247
мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы
Қазақстан киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар
Алматыда
өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталык киностудия) деген
атпен өзінің қызметін бастады. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер
шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 ж. ол Алматының көркем және
деректі-шежірелік фильмдер студиясы (1960 жылдан «Қазақфильм») деп
аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы үйымдасқан кезінен бастап 100-ден
астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер
тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқынын өткен өмірін
көрсететін, 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халық батырлығы
туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс, «Абай
әні" (1946), «Махаббат дастаны» (1954), «Шоқан Уәлиханов» (1957),
«Қыз Жібек» (1972), «Ботагөз» (1957), «Атаманның ақыры» (1971),
«Орман балладасы» (1972), «Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Менің атым
Қожа» (1963), т.б.). Қазақ кионосын дамытуға реж. Ш.Айманов, Е.Е.
Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев, С.Қожықов; актерлер А.
Әшімов, Қ.Қуанышпаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов,
С.Қожамқұлов, Қ.Қожабеков, Ә.Өмірзақова; операторлар М.Аранышев,
Ф.Әбсәлемов, М.Беркович, т.б. мол үлес қосты. Кеңестік коғамдағы
демократиялық
жаңартулар
Қазақстанның
көркем
фильмдерінің
эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ «жаңа толқыны»
өкілдерінің
шығуына жол ашты. Осы кезде К. Салықовтың «Балкон» (1988),
Р.Нұғмановтың
«Ине»(1988),
С.Апрымовтың
«Қиян»
(1989),
Т.Теменовтың «Адамдар арасындағы бөлтірік» (1988), А.Әмірқұловтың
«Отырардын күйреуі» (1991), Ә.Қарақұловтың «Әзәзіл қыз» (1991),
Е.Шынарбаевтың «Сүр үшбұрыштағы орын»(1993), С.Нарымбетовтың
«Көзімнің қарасы» (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге
таныла бастады. Халықаралық кинофестивальдарда жүлделі орындарға
ілікті. Бұл кезеңдегі қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік
бағыттар
айқындалды:
әлеум.
авторлық
фильмдер-С.Апрымов,
Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру-
Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер-С.Нарымбетов; «халықтық
кино»-Б.Шәріп, А.Әміркұлов, Т.Теменов, Д.Манабай.
Кейінгі жылдары өнер саласындағы ел таланттары әлемдік аренада
жиі топ жарып жүр. Соның ішінде Қазақстандық Димаш Құдайбергеннің
өнері-оның жанкүйерлерінің Қазақ еліне,
мәдениетіне, тіліне деген
қызығушылығын оятқан бірегей құбылыс. Қазақ өнерінің деңгейін
көтеріп, мәртебесін асырған, асқақ үнімен жер-жаһанды тамсандырған
әлемдегі ең танымал қазақстандық әнші, композитор, бесаспап музыкант
Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері танымал әншілер
Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген.
248
Сурет. Димаш Құдайбергенов
Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес
жасында
музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты
жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано»
номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы «Байқонырдың Әсем
дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012
жылы «Жас қанат» Республикалық жас
ән орындаушылар байқауының
Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар»
Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 2013 жылы Димаш
Құдайберген «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы
болды. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық
колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдады. Димаш Қазақ
Ұлттық өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша
бітіріп шықты.
Нағыз танымалдық Витебск
қаласында XXIV Халықаралық
эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-
при жеңіп алған соң келген. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстамбұлдада
Димаш Құдайбергенов «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит
фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
2017 жылы 27 наурызда Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш
Құдайбергенов «Top Chinese Music Awards» номинацияның жеңімпазы,
15 сәуірде Қытайдағы «Singer 2017» жобасында екінші орын алды.
Бүгінде «Қазақтың Моцарты» атанған Рахат-Би Әбдісағин-пианист,
композитор, өнертану ғылымдарының магистрі «Дарын»
мемлекеттік
жастар сыйлығының лауреаты, 100-ден астам музыкалық шығармалардың
авторы.
249
Сурет. Рахат-Би Әбдісағин
Ұлтымыздың музыка өнерін әлемдік деңгейде насихаттап жүрген 10
жасында музыка жаза бастады. Көптеген халықаралық байқаулардың
лауреаты, П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқау лауреаттары
қауымдастығының мүшесі. 14 жасынан бастап Грац қаласындағы
(Австрия)
Impuls
заманауи
музыканың
композиторлары
мен
орындаушылары халықаралық академиясының тұрақты қатысушысы.
International Summer Academy 2015 стипендиаты (Австрия). Оның
туындылары Бах, Моцарт, Гайднадан бастап, қазіргі классиктерге дейінгі
әлемдік классикалық шедеврлерді жинайтын Оңтүстік Иллинойса
университетінің (АҚШ) «Discography» оркестрімен фортепианоға
арналған туындыларды орындайтын әлемдік қордың қоржынына енген.
Ол заманауи музыкаларды орындаушылар мен композиторлардың
халықаралық академиясының ең жас қатысушысы: Impuls (Грац, 2013,
2015, 2017), ISA (Мюрццушлаг, 2015), KlangZeitMünster (Мюнстер, 2016),
ең жас лектор ICTM 2015.
Рахат-Би Әбдісағиннің
шығармаларын Еуропа, Азия және
Американың симфониялық оркестрлары мен камералы ансамбльдері,
атақты солистер орындайды. Оның шығармаларының әлемдік
премьерасы Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Сеул, Анкара, Стамбул,
Мәскеу, Рогашке-Слатине, Бергамо, Аркейе, Аликанте, Алматы және
Астана қалаларында өтті. Жас әрі талантты
композиторға шетелдік
сыншылар «қазақтың нағыз ғажайып құбылысы, мінезінде амбициясы
қолында ерекше күші бар асқан шебер пианист» деген баға берді. Рахат-
Би қазақ, орыс, ағылшын, итальян, испан тілдерін меңгерген.
Мәскеу қаласындағы «Композитор» баспа үйінен Рахат-Бидің
«God’s dwelling» және «Over the vault of depth» атты симфониялық
картиналарының партитуралары шықты. Бүгінде ол әр жыл сайын 24
елден 200-ге жуық әлемге әйгілі музыканттар мен педагогтар қамтылған
П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер конкурсының әділқазылар
мүшесі.
Рахат-Би Төлегенұлы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 17 жасында
ТМД парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді
250
дамытудағы ерен еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған ең жас
композитор.
Әр музыканттың шығармашылық жолындағы ең керемет сәт –
Grammy сыйлығын иелену. Осындай жетістікке жеткен қазақстандық
музыкант Иманбек Зайкенов
өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің
арқасында әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді.
Оның шығармашылығы Қазақстан жастарының да ең биік шыңдарды
бағындыра алатынын дәлелдеді.
Сурет. Иманбек Зайкенов
Заманауи Қазақстанда көркем мәдениет түбегейлі
Достарыңызбен бөлісу: