289
Бетонды платформаларды салу үшін үлкен көлемде сулар мен электр энер-
гия қажет етіледі. Судың орташа тұтынуы 250 м
3
/тәулікті құрайды, ал электр
энергияны тұтыну көлемі 1 млн кВт/кварталға дейін жетеді.
14 м тереңдіктегі құрғақ док (теңіздің орташа деңгейінен келуі) өте тиімді
болып табылады. Бірақ мұндай тереңдікте докқа су енеді, бұл док негізінің
беріктігіне үлкен көңіл аудару керектігін көрсетеді.
Норвегия тәжірибесіне негізделген
құрғақ доктардың құрылысы, шпунт-
ты қабырғаның құрылысын талап етеді. Мұндай қабырға докқа судың енуін
болдырмайды. Теңіз арқылы әкелінетін жабдықтар мен материалдарды түсіру
үшін айлақ қарастырылады. Айлақтың өлшемі теңізден
әкелінетін заттардың
болжанған көлеміне тәуелді болады.
Норвегиядағыдай сияқты негізгі материалдар құм, цемент, толықтырғыштар
және арматуралық болаттар теңіз арқылы тасымалданады деп қарастырылуда.
Доктың негізі үшін ауыр конструкцияны ұстай алатын бетонды тіреуішті
плиталар қажет болады. Тіректің өлшемі мен түрі дока табанының астында
орналасқан қатты жынысқа дейінгі арақашықтыққа тәуелді болады.
Бетонды платформалардың құрылысы ірі құрылыс/механикалық инженерлік
жобаларды білдіреді. Оларды жүзеге асыру үшін жоғары сапалы материалдар
мен жабдықтар талап етіледі. Негізгі материалдарға келесілер жатады.
•
Бетон үшін
қажетті құм, талшықтар және су;
•
Цемент (Портланд);
•
Арматуралық болат;
•
Алдын ала кернелген болат;
•
Конструкциялық болатты балкілер
және тот баспайтын болатты
құбырлар;
•
Әртүрлі пластмассалық құбырлар;
•
Электр кабельдері;
•
Қадағалауыш-өлшеуіш сепараторлар жүйесі;
•
Әртүрлі ротационды жабдықтар (сораптар) және т.б.
Сонымен бірге осы тектес жобалар үшін
ауыр құрылыс жабдықтары
қолданады.
Құрғақ доктан буксирлеу критикалық фаза болып табылады. Гидростати-
калық тұрақтылық үшін аудан бірлігіне түсетін салмақтың таралуы теориялық
есеппен сәйкес болуы керек.
Жұмыстың құрылыс бөлігі келесі мамандарды қолдануды талап етеді:
•
Столярлар;
•
Слесарьлар;
•
Бетонщиктер;
•
Құрылыс ормандарын көтеру үшін қажетті мамандар;
•
Қара жұмысшылар.
Механикалық өңдеу үшін келесі қосымша мамандар талап етіледі:
•
Дәнекерлеуші (сварщик);
290
•
Электриктер;
•
Бақылау инспекторлары;
•
Жүйені тексеру мен іске қосу бойынша инженер-механиктер.
Бетонды платформа құрылысының сәтті жобасы талап ететін сапалы мате-
риалдар мен жабдықтар және жергілікті білікті жұмысшы персоналдар қажет.
Бетонды платформа жобасында
қолданатын материалдар, жабдықтар және
жұмыс күші көпірлерді салуға, өнеркәсіптік инфраструктураны дамытуға және
порттық жұмыстарды жүргізу үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: