Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Серпімді тұрақты теңіз платформасы



Pdf көрінісі
бет113/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.4.5 Серпімді тұрақты теңіз платформасы
Көбіне тұрақты теңіз платформаларын жобалаған кезде конструкцияның 
статикалық беріктігін 100 жылда бір рет қайталанатын ең көп жүктеме әсеріне 
есептейді. Содан соң динамикалық жүктемелерге тексермелі есеп жасай-
ды. Бұл жағдайда қолданылып жүрген әдіспен – терең судағы тұрақты теңіз 
платформаларын жобалаған кезде қажу және динамикалы беріктіктер, оның 
элементтерінің өлшемдерін үлкейту есебінен тіректік мұнараны күшейту не-
месе өз тербеліс жиілігін көбейту арқасында, оның көлденең қимасын ұлғайту 
және элементтердегі жүктемелерді төмендету арқылы қол жеткізіледі. Бірақ 
су тереңдігінің өсуіне байланысты көрсетілген тұрақты теңіз платформаларын 


244
динамикалық беріктікке жеткізетін тәсілдер, тұрақты теңіз платформаларының 
құны мен массасының өсуіне әкеліп соғады.
Қатаң тұрақты теңіз платформаларының конструкциясынан айырмашылығы 
серпімді мұнараның негізгі көлденең ауытқу жиілігі теңіз толқынының пе-
риодынан асады. Осыдан мұнараға әсер ететін толқын күшінің көп бөлігі 
конструкцияның инерциясы есебінен жойылады да, ферма өзегіне берілмейді. 
Серпімді мұнара деп салыстырмалы жұқа құрыштан, көлденең белдеу 
арасындағы биіктіктері бірқалыпты өзекшеден тұратын кеңістікті ферма айты-
лады.
Серпімді мұнара класына Мексика шығанағында 305 м тереңдікте 
пайдаланылып жатқан «Лена» тұрақты теңіз платформасы жатады. Оның 
конструкция-сы квадрат қималы ферма тәрізді. Өлшемдері: квадрат 
қабырғалары 36,6x36,6 м, биіктігі 320 м және массасы 21 мың т. Ферманың 
жоғарғы бөлігінде 
d
=1220 мм 16 тірекке жоғарғы құрылым орнатылған. 
Мұнараның төменгі бөлігінде осындай 12 тірек бар. Мұнараның жоғарғы 
орта бөлігінде 9100 тонналық жүзуді қаматамасыз ететін, 
d
=6,1 м, ұзындығы 
36,6 м 12 қалытқы (понтон) орналастырылған. Қалытқылар платформаның 
тепе-теңдігін сақтап тұрады да, іргетасқа түсетін салмақты азайтады. Бұл 
платформаны құрастыруды және тартуды жеңілдетеді.
Құрастырылған мұнара ұзындығы 200 метрден баржамен тасымалданады. 
Бұл тұрақты теңіз платформасы мұнарасының 3 мың тоннаға және суға түсіру 
уақытын 4 есе азайтуды қамтамасыз етеді. Құрастырылып жатқан мұнараның 4 
жағынан тартылу құрылғысы жасалған. Мұнараны суға түсіргеннен кейін тар-
тылу құрылғысы мұнараға қосылады. Мұнара орнына қондырылғаннан кейін, 
палубалық блокқа дейін жететін (
d
=1330 мм 8 негізгі қадалармен бекітіледі. 
«Эксон» фирмасының мамандарының ойынша, төрт жағынан тартылатын негізгі 
қадалар мұнараны жоғарғы құрылымсыз-ақ кез келген табиғат жағдайында, тік 
қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді. Мексика шығанағында 100 жылда бір 
рет биіктігі 22 м толқын жылдамдығы 58 м/с жел қайталанып тұрады.
Одан кейін мұнараға 
d
=127 мм 16 қосымша желі бекітіледі. Сыртқы пе-
риметр бойынша теңіз түбіне d=1900 мм 6 қосымш қада 30,5 м тереңдікте 
қағылады. Тартылатын құрылғы полиэтилен қабықшамен қапталған, (үзілу күші 
13 мН) өрілге 292 спиральді гальван болат сымнан жасалған. Әр тартылғының 
ұзындығы платформадан зәкірге дейін 549 м. Тартылғы мұнар конструкциясына 
арнайы роульс және бағыттауыш башмак енгізіледі және теңіз деңгейінен 4,5 м 
тереңдікте мұнара тірегіне жалғанады. Бұл мұнараның тірек конструкциясына 
тең деңгейінен 30 м тереңдікте, тартылғыны енгізуге мүмкіндік береді.
Шынжырлы қосылыстары бар әр зәкір бірнеше үзбелерден тұрады. Жел, 
толқын және ағыс әсерінен су түбінен мұнараны тік қалыптан ауытқуы кезінде 
үзбелер теңіз түбінен сәл көтеріледі. Мұнараның жоғарғы құрылымы үш па-
лубалы өлшемі; 47,6x47,6 м және жалпы ауданы 6971 м
2
. Оның үстінде 140 
адамдық тұрғын үй және 58 ұңғыға дейін бұрғылайтын бұрғылау қондырғысы 


245
орналастырылған. Платформаның жоғарғы палубасы теңіз деңгейінен 35 м 
және төмендегі палубадан 18,6 м биіктікте орналасқан. Мұнараның тірек 
бөлігінің массасы және палубаның жоғарғы құрылымының жалпы массасы 47 
мың т құрайды. «Эксон» фирмасының «Лена» тұрақты теңіз платформасының 
пайдалану тәжірибесін қолданып, фирма мамандары жасаған терең суларда 
қолданылатын 6 тұрақты теңіз платформалары жобалары зерттелді. Қоршаған 
ортаның «Лена» тұрақты теңіз платформасына әсері, қадаларға, тартылмаларға 
конструкцияның инерциялығына және қалтқыларға бөлінеді. Осы әсер ететін 
күштерді конструкцияның түйіндеріне қайта бөлгенде, конструкцияны жасауда 
ең тиімді тәсілдерді табуға болады. Мысалы, палубаның салмағын, қадаларға 
беруге немесе қалтқының көтергіш күшіне теңестіруге болады. Платформаның 
тұрақтылығын қамтамасыз ететін, қалтқылар бұдан басқа көлденең күшке, 
тартылымға түсетін салмақты азайтады немесе жояды. Негізгі тербеліс бүйірлік 
ауытқу жиілігін көбейтеді, ал қада мен тартылысқа түсетін динамикалық күшті 
және амплитуданы азайтады.
Серіппелі мұнараның жобалық әдістерінің айырмашылығы, берілген 
тербеліс жиілігі толқын әсерімен белгіленеді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет