Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет150/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Фонтанды ұңғылар жабдығы
Фонтанды пайдалануда ұңғының түбінен сағасына дейін газмұнайлы 
қоспаның көтерілуі ұңғыға меңгеруге дейін түсірілетін сорапты-компрес-
сорлы құбырлар тізбегі арқылы болады. Газ энергиясын тиімді пайдала-
ну, құм шығаруды жақсарту, газ сырғанауынан шығындардың азаюы және 
қабат қысымдарында фонтандаудың мүмкіндігін сақтау үшін олардың түсіру 
қажеттілігін тудырды.
Ұңғы сағасына әртүрлі үшжақтар, крестовиктер және жапқыш 
құрылғыларының қосылыстарынан тұратын фонтанды арматураны орнатады. 
Бұл арматура сорапты-компрессорлы құбырларды ілуге, құбырлармен шеген-
деу тізбек арасындағы кұбыраралық кеңістікті герметизациялау, фонтанды ұңғы 
жұмысын бақылау және реттеу үшін тағайындалған. 


330
Фонтанды арматуралар (
13.3-сурет
) крестпішінді және үшжақты болып 
дайындалады. Ол құбыр басы және фонтанды шыршадан тұрады. Құбыр басы 
сорапты-компрессорлы құбырларды ілу және құбырлар арасындағы кеңістікті 
герметизациялауға арналған. Фонтанды шырша ұңғы өнімін лақтыру желілеріне 
бағыттауға, ұңғы жұмысын бақылау және реттеуге арналған. Фонтанды шырша-
да екі немесе үш лақтыру желілері болады. Үшжақты арматурада артықшылығы 
төменгі лақтыру желісі. Жұмыс желіде (жоғарғы) жабу құрылғы әрдайым ашық 
болуы керек, ал артықшылығы – жабық болу керек.
13.3-сурет. Газлифтілі ұңғы
1 – өндірілетін газ; 2 – айдайтын газ.
Оқпанды жабу құрылғылары ашық болу керек. Фонтанды арматура 
оқпанның төменгі жағында орналасқан жабу құрылғы – негізі деп аталады. 
Үшжақты арматурада лақтыру желілері бір жаққа бағытталған. Фонтанды ар-
матураны таңдау кезінде, крестовиналар үшжақтыларға қарағанда, құммен тез 
желінетінін ескеру қажет.
МЕСТ 13846-74 сәйкес фонтанды арматуралар 70, 140, 210, 350, 700 және 
1000 кг күш/см
2
жұмыс қысымына шығарылуы тиіс. Жабу құрылғылар армату-
рада екі түрлі: ысырма түрінде немесе кран түрінде болады. Арматураның түрін 
ұңғыма сағасында мүмкін болатын ең үлкен қысым бойынша таңдайды.
Лақтыру желілерде жабу құрылғылардан кейін кейбір жағдайларда фонтан-
ды ұңғы режимін реттеу үшін штуцерлер орнатады. Штуцерлер дөңгелек тәрізді 
ортасында тесігі бар құрылғы.
Арматурада фонтанды ұңғы жұмысын бақылау үшін екі манометр: бірі – 
буферде, екіншісі – құбыр басы крестовигінің кірісінде (құбыр сыртындағы 
қысымды өлшеу үшін) қондырады.


331
Фонтанды арматура топты қондырғылармен лақтыру желілері арқылы 
жалғанады. Дебитке, қысымға, құмның және парафиннің болуына байланысты 
фонтанды ұңғылардың жалғау сұлбаларын әртүрлі қолданады.
Пайдаланудың газлифтілі тәсілі
13.4-суретте
газлифтілі ұңғының принципиалды сұлбасы келтірілген. 
Газлифтілі пайдалануда ұңғы өнімін көтеру үдерісінің маңызы, ол – көтергішке 
арнайы газды 
V
г
көлемінде айдау.
Газлифтілі пайдаланудың физикалық маңызы, ол айдалатын газ арқылы 
болатын газсұйықты қоспаның тығыздығын қабылдау жеріндегі қысым Р
пр
көтергіштегі барлық кедергілерді жеңетіндей төмендету қажет. Бұл тәсіл 
техникалық және технологиялық жағынан қарапайым болғанымен, кейбір 
жағдайларда экономикалық жағынан тиімсіз. Газлифтілі пайдалану пайдалы 
әсер коэффициентінің үлкен еместігімен, ұңғының сулануында өнім бірлігін 
көтеруге кететін меншікті газ шығымының өсуімен сипатталады. 
Штангасыз пайдалану
Штангасыз пайдалануға электрлі ортадан тепкіш сораптар жатады.
Біріншіден, олар өнім көтерілу биіктігі үлкен диапазонда болатын ор-
таша- және жоғары дебитті ұңғыларды пайдалануға арналған. Екіншіден, 
тереңсораптың жетегі ұңғыда орналасқан электр қозғалтқыш арқылы жүзеге 
асады. Қозғалтқыштың қоректенуі күшті электрлі кабель арқылы болады. 
Қондырғының сұлбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет