6
- ашық мәдениет нарықта жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты
молайтады, жаңа технологияларды таратады;
- әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар
мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны
жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
- мәдени жетілгендік адами факторға инвестицияларды ұйғарады:
білім беруге, денсаулықты сақтауға, инфрақұрылымға позитивті әсер
етеді;
- мәдени өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды
жүргізуге ниеттендіреді.
Мәдениеттану пәнінде маңызды рөл атқаратын антропология
курсы өз ішінде әлеуметтік немесе мәдени антропологияны,
антропологиялық
лингвистиканы,
ежелгі
археологияны
және
биологиялық немесе физикалық антропологияны қамтиды. Мәдени
антропология пәнінде теория зор мәнге ие. Ал теория мен тәжірибе өзара
тығыз байланысты. Әсіресе түрлі ұлттық дәстүр ықпалымен мәдениетке
берілген анықтамаларға, теория мен этнографияның өзара байланысына,
синхрондық және диахрондық тұрғыдан зерттеудің айырмашылықтарына
және
пән
тарихын
мәдениеттанушылар,
тарихшылар
мен
антропологтардың қалай қабылдайтынына мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: