Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ұңғыманы бұрғылап аяқтағаннан кейін жүзбелі бұрғылау



Pdf көрінісі
бет101/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

9.3 Ұңғыманы бұрғылап аяқтағаннан кейін жүзбелі бұрғылау 
қондырғысын алу
ЖБҚ-ны алар адында оны жаңа бұрғылау нүктесіне тасымалдауға дайын-
дайды. Артық жүктерді түсіріп, қалғандарын бекітіп, порталды жылжытады 
және бекітеді, теңестіру жүргізеді. Гидрокөтергіштермен тұрқыны сәл көтеріп 
колонналарды механикалық тежегіштерден босатқаннан кейін қондырғыны 
түсіре бастайды. Түсіру кезінде крен мен дифферентті, колонналардың өзара 
жіктелуін бақылайды, осы көрсеткіштер пайда болғанда түзетулер жүргізіледі. 
Төменгі жұмыс істемейтін бөліктегі қысымның артуы колонналарға түсетін 
кернеудің азайғандығын көрсетеді.
ЖБҚ суға түсірілгеннен кейін тірек колнналарды топырақтан шығара бас-
тайды. Шығару кезінде колонналар топырақтан оңай шығады, бірақ кейде жа-
бысып қалу себебінен колонна топырақта мықты ұсталып тұрады, бұл кезде 
ЖБҚ суастына кіре бастайды. Осы сәтте үлкен керн болуы мүмкін. Осындай 
жағдайда колонналар жұбымен тұрқы диаганал бойынша шығарылады. Ко-
лонналар шығарылған соң ЖБҚ тасымалдау қалпына келтеріліп, механикалық 
тоқтатқыштармен бекітіледі. 
9.4 Жүзбелі бұрғылау құрылғыларын ұстау жүйелері
ЖБҚ бұрғылау нүктесінде ұстап тұру проблемасы теңізді бұрғылаудағы 
негізгі проблемалардың бірі болып саналады.
ЖБҚ ұстап тұру жүйесінде төмендегілер қолданылады:
1. 
Қарапайым зәкірлі жүйелер көмегімен
. Зәкірлі арқандар шынжыр және 
трос ретінде қолданылады.
Зәкірлі шынжырларды таңдауда әдетте брашпилдер және шпилдер 
қолданылады. Зәкірлі екіхлапты және адмиралтейлілер қолданылады.
Арнайы БК қайта жабдықталған теңіздік буксирлер (1200) карталық 
бұрғылау үшін келесідегілер. Алдыңғы және алдыңғы бөліктеріндегі борттар-
да бір- бірден кеменің 250 кг келетін бортты зәкірден тұрады. Зәкірлі арқан 
әрбір зәкірде 250 м ұзындықтағы тростан құралады, ол барабанға оралған ар-
наны электрөткізгішті шығырдан 2 кг тартылыс күші бар. Артқы жағында 600 
м тереңдікті бұрғылайтын толық кешенді агрегат орналасқан. Кемеде сонымен 
бірге зәкірлерді алып шығатын арнайы катер бар.
Бұрғылау орнына кеме келіп өзінің зәкірлерін түсіреді және оларға жел 
бағытымен ұсталып тұрады. Одан кейін кезекпен бортқа артқы зәкірлер катер 
көмегімен кемеден керекті қашықтыққа апарып тасталынады. Осы кезде зәкірлі 
трос шығырға оралып катермен алып кетіледі. Катер зәкірді борттан арнаны 
бұймен алып кетеді. Зәкірлерді апарғаннан кейін тростар шығырлармен тартуға 
таңдайды. Бұнымен бұл уақытта бұрғылау нүктесіне нақты қарату жүреді. Кеме 
бұрғылау жұмыстарына дайын.


215
Бұл кеменің кемшіліктерін айта кету қажет. Ондағы бұрғылау жабдығында 
арнайы қондырғы жоқ, зәкірлі жүйесі әлсіз. Бұл жағдайлар 4-5 баллды ауа райда 
жұмыстарды тоқтап қалуына әкеледі. Ал бұрғылау тегіс емес жүргізіледі, бұл 
забойдағы тұрақсыз қысым әсерінен болады.
Кемшіліктеріне тағыда желді қайта ориентерлеудегі және шторымда зәкірлі 
тұрақтың кетудегі қиындықтар туғызады.
Бұл ұстап тұру қондырғысын жалпы айтқанда айта кету керек. Ол 
мүмкіндігінде әмбебап және өлшемі үлкен емес кемелерде қолданылады, 
пайдалануға өте тиімді.
2. 
Буйларда БК-ні бекіту
. Теңізде кеменің жан-жағына зәкірлі буйлар 
қатары орнатылады. Арнайы шығырлардан берілетін тростар көмегімен кеме-
де болатын буйларға бекітіліп және олардаң көмегімен бұрғылау нүктесінде 
ұстап тұрылады. Мұнда теңіздегі буйларды қайта орналастыру және тасымал-
дау бұрғылау кемесімен және осы мақсатта пайдаланылатын кеме көмегімен 
жүргізіледі.
Бұл жүйенің тиімділігіне үлкен қуат кемені айтарлықтай сумен (1300 т) 
ұстап тұруы жел бағытымен бұрылу мүмкіндігі, зәкірлі тұрақты тең тастап 
кетуі. Кемшіліктеріне буйдың қосылыс жүйесінің үлкендігін жатқызуға болады.
3. 
Зәкірлі-дивигатель жүйесі
. БК пе бұл жүйеге алдыңғы зәкірлер және 
құрлығы винттер жатады. Кеме бұрғылау нүктесі бойынша екі күшпен тарты-
лады және ұстап тұрылады. Бұл жүйе аз беріктікпен сипатталады, онымен ауа 
райының жақсы кезінде терең емес ұңғыларды бұрғылау мүмкін (200-300 м).
4. 
Ориентирленген бұрғылау кемесі
. Зертханалық зерттеулер: БК 
толқындарға және желге баытталған, БК-мен салыстырғанда аз қосылыстарда 
екендігін көрсетті. Бұл ориентерленген кемені құрастұруға әкелді. БК конструк-
циясы ол өз осінің бойында айналады.
Бұрғылау кемесі болашақ ұңғыманы бұрғылайды және бірнеше свайларға 
цемент құяды. Свайларға жүзбелі боскадағы трос бекітіледі. Содан соң БК 
бұрғылау нүктелеріне орнатылады. Зәкірлі арқандар жүзбелі бөшкелерге апары-
лып шығар көмегімен тростарды тартып жүреді.
Кеме бұрғылау жұмыстарына дайын.
Турелдегі БК-те толқын және жел біліну жағдайларында подшипник сияқты 
өз осінде айналады, әрекет етуші жел және толқын аумағында бағдарланады. 
БК-нің орнықты жағдайы үшін көп емес периодтық күштер астында қосымша 
зәкірлі жүйе қызмет етеді.
Есептер берілген эксперименталды және конструкциялық өңдеулер БК-тің 
бірнеше тиімді жағы бар екенін көрсетеді. Толқын және жел әрекеттері ориен-
терленген кемемен салыстырғанда аз болатындығы айқындалады.
Бұл жүйелер жүзбелі бұрғылау құралдарын (ЖБ ЖБҚ немесе БК) 
қазылып жатқан ұңғы осінен берілген көлденең ауытқу шегінде ұстауға 
арналған.


216
Әдетте жүзбелі бұрғылау құралдарының көлденең ауытқуы теңіз 
тереңдігінен 5-6%-дан аспайды. Сонымен бірге көбінесе ұңғымаларды теңіз 
тереңдігінен 2-3% көлденең ауытқу жағдайларда бұрғылайды. Ауытқудың ең 
үлкен радиусын төменгі формуладан анықтайды
К = 6 Н/100 ,
мұнда, 6 – судан бөлектейтін тізбектің құбырларындағы кернеулердің және 
төменгі топсалы шарлы немесе басқа қосылыс конструкцияларындағы 
ауытқу бұрышының шектелген ең жоғары ауытқуы, %.
Теңіз тереңдігі 
Н
байланысты барлық ЖБҚ-лары бұрғылау нүктесінде 
төрт ұстау жүйелерінің бірімен жабдықталады:
теңіз тереңдіктері 200 м дейін – зәкірлік шынжырлар немесе арқандар не 
құрастырылған жүйелер арқылы (зәкірлік шынжырлар және арқандар);
200 м көп теңіз тереңдіктерінде – динамикалық тұрақтандыру жүйесі 
арқылы (динамикалық позициялау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет