328
болса), онда аталған тәсілді жасанды-фонтанды деп атаймыз. Жасанды-фонтан-
ды пайдалану тәсілі көбінесе, Ресейде кеңінен қолданылады.
13.1-сурет. Пайдалану тәсілдерінің және ұңғылардан өнімді
көтерудің әртүрлі энергетикалық көздерінің классификациясы
2. Әрбір өндірілетін ұңғыға жасанды энергия механикалық, электрлік не-
месе гидравикалық құрылғы арқылы енгізіледі. Ұңғыға табиғи энергияны
енгізу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: арнайы газ (ауа) немесе арнайы терең
сораптармен ұңғыға энергияны енгізудің бірінші тәсілінде қарастырамыз.
Өндіру ұңғыларды пайдалану тәсілдерінің кейбіреулері ерекше орын алады,
өйткені сұйық пен газдың табиғи энергиясын пайдалану арнайы жер асты (ұңғы
ішінде) жабдықты қолдану арқылы орындалады.
Оларға келесілер жатады:
а) Ұңғыларды компрессорсыз газлифтен (ұңғы ішінде) пайдалану. Өнім
көтерудің теориялық негіздері фонтанды-компрессорлы
пайдалану
сияқты. Тек қана бір айырмашылық, ол – өнімді көтеру үшін сол ұңғы-
ның газды қабатшаларынан алынатын немесе жеке газ қолданылады.
Осы жағдайда компрессорларды қолдану болмайды.
ә) Ұңғыларды плунжерлі лифтен пайдалану. Өнімнің көтерілуі мұнайдан
бөлінетін газдың табиғи энергиясынан арнайы плунжерлерді қолданумен
болады.
329
Ұңғының өнімін көтеру үшін пайдаланатын энергетикалық көздердің
сұлбасын
13.2-суреттен
көруге болады. Қарастырылған сұлба тек қана класси-
фикациялы түрде қарастырылады.
Ұңғы өнімнің жер бетіне көтерілуі тек қана қабат энергиясының есебінен
болатын
пайдалану тәсілді
фонтанды пайдалану тәсілі
деп атайды.
13.2-сурет. Фонтанды арматура:
а – крест пішінді; б – үш жақты
Егер қабат және түп қысымдар арасындағы
қысым айырымы сұйық
бағанасының қарсы қысымы және үйкеліске кететін қысым шығындарынан
асатын болса ғана ұңғының фонтандауы болады,
яғни фонтандау сұйықтың
гидростатикалық қысым немесе кеңейген газ энергиясының әсерінен болады.
Көп ұңғылар газ энергиясы және гидростатикалық арынның берігу есебінен
фонтандалады.
Мұнайда болатын газдың көтергіш қабілеті бар, ол мұнайға қысым көрсету
формасында білінеді. Мұнайда газ неғұрлым көп болған сайын, коспаның
тығыздығы аз
болып, соғұрлым сұйық деңгейі жоғары көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: