304
қосымша ретінде қолданылады. Көп фазалы ағынның бар болуын есепке алуы
керек, тіпті, қайта өңдейтiн (платформа немесе терминал) орталық өте алыс
жерде орналастырылған болса да.
Жоғарғы құрылыстардың салмағының артуы,
платформаның тiрек
блоктарының құнын да арттырады. Сондықтан орналасқан жабдықтың көлемiн
кiшiрейту маңызды. Бұл жобалау барлық фазаларда маңызды болады. Соны-
мен бiрге платформада қайта өңдейтiн жабдықтар санының кез келген үлкеюi
қызметшiлердің, аспаптардың санын және жабдықтың жөндеуiне кететін
шығындарды арттыруға алып келедi.
Кен орынды өңдеудің техникалық сызбаларының типтi сценарийлері:
• сағалы платформаны,
тұрғын платформаны, өңделетiн платформалар-
ды;
• интеграцияланған қолдану кезiндегi платформаларды;
• қалқыма қолдану кезiндегi жүйелерді;
• суасты қолдану кезiндегi жүйелердi қосады.
Бұдан басқа тасымалдайтын жүйе, соның ішінде:
• газконденсат
экспорттық құбырлары;
• экспорттық мұнай құбырлары;
• мұнайды сақтау жүйесі, оның теңіздегі жүк тиеумен тіркестігі қаралуы
тиiстi.
12.7-сурет. (OLF-1990) типтi теңiз платформасының тілігі
Халықаралық тәжiрибеде шамамен 80 м-ге дейiн, таяз сулар аудандардағы
ұңғылардың бұрғылауында өзi көтерiлетiн жабдықтар қолданылады.
Замана-
уи және үлкен көлемдегі өздігінен көтерілетін бұрғылау платформалары пай-
да болуына байланысты олардың қолдануын үлкен тереңдікте және қолайсыз
климаттық жағдайларда да пайдалануға болады.