Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


Өзіндік жұмысқа арналған



Pdf көрінісі
бет54/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63

21.4.

Өзіндік жұмысқа арналған 

тапсырмалар

21.4.1. Есептер

1 - е с е п. 1-мысалдың деректері бойынша барлық жалпы өнімнің, оның ішін-

де мына факторлардың өзгеру ықпалынан абсолюттік өсімін (млн АҚШ доллары) 

есептеңіз: 

а)  еңбек өнімділігінің; 

ə)  жұмыс істейтіндер санының.

Жауабы: а)214,8; ə)7,2.


456       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

2 - е с е п .  1-мысалдың деректері бойынша барлық еңбек өнімділігінің, оның 

ішінде мына факторлардың өзгеру ықпалынан абсолюттік өсімін (млн АҚШ дол-

лары) есептеңіз: 

а)  еңбектің капиталмен жарақтандырылуының; 

ə)  капитал қайтарымының.

Жауабы: а) 29,6; ə) –2,2.

3 - е с е п .   7-қосымшаның  деректері  бойынша  ҚР  өңірлерінің  экономикалық 

қызмет нəтижелерінің тиімділігіне статистикалық талдау жасаңыз. 

Осы мақсатта ҚР жəне өңірлер бойынша əрбір жылдың мына көрсеткіштерін 

есептеңіз: 

1.  Өндіріс  деңгейін  (халықтың  жан  басына  шаққандағы  ЖҚҚ,  мың  адам/

теңгеде).

2.  Еңбек  өнімділігінің  деңгейі  (орташа  бір  жұмыс  істейтін  адамға  шаққан-

дағы ЖҚҚ, мың адам/теңгеде).

3.  Орташа айлық еңбекақының өсу қарқынын. 

4.  Жұмыссыздық салдарынан жалпы қосылған құнның шегілген ысырабын. 



4 - е с е п .   Өткен 3-есеп  пен 7-қосымшаның  деректері  бойынша  екі  өңірдің 

барлық жалпы қосылған құнының арасындағы жекелеген жылдардағы, оның ішін-

де мына факторлардың айырмашылығы есебінен абсолюттік айырмаға факторлық 

талдау жасаңыз: 

а)  бір жұмыс істейтін адамға шаққандағы ЖҚҚ деңгейі; 

ə)  жұмыс істейтіндер саны. 

Өңірлерді оқытушы белгілейді. 

5 - е с е п .   7-қосымшаның  деректері  бойынша  еңбек  өнімділігінің  орташа 

деңгейінің динамикасына (бір жұмыс істейтін адамға шаққандағы ЖҚҚ) индекстік 

талдау жасаңыз. 

Осы мақсатта Қазақстанның екі өңірі бойынша мынаны есептеңіз: 

1.  Өзгермелі,  тұрақты  құрамдардың,  жұмыс  істейтіндердің  санындағы 

құрылымдық  өзгерістердің  еңбек  өнімділігінің  индекстерін  (бір  жұмыс  істейтін 

адамға шаққандағы ЖҚҚ). 

2.  Барлық  жалпы  қосылған  құнның,  оның  ішінде  мына  факторлардың 

өзгеруінің ықпалынан абсолюттік өсімін анықтаңыз: 

а)  бір жұмыс істейтін адамға шаққандағы ЖҚҚ деңгейі (ағымдағы бағада); 

ə)  жұмыс істейтіндер саны; 

б)  жұмыс істейтіндер санының құрылымы. 



6 - е с е п .   Қазақстанның екі өңірі бойынша орташа еңбекақыға индекстік тал-

дау жасаңыз. 

Осы мақсатта:

1.  Өзгермелі,  тұрақты  құрамдардың,  жұмыс  істейтіндердің  санындағы 

құрылымдық өзгерістердің орташа еңбек ақысын есептеңіз. 

2.  Барлық  еңбекақы  қорының,  оның  ішінде  мына  факторлардың  өзгеруінің 

ықпалынан абсолюттік өсімін анықтаңыз: 


21-тақырып. Экономикалық қызмет нəтижелері тиімділігінің...        457

а)  орташа еңбекақының;

ə)  жұмыс істейтіндер саны; 

б)  жұмыс істейтіндердің құрылымы. 



7 - е с е п .  Қазақстан Республикасы бойынша мынадай деректер берілген: 

Көрсеткіш

2000 ж.

2001 ж.


2002 ж.

2003 ж.


1.  Экономикада  жұмыс  істейтіндердің  саны, 

мың адам.

2. Жұмыссыздар саны, мың адам.

3. Негізгі капитал, млрд. теңге.

4.  Ағымдағы  бағалардағы  жалпы  ішкі  өнім, 

млрд теңге.

5. АҚШ долларының бағамы.

6201


960

3402


2600

144,50


6699

780


4004

3251


150,20

6709


691

4883


3776

155,60


6985

672


5707

4612


144,22

Мынаны есептеңіз: 

1.  Əрбір жылдағы мың АҚШ долларындағы негізгі капиталды. 

2.   Əрбір жылдағы мың АҚШ долларындағы жалпы ішкі өнімді 

3.  Еңбек өнімділігінің деңгейі мен оның динамикасын (АҚШ долларында).

4.  Еңбектің  капиталмен  жарақтандырылуы  мен  оның  динамикасын  (АҚШ 

долларында).

5.  Капитал қайтарымы мен оның динамикасын (АҚШ долларында).

6.  Жұмыссыздық  салдарынан  ЖІӨ  жоғалтатын  ысыраптың  көлемі  (АҚШ 

долларында). 



 

8 - е с е п .  7-есептің деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің, оның ішінде мына 

факторлардың өзгеру ықпалынан абсолюттік өсімін есептеңіз (АҚШ долларында): 

а)  ЖІӨ-нің ұлттық валютадағы көлемінің: 

ə)  АҚШ доллары бағасының. 

ҚР  экономикалық  қызметінің  нəтижелері  тиімділігінің  динамикасы  жөнінде 

экономикалық қорытынды жасаңыз. 



9 - е с е п .  5-қосымшаның деректері бойынша ҚР бойынша көрсетілген жыл-

дардағы мына коэффициенттерін есептеңіз: 

1.  Өндірісте тұтынылған құралдарды пайдалану тиімділігінің коэффициент-

терін. 


2.  Өндірісте төленген еңбекті пайдалану тиімділігінің коэффициенттерін. 

3.  Ұлттық экономиканың тиімділік коэффициенттерін. 



1 0 - е с е п .  6-қосымшаның деректері бойынша ҚР экономикасы секторлары-

ның көрсетілген жылдардағы мына коэффициенттерін есептеңіз: 

1.  Өндірісте тұтынылған құралдарды пайдалану тиімділігінің коэффициент-

терін. 


2.  Өндірісте төленген еңбекті пайдалану тиімділігінің коэффициенттерін. 

3.  Ұлттық экономиканың тиімділік коэффициенттерін.

ҚР  экономикасының  барлық  секторларының  экономикалық  қызметінің 

тиімділігін талдаңыз. 



458       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

21.4.2. Тест тапсырмалары

1.  Капитал қайтарымының өзгеру ықпалынан еңбек өнімділігінің өсуін 

мына деректер бойынша есептеңіз (млрд теңге): 

Көрсеткіш

Базистік жыл Есепті жыл

1. Жұмыс істеушілердің орташа жылдық саны, мың адам.

300

340


2. Негізгі капиталдың орташа жылдық құны, млн АҚШ 

доллары.


600

850


3. Тұрақты бағадағы жалпы ішкі өнім, млн АҚШ доллары.

348


476

1) 0,28; 

2) 0,29; 

3) –0,05; 

4) 0,24; 

5) –0,04.



2.  Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері не ретінде есептеледі? 

1)  жалпы пайданың сомасы; 

2)  өнімнің кезең ішіндегі өсімі;

3)  таза табыстың сомасы;

4)  экономикалық қызмет нəтижесінің өсімі; 

5)  экономикалық қызмет нəтижесінің шығынға арақатынасы. 



3.  ҚР  ұлттық  экономикасы  тиімділігінің  коэффициентін  жыл  ішіндегі 

мына деректер (млрд теңге) бойынша есептеңіз: 

a)  таза пайда жəне таза аралас табыстар 843

b)  аралық тұтыну

2230


c)  негізгі капиталды тұтыну

287


d)  өндіріске салынатын басқа таза салықтар 55

e)  жалдамалық қызметкерлерге төленетін еңбекақы 718

1) 0,285; 

2) 0,378; 

3) 0,322; 

4) 0,256; 

5) 0,335.

4.  Ұлттық экономиканың тиімділік коэффициенті неге тең?

1)  таза қосылған құн / негізгі капиталды тұтыну;

2)  таза қосылған құн / жалдамалы қызметкерлерге еңбекақы төлеу; 

3)  жалпы  пайда  (жалпы  аралас  табыс) / жалдамалы  қызметкерлерге 

еңбекақы төлеу;

4)  таза пайда (таза аралас табыс) / өндіріске жəне өнім сатуға жұмсалатын 

шығын;

5)  таза қосылған құн / аралық тұтыну.



21-тақырып. Экономикалық қызмет нəтижелері тиімділігінің...        459

5.  Өндірісте  төленген  еңбекті  пайдалану  тиімділігінің  коэффициентін 

жылдың мына деректері бойынша анықтаңыз (млрд теңге): 

a)  таза пайда жəне таза аралас табыс 843

b)  негізгі капиталды тұтыну

287


c)  жалдамалы қызметкерлерге еңбекақы төлеу 718

d)  өндіріске салынатын басқа салықтар 55

1) 1,174; 

2) 1,4162; 

3) 1,650; 

4) 2,937; 

5) 1,574.

6.  Өндіріс тиімділігінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне не жатады?

1)  жалпы ұлттық табыс; 

2)  жалпы ішкі өнім; 

3)  пайдаланылған материалдық ресурстардың көлемі; 

4)  жұмыс істейтін халықтың саны; 

5)  өнімнің материал сыйымдылығы. 



7.  Сатудың рентабельділік деңгейі не ретінде есептеледі?

1)  таза табыстің сатылған өнімнің өзіндік құнына қатынасы; 

2)  алынған табыстардың сомасы; 

3)  өнім сатудан түскен түсім; 

4)  табыстің өнімнің өзіндік құнына қатынасы; 

5)  өнім сатудан түскен табыстың өнім өндіру мен оны сатуға жұмсалған 

шығынға қатынасы.


460       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

22.1.

Əлеуметтік статистиканың 

пəні, объектілері

Əлеуметтік  статистика  қоғамның,  адамдардың  өмірі  мен  қызметінің, 

əлеуметтік жəне демографиялық құрылымының, сондай-ақ олар мемлекет-

пен жəне құқықпен жасайтын өзара қарым-қатынастардың сандық сипатта-

масын зерттейді. 

Əлеуметтік статистиканың ерекшеліктері мыналар болып табылады: 

ерекше мəні мен зерттеу объектілері болады;

сандық та, сондай-ақ сандық емес деректерді (реттік шкалада немесе 

атаулы шкалада өлшенген) пайдаланады; 

деректер сұраққа берілген жауап түрінде жиналады;

əлеуметтік  ақпаратты  арнайы  өңдеу  мен  жинап  қорыту  тəсілдерін 

(мысалы, арнайы ұйымдастырылған зерттеулер) қолданады. 

Əлеуметтік статистика пəні – қоғамның əлеуметтік өмірінің қатынас-

тары жүйесін саны мен сапасына қарай бағалау, адамдардың мінез-құлқы 

мен олардың арасында игіліктердің бөліну заңдылықтарын анықтау. 

Əлеуметтік  статистиканың  зерттеу  объектілері  мына  екі  түрге 

бөлінеді: 

1)  жеке объект – адам, халық;

2)  ұжымдық объект – адам топтары: отбасы (отбасылар), еңбек ұжымы 

(ұжымдар), үй шаруашылығы (шаруашылықтар) жəне т.б. 

Бақылау  бірлігі – зерттеу  мақсатына  байланысты  адам,  үй  шаруа-

шылығы. 


Əлеуметтік статистика мына бірнеше тараудан құралады: 

I. 


Халық санының статистикасы. 

II. 


Отбасы мен үй шаруашылықтары статистикасы. 

III.  Халықтың өмір сүру деңгейінің статистикасы. 

IV.  Халықтың табысы мен шығысының статистикасы. 

V.  Халықтың тауарлар мен қызметтер тұтыну статистикасы. 







22-òà¿ûðûï

ӘЛЕУМЕТТІК

СТАТИСТИКА 


22-тақырып. Əлеуметтік статистика        461

VI.  Халықтың  тұрғын  үй  жағдайы  жəне  тұрмыстық  қызмет  көрсету 

статистикасы. 

VII.  Халықтың бос уақыт статистикасы. 

VIII. Халықты жұмыспен қамту жəне оның жұмыссыздық статистика-

сы. 


IX.  Халықтың  денсаулығы  мен  оған  медициналық  қызмет  көрсету 

статистикасы. 

X.  Халыққа білім беру деңгейі мен оны оқыту жүйесін дамыту ста-

тистикасы. 

XI.  Сауықтыру жəне бос уақытты өткізу статистикасы. 

XII.  Моральдық статистика.

XIII. Қоғамдық-саяси жүйе мен қоғамдық пікір статистикасы. 

XIV. Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау статистикасы. 

Əлеуметтік  статистиканың  əр  саласында  белгіленген  əлеуметтік-эко-

номикалық  көрсеткіштер  қалыптасады.  Осы  көрсеткіштердің  арасынан 

халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің маңызы зор, өйткені олар: 

экономиканың жай-күйін, халықтың əл-ауқатын көрсетеді;

мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік саясатын əзірлеу үшін 

пайдаланылады; 

əр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейлерін халықаралық са-

лыстыру үшін қолданылады. 



22.2.

Үй шаруашылықтарына ішінара 

бақылауды ұйымдастыру

Халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері жөніндегі ақпарат негізі-

нен үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудан алынады. 

Үй шаруашылықтарын ішінара бақылау үй шаруашылықтарының құ ра-

мы, халықтың ақшалай табысы мен шығысының деңгейі жəне құры лы мы 

туралы мəлімет алу мақсатында жүргізіледі. 

Үй шаруашылықтарының ішінара бақылау қағидалары:  

1.  Үй шаруашылықтарының жиынтығын іріктеп республикалық жəне 

облыстық деңгейде жүргізілуі тиіс. 

2.  Тауарлар мен қызметтердің кең түрде жіктеуі пайдаланылады. 

3.  Экономика тұрақсыз, бағалар əр түрлі жəне инфляция жағдайында 

халық өзі жұмсайтын шығысын есіне түсіруі қиын болғандықтан, ұдайы ақ ша 

шығысын тіркеу үшін қысқа (екі мерзімдік) уақыт аралығы қолданылады. 

Қазақстанда үй шаруашылықтарының іріктеме жиынтығы 1999 жылы 

ҚР  халық  санағының  қорытындылары  бойынша  Тұрғын  үй-жайлары  тіз-

бесінің негізінде аумақтық бөлініс бойынша қалыптастырылады. 





462       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Үй  шаруашылықтарының  бүкіл  (бас)  жиынтығы  мына  алты  стратаға 

бөлінеді: 

1)  үлкен – үй шаруашылықтарының саны 30 мың бірліктен асатын ірі 

қалалардың үй шаруашылықтары кіреді; 

2)  орташа – үй  шаруашылықтарының  саны 10 мың  бірліктен  аса-

тын,  алайда 30 мың  бірліктен  аспайтын  орташа  қалалардың  үй  шаруа-

шылықтары; 

3)  шағын – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын 

шағын қалалар мен қала үлгісіндегі кенттердің үй шаруашылықтары; 

4)  Алматы қаласының үй шаруашылықтары; 

5)  Астана қаласының үй шаруашылықтары; 

6)  селолық елді мекендердің үй шаруашылықтары. 

Тұрғын үй-жайлардың жеке үй, жеке үйдің бөлігі, жеке пəтер сияқты 

түрлерінде тұратын үй шаруашылықтары есепке алынады. Іріктеу көлеміне 

12  мың  үй  шаруашылығы  кіреді.  Əрбір  стратаның  көлемі  мына  формула 

бойынша анықталады: 

n

N

N

n

i

i

×

=



,

мұнда: n



i

 – i-ші стратаның үй шаруашылығын іріктеу көлемі;



N – үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі; 

N

i

 – i-ші  стратаның  үй  шаруашылықтарының  бас  жиынтығының 

көлемі;

n – ҚР  үй  шаруашылықтарының  іріктеме  жиынтығының  көлемі 

(12000). 

Шаруашылықтардың  ҚР  барлық  өңірлерінен  болуын  қамтамасыз  ету 

үшін олар көп сатылы кездейсоқ-ықтимал іріктеу əдісімен құрылады. 



22.3.

Халықтың өмір сүру деңгейі 

мен құн көрсеткіштерінің 

жүйесі

Халықтың  өмір  сүру  деңгейі – лайықты  өмір  сүруге  арналған 

материалдық ресурстарға: салауатты өмір сүруге, аумақтық жəне əлеумет-

тік ұтқырлықты қамтамасыз етуге, ақпаратпен алмасуды жəне қоғам өміріне 

қатысуға қол жеткізу. 

Халықтың өмір сүру деңгейі күрделі экономикалық категория ретінде 

жеке жəне интегралдық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Интегралдық 

көрсеткіштер адам əлеуетінің дамуының негізгі мүмкіндіктерін есепке ала-

ды – бұл: 



22-тақырып. Əлеуметтік статистика        463

ұзақ жəне салауатты өмір сүру; 

білім алу; 

экономикалық өндіріске қатысу. 

Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралдық көрсеткіштеріне адамның 

даму  индексі,  халықтың  жоқшылық  индексі  мен  халықтың  кедейшілік 

көрсеткіші жатады. 

А.  Адамның даму индексі (АДИ) осы мүмкіндіктердің деңгейі мен ди-

намикасын көрсететін өмір сүру ұзақтығының индексі, білім алу деңгейінің 

индексі, халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ индексі деп атала-

тын үш индекстің арифметикалық орташа шамасы ретінде есептеледі. 

Адами даму индексінің (АДИ) құрамдастары мына формула бойынша 

есептеледі: 



АДИ 

min


1

max


1

min


1

1

X



X

Х

X

факт

=



.

Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  индекстерді  есептеу  үшін  көрсеткіштердің 



мына шекті мағыналарын ұсынады: 

Көрсеткіш

min

max


1. Туған кезде өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы, жыл

2. Ересек адамдардың арасындағы сауаттылық, %

3. 5-24 жастағы оқушылардың жиынтық үлесі, %

4. Сатып алу тепе-теңдігі бойынша халық басына шаққандағы нақты 

ЖІӨ, АҚШ доллары 

25

0



0

100


85

100


100

40000


Адами даму индексі гендерлік фактор ескеріліп ерлер мен əйелдердің 

үлесі (d) арқылы есептеледі. Егер еңбекақы туралы дерек болмаса, онда 75% 

көлеміндегі арақатынас пайдаланылады – бұл еңбекақы есебі жүргізілетін 

барлық елдердің еңбекақы көрсеткішінің орташа салмақталған қатынасы. 

Халықтың кедейшілігі – халықтың өмір сүруінің барабар деңгейі мен 

азаматтық, мəдени, экономикалық, саяси жəне əлеуметтік құқықтарды пай-

далану үшін қажетті ресурстарға, мүмкіндіктерге, таңдауға, қауіпсіздік пен 

күшке тұрақты немесе созылмалы түрде шектелуі. Қазақстанда күнкөрістің 

ең төменгі деңгейі кедейшіліктің белгісі болып табылады. Адами даму ин-

дексімен салыстырғанда халықтың кедейшілік деңгейін (жоқшылық деңгейі 

сияқты) есептегенде елдегі орташа көрсеткіштерге емес негізгі құрамдастар 

бойынша адами даму мүмкіндігінен айырылған адамдардың үлесіне ерек-

ше назар аударылады. Мысалы, жалпы халық санындағы табыс ең төменгі 

күнкөріс  деңгейінен  төмен  халықтың  үлесі  есептеледі.  Күнкөрістің  ең 

төменгі деңгейі – адам өмір сүру үшін қажетті тауарлар мен қызметтердің 

нарықтық баға бойынша құндық бағасы. Қазақстанда ең төменгі күнкөріс 

деңгейі – тұтыну  себетіне  кіретін  тауарлар  мен  қызметтердің  құнына 

үйлесімді  табыстардың  (шығыстардың)  объективті  түрде  белгілен-





464       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

ген  деңгейі.  Тұтыну  себеті  белгіленген  калория  деңгейін  қолдау  үшін 

қажетті өнімдер кіретін тұтыну себеті (адамға күніне 2172 калория) мен ең 

қажетті  азық-түлік  емес  тауарлар  жəне  қызметтер  (киім-кешек,  аяқ  киім, 

коммуналдық жəне басқа да қызметтерді төлеу) сатып алу үшін қосылған 

30%-дан құралады. Қазақстанда халықтың кедейшілік индексі – ХКИ мына 

көрсеткіштер пайдаланылып есептеледі: 

P

1



 – халықтың 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін үлесі, %;

P

2



 – оқумен қамтылмаған 16 жастағы жастардың үлесі, %;

P

3



 – халықтың тұтыну деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 

төмен (кедейшілік деңгейі); 

P

4

 – жалпы жұмыссыздық деңгейі. 



Халықтың  нашарлап  бара  жатқан  кедейшілік  деңгейін  сипаттау  үшін 

кедейшілік деңгейі кедейшіліктің тереңдігі мен өзектілігі көрсеткіштерімен 

толықтырылады. 

Кедейшіліктің деңгейі кедей адам қаншалықты кедей екенін көрсетеді. 

Егер халықтың кедей топтарының орташа табысының (тұтыну) мөлшері ең 

төменгі күнкөрістен (кедейшілік белгісінен) көп төмен болса, онда кедей-

шілік деңгейі терең болып саналады.

Кедейшіліктің өзектілігі қоғамдағы ең кедей адам қаншалықты кедей 

екенін көрсетеді, яғни кедей халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 

Кедейшілік өзектілігінің мағынасы қаншалықты жоғары болса, халықтың 

кедейшілік проблемасы соншалықты маңызды болады. 

В.  Халықтың жоқшылық (кедейшілік) индексі: 

1)  дамушы елдердің (ХКИ – 1) негізгі адами даму салаларында халықтың 

мұқтаждық көрсеткіштері пайдаланылып мына формула бойынша есептеледі: 

ХКИ 


,

)

(



4

1

1



3

3

3



3

2

3



1

P

P

P

+

+



=

мұнда:  P



1 

– 40 жасқа  дейінгі  жаста  қайтыс  болатын,  яғни  ұзақ  жəне 

жақсы өмір сүру мүмкіндігінен айырылған адамдардың үлесі; 

P

2

 – ересек  халықтың  арасындағы  сауатсыздардың,  яғни  білім  алу 

мүмкіндігінен айырылған адамдардың үлесі; 

P

3 

– медициналық қызметтерге, қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмай-

тын халықтың үлесінің жəне тамаққа жарымаудан салмағы аз, яғни жақсы 

өмір сүру үшін қажетті ресурстарға қол жеткізе алмайтын 5 жасқа дейінгі 

жастағы балалардың үлесінің арифметикалық орташа шамасы; 

2)  индустриалдық елдердің (ХКИ – 2) – осыған ұқсас формула бойын-

ша есептеледі:

ХКИ 


),

(

4



1

2

3



3

4

3



3

3

2



3

1

P



P

P

P

Н

+

+



+

=



,

мұнда: P



1

 – халықтың 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін үлесі, %;



22-тақырып. Əлеуметтік статистика        465

P

2

 – функционалдық сауатсыз халықтың үлесі, %;



P

3

 – халықтың  табысы  елде  орташа  жан  басына  шағылған  табыс 

деңгейінің 50%-нан төмен үлесі, %;

P

4

 – 1 жыл жəне одан астам уақыт жұмысы жоқ экономикалық белсенді 

халықтың үлесі. 

С.  Халықтың  мүмкіндіктер  бойынша  кедейшілік  көрсеткіштері  (ХКК) 

– мына үш көрсеткіштің арифметикалық орташа шамасы: 

а)  білікті медициналық қызметкерлердің көмегінсіз туған балалардың 

үлесі; 


ə) 15 жəне одан үлкен жастағы сауатсыз əйелдердің үлесі; 

б)  салмағы аз 5 жасқа дейінгі жастағы балалардың үлесі. 

Өмір сүру деңгейінің жеке көрсеткіштеріне мыналар жатады: 

1.  Жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысы. 

2.  Халықтың  табысына,  еңбекақыны  қоспағанда,  барлық  көздерден 

алынған  ақшалай  жəне  натуралды  (заттай)  табыстардың  қалған  түрлері: 

жеке  қосалқы  шаруашылықтан  түскен  табыс,  қаламақы,  шай-пұл,  жеке 

еңбек қызметінен түскен табыс, материалдық көмек, зейнетақы, жəрдемақы, 

шəкіртақы, өтемақы, ұтыс, мұра, сыйлық, сақтандыру өтемақысы, қайырым-

дылық жəрдем, гранттар жəне т.б. жатады. 



3.  Атаулы еңбекақы мен атаулы табыстар деп осы көрсеткіштердің 

ағымдағы бағада ақшаға шағылуы аталады. 



4.  Нақты  еңбекақы  мен  нақты  табыстар  əрбір  азамат  өзінің  жа-

лақысы  мен  табыстарына  сатып  ала  алатын  материалдық  игіліктер  мен 

қызметтердің  сомасын  білдіреді.  Нақты  жəне  атаулы  табыс  (жалақының) 

арасында мынадай өзара байланыс бар: 



цен

_

ьских

потребител

я

номинальна

реальная

I

:

З

З

=

нақты



атаулы

тұтыну бағасы

,

мұнда: 



З

 – орташа жалақы немесе табыс. 



5.  Қолда  бар  табыстар  –  атаулы  ақшалай  табыс  минус  міндетті 

төлемдер мен жарналар. 



6.  Халықтың табысы ағымдағы шығыстарды жабуға немесе жинақ 

ақшаға пайдаланылады. Халықтың ағымдағы шығысының құрамына тамақ 

өнімдерін, сусын, темекі; киім-кешек, аяқ киім, жиһаз сатып алуға; тұрғын 

үй-коммуналдық жəне басқа да қызметтерді төлеу кіреді. Халықаралық ста-

тистикада отбасы өз кірісінің 50%-нан астамын тамаққа жұмсаса, онда ол 

кедей болып саналады. 

7.  Халықтың  жинағы  –  табыстар  мен  ағымдағы  шығыстардың  ара-

сындағы айырма. Жинақ ақшалай жəне табиғи нысанда болады. Ақшалай 

жинақ халықтың қолындағы ақшаның өсімі, қаржы мекемелеріне, бағалы 

30 – 3/10-09




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет