60-сурет. Жазық тұрғындарының оксигемоглобин диссоциация қисық
сызығы (Я. М. Коц бойынша)
Стрелкалар əртүрлі биіктікте гемоглобиннің оттегімен қанығу пайызын
көрсетеді
Бұл өкпе капиллярларында қанның оттегімен оксигемоглобин
түрінде гемоглобиннің 90%-дан аса, яғни салыстырмалы жоғары
қанығуына кепіл болады. Үлкен биіктікте О
2
альвеолалық қысымы
оксигемоглобин диссоциация қисық сызығының «құлдилай» бастай-
314
тын, ортаңғы бөліміне келіп жетеді. Сондықтан жоғары биіктікте
қанмен О
2
байланыстыру мен тасымалдау қабілеті дереу төмендейді.
Артериялық қанның оттегімен қанығуының қалыпты шама-
дан 80%-ға дейін төмендеуі «биіктік ауруы» атауымен белгілі
ауыр гипоксиялық симптомдар кешенін: бас ауруы, шаршау күйі,
ұйқының, ас қорытудың бұзылуы, т.б. тудырады.
Жоғары гипоксия жағдайындағы бұлшық ет жұмысы уақытында
артериялық қандағы О
2
мөлшері жəне парциалдық кернеуі
төмендеген, ал веналық қанда шамамен, кəдімгі жағдайдағыдай
болған. Сондықтан оттегі бойынша жүйелік артерия-веналық айыр-
ма бірдей жұмыс орындау кезінде жазыққа қарағанда тау жағдайында
азырақ.
Неғұрлым биіктік жоғары (гипоксия дəрежесі күштірек) жəне
неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым артериялық
қандағы О
2
қанығу мен кернеуі айтарлықтай төмендейді.
Биіктікте бұлшық ет жұмысын орындау кезіндегі бұлшық ет пен
қандағы сүт қышқылы концентрациясының артуы теңіз деңгейіне
қарағанда неғұрлым төмен жүктемелер кезінде жүреді (анаэробтық
табалдырық төмендеуі). Бірдей жүктеменің əсер етуі кезінде теңіз
деңгейіне қарағанда биіктік жағдайында бұлшық еттер мен қанда
сүт қышқылы концентрациясы жоғары, ал қандағы рН мəні төмен
болады. Субмаксималды аэробтық жүктемені орындау кезінде
биіктікте жоғарылаған лактацидемия өкпе вентиляциясы күшеюі
үшін қосымша стимул болып табылады.
Биіктікте жұмыс істеудің алғашқы күндері қандағы лактаттың
максималды концентрациясы мəні теңіз деңгейінде қаншалықты
болса, соншалықты болады. Сəйкесінше, максималды анаэробтық
қуаттылық, тіпті, болмағанда лактацидті (гликолиздік) жүйемен
анықталатын бөлігі биіктікте төмендемейді. Бұл туралы сол сияқты
максималды оттектік қарыздылықтың биіктікте болудың алғашқы
күндері теңіз деңгейіндегідей болатыны да куəландырады.
Қан айналым қызметі. Биіктікте қанның оттегімен төмен
қанығуы субмаксималды аэробтық жұмысты орындау кезінде ЖЖЖ
жоғарылауы есебінен қамтамасыз етілетін жүректің минуттық қан
көлемінің артуымен өтеледі. Систолалық көлем мұнда қалыпты
жағдайдағыдай немесе одан тіпті, бірнешеге азырақ болады.
Артериялық қан қысымы көрсеткіштерінің көбіне биіктікте
диастолалық қысымның біраз төмендеуі байқалса да жазықтағы
315
мөлшерден елеулі айырмашылықтары болмайды. Бұл перифериялық
тамыр кедергісінің азаюымен байланысты.
Шекті аэробтық жүктеме кезінде жүректің минуттық қан
көлемінің, ЖЖЖ жəне систолалық көлемнің максималды шама-
сы теңіз деңгейімен биіктік жағдайында бірдей болады. ЖЖЖ
жəне жүректің минуттық қан көлемі максималды мəндерге
гипоксиялық жағдайларда теңіз деңгейіне қарағанда неғұрлым
төмен қарқындылықты жұмыс кезінде жетеді.
Биіктікке көтерілу барысында коронарлық қан айналымы,
оттегімен жабдықталу жəне оны миокардтың пайдалануы
тыныштық күйде азаяды. Күш сала орындалатын жұмыс кезінде
жүрек бұлшық етінің оттегіні шығындауын жабу үшін коронарлық
қан айналым теңіз деңгейіне қарағанда биіктікте (шамамен,2500 м
биіктікте 10%-ға жəне 4000 м биіктікте 30%-ға) көбірек болу керек.
Биіктікте жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемі
артуының маңызды механизміне күшейтілген веноконстрика-
ция жатады. Осының арқасында орталық қан көлемі, сəйкесінше,
веналық қайтарылу артады. Ол артериялық қандағы СО
2
кернеуінің
төмендеуіне (гипокапния) жауап ретінде туындайды.
Гипобаралық қысым жағдайында бұлшық ет жұмысын орын-
дау кезінде организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері жүректің
минуттық қан көлемінің артуынан басқа артериялық қандағы О
2
мөлшерінің өсуіне əкелетін жұмыс гемоконцентрациясы күшеюі
есебінен жоғарылайды.
Сайып келгенде, биіктікте орындалған жұмыс уақытында ты-
ныс алған ауадағы оттегінің төмен қысымы (мөлшері) теңіз деңгейі
жағдайымен салыстырғанда өкпе вентиляциясының қосымша
күшеюін, жүректің минуттық қан көлемінің жəне жұмыс гемо-
концентрациясы дəрежесінің артуын тудырады. Бұл қосымша ме-
ханизмдер жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен дененің басқа да
ұлпаларына оттегі тасымалдануын күшейтеді. Бірақ орта биіктік
жағдайындағы бұл адаптациялық реакциялар альвеолалық ауадағы
жəне артериялық қандағы О
2
мөлшері мен парциалдық қысымының
төмендеуін толығымен өтей алмайды. Сондықтан гипобаралық
гипоксия жағдайында максималды аэробтық қуаттылық (ОМП)
төмендейді жəне күшті бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету үшін
анаэробтық энергия түзілуінің маңызы артады.
Оттегі пайдалану жылдамдығы жұмыс басында қалыпты
316
жағдайға қарағанда баяу өседі. Айтарлықтай шамада бұл қан ай-
налу жүйесінің баяу бабына келуімен негізделген. Сондықтан тау
жағдайында орындалған жұмыс үшін жоғары оттектік тапшылық
тəн.
Тыныс аппараты мен жүректің күшейтілген жұмысы, соны-
мен қатар қозғалыс координациясы бұзылулары теңіз деңгейіне
қарағанда бұл жағдайда жұмыстың энергиялық құндылығының
жоғары болуына əкеледі. Мəселен, 3500 метр биіктікте жазыққа
қарағанда бірдей сол жұмысты орындау кезінде О
2
пайдалану 5%-ға
көп.
Биіктікте бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету бойынша тыныс
алу мен қан айналу жүйелерінің қызметінің күшеюі теңіз деңгейіне
қарағанда неғұрлым тез қажудың дамуына алғышарттар жасайды.
Жоғары биіктікте болу кезінде жүйке жүйесінің функциялық
күйінде өзгерістер жүреді. Осының нəтижесінде организм қызметі-
нің қалыпты реттелуі бұзылады.
ОМП төмендеуі. Биіктікте болған бетте (немесе гипобаралық
камерада көтерілу кезінде) тыныс алатын ауадағы О
2
парциалдық
қысымына немесе барометрлік қысымына тура тəуелділікте ОМП
төмендеуі байқалады. ОМП елеулі төмендеуі тек 1500 м биіктіктен
бастап (барометрлік қысым 650 мм сынап бағанасынан төмен)
жүреді. Осы деңгейден кейін ОМП əр 100 м биіктік сайын неме-
се тыныс алатын ауамен О
2
парциалдық қысымының əр 5 мм сы-
нап бағанасына түсуіне шамамен, 1% азаяды. «Жазықтағы» ОМП
қатысты 2000-2300 м биіктікте (Мехико-сити, Цахкадзор деңгейі)
ОМП орта есеппен 10-17%, 3000 м биіктікте 20%, 4000 м биіктікте
30% төмендейді. Барометрлік қысым теңіз деңгейіндегі қалыпты
атмосфералық қысымның жартысына жуығын құрайтын 6000 м
биіктікте теңіз деңгейіне қарағанда ОМП орта есеппен екі есе төмен
болады.
Биіктікте ОМП төмендеуі артериялық қандағы О
2
мөлшерінің
азаюымен анықталады.
Теңіз деңгейінде де байқалатын ОМП-да өте үлкен жеке
айырмашылықтар биіктіктің артуымен өсіп отырады. Неғұрлым
жаттыққан адамдарда биіктікте болған сəтте-ақ олардан азырақ
жаттыққан адамдарға қарағанда ОМП-дың тіпті, көп төмендеуі
жүреді.
317
Биіктік акклиматизациясы (Биіктікке бейімделу)
«Биіктік акклиматизациясы» термині биіктікте ұзақ уақыт
үзіліссіз көбірек немесе азырақ болу үдерісінде туындайтын ар-
найы физиологиялық бейімделудің жиынтығымен түсіндіріледі. Бұл
бейімделу адам организміне тыныстайтын ауадағы оттегінің төмен
қысымы ықпалын төмендетеді жəне осы арнайы жағдайларда оның
жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады.
Биіктік жағдайларына табиғи бейімделудің негізгі механизмде-
рін екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі, дене ұлпаларына
оттегі тасымалдануының күшеюін қамтамасыз етеді, екіншісі,
ұлпалық деңгейде əсер ете отырып, энергияның аэробтық түзілуі
үшін жасушалардың оттегіні тиімді пайдалануының күшеюіне
бағытталады.
Неғұрлым биіктікте болу кезеңі ұзағырақ болса, соғұрлым оған
бейімделу жетіле түседі жəне соғұрлым сол биіктікте жұмысқа
қабілеттілік жоғары болады. Биіктік акклиматизациясы үшін қажетті
уақыттың минималды кезеңі ең алдымен, оның биіктігіне байланыс-
ты болады: 2000-2500 м биіктікте шамамен, 7-10 күн, 3600 м биіктікте
15-21 күн, 4500 м биіктікте 21-25 күн. Бұл тек болжамды мерзімдер,
өйткені көпшілігі адамның жеке бас ерекшеліктеріне байланысты
болады. Сонымен бірге, тауларда болудың кез келген ұзақтығы
кезінде теңіз деңгейіндегі сол адамға тəн жұмысқа қабілеттілік
деңгейіне жетпейді. Биіктікте болған жазық тұрғындарында
таудың тұрғылықты тұрғындарына тəн оттегіні тасымалдаудағы
жəне утилдеудегі үнемдеу деңгейіндей болмайды. Кейбір адамдар
биіктікке мүлдем акклиматизацияланбайды жəне биіктік ауруынан
зардап шегеді. Кейде бұл тіпті, тауда дүниеге келген адамдарда да
байқалады.
Биіктікте болу ұзақтығы бойынша акклиматизацияның төрт
деңгейін ажыратады:
1. Жедел – 30 мин. дейін;
2. Қысқа мерзімдік – бірнеше апта;
3. Ұзақ – бірнеше ай;
4. Тұрақты – биіктікте үнемі мекендеу.
Гипобаралық гипоксия жағдайына бейімделудің негізгі
механизмдеріне:
– өкпе вентиляциясының артуы жəне қан мен басқа ұлпалардың
қышқыл-сілтілік тепе-теңдігіндегі өзгерістер;
318
– өкпенің диффузиялық қабілетінің күшеюі;
– қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің жоғары-
лауы;
– ұлпалық деңгейдегі өзгерістер жатады.
Өкпе вентиляциясының артуы. Адаптациялық гипервенти-
ляция биіктікте болған алғашқы бірнеше сағаттарда-ақ байқалады.
Бірнеше күн барысында сол жүктемені орындау кезінде өкпе
вентиляциясының əрі қарай артуы жүреді. Осы биіктікте бір аптадан
соң ӨВ жоғарылаған деңгейі тұрақтанады. Гипобаралық гипоксия
жағдайына ұзақ мерзімдік акклиматизация тыныс алу реттелуінің
хеморецепторлық механизмі сезімталдығын азайтады: тыныс
алу орталығына рефлекстік ықпалы жəне оның гипоксиялық пен
гипокапниялық стимулдарға реакциясы əлсірейді.
Жазық жағдайға оралғанда ӨВ кəдімгі деңгейге жетуі үшін
бірнеше апта қажет болады.
Өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің жоғарылауы. Өкпе-
нің диффузиялық қабілеттілігі биіктік акклиматизациясы үдерісінде
баяу өзгереді. Тіпті, 5800 м биіктікте 6 ай болғаннан кейін өкпенің
диффузиялық қабілетінде елеулі өзгерістер байқалмайды. Сонымен
бірге ол жоғары биіктіктің тұрғылықты тұрғындары мен ұзақ өмір
сүрушілерінде жазық жердің тұрғындарына қарағанда жоғары бола-
ды.
Биіктікте ұзақ өмір сүретін адамдарда газдар диффузиясы үшін
өкпенің жалпы беткейі біршама артады, ол ең алдымен, өкпе капил-
лярлары көлемі мен альвеола ауданының олардың үнемі созылуы
– дилятациясы арқасында артуы есебінен жүреді. Бұл альвеолалық-
капиллярлық мембрананың жұқаруына əкеледі. Нəтижесінде ол
арқылы О
2
молекулаларының диффузиясына қолайлы жағдай туады.
Кеңейген өкпе капиллярлары арқылы қан айналысының баяулауы да
О
2
диффузиясы үшін жағдайды жақсартады.
Биік таулы аймақтың тұрғылықты тұрғындарында жазық жердің
тұрғындарымен салыстырғанда барлық өкпе сыйымдылықтары
(жалпы, тіршілік, функциялық қалдық) көрсеткіштері мен өкпенің
қалдық көлемі ұлғайған.
Қан жүйесіндегі өзгерістер. Қан жүйесіндегі негізгі адапта-
циялық өзгерістер оның оттегі тасымалдау мүмкіндіктерінің
жоғарылауына бағытталған.
Биіктікке акклиматизация қан жəне басқа ұлпалардағы төмен
319
О
2
мен СО
2
парциалдық кернеуіне бейімделу болып табылады.
Биіктік гипервентиляциясы альвеолалық ауадағы жəне сəйкесінше,
артериялық қандағы О
2
парциалдық қысымының түсуіне кедергі
келтіреді. Бірақ биіктікте болған сəтте байқалған артериялық
қандағы О
2
парциалдық кернеуінің төмендеу дəрежесі бірнеше
апта бойы акклиматизация барысында тұрақты болып қалады.
Биіктікте қысқа мерзімдік болу кезінде ӨВ өсуімен бірге артериялық
қандағы СО
2
парциалдық кернеуінің төмендеуі жалғаса береді. Де-
генмен, биіктікке ұзақ мерзімдік акклиматизация нəтижесінде ол
жоғарылайды. Ол тыныштық күйдегі сияқты əсіресе, бұлшық ет
жұмысы кезінде айқындалады.
Қан мен дененің басқа сұйықтықтарындағы қышқылдық-
сілтілік тепе-теңдік биіктікте бірнеше күн болу барысында қаннан
бүйректер арқылы (бикарбонаттардың) сілтілердің күшті экскре-
циясы мен олардың зəрмен кетірілуі арқасында біртіндеп қалпына
келеді. Қаннан бикарбонаттардың күшті экскрециясы оның рН
қалыпты (7,40 жуық) мөлшерге дейін қалпына келгенде тоқтайды.
Алкалоздың төмендеуі өкпе вентиляциясының əрі қарай күшеюіне
əкеледі.
Жоғары биіктікке акклиматизацияланған адамдар қанында
буферлік негіздер (сілтілік резерв) мөлшерінің азаюының теріс əсері
бар: метаболизмдік қышқылдардың (ең алдымен, сүт қышқылының)
түзілуімен жəне олардың қанға бөлінуімен байланысты бұлшық
ет жұмысы кезінде туындайтын ацидозға қарсы тұру қабілеті
төмендейді. Бұл жұмыс қабілеттіліктің төмендеуі себептерінің бірі
болуы мүмкін.
Артериялық қандағы лактат концентрациясы стандартты
субмаксималды аэробтық жүктемені орындау кезінде биіктікке ак-
климатизация барысында төмендейді. Əрі сол адамға тəн қандағы
лактаттың максималды концентрациясы да ұзақ мерзімдік биіктікке
акклиматизация үдерісінде біршама азаяды.
Қан плазмасының көлемі биіктікте алғашқы бірнеше күндер
болу барысында жазықтағы көлеммен салыстырғанда төмен болады.
Сондықтан гематокрит көрсеткіші артқан жəне қандағы эритроцит-
тер мен гемоглобин концентрациясы жоғарылаған. Мұнда неғұрлым
биіктік жоғары болса, соғұрлым плазма жоғалту күштірек (гемокон-
центрация дəрежесі жоғары) болады.
Плазма көлемінің бас кезінде төмендеуі гипервентиляция мен тер
320
бөлінудің күшеюі нəтижесінде жалпы дегидратация салдарынан бо-
лады. Тауларда болғандағы алғашқы күндері суды жеткіліксіз пайда-
лану дегидратацияны күшейтуі мүмкін. Бұл кезеңдерде қатты шөлдеу
сезімі болмайтындықтан тіпті, сұйықтыққа субъективті қажеттілік
туындамаса да оны қабылдау керек. Биіктікте əрі қарай болу
үдерісінде қан айналымдағы плазма көлемі бастапқы («жазықтағы»)
деңгейге дейін қалпына келеді. Орта биіктік жағдайында бұл үшін
бірнеше ай қажет болады.
Қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшері биіктікте
болудың алғашқы күндері гемоконцентрациямен байланысты
жоғарылайды. Гемоконцентрация артериялық қандағы оттегінің
қалыпты мөлшерін ұстап тұруды қамтамасыз етеді жəне осыған
орай организмнің гипоксиялық жағдайға тез бейімделуінде маңызды
рөл атқарады.
Тауда алғашқы күндері болғанда қандағы эритроциттер санының
шынайы артуына əкелетін эритропоэз күшейеді. Ол 3000 м-ден
жоғары биіктікте 3-4 күн болғанда-ақ байқалады. Қан айналымдағы
үлкен өлшемдегі эритроциттер мен ретикулоциттер саны арта-
ды. 4800 м-ге дейінгі биіктікте эритроциттердің жалпы саны мен
сəйкесінше концентрациясының артуы дəрежесі таулардың биіктігі
жəне онда болу ұзақтығымен сызықтық тəуелділікте болады. 6000
м-ге дейінгі биіктіктің артуы кезінде эритропоэз төмендейді. Шыңға
өрмелеушілерде (альпинистерде) 7000 м-ден асатын биіктікте
бірнеше күн болған соң эритроциттер мөлшері 8,5 млн/мм³-ге жетеді.
15-кестеде көрсетілгендей таудың тұрғылықты тұрғындарында
неғұрлым мекен орнының биіктігі артқан сайын соғұрлым эритро-
циттер мөлшері көбірек болады.
15-кесте
Биіктікке байланысты қандағы эритроциттер мөлшері
Биіктік (м)
0
1000 1500
2500
3500
4500
5500
6500
Эритроциттер
мөлшері (млн/
мм
3
)
5,3
5,4
5,5
5,8
6,2
6,6
7,3
8,2
Эритроциттердің жалпы саны (массасы) артуы есебінен биіктікке
акклиматизацияланған адамдарда қан айналымдағы қан көлемі
жоғары болады.
321
Биіктікке акклиматизацияның бастапқы кезінде жүретін гемо-
концентрация жəне одан кешірек байқалатын қан айналымдағы
эритроциттер санының шынайы артуы гематокрит пен қан
тұтқырлығының жоғарылауына əкеледі. Ал бұл өз кезегінде
перифериялық тамыр кедергісінің жоғарылауына əкеле отырып,
осылайша гемодинамикаға ықпал етеді. Эритроциттер мөлшерінің
(гематокрит) біраз өзгерістері қан тұтқырлығына елеулі ықпал жа-
самайды. Тек олардың концентрациясының (мысалы, биік таулы
аудандардағы тұрғындарда байқалатын) айтарлықтай артуы қан ай-
налымына белгілі теріс ықпал ете алады.
16-кесте
Əртүрлі биіктіктерде тыныштық күйде
акклиматизацияланған адамдардың қан жүйесі көрсеткіштері
Биіктік,
м
Қан
айналымдағы
қан көлемі
(ҚАҚК),
мл/кг дене
салмағына
Гемоглобин
концент-
рациясы,
г %
Қанның
оттектік
сыйымды-
лығы,
%
О
2
қанығу
пайызы,
%
Артерия-
лық
қандағы О
2
мөлшері, %
0 (теңіз
деңгейі)
79,6
15,3
20,0
97
20,0
3100
83,0
16,8
22,5
91
20,5
3600
96,0
18,8
25,2
87
21,9
4600
104,0
20,7
27,8
81
22,4
6500
-
24,8
33,3
65
21,7
Гемоглобиннің қосымша мөлшерінің түзілуі басында эритроцит-
тер санының өсуімен салыстырғанда біршама кідіреді. Бірақ аккли-
матизация үдерісінде біртіндеп күшейеді, қандағы гемоглобин кон-
центрациясы артады, осылайша қанның оттектік сыйымдылығы
жоғарылайды (16-кесте).
Мұнда эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрация-
сы өзгеріссіз қалады. Гемоглобин концентрациясының жоғарылауы
оның оттегімен қанығу пайызының төмендігіне қарамастан
артериялық қандағы оттегінің қалыпты немесе тіпті, біршама
жоғары мөлшерін ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Орта биіктік жағдайында эритроциттер саны мен гемоглобин
концентрациясының артуы өте баяу жүреді. Ол неғұрлым биіктік
322
жоғары жəне онда ұзақ уақыт болған сайын соғұрлым көбірек бо-
лады. Өте үлкен биіктіктерде қандағы гемоглобин концентрациясы
жылдам жəне айтарлықтай мөлшерде өседі. Ол таудың тұрғылықты
тұрғындарында 20 г %-дан асады. Əр 300 м биіктік артқан сайын
қандағы гемоглобин концентрациясы ер адамдарда орта есеппен
2,1%-ға жəне əйел адамдарда 1,8%-ға артады.
Оксигемоглобин диссоциациясы қисық сызығы биіктікке аккли-
матизация үдерісінде оңға жылжиды, бұл ұлпалардың оттегімен
жабдықталуын жеңілдетеді. Бұл əсіресе, жұмыс атқарушы бұлшық
еттер үшін маңызды. Мұндай ығысу механизмдерінің бірі тауда
үнемі мекендейтін адамдарда байқалатын эритроциттердегі 2,3-
ДФГ концентрациясының жоғарылауы болуы мүмкін. Бірақ тіпті,
биіктікке толық акклиматизациядан кейін де əсіресе, бұлшық ет
жұмысы кезінде артериялық қандағы О
2
парциалдық кернеуінің
төмендеуінен ұлпалардың оттегімен жабдықталуы қиындайды.
Қан айналу жүйесіндегі өзгерістер. Биіктікте болудың алғашқы
күндері жүректің минуттық қан көлемі субмаксималды аэробтық
жүктемені орындау кезінде теңіз деңгейіне қарағанда көбірек бола-
ды. Одан соң ол біртіндеп төмендейді жəне бірнеше апта барысында
жазық жағдайына тəн мөлшерге жетеді. Оның градуалды төмендеуі
қанның оттектік сыйымдылығының (гемоглобин концентрациясы)
жоғарылауы бойынша жүреді.
ЖЖЖ салыстырмалы аз жүктеменің əсер етуі кезінде
биіктікте болудың алғашқы кезеңінде жоғарылайды, бірақ
акклиматизацияның соңғы сатыларында теңіз деңгейіндегідей бо-
лады. Бұл көрсеткіш қуаттылығы өте үлкен жұмыстарды орындау
кезінде акклиматизацияланған адамдарда жазықтағы мөлшерге
қарағанда тіпті, төменірек болады.
Максималды жүректің минуттық қан көлемі орта биіктік
жағдайының бастапқы кезеңдерінде өзгермегенмен, алайда биіктікте
болу барысында біршама төмендейді. Бұл систолалық көлемнің аза-
юы нəтижесі болып табылады, өйткені максималды ЖЖЖ көбіне,
өзгеріссіз қалады. Осымен қатар үлкен биіктікте систолалық
көлемнің азаюымен қатар ЖЖЖ төмендеуі есебінен максималды
жүректің минуттық қан көлемі айтарлықтай төмендейді. Биіктік
гипоксия жағдайында максималды ЖЖЖ төмендеуі биіктікке
бейімделу механизмдерінің бірі – парасимпатикалық белсенділіктің
күшеюімен байланысты.
323
Биіктікке акклиматизацияланған жазық тұрғындарында тау-
ларда болу кезінде перифериялық тамыр кедергісі төмен бола-
ды. Коронарлық тамырлар, ми тамырлары жəне т.б. тамырлардың
кеңеюіне гипоксия стимул жасайды. Мұндай өтемелі тамыр-
лар кеңеюі болмаса, қан көлемінің артуы, оның тұтқырлығының
жоғарылауы жəне оттегімен төмен қанығуы жүрек жұмысына
өте көп жүктеме түсіруші еді. Биік таулы жердің тұрғылықты
тұрғындарында жазық тұрғындарына қарағанда артериялық қан
қысымы біршама төмен болады. 3000 м жоғары биіктікте өмір
сүретін адамдарда өкпе тамырларында кедергінің жоғары болуы-
мен жəне жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясымен
жүретін кіші (өкпелік) қан айналу шеңберінде қысым жоғарылайды.
Бұл өкпедегі вентиляция мен перфузияның неғұрлым бірқалыпты
қатынасын қамтамасыз етеді. Осының салдарынан альвеолалық ауа
мен артериялық қан арасындағы О
2
қысымы айырмашылығы азая-
ды. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер жазыққа оралған кезде тек өте
біртіндеп барып жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |