Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Топырақ ауасы дегенді қалай түсінесіз?
2.Топырақтың ауа режимiн реттеуде қандай тəсілдер
қолданылады?
3.Топырақ аэрациясы дегеніміз не?
4.Топырақ ауа режимі дегеніміз не?
5.Сіңген ауа дегеніміз не?
6. Өсiмдiктер үшiн азоттың көзi неде?
252
10-ТАРАУ
ТОПЫРАҚ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Топырақ пен ауаның температуралық ережесі. Жер бетіне
сіңген күн радиациясы жылуға ауысады. Сол жылудың бір бөлігі
жер бетіне жақын əуенің жылуына, судың булануына жұмсалады,
ал басқа бөлігі топырақтың төменгі қабатына сіңеді. Тəулік бойы
күн радиациясының жерге түсу мөлшері əртүрлі болатындықтан,
топырақтың температурасы өте кең аралықта өзгеріп отырады.
Топырақта жылудың ауысуы молекулярлық жылу өткізгіштігі арқылы
жүреді. Жердің бетімен сіңірілген күн радиациясы жылуға айна-
лады. Сол жылудың бір бөлігі жер маңайындағы əуенің жылуына,
судың булануына, ал басқа бөлігі топырақтың төменгі қабаттарына
ауысады. Жыл жəне тəулік бойы күн радиациясы əртүрлі болады,
сондықтан топырақтың температурасы да кең аралықта өзгереді.
Топырақтың температуралық жағдайы радиациямен байланыс-
ты болады. Топырақтың үстіңгі қабаты салқындаған кезде, жылу
астыңғы қабаттардан жоғарыға көтеріледі. Осындай жағдайда теріс
радиациялық баланс қалыптасады. Жер бетіне жылудың келуі жəне
жұмсалуы жылулық балансының теңдігі бойынша сипатталады,
оған кіретін көрсеткішер: L – су буының пайда болуына жұмсалған
елеусіз жылулық, E – буланудың жылдамдылығы, P – жер бетімен
əуе арасындағы турбуленттік жылудың ағымы, A – топырақ бетімен
төменгі қабаттардың арасындағы жылудың молекулалық ағымы.
B = LE + P +A
Топырақтың төменгі қабатына қарағанда оның беткі жылуы
жоғары болған кезде (күндіз, жазда), жылу ағымы жер бетінен
топырақтың төменгі қабаттарына қарай бағытталады. Топырақтағы
температураның осындай жайласуы инсоляция типі деп аталады.
Топырақтың үстіңгі қабатының температурасы астыңғы қабаттан
төмен болған кезде (түнде, қыста), жылудың ағымы үстіңгі қабатқа
қарай бағытталады. Топырақтағы температураның осындай жайла-
суын сəулелену типі деп атайды.
Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштеріне топырақтың жылу
сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі жатады. Топырақтың физикалық
жылу көрсеткіштері көбінесе, топырақтың ылғалдылығына, түсіне,
тығыздығына жəне құрылымына байланысты өзгереді.
253
Өсімдіктердің тіршілігі белгілі бір ауа тампературалары
аралығында өтеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінде температуралық
ереженің қолданбалы көрсеткіштері: орташа, тəуліктік, айлық,
жылдық температуралар; ең төменгі (минималды), ең жоғары (мак-
сималды) температуралар; температураның өзгеру амплитудасы;
белсенді температура жиынтығы.
Топырақтың жылу физикалық көрсеткіштері. Топырақтың
жылу режимі келесі көрсеткіштерге байланысты:
1. Топырақтың жылу сыйымдылығы. Оның екі түрін айырады:
көлемдік жəне меншікті жылу сыйымдылықтар. Көлемдік жылу
сыйымдылығы С
көл
деп топырақтың 1 м
3
1
0
С жылытуға жұмсалған
жылу (Дж) көлемін атайды. Оның өлшем бірлігі Дж/ (м
3
К). Меншікті
жылу сыймдылығы деп 1 кг топырақты 1
0
С жылытуға қажетті жылу
көлемін атайды. Оның өлшем бірлігі Дж/ (кг К). Көлемдік жəне
меншікті жылу сыйымдылықтар арасында келесі қатынас болады:
С
көл
= С
менш. d.
D – топырақтың тығыздығы кг/м
3
2. Жылу өткізгіштігі. Топырақтың бір қабаттан басқа қабатқа жы-
луды өткізу қабілетін жылу өткізгіштігі деп атайды. Жылу өткізгіштігі
топырақтың минералдық құрамына, оның ылғалдылығына жəне
оның қуыстарындағы ауаның мөлшеріне байланысты болады. Соны-
мен қатар, топырақтың жылулық көрсеткіштері оның түсіне қоңыр
топырақтар ақшылдарға қарағанда тезірек қызады, тығыздығына
жəне құрылымына байланысты болады.
Топырақ пен ауаның жылу ережесін сипаттайтын көрсеткіштері
сынап, спирт, биметалл, электрлік термометрлердің көмегімен
анықталады.
Топырақтың
температурасын
өлшейтін
термометрлер:
топырақтың бетінде жылдам өлшейтін ТМ-3, максималды термо-
метр ТМ-1, минималды ТМ-2. Топырақтың жыртылатын қабатын
өлшейтін Савиновтың ТМ-5 термометрі, ол 5, 10, 15, 20 см
қабаттарында бір мезгілде өлшеуге мүмкіндік береді. Топырақтың
тереңгі қабаттарында ТПВ-50 сынап термометр арқылы темпера-
тураны анықтайды. Оның құрамына мына 20, 40,60, 80, 120, 160,
240, 320 см термометр кіреді. Қазіргі кезде тік ұшақ, ұшақ жəне
спутниктегі орнатылған аспаптары арқылы топырақтың температу-
расын өлшейтін əдістер дамытылуда.
Температураның тəулік бойы өзгеруін тəуліктік ағымы деп атай-
254
ды. Оның минимумы жəне максимумы болады. Минимум күн жаңа
шығудың алдында жəне аспан ашық болған кезде болады Макси-
мум сағат 13-те байқалады. Жыл бойы топырақ температурасының
өзгеруін жылдық ағымы деп атайды. Минимумы қаңтар ақпан, ал
максимум шілде айларында байқалады. Минимум жəне максимум
аралығында айырмашылығын температура ағымының амплиту-
дасы деп аталады. Оған əсер ететін: жыл мерзімі (ең жоғарғы ам-
плитуда жаз кезеңде, ал кіші ауытқуы қыста болады); жағрапиялық
ендік, жер бедері; өсімдік жəне қар жамылғысы; топырақтың жылу
сыйымдылығы жəне өткізгіштігі; топырақтың реңі; бұлттану.
Топырақтың температуралық ережесін келесі тəсілдер арқылы
реттейді: топырақтың жылу қасиеттерін реттеу арқылы (қопсыту,
түсін өзгерту жəне т.б.); жерді суару жəне құрғату. Топырақты 2-4 см
қопсытқанда оның температурасы 1-3 С төмендейді, ал тығыздаған
кезде 1-2 С жоғарылайды.
Ауаның температуралық ережесі. Жер беті мен əуенің
арасындағы жылудың ауысуы келесі: жылу конвекциясы əртүрлі
жер учаскелерінің біркелкі емес қызған кезде ауаның вертикаль
бағытындағы ауысуы.
– турбуленттілік ауаның кішігірім көлемдерінің жалпы жел
ағымындағы құйын тəрізді астаңкестең ауысуы;
– молекулалық жылу алмасуы қозғалмайтын ауаның молекулалық
жылу өткізгіштігі арқылы жер бетімен жəне əуе арасындағы жылу
ағымы;
– радиациялық жылу өткізгіштігі – жер беті мен əуенің ұзын
толқынды радиация ағымдары арқылы жылудың ауысуы;
– конденсация (сублимация) – жер бетінен əуеге су буының ауы-
суы, үрдістер арқылы жүреді;
Ауаның температурасын əртүрлі:
1) психрометрлік; 2) максималды; 3) минималды термометрлер
арқылы өлшейді. Термомтрлерді психрометрлік күркенің ішіне ор-
натады, ол оларды тура, шағылысқан радиациядан, сонымен қатар
жауын-шашындардан, желден қорғайды.
Температураның орташа тəуліктік, айлық жəне жылдық түрлерін
ажыратады. Тəуліктік температураны анықтау үшін оны үш
сағат сайын 8 рет тəулік бойынша термометрмен өлшейді. Осы
мəліметтердің қосындысын сегізге бөледі. Бұл орташа тəуліктік
температурасы болып табылады. Орташа айлық температураны
255
білу үшін ай бойынша барлық температураларын қосып күндердің
санына бөледі. Орташа жылдық температурасы – бұл жыл бойы
орташа тəуліктіктердің немесе айлықтардың орташа мəліметтері.
Əрбір айда минималды жəне максималды температуралар бо-
лады. Солтүстік Қазақстан жағдайында ең төмен (минималды)
температуралары желтоқсан-қаңтар айларында байқалады, ал
ең жоғарғы (максималды) температура шілде айында болады.
Тəуліктік жəне жылдық температураның амплитудасы климаттың
континенттігін сипаттайды. Мысалы, Ирландияда температураның
жылдық амплитудасы 7,9 С болса, Нерчинск (Сібір) жағдайында
53С-на тең. Белгілі бір жерде жəне кезең аралығында жылудың
мөлшерін сипаттау үшін температура жиынтығын кең қолданады.
Алғашқы рет Г. Т. Селянинов климаттың жылу қорларын бағалау
үшін активті температураларының жиынтығын ұсынды. Активті
температураларының жиынтығын есептеу үшін 10С жоғары темпе-
ратураларын қосады. Олар ауылшаруашылық дақылдардың вегета-
ция кезеңінде жылумен қамтамасыз етілуін бағалайтын көрсеткіші
ретінде қолданады. Өсімдіктердің жылуға талаптарын сипаттау үшін
тиімді температуралар жиынтығын қолданады. Бұл – белгілі бір
дақылдың (сорт, будан) биологиялық минимумынан жоғары орташа
тəуліктік температураларының жиынтығы. Əртүрлі дақылдардың
биологиялық минималды температуралар бірдей емес (өзгеше). Мы-
салы, жаздық бидайда 5С, жүгеріде 10С, мақтада 13С-қа тең.
10.1.Топырақтың жылулық режимі жəне оның
экологиялық маңызы
Топырақтардың дамуы мен өсімдіктердің өмірі үшін жылу ке-
рек. Топырақтың жылулық қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің
бірі. Топырақ жылуы белгілі бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда
өсімдіктер тамыры өсе бастайды. Жылу əсерінен микробиологиялық
жəне химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Топырақ жылуды
негізінен күн сəулесінен, оған қоса топырақтың жоғарғы қабатынан,
жердің ішкі қызған қабаттарынан да, сонымен бірге топырақтағы
микробиологиялық процестерден, тірі жəндіктердің тыныс алуынан,
өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың
құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су
буларының суға айналуынан, судың булануынан алады. Сонымен
256
топырақтағы жылу режимі – жылулық күн сəулесінің топыраққа
түсіп, оның қабаттарына еніп, жоғарыдан төмен қозғалып, қайтадан
ауаға оралу процесі.
Топырақтың
жылулығы
топырақтың
температурасымен
белгіленеді. Температура тəуліктік, апталық, айлық, маусымдық
жəне жылдық көрсеткіштермен ажыратылады.
Топырақтың жылулық режимінен ауа райы, өсімдік,
жер бедері, қар жамылғысы, топырақтың механикалық
құрамы, ылғалдылық пен түсі əсер етеді. Əртүрлі топырақ күн
сəулесінен əртүрлі қызады. Ашық-түсті топырақтарға қарағанда, қара
шіріндіге бай қара топырақ пен қара қоңыр топырақ анағұрлым тез жы-
лынады. Ал құмдақ топырақтар балшықты топырақтарға қарағанда
тез жылынады. Дегенмен, ол топырақтар тез арада суиды. Ылғал
топырақтармен салыстырғанда құрғақ топырақтар тез жылына-
ды. ЬІлғал топырақтар баяу жылынады, өйткені ондағы суды жы-
лытып, буландыру үшін көп жылу жұмсалады. Құм топырақтар саз
топырақтардан құрғақтау болғандықтан, анағұрлым тезірек жы-
лынады. Топырақтың жылулығына оның орналасқан жері де əсер
етеді Мысалы, оңтүстік баурайдағы топырақтар солттүстік жағымен
салыстырғанда жақсырақ жылынады.
Топыраққа берілген жылу оның бөлшектерімен, су жəне
ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты
бөлшектері су, жылуды жақсы өткізеді. Ал ауа жылуды нашар
өткізеді.
Түнде топырақ бетінен бастап салқындайды, ал күндізгі жылу
толқыны тереңірек қабатқа өтеді. Жылудың толқындары осы-
лайша күнбе-күн тереңірек қабаттарға өтіп отырады. Топырақ
бөлшектері жылудан біресе ұлғайып, біресе суықтан кішірейіп
отырады. Бұл олардың тез жəне толық үгілуіне көмектеседі.
Жылы топырақ өсімдіктермен бірге тірі жəндіктердің дамуы үшін
де қолайлы.
Қыста топырақты қар басып, ондағы су қатқан кезде жəне жылу
толқындарының орнын суық толқындар басқанда топырақтағы
тіршілік едəуір бəсеңдейді.
Топырақтың жоғарғы сипатталған физикалық қасиеттерінен
басқа кейбір топырақтарға тəн жəне оның құнарлылығына едəуір
нұқсан келтіретін жағдайлар да болады. Мысалы, топырақтардың
сортаң немесе сорланған болып келетін жағдайлары. Мұндай
257
топырақтар оңтүстік жəне кейбір солтүстік зоналарда кездеседі. Ол
топырақтарды тиімді пайдалану оларды алдын ала мелиорациялау
қажет.
Топырақтың сіңіру қасиеті. Топырақ қопсыған кеуекті
дене болғандықтан, оның түйірлерінің арасында əр уақытта
бос кеңістіктер болады. Топырақтың сіңіру қасиеттерінің
қалыптасуына топырақ құрамындағы ең майда ұнтақталған,
көлемі 0,0001 мм-ден төмен коллоидты бөлшектер шешуші рөл
атқарады. Бұл бөлшектер топырақтың əртүрлі органикалық жəне
минералдық қосылыстарынан тұрады.
Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі
ерітінділерінің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған мине-
ралдарды жəне органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді
жəне ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалуын ай-
тады. Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың даму-
ымен жəне топырақта өсетін өсімдіктерде күлді элементтердің
(азот, т.б. қоректік заттардың) жиналуымен қатар жүреді. Əсіресе,
өсімдіктердің қоректік элементтерінің жиналуы топырақтың
сіңіру қасиетімен тығыз байланысты. Осы қасиеті арқылы
топырақта өсімдіктерге керекті элементтер жиналады. Бұл салада
орыстың ірі ғалымдары К. К. Гедройц, Д. И. Прянишников, А. И. Со-
коловский, И. Н. Антипов-Каратаев, В. А. Чернов, И. И. Горбу-
нов, т.б.көп еңбек сіңірген.
Əртүрлі топырақтардың сіңіру қасиеттері əр деңгейде болады.
Ол көбінесе, топырақтағы өте жоғары бөлшектерге (дисперсті),
түйірлерге, коллоидты бөлшектердің мөлшеріне байланысты.
Топырақ неғұрлым қарашіріндіге бай жəне механикалық құрамы
ауырлау балшықты болса, соғұрлым оның сіңіру қасиеті де мол,
ал топырақта қара шірінді аз, құрамы жеңіл құм немесе құмдақ
болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы болады.
Топырақ коллоидтарының диаметрлері шамамен микронмен
есептелетін əр текті заттардың бөлшектерін құрайды: 1 мкр - 0,01
мм тең, оны миллимикрон дейді. Коллоидты бөлшектердің ірілігі
0,1 мкр - 1 ммкр.
В. Оствальдің тұжырымы бойынша коллоидтердің пайда
болуының жолы бар: 1) бөліну арқылы, яғни топырақтың бөлініп
жатқан бөлшектерінен шығуы; 2) конденсация арқылы, яғни
заттардың бірнеше молекулаларынан қосылып үлкейіп шығуы.
17–1427
258
Сонымен топырақ коллоидтарының бір бөлігі минералдардан
физикалық үгілу арқылы бөлініп, тозаңданып құралады да, екінші
бөлігі конденсация арқылы органикалық қалдықтардан өзгеріп,
химиялық үгілу нəтижесінде түзіледі. Топырақта коллоидтар екі
түрде коллоидтік ерітінді жəне коллоидты қоймалжың, тұнба
күйлерінде кездеседі. Коллоидтар бір күйден екінші күйге көше
береді. Олардың ерітіндіден тұнбаға көшуін коагуляция (жиыры-
лу), керісініше тұнбадан ерітіндіге көшуін пептизация (бытырау)
дейді. Коллоидтардың бір күйден екінішісіне көшуі қайталанатын
немесе қайталанбайтын болады. Топырақтың қалыптасуына кол-
лоидтар коагуляциясының маңызы үлкен, өйткені коллоидтар
топырақта тек золь (ерітінді) күйінде жылжып, жиыла алады да,
гель (тұнба) күйінде топырақта бекиді. Коллоидтар топырақтың
қандай жағдайы болса да, топырақтың температурасы жоғары
немесе төмен болса да, қызғанына немесе кепкеніме, суығына
қарамай коагуляцияланады. Бірақ коагуляция процесінде
электролиттердің де (тұздар, қышқылдар, негіздер) əсері зор.
Электролит дегеніміз – заттар суға ерігенде оң немесе теріс за-
рядты иондарға бөлінуі. Коагуляция электролиттердің ең аз «коа-
гуляция босағасы» деп аталатын қоюлауында өтеді. Топырақтары
коллоидты бөлшектер электр зарядты (көбінесе, олар теріс за-
рядты). Коагуляция процесі негізінен коллоидтардың зарядта-
рын жоғалтуына байланысты өтеді. Теріс зарядты коллойдтар
оң зарядты каллоидармен, ал темір мен алюминий коллоидтері
теріс зарядты аниондармен кездескенде коагуляцияланады. Коа-
гуляциялану қасиеті катиондардың валенттілігіне, оның атомдық
салмағына байланысты. Белсенді коагулянттарға үш валентті
темір мен алюминий, содан кейін екі валентті кальций мен маг-
ний катиондары жатады. Ал бір валентті катиондар калий, аммо-
ний, натрий аз коагуляцияланады, кейде керісінше, коллоидтарды
бытыратады (пептизациялайды). Тек сутегі катионы коагуляция-
лау қабілеті жағынан екі валентті катиондарға жақын. Коллоид-
тар коагуляциясында топырақта кең тараған кальций катионының
рөлі өте үлкен. Ол коллоидтарды қайталанбайтындай етіп
берік коагуляциялайды. Коллоидтар негізі тау жыныстарынан
жəне органикалық заттардан шығатын болғандықтан, олардың
құрамында органикалық жəне минералды заттар бар. Органикалық
заттар топырақ шіріндісінің құрамында, ал минералды зат-
259
тар балшық құрамында болады. Топырақта катиондардың жəне
коагуляцияның пайда болуына байланысты коллоидтар көбінесе,
тұрақты тұнба-гель, күйінде кездеседі. Ал коллоидтардың золь
(ерітінді) күйінде болуы – уақытша, тұрақсыз. Катиондардың гель
түрінен зольге айналдыру үшін, оларды байланыстырып тұрған
катиондарды басқа катиондармен ығыстыру керек. Мысалы,
К. К. Гедройц топыраққа сіңірілген катиондарды ығыстыру үшін
ас тұзын қолдануды ұсыған. Сіңірілген катиондарды ығыстыру
кезінде топырақ коллоидтары пептизацияланып, ерітінді күйіне
айналады. Жоғарыда айтылғандай, коллоидтарға өте майда күйін-
дегі заттар жатады жəне соның əр бөлшегі көп молекула жи нағы
болып саналалы. Казіргі көзқарастар бойынша (проф. Н. И. Гор-
бунов) коллоидты бөлшектің немесе мицелланың құрылысы
күрделі, ол төрт құрамды қабаттан: 1) коллоидты күйдегі заттың
ішкі ядросынан; 2) ішкі ядросы тығыз байланысып тұратын сол
коллоидты бөлшектің зарядын анықтайтын ионды немесе ішкі
қос электр қабатшадан; 3) сыртқы қарама-қарсы зарядты иондар
қабатшасынан; 4) диффузиялық иондар қабатшасынан тұрады.
Сонымен, коллоидтар заряды деген түсінік түгел мицеллаға жат-
пайды. Мысалы, кремний қышқылының мицелласының ядросы
SiO
3
молекулаларының агрегаттарынан, яғни зарядты анықтайтын
иондардан SiO
3
тұрады. Коллоидты бөлшектің заряды теріс, оның
сыртында оң зарядты теңгеру Н иондары орналасады. Теріс
қабатты диффузды қабатында Н иондары бар коллоиттарды
ацидоидтер дейді. Гумин қышқылы - СОО-, кремний қышқылы
SiO
2
, Оң зарятты, диффузды қабатында ОН иондары бар колло-
идтарды базоидтер дейді (А1 жəне Fe гидрокситтері Al (ОН)
3
,
Fe(ОН)
3
).
Академик К. К. Гедройцтың тұжырымдамасында топырақтың
сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір
қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды жəне оргалникалық
қосылыстарды, микроорганизмдерді жəне ұнтақталмаған ірі зат-
тарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Сіңіру оның
тəсілдеріне қарай, бірнеше түрге: механикалық, физикалық, физика-
химиялық, химиялық жəне биологиялық сіңірулерге бөлінеді
(К. К. Гедройц. 1933).
260
10.2.Топырақ жылу режимін реттеу шаралары
Жылу – өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордың бірі.
Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі мен тамырлары үшін
температураның маңызы зор. Топырақ қабатында температура
төмендеген кезде тамырлар жүйесі, ал көтерілген кезде өсімдіктің
топырақ бетіндегі бөлігі жақсы дамиды. Өсімдік тамырларының
белсенділігі мен тіршілік əрекеті топырақ қабатындағы температураға
байланысты. Дəннің өне бастауы мен көктің пайда болуы үшін опти-
малды температура қажет.
Көптеген егіншілік аймақтарда дəн түсетін тереңдіктегі
топырақтың белгілі бір температураға дейінге жылуын тұқым себуге
қолайлы мерзім ретінде пайдаланады.
Жылу – топырақтың қажетті қасиеттерінің бірі. Жылу əсерінен
микробиологиялық жəне химиялық процестердің қарқыны өзгереді,
өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай туады. Топырақ
жылуды негізінен күн сəулесінен алады. Сонымен қатар, жылу
топырақтағы микробиологиялық процестерден, өсімдіктер мен жа-
нуарлар қалдықтарының шіруінен, топырақ құрамындағы кейбір
заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буының қоюланып суға ай-
налуынан да пайда болады.
Күн нұрының əсерінен əрқилы топырақ түрліше жылынады. Ылғалы
мол ашық түсті топыраққа қарағанда, қарашірікке бай, құрғақ топырақ
анағұрлым тез жылынады. Құмдақ топырақ сазды топырақтан оңай
жылынады. Температураның əсерінен топырақ бөлшектері əрдайым
бұзылып отырады. Ауа райының жағдайларына қарай топырақтың
жылу тəртіптері де өзгереді. Топырақ қабатының жылынуы күн
сəулесіне байланысты болады. Осы энергия көзінің əсерінен ондағы
микробиологиялық процестер де жақсы жүреді. Күн сəулесінің, əсіресе,
ультракүлгін сəулесі микроорганизмдерге жойқын əсер етеді. Ғылыми
деректерге қарағанда, өсімдіктер суды өздері салқындау үшін буға ай-
налдырады екен. Ал булану үшін көп жылу қажет. Топырақтағы пай-
далы микрорганизмдер жоғары жəне төменгі температураға мейлінше
төзімді, əйтсе де олардың тіршілігі үшін ең қолайлы температура 25-30
0
С болып саналады.Топырақтың бұл температурасы мəдени өсімдіктер
үшін де қолайлы. Топырақтың температурасы төмендегенде, олар өзінің
тіршілік əрекетін күрт тежейді, ал көктемде топырақ қайта жылынғанда
олар бұрынғы қалпына келеді.
261
Топырақтың күн сəулесі əсерінен жылынуы оның қай жерде
орналасқанына да байланысты болады. Мысалы, таулы жерлер-
де, оңтүстік баурайда кездесетін топырақтар басқаларға қарағанда
жақсы жылынады, шығыс жəне батыс баурайдағылар орташалау, ал
солтүстік баурайдағылар бəрінен де солғын жылынады.
Топырақтың жылуы су жəне ондағы ауа арқылы төменгі
қабаттарға тарайды. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып
(қызғанда), біресе кішірейіп (суығанда) отырады, ал мұның өзі оның
тез үгілуіне себепкер болады.
Топырақтың қыс кезеңдерінде жылы сақталуына, оның бетінде
қардың көп жиналуы септігін тигізеді, ал қардың көп жиналуына
өсімдіктер əсер етеді.
Кейбір жағдайларда топырақтағы жылуды сақтау үшін оның беткі
қабатын торфпен жəне де басқа қопсыған құрғақ затпен (қалыңдығы
1,0-1,5 см шамасында) жабады. Бұл үшін солтүстіктің қара
топырақтарын жəне жылуды көбейту үшін торф қолданылады, ал
оңтүстікте топырақ өте қызатындықтан, оларды біршама салқындату
үшін астық бастырудан қалған қалдықтармен жабады, бұл тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |