Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет4/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

1.1-бөлімде
атап кеткендей, 
Континенталды қайраң
деп 
топографиялық жағынан теңіз жағына қарай құрлықтың созылуын түсінеміз. 
Ол таяз судың деңгейінен еңісі күрт өзгеретін түбекке дейін континенттің 
жанындағы аймақ (
1.3-сурет)
. Күрт өзгеретін жерді континенталды қайраңның 
шеті деп атайды. Көбінесе шетті 200 м тереңдікте шартты белгілейді, бірақ 
кей жағдайда еңістің күрт ұлғаюы 400 м тереңдіктен немесе 130 м-ден саяз 
тереңдікте болады.
Теңіз және мұхит қайраңдарының мұнай-газ ресурстарын меңгерудің 
тәжірибесі бойынша, аса қомақты күрделі қаржы салғанға қарамастан теңіз 
кен орындарында көмірсутек шикізатын өндіру көп пайда әкеледі. Қайраңда 
табылған мұнай және газды сатудан келетін пайда шығындарды 4 еседен артық 


12
өтейді. Теңіз акваторияларында іздеу-барлау жұмыстары жалпы кен орынды 
меңгеруге кететін шығындардың 10%-ынан 20%-ына дейін құрайды.
1.3-сурет. Континенталды қайраңның кескін сұлбасы
Теңізде кен орнындарды меңгеруге қажетті жалпы күрделі қаржы – 
климаттық жағдайларға, кен орынның тереңдігіне және қызмет көрсету жаға 
базасының алыстығына, алынатын қорға, ұңғымалар дебитіне, жалпы бұрғылау 
үдерісіне, теңіз жабдықтарын орналастыруға, өндіруге, теңіз жағдайында өнімді 
жинау, дайындау және тасымалдауға, автоматизациялау аумағында ғылыми-
техникалық прогрестерге тәуелді болады.
Теңізде мұнай-газ кен орындарын меңгеру ерекшеліктеріне келесілерді 
жатқызуға болады:
- теңіз гидрометереологиялық жағдайларын ескере отырып, арнайы 
гидротехникалық құрылымдарды (жүзбелі кранды монтажды кеме-
лер, қызмет көрсету кемелері, құбыр төсеу баржалары және т.б.), 
геофизикалық, геологиялық іздеу-барлау жұмыстары және мұнай 
кәсіптік объектілерін салу, бұрғылау, ұңғымаларды пайдалану және 
жөндеу, мұнай өнімдерін жинау және тасымалдау;
- теңіз тұрақты платформалары, эстакадалық алаңдар, жасанды аралдар, 
өздігінен көтерілетін және жартылай батпалы жүзбелі қондырғылар 
және басқа құрылымдар, көлбеу бағытталған ұңғымалар тобын 
бұрғылау;
- берілген кен орны немесе кеніш үшін жобалау кезінде тиімді ұңғымалар 
торын таңдау, өйткені теңіз жағдайында үлкен қиындықтарға байланыс-
ты олардың тығыздығын өзгертуде, алдын ала құрылған суасты комму-
никация желілерін өзгерту қиындықтар туғызады, ал кейбір жағдайларда 
тіпті мүмкін де болмайды;
- ұңғымалардың тиімді санын орналастыру үшін тұрақты платформалар, 
эстакадалық алаңдар, жүзбелі пайдалану палубаларын және басқа 
құрылымдардың тиімді конструкциясын және санын таңдау (қабаттардың 
орналасуына, ұңғымаларды өткізу мерзімдеріне, ұңғымалар арасындағы 
арақашықтыққа, олардың дебиттеріне байланысты); 
- гидротехникалық құрылымдар сапасы мұнай-газ кен орындарын игеру 
мерзімдерінің ұзақтылығына, беріктігіне сәйкес болуы тиіс.


13
Байланысты телефондық және телеграфтық каналдар байланысының көп 
санын геостационарлы спутниктер арқылы қолдануға мүмкіндік беретін 
аппаратуралар кешенінен тұратын техникалық және навигациялық бай-
ланыс мүмкіндіктері.
- ЭЕМ-на мәліметтерді енгізуге дайындауды және кемеде мәліметтерді 
өңдеуді қамтамасыз ететін көп каналды сандық сейсмикалық 
станциялардың ақпараттарын өңдеуге арналған геофизикалық, аппара-
туралар және жабдықтар кешенінен тұратын геофизикалық жұмыстарды 
жүргізуге арналған техникалық мүмкіндіктер;
- мұнай және газ ұңғымаларың терең барлама бұрғылауға арналған 
техникалық мүмкіндіктер (өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау 
қондырғылары, жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары, 
бұрғылау кемелері), суасты сағалық жабдықтары кешені.
- геологиялық-инженерлік зерттеулерге арналған техникалық құралдар;
- теңіз тұрақты платформалардан тұратын мұнай-газды өндіру және 
пайдалануға бұрғылау техникасы, мұнай-газды өндіру жабдықтары, 
мұнайды-газды суасты өндіру жабдықтары, солтүстік және арктикалық 
аквоторияларда мұнай-газ өндіру және меңгеруге арналған техникалар, 
басқару және бақылау жүйесі;
- теңіз гидротехникалық құрылымдары, жағалаудағы мұнай-газ жинау 
базалары, мұнай-газ желілері, мұнай-газ тасымалдауды басқару мен 
бақылау жүйесіне кіретін мұнай-газды дайындау және тасымалдаудың 
техникалық құралдары;
- гидротехникалық құрылымдарын құру және монтаждау жұмыстарына 
арналған техникалық құралдар, объектілер құрылысы және құбыр 
желісін төсеу жабдықтары, кранды монтаждау кемелері, түсіру және та-
сымалдау баржалары, құбыр төсейтін баржалар;
- суасты және сүңгуір техникасы, сүңгуірлерді және акванавттарды 
жабдықтау жүйесі;
- теңіздегі жұмыстарға қызмет көрсету техникасы, көп нысаналы кеме-
лер, буксирлер, өрт сөндіру кемелері, ашық фонтандауды жою кемелері, 
тік ұшақтар және т.б.;
- қоршаған ортаның ластануының алдын алудың техникалық құралдары: 
төгілген мұнайды жинайтын, ластанушы және улы заттарды бейтарап-
тандыратын химиялық реагенттердің бондық бөгеттері. 
Теңіз кен орындарын игеруді қиындататын факторлар
Табиғи көмірсутектер кеніштерін игеруді қиындататын және оның 
тиімділігін төмендететін көптеген әртүрлі факторлар кездеседі. Тиімділігін 
төмендететін факторлар көбінесе мұнай кен орындарын меңгеру жұмыстарында 
кездеседі.
Олардың ең маңызды факторлары:
• 
кеніште фильтрацияның сыйымдылық қасиеттерінің біртекті еместігі;


14
• 
қабаттағы фазалардың жағымсыз жылжымалы қатынасы;
• 
газды жоғарғы жағынан, су төменгі жағынан фильтрациялануға алып 
келетін фазалардың гравитациялы бөлінуі;
• 
су және газ конустарының пайда болуы.
Жеке немесе бірге орындалатын осы факторлар қабатты қоршап алу 
әсерінің төмендеуіне, яғни мұнайбергіштіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады. 
Мұнайбергіштікке әсер ететін тағы бір фактор – ол, сумен мұнайды ығыстыру 
тиімділігі. Бұл фактор көбінесе, 
микроскопиялық қоршап алу коэффициенті
деп 
аталады.
Мұнай «тұтастарының» пайда болуы (яғни, мұнай ығыспайтын аймақ) 
көбінесе өткізгіштігі бойынша біртекті емес қабаттарда мұнайды сумен немесе 
газбен ығыстыру әдісімен байланысты болады. Бұл тиімділік жоғары тұтқырлы 
мұнайды ығыстыру жағдайында өседі, ығыстырушы (су, газ) және ығысушы 
(мұнай) фазалардың қозғалуларының жағымсыз қатынастары анық болады.
Өткізгіштігі бойынша қабаттың біртекті болуы «сулану тілдерін» құрап, 
өткізгіштігі төмен қабат аумағынан өтіп, жоғары мұнайға қанығатын аймақтарда 
мұнай «тұтастары» пайда болады.
Су және газ конустарының пайда болуы 
(
1.4-сурет
).
Статикалық теңдестіру жағдайларында, яғни ығысу үдерісіне дейін 
қабаттарда мұнай, газ және су тығыздықтарына сәйкес орналасады. Еркін газ 
болған жағдайда, ол құрылымның жоғарғы жағында орналасқан газ телпегін 
(шапкасын) құрайды.
1.4-сурет. Су конусының пайда болуы:
а – өндіру алдында фазалардың тұрақты таралуы; б – конус пай-
да болуының бірінші стадиясы: СМШ – бетінің қисаюы; в – конустың 
перфорациялық тесіктерге өтуі, мұнай және судың бір мезгілде өндірілуі.


15
Одан кейін қабаттың мұнайға қаныққан бөлігі немесе мұнай аймағы, оның 
астында табан суы орналасады.
Өндіру үдерісінде бұл теңдесу қысым градиентін құрудан бұзылып, әсіресе 
үлкен мәнге өндіру ұңғымалардың түп аймағы ие болады. Қысым градиенттердің 
үлкен мәндері фазалардың шартты бөліну шекараларының пішінінің өзгеруіне 
әкеліп соғады (яғни, су-мұнайлы және газ-мұнайлы шектесу), олар ұңғыма 
тесіктерінің жағына қарай жылжиды. Қысым градиентін тым үлкейткенде судың 
немесе газдың ұңғымаға өтуі жылдам болып, нәтижесінде мұнай дебиті азаюы 
мүмкін. 
1.4-суретте
су конусының пайда болу үдерісін анық көруге болады.
Газ бен судың мұнайға қарағанда жылжуы жоғары болғандықтан конустың 
болуы қабатты ығыстыру үдерісімен қоршауға азайып, мұнайды өндіру жағдайы 
нашарлайды (үлкен газды фактор, өнімнің тым сулануы, мұнай дебитінің азаюы 
және т.б).
Қабат қоршауына әсер етудің төмен коэффициеті.
Жоғарыда айтылғандай, қабаттың біртекті еместігі және фазалардың 
жылжуларының, тығыздықтарының тиімсіз қатынастары қабат қоршауына әсер 
етуді төмендететіні белгілі, яғни игерудің жоғарғы деңгейлі көрсеткіштерін 
алуға мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет