Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Өнімді қабаттарды алғашқы рет ашу және сынау



Pdf көрінісі
бет66/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.6 Өнімді қабаттарды алғашқы рет ашу және сынау
Өнімді қабаттардағы тау жыныстар аса кеуекті немесе өткізгіш болып 
келеді. Бұл жыныстар коллекторлар деп аталады. Оларды бұрғылап ашу кезінде 
бұрғылау сұйығының қасиеттері мен түрін дұрыс таңдап алмасақ, онда өнімді 
қабаттар ластанады немесе өнімнің дебиті азайып кетуі мүмкін. Кейін ұңғыларды 
цементтеу кезінде өнімді қабаттар екінші рет ластанады. Мұнда цемент ерітіндісі 
мұнай газ жүретін каналды, жарықшақты бекітіп тастауы мүмкін. Әдетте өнімді 
қабаттың ішінде саз қабатшалары кездесуі мүмкін. Оларға бұрғылау сұйығының 
суы әсер етсе көлемін үлкейтіп мұнай газдың жүру жолдарын капиллярлық 
каналдарының бекітіліп қалуы мүмкін. Бұл жағдай ұңғыларды игеру кезінде 
көптеген қосымша жұмыстарды жүргізуге алып келеді. Сол себептен өнімді 
қабатты ашудың алдында оның сипаттамасын ескеріп бұрғылау сұйығының 
түрін немесе қасиетін таңдап алады. Оның қасиеті қабат сұйығының қасиетіне 
анағұрлым жақын болғаны жақсы. Өнімді қабаттарды цементтеу кезінде цемент 
ерітіндісінің әсерінен сақтану керек. Мұнда цементтеу кезінде пайда болатын 
гидродинамикалық қысымның шамасынан азайғаны жөн. Өнімді қабаттар кей-
де шегендеу құбырымен бекітілмейді. Бұл коллекторлардың орнықтылығына 
өнімді қабаттардың біртектілігіне байланысты болады. Өндірісте өнімді 
қабаттарды ашудың мынадай бес түрі қолданылады:
1) Егер өнімді қабаттардағы жыныстар орнықты болса және қабат қысымы 
аса төмен болмаған жағдайда қабатағы өнімнің түрі біркелкі болса және оның 
сипаттамалары барлық қалыңдығы бойынша өзгермесе, онда өнімді қабаты та-
банына дейін ашылады, ал, пайдалану тізбегі өнімді қабаттың жабынына дейін 


141
түсіп цементтеледі. Бұл жағдайда өнімді қабат ашық қалдырылады: 1) өнім; 2) 
қабат; 3) пайдалану тізбегі; 4) цемент ерітіндісі.
2) Егер өнімді қабаттағы коллекторлар орнықсыз болса, бірақ та қабат 
қысымы онша жоғары емес, коллектордың өткізгіштігі орташа болғанда сондай-
ақ өнімді қабаттың барлық қалыңдығы бойынша бір түрлі өнім болғанда және 
оның сипаттамасы өзгермесе, онда өнім қабатын табанына дейін ашады. Пайда-
лану тізбегін оның жабынына дейін түсіріп, цементтейді, өнімді қабатқа арнайы 
сүзгі орнатады.
3) Өнімді қабат дәл 2-ші сипаттамаға ие болғанда арнайы қойылатын сүзгі 
орнына төменгі ұшы перфарацияланған пайдалану тізбегін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет