Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіздегі барлау ұңғымаларын бұрғылаудың тиімді тәсілдері



Pdf көрінісі
бет69/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.9 Теңіздегі барлау ұңғымаларын бұрғылаудың тиімді тәсілдері
Тиімді бұрғылау тәсілі
 
– аз материалдық және еңбек шығындарын жұмсау 
арқылы алдағы қойған мақсатты сапалы орындау. Бұл бұрғылаудың әдісі 
пайдалылығы негізінде құрылады да, көптеген факторлармен анықталады. Әрбір 
фактор бұрғылаудың геологиялық-әдістемелік талаптарына, тағайындалуына 
және шарттарына байланысты шешілетін мәнге ие болады.
7.7-сурет. Теңіз қайраңындағы ұңғыманы көлбеу бұрғылау сұлбасы
Тиімді бұрғылау тәсілін таңдауда ең алдымен ұңғыманың бағытты 
тағайындалуын бағалау қажет. Сонымен қатар тиімді бұрғылау тәсілін таңдау 
кезінде ең бастысы ұңғының тағайындалу мақсатын сипаттайтын фактор бой-
ынша бағалау керек. Екі немесе одан көп бұрғылау тәсілдері болған жағдайда 
оларды басқа факторлар бойынша бағалауды жалғастырады. Егер салысты-
ратын тәсілдер бұрғылаудың геологиялық немесе техникалық мәселелерін 
тиімді шешуін қамтамасыз етпесе, онда оларды, мысалы, өнімділігі немесе 
экономикалық тиімділігі жағынан бағалаудың тәжірибелік мәні жоқ.
Теңіздегі ұңғыманы бұрғылау үдерісінің тиімділігі мен өнімділігіне әсер 
ететін факторлар арнайы болып келеді. Олар техникалық әдістермен кейбір 
тәсілдерді шектейді немесе мүлдем алшақтатады. Құрлықта сол ұңғыларды 
бұрғылаудың пайдасы мол деп есептелген. Құрлықта қолданылатын кейбір 
тиімді бұрғылау тәсілдерінің қолдануын бұл факторлар шектейді неме-
се толығымен қолдануға мүмкіндік бермейді. Сол себептен теңізде барлау 
ұңғыларын бұрғылау тәсілдерінің тиімділігін келесі төрт көрсеткіштер арқылы 
бөліп қарастырады:
– геологиялық-ақпараттылық;


147
– пайдалану-технологиялық мүмкіншіліктер;
– техникалық тиімділігі;
– экономикалық тиімділігі сияқты белгі арқылы бағалауға болады.
Геологиялық ақпараттылық
барлау ұңғымаларын бұрғылаудың нақты 
мақсаттары мен есептері арқылы анықталады. Кен орнында пайдалы қазбалары 
барлауда геологиялық ақпараттану әдістері бұрғылаудан алынған керннің са-
пасы бойынша бағаланады. Кен орнының керні: шөгінділердің литологиялық 
және гранулометриялық құрамы, сулануы, қабаттың продуктивтік шекарасы, 
металдың ірілігі, пайдалы компоненттің болуы, сазды жағулар және т.б. Бұл 
параметрлерді нақты анықтау үшін керн сынамаларын әр интервалдағы сынау-
лар арқылы байыту мен азуына жол бермеу қажет. Бұл өлшемдердің нақты 
анықтамасы үшін түрдің өзгеруі мен алынатын қоспалардың берілуінің алдын 
алады.
Геологиялық хабарландыру тәсілі инженерлік геологиялық іздеулерде 
топырақтың физикалық-механикалық құрамын анықтау бойынша бағалайды. 
Оған жету үшін топырақ сынамаларын бұрғылап, арнайы лабораторияда 
құрамын зерттейді. Соңғы тәсіл перспективалық болып табылады, себебі тез 
және сапалы зерттеулер қорытындысын алады.
Пайдалану-технологиялық мүмкіндіктер тәсілі белгілі бір жағдайларда 
керекті параметрлер арқылы ұңғыманың тиімді өнімділігін қамтамасыз етеді. 
Тәжірибе жүзінде белгілі кез келген әдіс арқылы теңізде бұрғылауға, оның 
үстіне шурф жүргізуге және шурфқазбаларын бұрғылауға болады.
Осындай түрмен пайдалану-техникалық мүмкіндіктерін бұрғылауға 
берілген тапсырманың орындалу сапасы, оның техникалық және экономикалық 
тиімділігі арқылы анықталады.
Техникалық тиімділікті бағалау критериялары: Бұрғылау жылдамдығының 
тез, орташа, рейсті, техникалық, циклді түрлері; бір ауысуға немесе сезонға 
өнімділік; жеке операцияларды орындау уақыты, жеке интервалда немесе 
барлық ұңғыманың өтуі; инструменттің, шегендеу құбырларды, жабдықтардың 
төзуі; универсалдығы; металл сыйымдылығы; энергия сыйымдылығы; қуат: 
бұрғылау қондырғының тасымалдануы және т.б.
Теңіз жағдайында бұрғылау тәсілін таңдау үшін уақыт факторы негізгісі 
болып келеді. Экономикалық тиімділіктің негізгі критериясы – ол техникалық 
тиімділікке тәуелді болатын бір интервалды немесе ұңғыманың барлық 
құрылымдар бағасы, 1 м бұрғылаудың құны.
Сонымен ұңғыма құрылысының өзіндік құны болып 1 м бұрғылау құны 
және пайда саналады, өзіндік құн техникалық тиімділік дәрежесіне байланы-
сты болады. Бұрғы қондырғысын монтаждау уақыты, ұңғыманы бұрғылау 
және бекіту уақыты, бұрғылау қондырғысын демонтаждау, циклдік бұрғылау 
жылдамдығы, ұңғыма тереңдігі, механикалық бұрғылау тізбегін көтеру-түсіру, 
ұзарту уақыты, ұңғыны бекіту уақыты, қосалқы жұмыстар: қашауды алмастыру, 
түптік қозғалтқыштарды тексеру және алмастыру, т.б. уақыт, апат жұмыстарын 


148
тойтаруға жұмсалатын уақыт. Қосалқы жұмыстарды жүргізуге қолданылған 
материалдардың шығыны, Мысалы, қайраңды теңіз түбінде, күрделі 
гидравликалық жағдайда және белсенді ортада шегенді, бұрғылау құбырының 
тозуы түзуші қондырғыларды бекітуге шығарылған тростық қондырғы, якорлық 
лебедкаларды бекіту, т.б. 
Тиімді тәсілді таңдап, теңізде ұңғыманы барлау бұрғылауының техноло-
гиясы мен техниканы пайдалануда белгілі және жаңа тәсілдерді салыстырып, 
кешенді тиімдісін іске асыру керек. Сондықтан, мұндай ұңғыманы бұрғылау 
үшін салыстырмалы тәсілдердің әдістемесін дұрыс бағалап, бірінші ретте 
геологиялық ақпараттылығына көңіл бөлу керек.
Осындай әдіспен тиімді әдісті таңдау, теңіз ұңғымаларын барлаудың техни-
касы мен технологиясын жаңа пайдалы кешенді критерияларымен байланысты-
ру қажет.
Мысалы, мұнай мен газ кен орындарындағы ашылуларды келтіруге болады 
(бұрғылауға бағытталған қазбалар) (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет