Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 296



Pdf көрінісі
бет4/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
15. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 296 
15.1 
Қазақстандағы 
«
Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
маңыздылығы 296
 
15.2. Қазақстанның мәдени ескерткіштері мен мәдени туризмнің 
мүмкіндіктері 298
 
15.3. Қазақстандағы мәдени-инновациялық үдерістер және ұлттық идея 
306 
Ұсынылатын әдебиет
 
 
 
 
 
 
 
 



І-МОДУЛЬ. МӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ПӘНІ, НЕГІЗГІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ 
 
1. МӘДЕНИЕТ МОРФОЛОГИЯСЫ 
 
Мақсат:
Мәдениеттанудың ғылым және оқу пәні ретіндегі 
қалыптасу тарихын, оның гуманитарлық пәндерде алатын орнын, басты 
ұғымдарын, қағидаттарын, құрылымы мен функцияларын қарастыру. 
 
1.1.
 
Мәдениеттану пәнінің қалыптасу тарихы мен қоғамдағы орны 
Мәдениеттану-заманауи қоғамда жоғары сұраныстар мен 
қызығушылыққа ие, еліміздің тәуелсіздігімен қатар дамыған жаңа 
ғасыр мамандығы болып табылады.
Мәдениеттану-мәдениет 
және 
оның институттарын тұтас феномен ретінде зерттейтін ғылым саласы. 
Мәдениеттану пәні оқу үрдісіңе 1994 жылдан бастап ене отырып, 
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде қазіргі кезде 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнаулы пәні ретінде ұсынылған.
Қазақстанда мәдениеттану бойынша білімді мамандар дайындаудың 
негізгі міндеттеріне тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуының 
дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени дамуының дербестігін 
қамтамасыз ету, ұлттың мәдени сұраныстары мен талаптарын 
қанағаттандыру саясатын жүргізу жатады. Қазіргі кездегі өркениет 
қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы тұрмыстық жағдайды 
қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда мәдениет көбінесе қоғамдық 
жаңару бастауы, шығармашылық өмірді қалыптастыру факторы ретінде 
көрініс табады. Мәдениетті адамның өзін-өзі жүзеге асыру құралы 
ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих пен адамға айтарлықтай әсер 
ететін импульстарды анықтай аламыз. Әлемге жетудің эвристикалық 
құралы идеология, экономика немесе саясат емес, мәдениет болып 
табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет нұсқасын қалытастырмаған 
халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы түсіну мәдениетке әу бастан-ақ 
тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі мен тереңдігін білдіреді. Ұлттық 
мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс: 
-
Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін 
анықтауы тиіс. 
-
Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түбегейлі және 
инновациялық өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу 
беріп, бірігіп, онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс. 
Өркениеттіліктің басқа қыры-ол алып келетін жағымды мәдени 
құндылықтар. Бұлар:
- қоғамның мәдени деңгейі тіршілік қалыптарының жоғарылуына, 
экологиялық бүлдірулердің баяулауына, жалпы гүлденуге себепші бола 
алады;



- ашық мәдениет нарықта жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты 
молайтады, жаңа технологияларды таратады;
- әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар 
мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны 
жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді; 
- мәдени жетілгендік адами факторға инвестицияларды ұйғарады: 
білім беруге, денсаулықты сақтауға, инфрақұрылымға позитивті әсер 
етеді; 
- мәдени өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды 
жүргізуге ниеттендіреді. 
Мәдениеттану пәнінде маңызды рөл атқаратын антропология 
курсы өз ішінде әлеуметтік немесе мәдени антропологияны, 
антропологиялық 
лингвистиканы, 
ежелгі 
археологияны 
және 
биологиялық немесе физикалық антропологияны қамтиды. Мәдени 
антропология пәнінде теория зор мәнге ие. Ал теория мен тәжірибе өзара 
тығыз байланысты. Әсіресе түрлі ұлттық дәстүр ықпалымен мәдениетке 
берілген анықтамаларға, теория мен этнографияның өзара байланысына, 
синхрондық және диахрондық тұрғыдан зерттеудің айырмашылықтарына 
және 
пән 
тарихын 
мәдениеттанушылар, 
тарихшылар 
мен 
антропологтардың қалай қабылдайтынына мән беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет