Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет217/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

19.2-кестеде
келтірілген. 
19.2-кесте 
Коррозия жылдамдықтары 
Құрылымдық элементтің атауы
Коррозияның есептік жылдамдығы, 
мм/жыл
Бағаналар: 
лонтондармен қосылу ауданында; 
ауыспалы ватерлиния деңгейі бойынша; 
су үсті бөлігі; 
су асты бөлігі. 
0,14
0,16
0,10
0,12


512
Жоғарғы корпус: 
ернеу, транцтар; 
іріктегіштер; 
тіректік арқалықтар; 
негізгі қорамқалып; 
жоғарғы қорамқалыптың атмосфералық 
жауын-шашын әсеріне ұшырайтын ашық 
аймақтары.
0,11
0,10
0,13
0,10
0,13
ГТҚ металл құрылымдарының сындық ақауларына алып келетін коррозиялық 
бұзылулардың басты себебі металл бетіндегі жалға алынған қақтардың болуы. 
Металдарды қақтардан тазарту металл бетін сырлауға дайындаудың құрамдық 
бөлігі болып табылады. Металл құрылымның коррозияға қарсы тәртібінің бір 
бөлігін орындамау жоғары коррозиялық агрессивтілік жағдайда пайдаланыла-
тын құрылымның ұзақ мерзімге жарамдылығының төмендеуіне алып келеді, 
ГТҚ металдық құрылымдары сенімділікті пайдалану үшін металдарды корро-
зиядан қорғаудың заманауи тәсілдерін қолдану құрылымдау кезінде міндетті 
болып саналады. 
Теңіз суы жоғары электрөткізгішті 1-ден 4%-ға дейін тұз құрамынан 
тұратын (хлоридтер, натрий, магний, кальций, калий сульфаттары) жақсы 
аэрацияланған (8 мг/л О
2
) бейтарап (рН=7,2-8,6) электролит болып табылады. 
Теңіз суында негізінен түрлі маркалы болаттан жасалған бұрғылау айлақ, пир-
стер, құбырөткізгіштер пайдаланылады. Бұл нысандар қарқынды коррозияға 
ұшырайды. 
Теңіз суларында металдардың коррозиясына оттектік деполяризация 
тән. Мұнда коррозия үдерісі келесідей бөлінеді: металл бетінде катодтық, ал 
тотықтар қабыршақтарының сызаттары мен басқа да ақауларында – анодтық 
үдеріс жүреді. Бұл металдарда жалпы коррозиядан басқа питтингтік және жара-
лы бұзылулардың болатынын негіздейді. Теңіз суындағы болаттың коррозияға 
ұшырау жылдамдығы 0,1-1 мм/г. Теңіз атмосферасындағы коррозия теңіз суы-
мен салыстырғанда біршама әлсіз келеді.
Теңіз суларындағы металдардың коррозия жылдамдықтарына әсер ететін 
факторлар: 
1. Теңіз суының қозғалуы оттегінің металл бетіне келуін үдетеді, бұл кор-
розия жылдамдығының өсуіне алып келеді; 
2. Теңіз суы температурасының өзгеруі де әсер етеді. Бұл төмендегідей 
түсіндіріледі: оттектік деполяризациямен жүретін бейтарап ортадағы 
металдардың электрохимиялық коррозиясы оттегі диффузациясына 
тікелей байланысты. Температураның жоғарылауымен бірге оттегіні 
келтіру жылдамдығы да өсе түседі, яғни коррозия жылдамдығының 
артуына алып келеді. Температураның ары қарай жоғарылауында 
ертіндіден оттегі бөлініп, оның ертіндідегі концентрациясы төмендейді, 
бұл коррозия жылдамдығының төмендеуіне алып келеді. 


513
3. Теңіз суларындағы тұздардың да тигізетін әсері бар. Кремний 
қышқылдық қосылыстар және көмірқышқылды кальций металл бетінде 
тұнып шөгіп қалады да, қорғаныстық әсерді қамтамасыз етеді. Иод 
және бром қосымша катодтық деполяризаторлар қызметін атқарады 
және металл коррозиясын үдете түседі. Күкіртті сутек металдардың 
иондарын қиын еритін сульфидтерге байланыстырады және коррозия 
үдерісін үдетеді, электрохимиялық коррозияның катодтық және анодтық 
үдерістерінің жүруін жеңілдетеді. 
4. Металл бетін кезеңдікті сулау коррозиялық үдерісті одан әрі күшейтеді. 
5. Металдың біртекті болмауы себебінен тотқақ (окалина) катод рөлін 
атқарса, негізгі металл – анод рөлін атқарады. 
6. Жіктердің, саңылаулар, ойықтардың болуы коррозиялық үдерісті 
қарқындатады, себебі нашар аэрация металдық еруіндегі анодтық 
үдерістің жүруін жылдамдатады. 
7. Кезбе тоқтар. 
8. Биокоррозия (жерасты құрылымдарын тірі ағзалардың және теңіз 
өсімдіктерінің өсіп кетуі) сыртқы қорғаныстық жабындарды 
зақымдайды және металдардың бұзылуын үдетеді. Кейбір тірі ағзалар 
(мысалы, мидиялар) коррозиялық үдерісті біршама баяулатады, себебі 
олар көп оттегіні тұтынады. 
9. Теңіз суларында түрлі металдардың түйісулері анодтық металдың тез 
зақымдалуына алып келеді (көбінесе болат). 
Металдарды теңіз суларында коррозиядан қорғаудың тәсілдері келесілерге 
негізделеді: металл беттерін тотқақтардан, тоттан тазарту және оны лактар-
мен, этиленді сырлармен, фенолформальдегидті мастикамен, таскөмірлі немесе 
битумдық негіздермен жабындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет