Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47

Артерия  қанындағы  О

2

  мөлшері.  Спортшыларда  дене 

жаттығуларымен шұғылданбайтын адамдардағы сияқты кез келген 

қуаттылықты  аэробтық  жүктеме  кезінде  артерия  қанындағы  оттегі 

мөлшері  тек  төмендеп  қоймай  тыныштық  күйіне  қарағанда  тіпті, 

жоғары  да  болады.  Мысалы,  максималды  қуаттылықты  аэробтық 

жұмыс  кезінде  ең  бастысы  оттегімен  гемоглобиннің  пайыздық 

қанығуының  төмендеуімен  байланысты  артерия  қанындағы 

оттегінің  біраз  төмендеуі (0,2 мл  О

2

/100  мл  қанға  жуық)  жұмыс 



гемоконцентрациясы  нəтижесінде  гемоглобин (2,5 мл  О

2

/100  мл 



қанға) концентрациясының жоғарылауы есебінен артық мөлшермен 

өтеледі.


Төзімділікке 

жаттығатын 

спортшыларда 

спортпен 

шұғылданбайтын адамдарға қарағанда эритроциттердегі 2,3-ДФГ 

концентрациясы 15-20% жоғары болады. Осының арқасында төзімді 

спортшылардың ұлпалық капиллярларында гемоглобинмен оттегінің 

берілуі  жеңілдетілген.  Бұл  қанның  оттегі  тасымалдау  қызметінің 

тиімділігін жоғарылатады.


192

Қандағы  сүт  қышқылы.  Төзімділік  жаттығуларында  жарыс 

арақашықтығының  ұзындығы  мен  қандағы  лактат  концентрация-

сы арасындағы сызықтық емес кері тəуелділік бар, яғни неғұрлым 

арақашықтық ұзынырақ (оның өту ұзақтығы көбірек) болған сайын, 

соғұрлым  қандағы  лактат  концентрациясы  азырақ  болады  (49-су-

рет).

Қандағы сүт қышқылының мөлшері бұлшық ет жұмысын орын-

дау кезінде 3 негізгі факторларға: 

1)  оттегі  тасымалдау  жүйесінің  жұмыс  атқаратын  бұлшық 

еттердің оттегі тұтынуын қанағаттандыру қабілетіне; 

2)  аэробтық  жəне  анаэробтық  (гликолиздік)  энергия  өндірудегі 

жұмыс атқарушы бұлшық еттердің мүмкіндіктеріне;

3)  жұмыс  атқаратын  бұлшық  еттерден  қанға  түсетін  сүт 

қышқылын организмнің утилдеу қабілеттеріне байланысты болады.

0

0



20

40

60



80

100


8

16

24



32

40

 

 

 

 



 %

49-суретƏртүрлі арақашықтықта жүгіру соңындағы сүт қышқылы 

концентрациясы (Я. М. Коц бойынша)

Төзімділікке  жүйелі  жаттықтыру  үдерісінде  бұлшық  еттердегі 

жəне  қандағы  лактат  мөлшері  бірдей  максималды  емес  аэробтық 


193

жүктемені орындау кезінде прогрессивті (ілгерілей) төмендейді. Кез 

келген  бірдей  абсолютті  аэробтық  жүктеме  кезінде  спортшыларда 

спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда артерия қанындағы 

лактат концентрациясы төмен болады. Бұл төмендеуді бірнеше фак-

торлар анықтайды.



Біріншіден,  төзімді  спортшыларда  қаңқа  бұлшық  еттерінің 

аэробтық  потенциалы  жоғары.  Осының  арқасында  жаттықпаған 

адамдарға  қарағанда  олардың  бұлшық  еттері  сүт  қышқылын  аз 

өндіреді, себебі энергия түзілудің жоғары дəрежеде аэробтық жолы 

қолданады. Мұны бірдей жұмыс кезіндегі бұлшық еттердегі лактат 

концентрациясының жаттықтырудан кейін төмендеуінен көруге бо-

лады.

Екіншіден,  спортшыларда  оттегі  тасымалдау  жүйесі  неғұрлым 

тез  бабына  келеді.  Ұзақ  аэробтық  жаттығу  кезінде  қандағы 

лактаттың  жоғары  концентрациясы  оттегі  тапшылығымен  байла-

нысты  жұмыстың  алғашқы  минуттарында  байқалатыны  белгілі. 

Жаттықпаған  адамдармен  салыстырғанда  төзімді  спортшыларда 

қандағы  лактат  концентрациясының  жоғарылауы  жұмыстың    бас 

кезінде айтарлықтай азырақ болады.

Үшіншіден,  төзімділікке  жаттығатын  спортшылар  бұлшық 

еттерінде  түзілген  сүт  қышқылын  утилдеудің  күшеюі  байқалады. 

Бұған барлық бұлшық ет талшықтарының жоғары аэробтық потен-

циалы жəне əсіресе, баяу бұлшық ет талшықтарының жоғары пайы-

зы, сонымен қатар жүректің ұлғайған салмағы əкеледі. Баяу бұлшық 

ет талшықтары миокард сияқты сүт қышқылын энергиялық субстрат 

ретінде  белсенді  қолдануға  қабілетті.  Бұдан  басқа  бірдей  (оттегі 

пайдалану  тең  болатын)  аэробтық  жүктеме  кезінде  жаттықпаған 

адамдарға  қарағанда  спортшыларда  бауыр  арқылы  қанның  өтуі 

жоғары болады. Бұл да бауырдың қаннан сүт қышқылын неғұрлым 

қарқынды экстракциялауына жəне оның əрі қарай глюкоза мен гли-

когенге айналуына мүмкіндік туғызады (Кори циклі).



Төртіншіден

спортшыларда 

спортпен 

шұғылданбайтын 

адамдарға  қарағанда  ұлғайған  қан  айналымдағы  қан  көлемі  көп 

сұйылуы есебінен бұлшық еттен қанға түсетін лактат концентраци-

ясын төмендетеді.

Сайып  келгенде,  төзімділікке  жаттықтыру  тек  аэробтық 

мүмкіндіктерді  жоғарылатып  қана  қоймай  (ОМП)  жəне  қандағы 

сүт  қышқылының  айтарлықтай  ұлғаюынсыз  жүретін  үлкен  ұзақ 



194

аэробтық  жүктемені  орындау  қабілетін  дамытады.  Бұл  салыстыр-

малы  үлкен  ұзақтықты  жаттығуларға  маманданған  спортшыларда 

төзімділікті жоғарылатудың маңызды механизмдерінің бірі.

Соңғы  жылдары  сипатталған  өзгерістердің  жалпы  көрсеткіші 

ретінде  лактацидемиялық  анаэробтық  табалдырықты  (ЛАТ) 

өлшеу, немесе артерия қанында 4 моль/л лактат концентрациясына 

алғаш жететін (ЛАТ

4

), немесе артерия қанындағы лактат концентра-



циясын  əрі  қарай  жоғарылату  кезінде  жылдам  өсуінен  басталатын 

(ЛАТ


и

) ең аз жүктемені анықтау кең қолданылады. Лактацидемиялық 

анаэробтық табалдырық вентиляциялық анаэробтық табалдырыққа 

(ВАТ) жуық. Анаэробтық табалдырықты басқаша анаэробтық алма-

су табалдырығы (АНАТ) деп атайды. 

Анаэробтық  табалдырық  организмнің  аэробтық  мүмкіндіктері-

нің көрсеткіші болып табылады: неғұрлым аэробтық мүмкіндіктері-

нің  көрсеткіші  көп  болса,  бұл  табалдырық  та  соғұрлым  жоғары 

болады.  ОМП  мен  бір  жағынан  ұзақ  арақашықтықтағы  спорт 

нəтижелері,  екінші  жағынан,  анаэробтық  табалдырық  арасында 

тура  тəуелділік  бар.  Əртүрлі  мамандану  өкілдерінде  анаэробтық 

табалдырық бірдей емес: ол ең жоғары төзімділікті жаттықтыратын 

спортшыларда  болады.  Жоғары  білікті  төзімді  спортшыларда  ол 

ОМП 70-80% аса оттегі пайдаланумен жүретін жүктемелер кезінде 

ғана,  ал  жаттықпаған  адамдарда  ОМП 45-60% тең  оттегі  пайдала-

нумен  жүретін  жүктеме  кезінде-ақ  жетеді.  Айтулы  марафоншылар 

анаэробтық  табалдырықтан  төмен  деңгейде  (қандағы  лактат  кон-

центрациясы 4 ммоль/л аз) олардың жеке-дара ОМП 80-85% сəйкес 

келетін оттегі пайдалану жылдамдығымен арақашықтықты жүгіріп 

өтеді.


Оттегіні  пайдалану  ОМП  деңгейінде  жəне  шекті  ұзақтығы 

бірнеше  минутқа  дейін  болатын (1500 м-ге  жүгіру,  академиялық 

есу,  т.б.)  салыстырмалы  қысқа  мерзімдік  максималды  аэроб-

ты  жүктемені  орындау  кезінде  іс  басқаша  белгілі  жағдайда  бола-

ды.  Мұндай  жаттығуларды  орындау  кезінде  бұлшық  еттік  энергия 

өндіруге  анаэробтық  гликогенолиз  айтарлықтай  үлес  қосады,  бұл 

жұмыс атқарушы бұлшық еттерде сүт қышқылының көп мөлшерде 

түзілуіне  əкеледі.  Спортшыларда  спортпен  шұғылданбайтын 

адамдарға  қарағанда  максималды  аэробтық  жұмыс  (критикалық 

аэробтық  қуаттылық)  қуаттылығы  айтарлықтай  жоғары  болады. 

Осының  салдарынан  спортшыларда  спортпен  шұғылданбайтын 


195

адамдарға  қарағанда  ОМП  деңгейіндегі  жұмыс  кезіндегі  қандағы 

лактат  концентрациясы  (сəйкесінше, 140 жəне 90 мг%  немесе 15 

жəне 10 ммоль/л  жуық)  жоғары.  Мұндай  жаттығуларда  нəтиже 

неғұрлым  жоғары  болған  сайын,  яғни  спортшы  арақашықтықта 

ұстап тұра алатын максималды аэробтық қуаттылық жоғары болған 

сайын соғұрлым арақашықтық мəресінде қандағы лактат концентра-

циясы жоғары болады.



Қанның  қышқылдық-сілтілік  тепе-теңдігі.  Қандағы  сутек 

иондарының  концентрациясы  (рН)  ең  көп  дəрежеде  ондағы  сүт 

қышқылының мөлшеріне, сонымен қатар СО

2

 парциалдық кернеуіне 



жəне қанның буферлік мүмкіндігіне тəуелді келеді. Тыныштық күйде 

спортшылар артериялық қанындағы рН спортпен шұғылданбайтын 

адамдармен  бірдей  болады.  Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  ол  сүт 

қышқылының  концентрациясымен  анықталатындықтан  қан  лакта-

тына  қатысты  жаттықтыру  əсері  туралы  сөз  болған  жағдайлар  рН 

үшін де тəн. Төзімділікке жаттығатын спортшыларда рН төмендеуі 

неғұрлым айтарлықтай жүктемелер кезінде жүреді жəне жаттықпа-

ған  адамдарға  қарағанда  аз  болады.  Осымен  қатар  спортшылар-

да  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  максималды 

аэробтық  жүктеме  кезінде  рН  төмендеуі  көп  орын  алады.  Шекті 

жағдайларда жоғары білікті спортшыларда артериялық қандағы рН 

7,0-ге  дейін  жəне  тіпті,  одан  да  (əсіресе,  көбіне  ескек  есушілерде) 

төменге түсуі мүмкін. 

Қанның буферлік қосылыстары оның қышқылдық-сілтілік тепе-

теңдігін реттеудегі маңызды механизмі болып табылады. Тыныштық 

күйде қандағы стандартты бикарбонат мөлшері орта есеппен спорт-

шыларда  жаттықпаған  адамдардағы  сияқты  (сəйкесінше, 24,3 

жəне 24,4 мэкв/л)  болады.  Дегенмен  оның  төмендеуі  спортшы-

ларда  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  неғұрлым 

елеулі жүктемелер кезінде жүреді. Бұл ең алдымен, қандағы лактат 

концентрациясы  өзгерісіндегі  сипатталған  айырмашылықтармен 

түсіндіріледі: спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға 

қарағанда лактацидемия дəрежесі төмен болады.



Артерия  қанындағы  СО

2

  парциалдық  кернеуі  өте  үлкен 

жүктемелер  кезінде  біршама  төмендейді.  Мұнда  спортшыларда 

тыныс  алудың  неғұрлым  жетілген  реттелуімен  байланысты  олар-

да  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  біраз  азырақ 

төмендейді. 


196

Қан  глюкозасы.  Спортшылар  мен  спортпен  шұғылданбайтын 

адамдарда  тыныштық  күйде  қандағы  глюкоза  концентра-

циясы  бірдей.  Салыстырмалы  қысқа  мерзімдік  төзімділікке 

жаттығулар  кезінде  тыныштық  деңгейіне  қатысты  ұлғаю  тенден-

циясы  байқалады,  ал  ұзақ  жаттығулар  кезінде  біртіндеп  төмендеу 

(тыныштық  күйде 80-100 мг%-дан 50-60 мг%-ға  дейін)  көрініс 

береді.  Төзімділікке  жаттықтыру  нəтижесінде  қандағы  глюкоза 

концентрациясының мұндай төмендеуі азая бастайды, кешірек пай-

да  болады  жəне  қандағы  глюкоза  мөлшерінің  төмендеуі  (гипогли-

кемия)  кезіндегі  жұмыс  кезеңі  неғұрлым  ұзарады.  Жоғары  білікті 

спортшыларда тіпті, марафондық жүгіруден кейін де қандағы глю-

коза концентрациясының төмендеуі байқалмайды.

Қорытындылай  келе,  жаттықтыру  үдерісінде  жүретін  жəне 

төзімділіктің жоғарылауына əкелетін қандағы негізгі өзгерістер:

1)  қан  айналымдағы  қан  көлемінің  ұлғаюына  (көп  мөлшерде 

эритроциттерге қарағанда плазманың жалпы көлемінің жоғарылауы 

есебінен, яғни гематокрит төмендеуінен);

2)  максималды  емес  аэробтық  жүктеме  кезінде  жұмыс 

лактацидемиясының (жəне сəйкесінше ацидемия) төмендеуіне (жал-

пы  түрде  мұны  анаэробтық  табалдырықтың  жоғарылауы  ретінде 

анықтауға болады);

3)  максималды  аэробтық  жүктемелер  кезінде  жұмыс 

лактацидемиясының  (жəне  сəйкесінше  ацидемия)  жоғарылауына 

келіп тіреледі.



Жүрек-тамыр немесе қан айналу жүйесі

Барлық дені сау адамдардағы сияқты спортшыларда сыртқы ты-

ныс алу оттегіні пайдалану жылдамдығын лимиттемейді, оттегі та-

сымалдау мүмкіндіктері негізінен қан айналу мүмкіндіктерімен, ең 

алдымен, жүректің тамырлар бойымен қанның көп мөлшерін айдау 

қабілетімен анықталады. Осылайша қаннан оттегі алатын жұмысшы 

бұлшық еттер жəне альвеолалық ауадан оттегі қапсырылатын өкпе 

арқылы қанайналымның жоғары көлемді жылдамдығы қамтамасыз 

етіледі.

Жүрек  жұмысы  көрсеткіштері.  Фик  теңдеуіне  сəйкес  оттегі 

пайдалану  (О

2

П)  жүректің  минуттық  қан  көлеміне  жəне  оттегі  бо-



197

йынша  артерия-веналық  айырмасына  (АВА-О

2

)  тура  тəуелділікте 



болады: О

2

П=МҚКхАВА – О



2

. Өз кезегінде жүректің минуттық қан 

көлемі систолалық қан көлемінің (СҚК) жүректің жиырылу жиілігіне 

(ЖЖЖ) көбейтіндісі ретінде анықталады: МҚК=СҚКхЖЖЖ.



10-кестеде төзімділікке жаттыққан спортшылар мен жаттықпа-

ған  ер  адамдардың  оттегі  тасымалдау  жүйесінің  осы  негізгі 



функциялық көрсеткіштерінің орташа мəліметтері көрсетілген.

Осы  мəліметтер  бойынша  жоғары  білікті  спортшылардың 

үлкен  аэробтық  мүмкіндіктері  (ОМП)  негізінен  систола  кезінде 

қарыншаның  əр  жиырылуы  кезінде  шыққан  қан  мөлшерінің,  яғни 

жүректің  систолалық  қан  көлемінің  (СҚК)  артуы  есебінен  жететін 

жүректің  минуттық  қан  көлемінің  көп  болуын  қамтамасыз  етуге 

қабілетті жүректің жоғары қызметімен анықталады. 

Тыныштық  күйде  жүректің  жиырылу  жиілігі  спортшыларда 

(50-55  екп/мин)  жаттықпаған  адамдармен  салыстырғанда  төмен 

болады.  Экстра  класс  өкілдері  спортшыларында  (шаңғышы-

жарыскерлерде,  веложарыскерлерде,  марафоншы  желаяқтарда) 

ЖЖЖ минутына 30-35 рет болады. ЖЖЖ жас, жыныс, қоршаған орта 

жағдайлары, дене қалпы сияқты көптеген факторларға байланысты 



(11-кесте). Дене жүктемесі жүректің минуттық қан көлемінің арту-

ын қамтамасыз етілуіне қажетті ЖЖЖ жоғарылауына əкеледі. Бұл 

көрсеткіш жүктеме тестілерін жүргізудегі маңызды көрсеткіштердің 

бірі  ретінде  қолданылады.  ЖЖЖ  мен  жұмыс  қарқындылығы  ара-

сында сызықтық тəуелділік байқалады (50-сурет).

Тыныштық  күйде  жаттыққан  спортшыларда  оттегі  пайдала-

ну  жылдамдығы,  жүректің  минуттық  қан  көлемі  жəне  АВА-О

2

 



мəні  бойынша  жаттықпаған  адамдардың  осы  көрсеткіштерінен 

ерекшеленбейді.  Бірдей  минуттық  қан  көлемі  кезінде  төзімділікті 

жаттықтыратын  спортшыларда  спортпен  айналыспайтын  не-

месе  жылдамдықты-күштік  спорт  түрлерімен  шұғылданатын 

спортшыларға қарағанда ЖЖЖ 10-20 екп/мин. төмен болады.

ЖЖЖ  төмендеуі  (брадикардия)  төзімділікке  жаттығудың  ар-

найы  əсері  болып  табылады  (ЖЖЖ  тыныштық  күйде 30 екп/мин, 

«рекордтық» ЖЖЖ тыныштықта 21 екп/мин. төмен болуы мүмкін). 

Тыныштық  күйдегі  брадикардия  дəрежесі  ұзақ  қашықтыққа 

жүгірудегі  (стайер)  спорттық  дəрежелермен  жəне  ОМП-мен 

өзара  жақсы  байланысады  (корреляция):  тыныштық  күйде  ЖЖЖ 

неғұрлым  төмен  болған  кезде  орта  есеппен,  ОМП  жəне  спорттық 

нəтиже жоғары болады.


198

10-кесте

Жаттықпаған ер адамдар мен төзімділікті жаттықтыратын 

орташа жəне жоғары білікті спортшылардың тыныштық 

күйде жəне максималды аэробтық жүктеме кезінде оттегі 

тасымалдау жүйесінің негізгі функциялық көрсеткіштерінің 

орташа мəліметтері

Жүктеме

ЖЖЖ, 

екп/мин

СК, мл/

екп

МҚК х АВА-О

2

 = 

О

2

П

(л/мин)(млО

2

/л)

(млО

2

/мин)

Тыныштық 

күйде:

Жаттықпаған 



адамдар

70

70



5 х 50 = 250

Жаттыққан 

адамдар

55

90



5 х 50 = 250

Айтулы 


спортшылар

50

100



5 х 50 = 250

Максималды 

жұмыс 

кезінде:


Жаттықпаған 

адамдар


200

120


24 х 140 = 3400

Жаттыққан 

адамдар

195


150

30 х 150 = 4500

Айтулы 

спортшылар



190

190


36 х 155 = 5600

ЖЖЖ төмендеуі жүрек жұмысының үнемділігін жоғарылатады, 

демек,  оның  энергиялық  сұраныстары,  қанмен  жабдықталуы  жəне 

оттегі пайдалануы ЖЖЖ жоғары болған сайын соғұрлым ұлғаяды. 

Сондықтан сондай бірдей жүректің минуттық қан көлемі кезінде 

(тыныштық  күйде  жəне  бұлшық  ет  жұмысы  кезіндегі  сияқты) 

жаттыққан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда, жүрек 

жұмысының тиімділігі жоғары болып келеді.

Тыныштық күйдегі спорттық брадикардия механизмдері сан ал-

уан. Жүрекке парасимпатикалық (вагус-кезеген) тежеуші ықпалдың 

күшеюі  (парасимпатикалық  тонустың  жоғарылауы)  негізгі  рөл 

атқарады.

Қоздырушы  симпатикалық  ықпалдың  əлсіреуінің,  бүйрек  үсті 

безінің қыртысты қабатынан катехоламиндер (адреналин мен нора-

дреналин) бөлінуі азаюының жəне осы симпатикалық медиаторларға 

жүрек сезімталдығы төмендеуінің өзіндік белгілі бір маңызы бар.



199

11-кесте

Дене қалпына байланысты тыныштық күйде жəне 

жүктеменің əсер етуі кезіндегі қан айналу көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Тыныштық

күйде


Орташа

жүктеме


Макси-

малды 


жүктеме

Арқамен 


жатқанда Тұрғанда

Арқамен 


жатқанда Тұрғанда

Тұрғанда


Жүректің 

минуттық қан 

көлемі, л/мин

5,6


5,1

19,0


17,0

26,0


Жүректің 

систолалық қан 

көлемі, мл

90

80



164

151


145

Жүректің 

жиырылу 

жиілігі, екп/мин

60

65

116



113

185


Систолалық қан 

қысымы, мм 

сынап бағанасы

120


130

165


175

215


Өкпелік 

систолалық қан 

қысымы, мм 

сынап бағанасы

20

19

36



33

50

Оттек бойынша 



артериялық 

айырма, мл/л

70

64

92



92

150


Жалпы 

перифериялық 

тамыр кедергісі, 

дин/с/смª (а=-5)

1490

1270


485

555


415

Сол жақ 


қарынша 

жұмысы, кг/мин

6,3

7,8


29,7

27,3


47,7

О



пайдалану, 

мл/мин


250

280


1750

1850


3200

Гематокрит

44

44

48



48

52

Қазіргі  кезде  қан  айналым  көрсеткіштерін  біле  отырып, 



вегетативтік  жүйке  жүйесін  (вегетативтік  тонусты)  бағалауға 

200

мүмкіндік беретін Кердо индексі жиі қолданылады. Вегетативті то-

нус тіршілік пен сыртқы əсерлердің  тепе-теңдігін сақтау мақсатында 

барлық мүшелердің қызметін реттейтін организм функциясы болып 

табылады. Кердо индексі: 

V.I.=(1-D/P)*100

формуласы бойынша анықталады. Мұндағы, 

V.I.– вегетативтік индекс (ВИ);

d – диастолалық артериялық қан қысымы (мм сынап бағанасы);   

Р – пульс жиілігі (екп/мин).

Осы формулаға сəйкес, егер индекс мəні нөлден жоғары (+) болса, 

вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық ықпалының (симпатико-

тония), ал теріс (-) мəн болатын болса, керісінше, парасимпатикалық 

ықпалдың  (парасимпатикотония)  жоғары  екендігін  көрсетеді.  Егер 

нөлге тең болса, функциялық тепе-теңдікті (эйтония) көрсетеді. Мы-

салы, артериялық қан қысымы 130/60 мм сынап бағанасы, пульс 80 

екп/мин.  делік,  онда d/p=0,75, V.I.=+25 (симпатикотония),  ал  егер 

артериялық қан қысымы 130/80 мм сынап бағанасы; пульс 60 екп/

мин. тең болса,  d/p=1.33, V.I.=-33 (парасимпатикотония).

60

5



0

5

10



15

20

ìèí



80

100


120

140


160

50-суретДене жүктемелері қарқындылығының ЖЖЖ-не ықпалы 

(L. Droucha бойынша):

І – жеңіл жүктеме;

ІІ – орташа жүктеме;

ІІІ – ауыр жүктеме


201

Төзімді  спортшыларда  ЖЖЖ  төмендеуі  систолалық  қан 



көлемінің  ұлғаюы  есебінен  өтеледі.  Тыныштық  күйде  неғұрлым 

ЖЖЖ  төмен  болса,  соғұрлым  систолалық  қан  көлемі  жоғары  бо-

лады.  Егер  систолалық  көлем  жаттықпаған  адамдарда  тыныштық 

күйде орта есеппен, 70 мл болса, ал жоғары білікті спортшыларда 

(тыныштық күйде ЖЖЖ 40-45 екп/мин) 100-120 мл болады.

Систолалық  көлем  төзімділікке  ұзақ  қарқынды  жаттықтыру 

нəтижесінде  біртіндеп  артады  жəне  жүректегі  екі  негізгі 

өзгерістердің:  жүрек  қуысы  көлемінің  ұлғаюы  (дилятация)  жəне 

миокардтың  жиырылу  қабілетінің  жоғарылауы  салдары  болып  та-

былады.


Қарынша көлемінің ұлғаюы арқасында оның соңғы диастолалық 

көлем,  яғни  қарынша  сыйдыра  алатын  максималды  қан  көлемі  де 

өседі,  функциялық  қалдық  сыйымдылығы,  яғни  систола  аяқталған 

соң қарыншада қалған қан мөлшері жоғарылайды жəне қарыншадағы 

қанның резервті көлемі, яғни функциялық қалдық сыйымдылық пен 

қанның қалдық көлемі арасындағы айырмашылығы жоғарылайды. 

Қанның резервті көлемі жүректің функциялық резервінің өлшемі 

болып саналады: неғұрлым бұл резерв көп болса, бұлшық ет жұмысы 

кезінде  əр  жиырылған  сайын  соғұрлым  жүректен  айдалатын  қан 

көбірек болады. В. Л. Карпман мəліметтері бойынша ол спортшы-

ларда  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  тыныштық 

күйде систолалық көлемнің жоғары болғанына қарамастан сол жақ 

қарыншаның  толық  (əрине,  диастолалық)  көлемінен  біріншілерде 

50%-дан аз, ал екіншілерінде 80% жуық болады.



Жүрек жұмысының максималды көрсеткіштері максималды 

аэробтық  жүктемені  (ОМП  деңгейінде)  орындау  кезінде  тіркеледі. 

Үлкен  ОМП  тек  жоғары  максималды  жүректің  минуттық  қан 

көлемі  (МҚК)  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  екі 

есе  жоғары  болатын  спортшыларда  ғана  болуы  мүмкін.  Мəселен 

тредбанда  жүгіру  кезінде  айтулы  швед  шаңғышыларында  ОМП 

деңгейінде жүректің минуттық қан көлемі орта есеппен 38 л/мин, ал 

солардың 6,24 л/мин. ОМП жоғары біреуінде 42,3 л/мин. (81,1 мл/

кг-мин) болған.



Максималды  ЖЖЖ  тіпті,  ұзақ  емес  төзімділікке  жаттықтыру 

нəтижесінде  біршама,  бірақ  өте  айтарлықтай  емес 3-5 екп/

мин-қа  төмендейді.  Жоғары  білікті  спортшыларда  спортпен 

шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда 10-15 екп/мин.  төмен  бо-



202

латын  максималды  ЖЖЖ  көбіне, 185-195 екп/мин.  тең  болады 



(10-кестені  қараңыз).  Бұл  ұзақ  көп  жылдар  бойы  жаттықтыру 

сияқты конституциондық (туа пайда болған) ерекшеліктер салдары-

нан  да  болуы  ықтимал.  Максималды  ЖЖЖ  төмендеуіне  жүректің 

өзінің көлемінің ұлғаюы да əкелуі мүмкін. 

Спортшыларда  максималды  жүректің  минуттық  қан  көлемі 

систолалық  көлемнің  артуы  есебінен  жоғарылайды.  Систолалық 

көлем  қаншалықты  дəрежеде  артса,  соншалықты  максимал-

ды  жүректің  минуттық  қан  көлемі  жəне  сəйкесінше  ОМП  да 

жоғарылайды.  Систолалық  көлемнің  артуы – бұл  жүрек-тамыр 

жүйесі жəне тұтас барлық оттегі тасымалдау жүйесі үшін төзімділік-

ке жаттықтырудың басты функциялық нəтижесі.

Төзімділіктің  көрінуін  қажет  ететін  спорт  түрлерінің  үздік 

өкілдерінде максималды систолалық көлем 190-210 мл-ге дейін жет-

се,  ал  жаттықпаған  ер  адамдарда  көбіне, 120-130 мл-ден  аспайды. 

Салыстырмалы төмен ЖЖЖ кезіндегі жоғары систолалық көлем ең 

бастысы ұлғайған оттектік пульсті, яғни жүректің əр жиырылуына 

келетін тұтынған оттегі мөлшерін анықтайды. 

Ұлғайған максималды систолалық көлем ең əуелі:

1. Жүрек  қуысының  (қарыншаларының)  үлкен  мөлшері,  яғни 

ұлғайған  қарыншалардың  соңғы-диастолалық  жəне  функциялық 

қалдық сыйымдылығы;

2. Атап  айтқанда,  салыстырмалы  жоғары  қан  айналымдағы 

қанның  жалпы  көлемі  мен  қанның  орталық  көлемі  есебінен 

қамтамасыз  етілетін  жүрекке  қанның  веноздық  қайтарылуының 

ұлғаюы;


3. Қарыншалардың  неғұрлым  толық  босауын,  яғни  неғұрлым 

жаттыққан  жүректің  қанның  резервті  көлемін  толық  пайдалану-

ын  қамтамасыз  ететін  миокард  жиырылғыштығының  жоғарылауы 

арқасында мүмкін болады.

Сонымен  қатар  жаттықпаған  адамдарда  систолалық  көлем 

көбіне,  ОМП 40%-ға  дейін  жұмыс  жүктемесінің  артуымен 

өсетінін  атап  өткен  жөн.  Жүктемені  əрі  қарай  жоғарылату  кезінде 

ол  айтарлықтай  өзгермейді  жəне  жүректің  минуттық  қан  көлемі 

ЖЖЖ артуы есебінен өседі. Жаттыққан спортшыларда систолалық 

көлем  көбіне,  максималды  аэробтық  жүктемеге  дейін  артады.  Бұл 

олардағы  систолалық  көлемнің  өсуі  (ЖЖЖ  жоғарылауымен  бірге) 

максималды аэробтық жүктемеге дейін үлкен қуаттылықты жұмыс 



203

кезінде жүректің минуттық қан көлемінің артуының резерві болып 

табылатындығын көрсетеді. Бұдан басқа спортшы жүрегінің əр жи-

ырылуы  кезінде  тіпті,  ЖЖЖ 185-190 екп/мин.  болғанның  өзінде 

қанның көп көлемін айдауға қабілетті екенін көруге болады. Бұл тек 

миокардтың  жоғары  жиырылғыштығының  арқасында  ғана  мүмкін 

болады. Əлі неғұрлым жоғары ЖЖЖ кезіндегі систолалық көлемнің 

диастоланың (босаңсу уақыты) жəне (немесе) систоланың (жиыры-

лу  уақыты)  критикалық  қысқаруынан  азаюы  ықтимал.  Бұл  жақсы 

жаттыққан спортшыларда неліктен максималды ЖЖЖ 190 екп/мин-

тан сирек асатындығын түсіндіреді.

Оттегі  пайдалануы  бірдей  максималды  емес  аэробтық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет