-

найы ұйымдастырылған статистикалық бақылау. 



ГЛОССАРИЙ        483

Варзар белгісі – екі – басқа (тік бұрыштың қабырғалары) көбейтіндісі болып табы-

латын көрсеткіштерді көрсетуге арналған тік бұрышты диаграмма. 



Вариант – жиынтықтың  жекелеген  бірліктерінің  вариацияланатын  белгісінің 

мағынасы. 



Вариация коэффициенті (v) – квадраттық орташа ауытқу мен арифметикалық ор-

таша шаманың пайыздық қатынасын салыстыру көрсеткіші. 



Вариацияланатын  белгі  мағынасының  үлесі  –  жиынтықты  альтернатив-

ті  вариацияланатын  белгі  бойынша  сипаттайды  жəне  жиынтықтың  бізді 

қызықтыратын белгілері бар бірліктері санының жиынтық бірліктерінің жал-

пы санына қатынасы ретінде есептеледі. Бас жиынтықтағы үлес p, ал іріктеме 

жиынтықтағы  үлесі – w латын  əрпімен  белгіленеді  жəне  жиілік  шамасы  деп 

аталады.  Бұл  жағдайда  іріктеме  бақылауда  жиілік  шамасын  (іріктеме  үлесті) 

өлшеу  негізінде  үлес  пен  бас  жиынтық  жөнінде  дұрыс  түсінік  беру  мақсаты 

қойылады. 



Вариацияланатын  белгілер  –  жиынтықтың  жекелеген  бірліктерінің  əр  түрлі 

мағынаны (сандық жəне сапалық) қабылдайтын белгілері. 



Вариацияланатын белгінің орташа мағынасы – бүкіл жиынтық бойынша бас 



Х

 

орташа шамасы, ал іріктеме бақылауға ұшыраған бірліктердің белгісінің ор-

таша мағынасы 

х

 іріктемелі орташа шамасы деп аталады. Ішінара бақылауда 

іріктелген орташа шаманың негізінде бас орташа шама туралы дұрыс түсінік 

беру мақсаты қойылады. 



Вариацияның  ауқымы (R) – вариацияланатын  белгінің  ең  көп  жəне  аз 

мағынасының арасындағы айырма. 



Гармоникалық  орташа  шама – белгінің  жалпы  көлемі  варианттардың  кері 

мағыналарының  сомасы  ретінде  құрылғанда  қолданылады.  Гармоникалық 

орташа  шама  салмақ  ретінде  белгі  иесінің – жиынтық  бірліктері  емес  осы 

бірліктердің  белгі  мағынасына  көбейтіндісі  (яғни w = xf) қолданылатын 

жағдайларда пайдаланылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет