12.3. Қазақстан көркем мәдениетіндегі жаңа үрдістер
Тәуелсіз Қазақстанның көркем мәдениетінің басты тәжірибесі
жаңалыққа сергектігі мен ашықтығы деу орынды. Мұның айқын бір
көрінісі-Contemporary art, яғни қазіргі заман өнерінің тез арада әрі табиғи
түрде пайда болуы. Алғашқы кезде бұл бағыттың жақтаушылары
Қазақстан үшін ең маңызды және қажетті тек Сontemporary art деуге
басқан. Бірақ Қазақстанның бүгінгі өнері тек осы бағытпен
шектелмейтінін, ол әр алуан және әр түрлі стильдік бағыттардан және әр
түрлі шығармашылық ерекшеліктерден тұратынын өзі көрсетіп отыр.
Дәстүрлі халықтық шығармашылық өзінің түрін өзгерткенімен
қазіргі кездегі жастардың көркемдік ізденістерінде ерекше сапаға еніп
отыр. Дәстүрлі әдістер өзгерістерге ұшырады, жаңа сипаттағы бұйымдар
пайда болды.
1991 жылдан бастап «темір шымылдырықтың» құлауынан кейін түрлі
бағыттағы он бес шақты жеке меншік галереялар пайда болды, Содан
бастап, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында
«Галереялар шеруін» өткізу жыл сайын дәстүрге айналды. Құрылған әр
галереның өзіндік бейнесі, бағыты бар. Бірі әйгілі шеберлердің
шығармаларымен жұмыс істегенді қаласа, енді бірі жас талантты
шеберлерді тауып, олардың шығармашылығын насихаттайды. Сонымен
қатар, авангард үлгілерін, классикалық натюрморт үлгілерін жинақтайтын
кішігірім салондық көрмелер де ашылды. Өнерді жан-тәнімен сүйіп,
табынатын жандар мен қатар, көркемөнер туындыларын жинап, оны
насихаттаумен айналысатын коллекционерлер де көптеп саналады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан көркемөнер туынгерлерінің әр буыны
жалпы дүниежүзі өнері мен мәдениетіне өзінің баға жетпес жарқын
үлестерін қосуда. Осы шеберлердің, оның ерекшеліктері мен үлгілерін
көрерменге таныту, насихаттау мақсатында «Ою» галереясы зор үлес
қосуда. 1990 жылдардан бастап, көшпелілер мәдениетіне деген
қызығушылықтың жаңа толқыны қайта келеді және тіптен күшейе түседі.
Бір топ кескіндемешілердің интеллектуалды ізденістері ежелгі тарих
элементтері мен артефактілерін және барлық тіршілік иелеріне тән
онтологиялық өлшемді дәстүрлі мәдениетті зертеу деңгейіне дейін
көтерілді. Олар: А. Дүзелханов, Ж. Қайранбаев, М. Қаспақ, Д. Қасымов
242
және т.б. суретшілер болатын. Оларды дәстүрлі мәдениеттің
тамырларынан, қайнар көздерінен келетін тақырыптар мен бейнелер
толқытатын, кейде кейбір жұмыстар өзінің сюжеті және түсінуі бойынша
жалпылаудың, түсінудің және типтеудің философиялық деңгейіне
жақындай түсті. Олардың шығармаларына іштегі тереңдік және ойдың
кеңдігі, мазмұндық және түрлік нақтылық сипатты болды.
Д. Қасымов өнерді шынайы пән ретінде қабылдап, фольклорлық
мифологиялардан шығармашылық қуат алады. Автор туралы айтуға
мәжбүр еткен алғашқы көркем полотно болып «Таң» каринасы танылды.
Ерекше орын алған монументальды «Күлтегін» полотносында суретші
ұлы бабаларымыздың біртұтас субстанциональды кейпін бере білген.
Қазақ суретшілерінің көбіне тән күнделікті өмірді салттау-түр
жасаушы қасиет және кәдуілгілік пен сакралдылықтың, уақытшылық пен
мәңгіліктің арасындағы параллель жүргізуге тырысу ретінде көрініс
береді. Өмірді жүйелі, әмбебапты түйсінуге деген сана астары
деңгейіндегі қажеттік-ішкі мәдени код ретінде байқалады.
Нелли
Бубэ қазақ мәдениетінің дәстүрлерін бірегей түрде
нақыштады. Онда адамгершілік аясында көрініс беретін ерекше
реалдылыққа ие болған жоғары руханилық орын алған. Бірақ олардың
бәрі өзінің ең жоғарғы іске асуын өнерден табады. Оның «Ұлы Жібек
жолы» шығармалар сериясы шынайы әсер туғызады. Адам өмірі мен
оның көркем шығармашылығының мағынасы мен мақсатын білу
жақсылық, әсемдік және ақиқаттың бірлігін түсінуінсіз мүмкін емес.
Сурет. Көкпар. Автор Нелли Бубэ
Шығыс миниатюраларының әсері көрінетін жас суретші Ақтоты
және Ботагөз Ақанаевалардың жұмыстары өз стилистикасы бойынша
танымал. Суретшілерді қоршаған ортаны бейнелеуде тек қана реалистік
үрдістерде болуға міндеттеуге себептер жоқ. Өзіндік стилді таңдау
көптеген субъективті және объективті факторлармен байланысты.
243
Ө. Жұбаниязовтың, Б. Ақанаевтың, Қ. Әжібековтың, И. Заузенг
жұмыстары экспрессивті, Н. Қилыбаевтің бейнелері декоративті
көмкерілген және поэтикалық кейіпте, А. Қазғұловтың пейзаждары терең
және тылсым, М. Нұрғожиннің жұмыстарынан нәзік лиризм және
жылылық сезіледі. Т. Ысқақов Ұлы Даланы жырлайды, Ш. Ноғайбаевтың
графикалық парақтары юмор мен мысқылға толы. Е. Оспановтың
графикасы тартымдылығы сақтардың «Аң стилі» экспрессиясы мен
ежелгі түркілердің тас мүсіндерінің статистикасының диалектикалық
бірлігінде жатыр.
Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін
қалықтап жүрген Қазақстан өнерінің әр түрлілігін айқын танытатын осы
ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу
өнерінің шарықтауы туралы сенімімізді қуаттайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі
қазақ мәдениетінің сақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз рөлді
атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке ену жолын салады.
Сәндік живописьтің үлттық сипатын өрнектеп шешу қазақ
қолөнерінің күре тамырымен ұштасып жатыр. Шынайы сурет салуға
бейімделудің өзі тарихи дамудан түрады. Көшпелі халқымыздың ежелден
келе жатқан анималистік өрнектерін көркем шығарма орындауда
сабақтастыруы тегін нәрсе емес. Сондықтан болар суретші Ө.
Рыстанұлының өзіне тән жеке дара қолтаңбасы бар екендігі бәрімізге аян.
Суретшінің атын асқақтатқан ең құнды көркем туындылары «Бүркітші»,
«Қош», «Биші қыздар» деп аталады. Әрдайым суретшінің көркем
туындылары байыптап қарауы қажет етеді. Өйткені кез келген көркем
туындыны көрермен жете қабылдауы мүмкін. Оның басты себебі,
өрнектің құпия кілтін тауып көркем шығармада композиция құрып, басу
үндестігімен әуен тудыруында жатыр. Мысалы «Екеу» атты көркем
туынды да жүлдыздар тәрізді адамға әсерлі ой туғызады. Жарты ай мен
жұлдыз тәрізді геометриялық дененің сұлбасында бейнеленген көрініс тас
қараңғыдан жол тапқан үкідей болып үн қатады. Мұнда «Аң стилінің»
жаңғырығы анық байқалады. Ал «Елес» атты көркем шығармада көркем
түстей шым-шытырық терең философиялық ойдан туындаған әр алуан
адамның келбеттік тұлғасынан тұратын пішінде ортақ көзқарастың
болмауы суретшінің ішкі жан сезімімен сипатталған. «Ырыл» атты
көркем туындының басты идеясында адам арасындағы күншілдік, көре
алмаушылық, іштарлық айқын көрінеді. Суретші Ө. Рыстанұлының кез-
келген көркем туындысы, шығармалары терең ойлылығымен көркем
шеберлігімен көрерменге ұнайды. «Дүбір» атты картина көрінісінде
желдей ескен ақ боз бие екі құлының ертіп шауып барады. Зымырап өтіп
бара жатқан өмір мен уақыт еске салса, артындағы асқар таулар биік
белестердің барлығын аңғартады. Алдында түрған балбал тас өткен ата-
бабалардың мұрасындай көзге ыстық көрінеді. «Ұлым менің» атты
көркем шығармада ақ боз аттың үстінде домбыра үнімен әндеткен
244
баланың әуені шартарапқа жайылып, күн шапағатына бөленеді.
Соңғы онжылдықтарда Қазақстанда тамаша жетістіктерге жеткен
бейнелі өнерінің түрі-гобелен. Л. Қалымова және Б. Зәуірбекова
гобелендерінде монументтілік пен камерлі шешім өзара жақын үндестігін
табады. Б. Зәуірбекованың шығармашылығынан ұлттық мінез, ұлттық
салт-дәстүрлер үрдісін танып, тарихымыздың тереңінен халқымыздың
көне мәдениетін көріп, ғасырлар жаңғырығын естуге болады. «Әуен»,
«Көктем», «Жер Ана», «Композиция» туындылары көңілге көктемгі Күн
шуағын сыйласа, «Бақыт құсы» әйел жанының гармониясын, нәзіктігін
жырлайды. Ал, «Қазақстан», «Астана» гобелендері болса, бүгінгі
өркениетке ұмтылған егемен еліміздің болмысын, көрінісін, шат-
шадыман тұрмысын, өсіп-өркендеуін көрсетеді. «Муза», «Ғасырлар үні»
т.б. бірқатар туындылары ғасырлар белесінен бүгінгі желі тарта
орындалған түнгі аспандағы Құс жолы сияқты. Осы гобелендері арқылы
ол қазақтың дамыған мәдениеті, тарихы болғанын айтып жеткізуге
тырысады.
Сурет. Ғасырлар үні. Автор Б.Зәуірбекова.
Әлемді шығармашыл жаңғырту-адам іс-әрекетінің басты мақсаты.
Әлемді әрекетшіл қайта құру қабілеттілігіне адамның рухани күштері мен
талпынастарын бекіту арқылы шындықты меңгеру ретіндегі өнер қызмет
етеді. Көркем танымның өзі-көрінетін және сезілетін әлемге апаратын, ашық
жүйе.
Халық шығармашылығы-суретшілеріміздің ізденісінің құнарлы әрі
берекелі негізі. Халықтың қолданбалы өнерінің форма байлығы, өмірге
құштарлық сезімі, нәзіктігі сияқты құнды қасиеттері олардың
шығармашылығынан жалғастық табуда. Этномәдени салт-дәстүрдің өзегі
адамдар мен табиғат арасындағы жақындық, әлемді сезінудің
әмбебаптылығы, өзін-өзі сақтау арқылы қоршаған ортаға бейімделе білу
және табиғат пен мәдениет арасындағы экологиялық тепе-теңдікті түсіне,
245
сезіне білу сияқты түпнегізді мәселелерден құралады. Жаңа
философиялық, адамдарға жақын осы идеялар, көбінесе XX ғасырдағы
адам ойы мен мәдениетінің дамуымен тұспа-тұс келді.
Көксерек галереясы (Қанат Ибрагимов, Ербосын Мелдібеков,
Жазира Жанабаева, Жанат Елубаева және т.б.) өзінің көркемдік
тәжірибесінде көне ғасырлар қойнауына енген дала тұрғындарының
тұрмыстық, пұтқа табыну жораларымен, ежелгі «Аң стилінен» туындаған
бейнелерімен байланысты. Оларда ежелгі көшпелілердің динамикалық
өмірі біздің мәдениетіміздің түп-тамыры ретінде көрінеді. Галерея
суретшілерінің құрбандық шалу, шамандық әрекет сияқты көне тотемдік
тәжірибесі,
біздің
көзқарасымызша,
кез-келген
өнердің
біздің
мәдениетіміздегі негізін табуға тіпті өндіруге бағытталған, оларда
суретшіні тәуелділік тәжірибесіне бағындыратын бейсаналық импульсі
табылады.
Өнерді көрсетудегі статикалыққа «Көксерек» тірі динамиканы,
ежелгі «Аң стилінен» туындаған өнерді қарсы қояды, бірақ оны сананың
үзіліссіз саны деңгейінде қарастырады. Осында құрбандық жануардың
денесі, ым, мимика, сөз, айқай - барлығы инспирация, алғашқы логикалық
кеңістік тудыру үшін қажетті, бұл жерде көптеген қарама-қарсы көңіл –
күй – қайғыдан бастап, шексіз қуаныш пен таңданысқа дейін бар. Өнер
бұл жерде өмірдің адвокаты емес, перманентті адасудағы өмірдің өзі
болып көрінеді.
Бұндай кейіпте Көксеректердің жасаған шамандық рәсімінің
элементтері, егерде нәтижесінде өмірлік драмаға толтырылатын өткір
функциональды бағыттылықты ескермесек, біршама нақтылыққа ие. Көз
алдымызға оның барлық қарама-қарсылығында шындық байқалады. Бұл
қарама-қарсылықтардың шекті формаға дейінгі потенциалдануы жүреді.
Осы магиялық әрекеттердің айтуынша, өнер де енеді бос және өлі
форманың статусына ие болғысы келмесе, бақылаушыны өткір де қатал
күшімен баурап алуға мәжбүр. Ол өзінің туындау және жоғалудың шексіз
ойынында кез-келген форма үшін ашық болуы тиіс.
«New Kasachische Kunst» акциясында бұл ойын құрбандық
жануарының денесіне қатысты өзгереді. Қойды өлтіру мезеті туындайды.
Суретші-шаман
әлдебір
сакральды
формуланы
келтірген
соң,
құрбандықтың өмірімен байланысы, шаман тарапынан көрсетілетін белгі
бір манипуляция арқылы үзіледі. Нәтижесінде өлімнің қатыстылығын
білдіретін әсер туындап, ыдысты толтыратын таза қан пайда болады.
Кейін шаман бір бөлігі беті мен киіміне төгілетіндей етіп қанды ішеді.
Осындай кейіпте жеткілікті брутальды формада бұл тәсіл сол жақтағы
сахнадағы бейнені көрсететін, сол өмірдің құқығын қалыптастырады.
«Евразиялық утопия» аймағындағы «Азия Арт» галереясында
«Суретші терісі» жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Онда әртүрлі
түрдегі салалы тері, киім, гипотетикалық шаманның құралдары мен
заттары көрсетілуі, сонымен қатар оның тәніне, тактильді тәжірибесіне
246
байланысты суретшінің шексіз мутациялық бейнесі көрсетілген болатын.
«Суретші терісі»-бұл әрбір мезгілді салалаушы. «Азия Арттың» әр салалы
теріден жасалған бұйымдарына барлық дәстүрлі өнер қатысты.
Өнер жым-жырт мұражай құшағынан сытылып шығып бүгінгі өмірге
қау ышуда, қазіргі қазақстандық қала интерьерінен өзіне лайық орын
алуға ұмтылуда. Бұл енді ғасырлар беделінде аты белгісіз күйінде кеткен
шеберлер сомдаған низами ою өнері емес, суреткердің жеке етене сыры,
дүниетанымы, оның этникалық мәдениетті қалыпқа келтіру ісіндегі жеке
үлесі. Қазіргі шеберлердің бірі ағаш ою, темір қию немесе зергерлік
бұйымдар жасау сияқты байырғы қолөнер түрлерін жандандырып жатса
(Д. Шоқпарұлы), бірі дәстүрлі кілемшілер, ши тоқушылар, киіз
басушылар іске жаратқан материал мен техниканы пайдаланып
қайталанбас өнер туындыларын сомдап жатыр (Б. Зәуірбекова, С.
Бөлтірікова). Бұл жердегі шеберлік, тек байырғы материал мен техниканы
ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі өнердің жекелеген элементтерін
пайдаланудан да көрінеді. Алайда, аталмыш элементтер қайталанбас дара
түйсік сүзгісінен өткізіледі. Бұрынғы қолданбалы мәнінен ажыратып
алынған ою-өрнек элементтері қазіргі заманға сай сезім мен экспрессияға
молыққан. Оңтүстік Қазақстандық шеберлер Жәңгір Үмбетов пен
Амангүл Ихановалар әшекей жабдықтарын ғана дайындап қоймайды,
сондай-ақ олар «құшкөн» деп аталатын жаңа қолданбалы өнер түрінің
негізін қалады. Теріні өңдеуден бастап, бояп пішкенге дейінгі
аралықтығы барлық технологиялық процесті көктей өткен авторлар
қазіргі адамның бойында өшіп қалған, теріні сезіну, оның пластикасы мен
қисапсыз бедерін көру, тосын символдық теңеулер табу қабілетін
қайтадан оятады.
Олар өздерінің композицияларын аса нәзік көркемдік түйсікке
сүйене отырып жасайды. Нәтижесінде адамды ойлануға, көргеніне
шомуға, іштей етене тілдесуге шақыратын бірегей өнер туындылары
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |