Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қоршаған орта және оның өндірістік жұмыстарға әсері



Pdf көрінісі
бет5/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

1.3 Қоршаған орта және оның өндірістік жұмыстарға әсері
Соңғы жылдары дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде мұхитта зерттеу 
және оның ресурстарын пайдалану проблемасы қайраңда мұнай-газ кен орын-
дарын меңгеруді дамытудың маңызды мәселелерінің біріне айналады.
Айтылған проблеманы сәтті шешудің негізгі шарттарының бірі – қоршаған 
орта жайлы сапалы және көлемі жағынан жеткілікті ақпараттың болуы. 
Дүниежүзілік мұхитты зерттеу мәліметтері санының өсу екпіні аса жоғары, 
бұл жиналған ақпарат көлемін әрбір 7-8 жылда көбейтуді қамтамасыз етеді. 
Ғарыштық бақылау мүмкіндіктерінің даму жылдамдығы арқасында жақын 
болашақта ақпараттың көбейуінің жалғасуы, біршама азаю қарқыны күтілуде.
Гидрометерологиялық жағдайларды анық әрі мұқият зерттеу мұнай-газ кен 
орындарын меңгеруде анағұрлым қажет. Бұл гидротехникалық құрылымдардың 
қатал гидрометеорологиялық жағдайда қорғалмаған акваторияларда пайда-
лануына байланысты. Қоршаған ортаның экстрималды жағдайында бұл 
құрылымдар бұзылмауы керек және кен орынды пайдаланудың барлық кезеңінде 
жұмыс сенімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жобалаудың әр түрлі кезеңінде 
гидрометеорологиялық толық көлемді ақпарат керек болады. Техникалық-
экономикалық негіздеуді жасауда да салыстырмалы үлкен аквоторияларға 
қатысты гидрометеорологиялық мәліметтер туралы кең көлемде ақпарат 
қажет болады. Теңізде мұнай кәсіпшілік құрылымдарды жобалауда кен орны 


16
алаңында мұнай кәсіпшілік гидротехникалық құрылымдардың орналасу схема-
сы және қоршаған ортаның осы құрылымдарға әсері бойынша үлкен көлемдегі 
мәліметтер алуды талап етіледі. Бұларға келесі төмендегідей мәліметтер жата-
ды:
- толқынның ең жоғары биіктігі және оған сәйкес кезеңі;
- жел және су ағысы жылдамдықтарының ең үлкен мәні;
- су деңгейінің, судың асуы мен дауылдық көтерілуін ескертуін экстри-
малды өлшеу;
- мұзды жағдайлар;
- толқынның биіктігімен кезеңінің бөліну режимдері, толқын 
параметрлерінің ортақ бөлінуі және толқындардың бөлінуі, желмен 
ағыс бағыттары және жылдамдықтарының тарауы;
- ағыс профильдері, толқын және жел спектрлері, оның толық қасиеті;
- жәй және қатты борандарда толық параметрлермен жел 
жылдамдықтарының жүрісі.
Параметрлердің негізгі мәліметтерін жинау олардың қайталану кезеңдерін 
көрсетумен келтіріледі (жалпы 5, 10, 20, 50, 100 жылда 1 рет). Гидротехникалық 
құрылымдарды құру мен пайдалануда, техникалық жүзбелі қондырғыларды 
буксирлеуде және оларды жаңа жұмыс орны жағдайына қондыруда немесе 
демонтаждауда режимдіктен басқа жедел диогностикалық және болжамдық 
гидрометеорологиялық ақпарат қажет болады:
- желдің жылдамдығы және бағыты;
- теңіз бетіндегі ағыстың бағыты;
- толқын биіктігі;
- толқынның орташа кезеңі;
- толқынның таралу бағыты;
- мұзды жағдайлар;
- бұлттылық, ауа температурасы және т.б.
Қажетті гидрометеорологиялық параметрлерді анықтаудың негізгі 
тәсілдері.
Экспериментальдық шамаларды анықтау үшін:
- қолда бар зерттеулерден экспериментальды шамаларды талдау (мысалы 
температура, ылғалдалақ және т.б.);
- ең қиын жағдайларда жүргізілген синоптиктер мәліметтері бойынша 
параметрлерді есептеу (боранмен ағыстың көтерілуі және т.с.с.);
- 50 немесе 100 жыл кезеңінде “жобалық” шпатикалық борандар бойын-
ша параметрлерді есептеу;
- математикалық модельдеу бойынша есептелген мәндерді экспрополя-
циялау.
Нормаларға жақын параметрлерді анықтауда:
- әдебиеттік мәліметтер көздері (атластар, есеп берулер, т.б.);


17
- берілген нүктелерден, кемелерден, жағалаудан жүргізілген зерттеулерді 
жалпылау;
- әр түрлі жағдайлардағы есептелген шамалар, мысалы басым желді 
жағдайлардағы ағыс есебі;
- синоптиктердің жедел картасы бойынша есептер (толық есебі);
- тікелей байланыссыз тәсілдермен алынған спутниктік және басқа да 
мәліметтер қолданылуы мүмкін.
Айта кететін жағдай, барлық есептеулерді арнайы сәйкес тәсілдермен орын-
дайды, олар жүйелі түрде эксперименталды зерттеулер, соның нәтижесінде 
есептеудің жаңа тәсілдері жасалуы мүмкін және олар нысаналы бағытталған 
зерттеулер есебінен жетілдіріп отырады.
Толық ақпарат жинау үшін техникалық мүмкіндіктер кешеніне келесілер 
кіреді:
Ғылыми-зерттеу кемелері (ҒЗК): ауа райын зерттеу кемелері; жүзбелі маяк-
тар; якорленген және қалқып жүретін кемелер, қалқып жүрген “северный по-
люс” станциясы, теңіз жағылық және сағалық гидрометеорологиялық кемелері; 
ғарыштық және әуелік зерттеу платформалары; суасты аппаратары; ғарыштық 
зертханалар; тіршіліксіз спутниктер; ұшақтар, тік ұшақтар, тұрақты теңіз 
(мұнай кәсіпшілік және бұрғылау) платформалары; гидрометеорологиялық 
мәліметтерді өлшеуге арналған жабдықталған аспаптар кешені және т.б.
Қоршаған ортаны зерттеу салалардың талаптарын есепке ала отырып арнайы 
қоғамдық құрылымдар мен ведомствалар жасаған әдістер бойынша жүргізіледі. 
Түпкілікті зерттеулермен мемлекеттік ұйымдар, ассоциациялар айналысады.
Қоршаған орта жұмыс құнына үлкен әсер етеді және ол орталық 
гидрометеорологиялық жағдайына мұнай кәсіпшілігінің күрделі теңіз 
техникасының 
конструктивтік 
ерекшеліктерінің 
және 
техникалық 
сипаттамасының параметрлерін анықтауға айтарлықтай дәрежеде тәуелді. 
Негізінен солтүстік және арктикалық жағдайлар үшін қоршаған орта – мұнай-
газ өндіру жұмыстарына басты әсер етуші фактор болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет