Бақылау сұрақтары:
1. Теңіз бұрғылау қондырғылары не үшін қажет?
2. ЖБҚ-рын қандай түрлерге бөледі?
3. Қандай ұстау жүйелерін білесіз?
4. Зәкірлік жүйе неден тұрады ?
5. Динамикалық тұрақтандыру жүйесі неден тұрады ?
6. Екі бекіту жүйелері немен ерекшеленеді?
224
10-ТАрАу
ТҰрАҚТЫ ТЕҢІЗ ПЛАТфОрМАЛАрЫ
10.1 Теңіз тұрақты платформалары. Гравитациялық
платформалар
Теңіз тұрақты платформасы
– мұнай мен газды өндіруге, оларды
дайындауға, ұңғымалардың бұрғылауын қамтамасыз етуге арналған бұрғылау
және мұнай өндірістік қосымша қондырғыларды орнатуға, сонымен қатар
өндірістегі басқа жұмыстарды (суды қабаттарға айдау қондырғысы, ұңғымаларды
күрделі жөндеумен айналысатын қондырғылар, теңіз кәсіпшілігінде автоматтан-
дыру құрылымдары, мұнай және газды тасымалдаумен байланысты автоматтан-
дыру жабдықтары, байланыс жүйелері) жүргізуге арналған гидротехникалық
құрылым.
Теңіз тұрақты платформасы конструкциялары мен түрлері келесі
белгілерімен бөлінеді: теңіз түбіне бекітілуі және тірелу тәсілдері бойынша;
дайындалатын материалдары бойынша және т.б.
Тереңсулы теңіз
стационарлы платформалар
Қатты
Серпімді
Гравитациялық
Гравитациялы-
свайлы
Свайлық
Тартылуы
бар мұнара
Жұзбелі
мұнара
Серпімді
мұнара
Бетонд
ы
Аралас
Болат
Бетонд
ы
Болатты
Стандартты ферме
нтті
Жүзбе
лі
платформалар
RGC
RGH
RGS
RMG
RMS
RPJ
RPS
CGT
CBT
CFT
10.1-сурет. Терең сулы тұрақты теңіз платформасының классификациясы
225
10.1-суретте
тереңсулы тұрақты теңіз платформалардың классифика-
циясы келтірілген. Классификацияның бірінші деңгейінде тұрақты теңіз
платформаларының қатты және серпімдіге бөлінгені байқалады. Авторлардың
ойы бойынша мұндай бөлу өте дұрыс деп саналады, өйткені ол платформаның
конструкциясын белгілейді (өлшемдері, конфигурациясы) және өздерінің
тербеліс периодын көрсетеді. Қатты тұрақты теңіз платформаларда ол 4-6
құраса, ал серпімді тұрақты теңіз платформаларда 20 асады, кей жағдайларда
138 дейін жетеді.
Классификацияның екінші деңгейінде: олардың тұрақтылығын қамтамасыз
ету тәсілі бойынша сыртқы жүктемелер әсерінен:
гравитациялық, свайлық және
гравитициялы-свайлық
болып бөлінеді.
Гравитациялық болған жағдайда құрылым өзінің салмағының әсерінен
теңіз түбінен қозғлмайды және екінші, яғни свайлық болған жағдайда – ол свай-
лармен бекітілгендіктен орнын ауыстыра алады. Ал гравитациялық-свайлық
құрылымдар өзінің салмағы және свайлар жүйесінен қозғалмай бекітіледі.
Топталудың үшінші деңгейі конструкция материалдарын сипаттайды: бе-
тонды, болатты немесе темірбетонды.
Серпімді конструкциялар екінші деңгейде бекітілу тәсілі бойынша
қыспалары бар мұнаралар, жүзбелі мұнаралар және серпімді мұнаралар болып
бөлінеді.
Қыспалары бар мұнаралар
өзінің тұрақтылығын: қыспалар жүйелерімен,
жүзбелі пантондар және керісалмақтары арқылы ұстайды (сақтайды).
Жүзбелі
мұнаралар
тербелмелі маятникке ұқсас. Олар өзінің тепе-теңдік күйіне
жүзбелілік пантондар (жоғары жағынан орналасқан) арқылы келеді.
Серпімді
мұнара
тіке вертикалдан толқындар әсерінен ауытқиды, бірақ серпілме сияқты
орнына келеді. Қарастырылған топталуда 76% қатты платформалар құрайды.
Жалпы теңіз түбіне бекітілуі және тірелуі тәсілі бойынша қатты тұрақты
теңіз платформалары келесілерге топталады: свайлық, гравитациялық, свайлық-
гравитациялық, маятникті және керілмелі, сонымен қатар қалқымалы түрде бо-
лады.
Ал конструкция түрі бойынша – тұтас (сплошные), комбинацияланған,
тесіп өткен (сквозные) болады. Конструкцияның материалы бойынша – метал-
ды, темірбетонды, комбинацияланған болады.
Тесіп өткен (сквозные) конструкциялар решетка тәріздес болып орындала-
ды.
Классификацияның негізгі белгілері болып келесілер шешілген:
қондырғының орналасуы (су үстінде, су астында, аралас), монтаждау тәсілі,
тіректердің деформациялану сипаты, конструкция түрлері, сыртқы әсерлерге
қарсыласу, статикалық және динамикалық қаттылықтар (қатаңдықтар), бекітілу
сипаты, материалы, тасымалдау тәсілі және тіректі бөлікті монтаждау.
226
10.2-сурет. Каспий теңізінде қолданылатын тұрақты
теңіз платформалары сұлбалары:
а – төрт блокты тұрақты теңіз платформасы;
1 – тіректі блок; 2 – жоғарғы құрылым; 3 – мұнара асты
конструкциясы; 4 – бұрғылау мұнарасы; 5 – причалды-қону құрылымы;
6 – суайырғыш тізбек (шегендеу); 7 – свайлы фундамент;
б″ – екі блокты тұрақты теңіз платформасы;
1– тіректі блок; 2 – жоғарғы құрылым; 3 – при чалды-қону құрылымы;
4 – бұрғылау мұнарасы; 5 – суайырғыш тізбек; 6 – свайлы фунда мент;
в – моноблокты тұрақты теңіз платформасы;
1 – тіректі блок; 2 – жоғарғы құрылым, модульдері; 3 – бұрғылау мұнарасы;
4 – суайы-рғыш тізбек; 5 – свайлы фунда мент; 6 – причалды-қону құрылымы
«Баллункл» атты мұнарасы бар тұрақты теңіз платформасы 411 м тереңдікке
қойылуын ұсынады. Платформаның жалпы массасы – 78 мың. тонна, 60 ұңғыға
арналған, бағасы 500 млн. $.
Жұмыста қарастырылған тереңсулы тұрақты теңіз платформасының 40 кон-
струкциясы (теңіз тереңдігі 300 м жоғары) 76 % қатты, оның ішінде 45% cвайлы
бекілетін болатты ферменділер, 26% гравитациялық және 5% гравитациялы-
свайлы. Серпімді тұрақты теңіз платформаларынан 13% жүзбелі мұнаралар, 8%
қыспалары бар мұнаралар және 3% серпімді мұнаралар болып келеді. Қазіргі
кезде теңіз тереңдігі өскен сайын болатты конструкциялар жобалары өсуде
екені байқалады. 305-365 м теңіз тереңдігінде болатты тіректер 13%, 365-520 м
тереңдігінде – 50% құрайды. Орындалған жобалардан 79% – болатты тіректер,
15% – бетонды және 6% – темірбетонды.
227
10.3-сурет. Қайраңда мұнай-газ кен орындарын меңгеру
үшін қолданатын қазіргі тереңсулы платформалар
Достарыңызбен бөлісу: |