Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз кен орындарындағы қабаттың жұмыс режимдері



Pdf көрінісі
бет140/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

12.7 Теңіз кен орындарындағы қабаттың жұмыс режимдері
Мұнай бергіштік коэффициентін арттырудың екінші реттік және үшінші 
реттік әдістері енгізілгенге дейін мұнайды өндіру қабаттың табиғи энергиясы 
және ондағы флюидтердің есебінен жүрді.
Табиғи режимде
(біріншілік) сұйық пен газдың ұңғымаға келуі:
• 
серпімділік күшінің әсері (серпімді және суарынды-серпімді фильтра-
ция режимі);
• 
мұнайдағы еріген газдың бөлінуі және ұлғаюы (еріген газ режимі);
• 
газға қаныққан қабат бөлігіндегі газдың ұлғаюы (газды телпек режимі);
• 
ауырлық күшінің әсері (гравитациялық режим);
• 
коллектор тау жыныстардың шектен тыс салмақ түсу әсерінен 
қаңқасының төзімділігін жоғалтып нығыздануы көмегімен болады.
Серпімді режим
көбінесе, кен орынды игерудің алғашқы сатысында орын 
алады. Серпімді режим кезінде мұнайдың қабаттан ұңғыға қарай фильтра-
циясына негіз болатын өнімді қабатты қанықтырып тұрған мұнай мен судың 
серпімділігі қабат қысымы төмендегенде, олардың көлемі ұлғаяды және тау 
жыныстардың серпімді деформациясы, қабыршақты кеңістіктің көлемі кемиді. 
Таза серпімді режим кезінде қабаттың мұнай бергіштігі 1-2%-дан аспайды.
Мұнайлы қабаттың айналасында суқанығу аймағының таралуы айтарлықтай 
көлемді болғанда серпімді режим серпімді-суарынды режимге ауысады және 
бұл кезде контур сыртындағы, сулы қабаттың серпімділігі пайдаланылады. Бұл 
режим өз кезегінде 
қатты-суарынды режимге
өтуі мүмкін, бұл кезде ұңғымадан 
өндірілетін өнім (мұнай, газ және су) көлемінің орны қабаттың контур сырты 
аймағынан келетін сумен толып отырады. Қабаттық қысым тұрақты деңгейден 
ауытқымай мұнайды тиімді өндіруге мүмкіндік береді. Серпімді және қатты-
суарынды фильтрация режимдері алғашқы қабаттағы мұнайдың 35-тен 75%-ға 
дейін көлемін алуға мүмкіндік береді.
Қабат қысымының қанығу қысымынан төмендеуі кезінде мұнайдан 
ондағы алғашында еріп тұрған газдың бөліну үдерісі басталады. Қысымның 
ары қарай төмендеуі кезінде газ көпіршіктері кеңейіп кеуекті кеңістіктен 
мұнайды ығыстырады. Бұл үдеріс еріген газ режимі деп аталады. Себебі бұл 
жерде мұнайдың ұңғымаға қозғалысы және оны өндіру мұнайдағы еріген 
газдың есебінен болады. 
Еріген газ
режимінің әсері стратифицирленген және 
өткізгіштігі нашар тік орналасқан қабаттарда айтарлықтай ұзаққа созылады, ол 
мұнай мен газдың тығыздықтарының айырмашылығынан болатын газдың са-
лыстырмалы жылдам сегрегациясының алдын алады. Кей жағдайларда газдың 
«қалқып» шығуы екіншілік деп аталатын газды телпектің түзілуіне алып келеді. 
Еріген газ режимінің эффективтігі төмен ол қабаттағы мұнайдың 5-25%-ын 
алуға мүмкіндік береді.
Шоғырда 
газды телпек
болған жағдайда мұнай – газарынды режим 
есебінен өндіріледі. Газдың жоғары сығымдылығы қабаттың газқанығу көлемі 
айтарлықтай үлкен болуы өндіру ұзақтығын және эффективтілігін қамтамасыз 


309
етеді: 
газарынды режимде
қабаттағы мұнайдың 40%-ға дейін мөлшері өндірілуі 
мүмкін.
Жоғары қуатты мұнай шоғырларында және тік құламалы мұнайлы 
қабаттарда мұнай 
гравитациялық күштердің
әсерінен алынуы мүмкін. Кейбір 
жеке жағдайларда 
гравитациялық режим
өндірудің жоғары технологиялық 
көрсеткішіне жетуге мүмкіндік береді.
Коллектор 
– 
тау жыныстардың нығыздалу
үдерісінің негізгі себебі, мұнай 
мен газды игеру кезінде жынысқа әсер ететін салмақ өте үлкен болып оның 
бұзылуына алып келеді. Бұл өз кезегінде қабаттың немесе шоғыр көлемінің 
бірден немесе біртіндеп кемуіне себеп болады. Бірінші жадайда қабыршақты 
кеңістіктің кемуі жер бедерінің отыруына алып келуі мүмкін (Уилмингтон 
кен орны Калифорния, Венесуелладағы М-6-учаскесі). Қайраңдағы кен орын-
ды өндіру кезінде түптің отыруы теңіздің тереңдеуіне алып келеді (Норве-
гия континенталды қайраңындағы Экофиск кен орны). Кеуекті кеңістіктің 
бірден төмендеуі нәтижесінде әлсіз жерасты дүмпулері болады, осының 
нәтижесінде мұнай шоғырлары игеріледі. Жердің сілкінуі кен орынды игеру 
кезінде сол аудандағы геодинамикалық жағдайдың бұзылуынан пайда бола-
ды (Татарстандағы Ромашкинское кен орны, Баку қаласы ауданындағы Старо-
грозненское кен орны, Ферғана аймағы ауданындағы кішігірім кен орындар). 
Кен орынды игеру себебінен болған айтарлықтай күшті жер сілкінісіне, ма-
мандар 1974 жылы Өзбекстандағы Газли кен орны ауданындағы жер сілкінісін 
жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет