126
алюмокремний қышқылының калий тұзы. Оған су əсер еткенде
гидролизденеді:
К
2
Аl
2
Si
6
O
16
+ 2HOH = H
2
Аl
2
Si
6
O
16
+ 2KOH.
Еркін алюмокремний қышқылы жəне екі молекула ащы калий
бөлініп шығып, судың сілтіленуі байқалады. Пайда болған алюмо-
кремний қышқылының молекуласы тұрақты емес, ол əрі қарай као-
лин жəне аморфты кремний қышқылына ыдырайды:
H
2
Al
2
Si
6
O
16
H
2
Al
2
Si
6
O
16
+ 4 Si
2
H
2
Al
2
Si
2
O
8
+ H
2
O = H
2
Al
2
Si
2
O
8
H
2
O (каолин)
4SiO
2
+ 4n H
2
O = 4SiO
2
.
nH
2
O ( аморфты кремний қышқылы).
Үгітілу кезінде түзілген ащы калий ауадағы көмір қышқылы
газының молекуласын қосып алып, нəтижесінде поташ пайда бо-
лады:
2КОН + CO
2
= K
2
CCO
3
+ H
2
O.
Егер үгітілуге альбит ұшыраса, гидролиз кезінде поташ емес,
сода (Na
2
CO
3
) түзіледі. Ал қалған заттар өзгермейді. Анортит ги-
дролизденсе, көмір қышқыл кальций (СаСО
3
) жəне каолин пайда
болады.
Қарапайым силикаттардың үгітілуі де гидролизден басталады,
кейін түзілген негіздерге көмір қышқылы қосылады. Мысалы, эн-
статит минералына (MgSi
3
) су жəне көмір қышқылы əсер еткенде,
көмір қышқыл магний жəне аморфтық кремний қышқылы түзіледі.
Соңынан ол өз бойындағы суды жоғалтып, кварцқа айналады.
Оливин судың жəне көмір қышқылының əсерінен көмір
қышқыл магнийге, көмір қышқылды темірге жəне ортокремнийлі
қышқылға aйналады, ал тұрақсыз минерал сидерит (FeCO
3
) судың
гидролиздеушілік əсерінен темір гидрототығын, көмір қышқылын
жəне суды түзеді.
Апатиттің үгітілуінен қарапайым фосфат, хлоридтер жəне каль-
ций фторидтері түзіледі.
127
Химиялық үгітілу процесіне қарап: сиалиттік жəне аллиттік
екі негізді ажыратады. Бірінші тип қоңыржай климатты, жауын-
шашын орташа мөлшерде түсетін территорияларға тəн. Осындай
жағдайларда өтетін үгітілуде негізінен алюмосиликаттар жəне фер-
рисиликаттар түзіледі. Үгітілудің екінші типі ылғалды жылы кли-
маты бар территорияларға тəн. Мұндай жерлердің жыныстарында
гидролиздің интенсивті өтуіне байланысты алюминийдің, темірдің,
кремнийдің гидроксидтері түзіледі.
4.8.4. Биологиялық үгітілу
Жоғарыда минералдың ыдырауы тірі оганизмдердің қатысуынсыз
өтетін процестерді қарастырдық. Жер қабығының өсімдіктер
жəне жануарлар мекендейтін жоғарғы бетінде үгітілу процестері
күрделенеді. Физикалық, химиялық үгітілудің нəтижесінде түзілген
минералдар биологиялық процестердің əсерінен тұрақтылығын
жоғалтып, бөлшектенуін жалғастыра беруі мүмкін.
Биологиялық үгітілу топырақ түзілумен тығыз байланыс-
ты. Минералдарға өсімдіктердің тамырлары, сонымен қатар
микробтардың, өсімдіктердің жəне жан-жануарлардың тіршілігінен
туындайтын қалдықтар, тіршілігін тоқтатқан организмдердің ыды-
рау қалдықтары əсер етуі мүмкін.
Организмдердің физикалық жəне химиялық түрде үгітілуге
ұшырамайтын жыныс бөліктеріне əсері үлкен. Үгітілу
процесіндегі организмдердің атқаратын үлкен рөлін көрсете
отырып, академик В. И. Вернадский əрі қарай физикалық жəне
химиялық үгітілуге ұшырамайтын каолин минералының тірі
организмдердің əсерінен өзінің тұрақтылығын жоғалтатынын,
соңынан биологиялық үгітілуге ұшырайтынын айтқан. Кейбір
су жалбыздарының түрлері каолинді коллидты кремний
қышқылдарын жəне сусызданған алюминийдің коллидты гидрат-
тарын бөле отырып, ыдырауға ұшырайды. Осы ыдырау су жал-
быздары бөліп шығаратын, негізінен пектин заттарынан тұратын,
шырыштың əрекетінен болады.
Майлы қышқылдық жəне нитрификациялаушы микрорганизм-
дер өздері бөліп шығаратын заттармен апатитты жəне силикатты
жақсы ыдыратады. Көк-жасыл су жалбыздарының жыныстардың
бетіне тигізетін əсері бұрыннан белгілі. Осы аталған жалбыздардың
жəне нитрификациялаушы бактериялардың гранитке тигізетін
128
əсері анықталған. Келтірілген мысалдар мүжілу процесіндегі тірі
организмдердің маңызды рөл атқаратынын дəлелдейді.
Сонымен физикалық, химиялық жəне биологиялық үгітілу
процестері бір мезгілде өтіп жатады. Үгітілу дəрежесіне, олардың
əрқайсысының қосар үлесі, сыртқы ортаның жағдайына байланыс-
ты болады.
4.9. Шөгінді жыныстардың үгітілуі
Шөгінді жыныстар жердің беткі қабатында ең көп таралған,
сондықтан олар топырақ түзілу процестеріне кеңінен қатысады.
Шөгінді жыныстар туынды (екінші) жыныстар болып санала-
ды. Олардың құрамында бастапқы жыныстар мен кристалдардың
бөліктері ғана емес, массивті кристалдық, метаморфтық
жыныстардың үгітілуінен пайда болған тұрақты минералдар да бар.
Шөгінді жыныстардың үгітілу ерекшеліктері, ең алдымен, олардың
құрылымына жəне химиялық құрамына тəуелді болады. Мысалы,
конгломераттар жəне брекчилер негізінен бастапқы минералдардың
қалдықтарынан құралады, туынды минералдар тек үгітілу кезінде
пайда болған цементтеуші заттардың құрамында кездеседі. Осын-
дай жағдайда шөгінді жəне бастапқы жыныстардың үгітілу
процестерінде үлкен айырмашылықтар болмайды.
Бастапқы жыныстардың үгітілуінен пайда болған əктастардың,
сазды сланецтердің жəне саздардың үгітілуі процесінде физи-
калық түрде ұсақтанады жəне жыныс құрамына енетін кейбір мине-
ралдардың өзгеруіне байланысты химиялық құрамын да өзгертеді.
Үгітілуге ұшыраған əктастың өзгеру процесін қарастырайық.
Оның құрамында көмір қышқыл кальций, каолин, кремний қышқылы,
кварц, темір, алюминий жəне марганец гидраттары жəне аз мөлшерде
фосфаттар, сульфаттар, хлоридтер тағы басқа қосылыстар бар.
Минералдардың үлкен бөлігі химиялық өзгерістерге ұшырамайды.
Мысалы, хлоридтердің, сульфаттардың, фосфаттардың бір бөлігі
суда ериді жəне өзгеріссіз алып кетіледі. Гидратталған металл
тотықтары жəне кремний қышқылы суда іс жүзінде ерімейді, жы-
ныс олармен басқа минералдардың еруі нəтижесінде қанығады.
Каолин – тұрақты минерал. Ол микроорганизмдермен жартылай
ғана бұзылады. Сондықтан жыныс бұл минералмен де қанығады.
Оның бойындағы көмір қышқыл кальций-кальциттің мөлшері күрт
129
өзгереді. Бұл тұз ауадағы көмір қышқылымен жəне сумен реакцияға
оңай түседі.
CaCO
3
+ H
2
O + CO
2
= Ca(HCO
3
)
2
Нəтижесінде суда еритін тұз – екі көмір қышқыл кальций
түзіледі. Əктас осы реакцияның нəтижесінде кальциттен айыры-
лады, сонымен қатар ол салыстырмалы түрде алғанда саз, крем-
ний қышқылы, темір тотығы, алюминий тотығы сияқты ерімейтін
тұрақты минералдармен қанығады. Əктастың түсі ақшылдан
сұрлауға, қызылдауға жəне бозғылтқа дейін өзгеріп отырады.
Оның үгітілген түйіршіктері жұқа бөлшектерден тұрады. Міне,
осы себепті əктастық жыныстарда, үгітілу процесінде, сазды
топырақтар түзіледі (6-кесте).
6-кесте
Əктастардың жəне үгітілуі заттарының құрамы
Əктастардың
құрамындағы
минералдар
Реагенттер
Сілтісіздену
заттары
Үгітілген жыныстардың
құрамындағы
минералдар
1
2
3
4
CaCO
3
жəне
жартылай
MgCO
3
H
2
O
7
CO
2
Ca (HCO
3
)
2
Mg (HCO
3
)
2
MgCO3
CaCO
3
жəне өте аз
мөлшерде MgCO
3
H
2
Al
2
Si
2
O
3
H
2
O
жəне басқа саз-
дық минералдар
H
2
O, СО
2
-
H
2
Al
2
Si
2
O
3
.
H
2
O жəне
басқа саз минерал-
дардың жиналуы
SiO
2
.
n H
2
O
нашар ериді
-
SiO
2
H
2
O
SiO
2
нашар ериді
-
SiO
2
жиналуы
Fe
2
O
3
.
nH
2
O
нашар ериді
-
Fe
2
O
3
.
H
2
O жиналуы
Al
2
O
3
.
n H
2
O
нашар ериді
-
Al
2
O
3
.
n H
2
O жиналуы
Mn
2
O
3
nH
2
O
нашар ериді
-
Mn
2
O
3
nH
2
O жиналуы
Ca
3
(PO
4
)
2
нашар ериді
-
Ca
3
(PO
4
)
2
CaSO
4
ериді
-
-
Na
2
SO
4
ериді
-
-
NaCl
ериді
-
-
9–1427
130
Үгітілудің нəтижесінде əктастың орнына – мергель (карбонатты
саз) жəне таза карбонатсыз саздар түзіледі. Əрі қарай олардан сазды
топырақтар пайда болады.
Басқа да көптеген жыныстар осындай жолмен үгітіледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топырақтың минералогиялық құрамының қалыптасуы.
2. Алғашқы минералдар жəне олардың маңызы.
3. Алғашқы жəне екіншілік минералдардың топырақ түзілуі.
4. Топырақ құнарлығын қалыптастырудың маңызы.
5. Екінші минералдардың тұрақтылығы деген не?
6. Жер қыртысының минералдары жəне тау жыныстарын атаңыз.
7. Жіктелуіне байланысты неше кластарға бөлінеді?
8. Тау жыныстыры деген не?
9. Топырақтың минералогиялық құрамы қандай?
10. Массивті-кристалдық тау жыныстарының үгітілуі.
11. Шөгінді жыныстардың үгітілуі.
12. Шөгінді жыныстар деген не?
13. Шөгінді жыныстарының құралуы неше кезеңнен тұрады?
14. Туфтар деген не?
15. Метаморфтық тау жыныстары деген не?
16. Тау жыныстарының үгітілуі деген не?
17. Физикалық үгітілу.
18. Химиялық үгітілу.
19. Биологиялық үгітілу.
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары
1. Топырақта ең көп таралған біріншілік минералдарды атаңыз:
А) кварц
В) дала шпаты
С) амфиболалар
Д) пироксендер жəне слюдалар
Е) жоғарыдағы барлығы
2. Топырақтың басқа атауы:
А) оксисфера
131
В) литосфера
С) биосфера
Д) геосфера
Е) педосфера
3. Топырақты неше фаза ажыратады?
А) 6
В) 4
С) 8
Д) 10
Е) 2
4. Топырақтағы арнайы органикалық зат:
А) гумус
В) фульвоқышқылдар
С) гумин қышқылдары
Д) гумин
Е) гиматомелан қышқылдары
5. Топырақтың табиғи дене ретінде ерекшеліктері:
А) ашық динамикалық жүйе; планетарлық механизм.
В) гумустың болуы; органикалық заттардың болуы; күрделі
зат құрамы; ашық динамикалық жүйе; планетарлық механизм.
С) химиялық элементтер қосылыстарының алуандылығы;
күрделі зат құрамы; маңызды параметрлерінің заңдылық
өзгерістері.
Д) ашық динамикалық жүйе; планетарлық механизм.
Е) гумустың болуы; органикалық заттардың болуы;
химиялық элементтер қосылыстарының алуандылығы; күрделі
зат құрамы.
6. Біріншілік минералдар бөлшектерінің мөлшері:
А) > 0,01 мм
В) > 0,001 см
С) > 0,001 мм
Д) < 0,001 мм
Е) < 0,001 см
132
7. Екіншілік минералдар бөлшектерінің мөлшері:
А) > 0,01 мм
В) > 0,001 см
С) > 0,001 мм
Д) < 0,001 мм
Е) < 0,001 см
8. Қандай факторлардың əсерінен біріншілік минералдардан
екіншілік минералдар пайда болады?
А) климаттық, антропогендік
В) климаттық, биологиялық
С) климаттық, жер бедері, мемлекет жасы
Д) жер бедері, мемлекет жасы, биологиялық.
Е) антропогендік, биологиялық
9. Біріншілік минералдардың маңызы:
А) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды,
топырақтың тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды
В) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды,
топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады
С) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды,
екіншілік минералдарды түзеді, өсімдіктердің күлділік қоректену
элементтерінің резервтік қоры
Д) екіншілік минералдарды түзеді, өсімдіктердің күлділік
қоректену элементтерінің резервтік қоры, топырақтың су-физикалық
қасиеттерін жақсартады
Е) топырақтың тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды,
топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады, топырақ
құнарлығын анықтайды
10. Екіншілік минералдардың маңызы:
А) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды,
топырақтың тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды
В) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды,
топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады
С) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды,
екіншілік минералдарды түзеді, өсімдіктердің күлділік қоректену
элементтерінің резервтік қоры
133
Д) екіншілік минералдарды түзеді, өсімдіктердің күлділік
қоректену элементтерінің резервтік қоры, топырақтың су-физикалық
қасиеттерін жақсартады
Е) топырақтың тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды,
топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады, топырақ
құнарлығын анықтайды
11. Жай тұздардың маңызы қандай?
А) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды
В) топырақ құнарлығын анықтайды
С) өсімдіктердің күлділік қоректену элементтерінің резервтік
қоры
Д) топырақтың тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды
Е) топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады
12. Монтмориллонит тобы минералдарының маңызы:
А) топырақтың агрофизикалық қасиеттерін анықтайды
В) топырақ құнарлығын анықтайды
С) өсімдіктердің күлділік қоректену элементтерінің резервтік
қоры
Д) топырақтың тұздануының дəрежесі мен сипатын анықтайды
Е) топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартады
13. Ең көп таралған балшықты минералды атаңыз:
А) пиролюзит
В) монтмориллонит
С) гидроокись кремния
Д) мирабилит
Е) бемит
14. Екіншілік минералдардың арасында ажыратылады:
А) жай тұздар
В) гидроокистер
С) окистер
Д) балшықты
Е) жоғарыдағы барлығы
134
15. Аридті климат жағдайында жоғары мөлшерде топырақта
жинақталатын екіншілік минералдар:
А) жай тұздар
В) гидроокистер
С) окистер
Д) балшықты
Е) жоғарыдағы барлығы
16. Өсімдіктер үшін топырақта калийдің маңызды көзі:
А) хлориттер
В) гидрослюдалар
С) аралас-қабатты минералдар
Д) монтмориллониттер
Е) каолиниттер
17. Мына екіншілік минералдардың топырақта басымдылығы
қандай?
А) хлориттер
В) гидрослюдалар
С) аралас-қабатты минералдар
Д) монтмориллониттер
Е) каолиниттер
18. Топырақтардың тастылық типіне байланысты бөлінуі:
А) қанқа бөлігі жəне майда үлбір
В) тасты емес, əлсіз тасты, орташа тасты, күшті тасты
С) валундық, галечниктік, ұсақталған тас
Д) кіші, орташа, ірі
Е) физикалық балшық, тұнба, шаң
19. Топырақтың физикалық «пісуі» неге байланысты?
А) механикалық құрамына
Б) қарашірік мөлшеріне
С) дұрыс жауабы жоқ
Д) дұрыс жауабы А, Б
Е) органикалық құрамына
135
20. Топырақтағы минералдар пайда болу жағынан қалай бөлінеді?
А) минералдық, органикалық
В) химиялық, минералдық
С) магматикалық, метаморфикалық
Д) минералды, магматикалық
Е) органикалық, химиялық
136
5-ТАРАУ.
ТОПЫРАҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
5.1. Тау жыныстары жəне топырақтағы
химиялық элементтердің мөлшері
Топырақтың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақ түзу фак-
торларымен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар материалдық
негіздердің рөлі ерекше. Топырақ түзу материалдық негіздерге:
аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал,
мекендейтін бүкіл жоғарғы жəне төменгі сатылы организмдер
қосындылары жатады. Табиғаттың ауа райы мен жер бедерлерінің
өзгешелігі нəтижесінде əртүрлі топырақтар түзіледі.
Əдетте, бір затты түзуге қатысатын материалдар негіздерінде
үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан баста-
лады. Биосферадағы əр түрлі табиғат денелерінің химиялық
құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы əр түрлі элементтердің
орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер
қабатындағы элементтердің орташа құрамын 1924 жылы алғаш
есептеп шыққан американдық ғалым Ф. У. Кларк еді. Сондықтан
мұны Кларк көрсеткіші деп атайды. Кейінірек жаңа қосылған
мəліметерге байланысты бұл Кларк көрсеткіштері бірнеше рет
толықтырылды (А. Е. Ферсман, 1934 – 1939, А. П. Виноградов,
1962).
Сонымен қатар, ауа құрамындағы, судағы жəне тірі заттардағы
элементтер кларкы да есепке алынатын болды.
Тау жыныстарының орташа химиялық кұрамы. Тау
жыныстарындағы химиялық элементтердің кларк үлестеріне байла-
нысты олар:
- мол элементтер, Кларк көрсеткіштері – п 10-п-10
2;
- аз элементтер, Кларк көрсеткіштері - п- 10-п -10
3 ;
- өте аз элементтер, Кларк көрсеткіштері - п- 10
3
-п- 10
5
болып үш
топқа қосылады.
Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы. Топырақ түзуші
жыныстарының құрамымен салыстырғанда топырақ бетіндегі
мөлшері өте алшақ.
Келтірілген мəліметтерден азот жер қыртысында аз элемент
137
қатарында болса, ауа құрамында ол негізгі құраушы элемент. Ауадағы
азот – топыраққа берілетін азоттың негізгі көзі. Ол биологиялық тірі
организмдерге қажетті белок түзетін элемент. Топыраққа ол ауадан
түсетін ылғалдар жəне ауадан азотты сіңіретін микроорганизм-
дер арқылы келеді. Ауаның құрамындағы екінші негізгі элемент
– оттегі. Онымен тотықтандыру реакциялары, соған байланысты
тау жыныстарының үгілуі мен топырақ түзу құбылыстары тікелей
байланысты. Озон – ауа кұрамындағы өте аз элемент, өте белсенді
тотықтырғыш.
Жасыл өсімдіктер үшін жəне топырақ түзуде ауадағы көмір
қышқыл газының маңызы ерекше. Жасыл өсімдіктердің жапырағы
арқылы фотосинтез жүреді. Осының нəтижесінде көмір қышқыл
газындағы көміртегі өсімдіктердің барлық органикалық бөліктерін
түзеді, олар кейін топыраққа беріледі. Органикалық заттардың
шіріп-ыдырау кұбылыстарынан пайда болған топырақтың қара
шіріндісінде (гумус) көміртегінің үлесі – 58%, ол негізінен ауадағы
көмірқышқыл газынан түседі.
Жер бетіндегі жəне топырақ кеуектеріндегі көмірқышқыл газы
(СО +Н
2
О Н
2
С0
3
) ылғалмен қосылып, көмір қышқылын түзеді.
Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының
химиялық құрамы. Ауадан түсетін ылғал топырақтағы барлық
тіршілік атаулыны жəне ондағы жүретін бүкіл химиялық реакция-
ларды қамтамасыз етеді, ерітеді, жуып-шайып тез ерігіш тұздарды
топырақ қабатынан əкетеді.
Ауадан түсетін ылғал, əдетте, таза су емес, ол өзімен ауа газда-
рын, шаң-тозандарды, тұздарды, қышқылдарды ілестіре келеді. Кей
кездерде ауадағы топырақ бетінен немесе теңіз беттерінен ұшқан
тұздар ылғалмен еріп, топырақ бетіне қайта сіңіп жатады.
Өсімдіктер мен жануарлар химиялық элементтерді өздерін
биологиялық қажеттілігіне байланысты таңдап сіңіреді. Сондықтан
күлдік пішіндегі элементтер құрамы жер қыртысындағы элемент-
терге қарағанда, тіпті, өзгеше. Тау жынысынан немесе топырақтан
тірі организмдердің элементтерді биологиялық сіңіру белсенділігі
Б. П. Полынов пен А. И. Перельман енгізген сіңірудің биологиялық
коэффициенті арқылы анықталады. Бұл коэффициент өсімдік
күлінде элементтің топырақтағы немесе тау жынысындағы элемент-
ке қатынасынан алынады.
138
5.2. Топырақтағы химиялық құрамның қалыптасуы
Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер
құрамы көп жəне ол көп жылға жетеді. Н. П. Ремезов деректері бо-
йынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша,
бидайдан орташа түсім алғанда небары 250 жылға жетеді екен, ал
калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік. Бірақ өсімдіктер үшін эле-
менттер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы фор-
малары маңызды.
Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық ғана түрінде бола-
ды, сондықтан ол күрделі келеді, соның ішінде мəдени өсімдіктер
үшін сіңірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нəтижесінде пай-
да болатын аммоний жəне нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.
Фосфордың органикалық қоспалары жəне фосфор құрамы –
минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий
негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына
кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.
Өсімдіктер сіңірілген калийді жəне калийдің суда еритін
қоспаларын бойына тартады, бұлардың топырақтағы мөлшері
мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген жəне суда еріген
күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы. Өсімдіктерге сіңімді түрдегі
химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда
өте аз. Сондықтан мəдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек,
жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада
топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.
Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге
химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек,
өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азая-
ды, бұл егін өніміне əсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ-тың
орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы
азот мөлшері 20%-ға кеміген, келесі 20 жылда 10%-ға, келесі 20
жылда 7%-ға кеміген.
Сондықтан агрохимия ережесіне сəйкес тыңайтқыш қолдану
ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жəне жер құнарлылығын
көтеретін маңызды тəсіл болып табылады.
Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық ай-
налымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді.
Органикалық минерал тыңайтқыштарды қосумен қатар соңғы жыл-
|