Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары



Pdf көрінісі
бет105/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181
3. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары. Көтерiлiсшiлер же ңi- 
лiс тапты. Өйткенi көтерiлiс жергiлiктi тар көлемдегi сипатта болды. 
Қазақтар түгел бас қосып, бiртұтас майдан аша алмады. Кө терiлiсшiлердiң 
қару-жарағы нашар едi. Олар негiзiнен қылышпен, айбалтамен, найза-
мен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық же тiс педi. Оқ-дәрi де тапшы 
болды. Рубасыларының бiр бөлiгi көте рi лiсшiлердi қолдамады. Бұл кезде 
патшалық Ресей Қазақстанды бар лық жағынан бiрдей әскери бекiнiстер-
мен құрсап, қоршап алып үлгерген едi.
Патша үкiметiнiң әскерлерi Маңғыстауда үш ай бойы тұрып ал ды. 
Жергiлiктi өкiмет билiгi көтерiлiсшiлердi қатаң жазалады. Кавказ әскери 
әкiмшiлiгi Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтiн салығын және басқа 
да алымдарды – барлығы 58 мыңдай сомды жинап алды. Оның үстiне, 
адайлар 90 мың қой мөлшерiнде контрибуция (соғыс шығын дарын өтеу) 
төлеуге мәжбүр болды.
Көтерiлiсшiлерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Реформа 
енгiзуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударыл-
ды. Мәселен, Торғай облысының бiр өзiнен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 
1890 жылы 3 мыңға жуық адам жер аударылды.
Көтерiлiстiң басшылары 1870 жылдың желтоқса нында ағайын-туыс 
жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтiп кеттi. 
Сұлтан 
Ханғали Арыстанұлы бас та ған 57 мыңға жуық 
қазақ осылай iстеуге мәж бүр болды. 
Патша үкiметi орыс шаруаларын қаруландыруды 
күшейтуге көш тi. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға 
дейiн бiр ғана Жетiсу же рiндегi орыс шаруаларына
9 мыңнан астам мылтық берiлдi. Мұның өзi жер гi лiктi 
халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары ара сында ғы қарым-
қатынастың нашарлауына алып келдi.
Халық арасында жаңа толқулар туып кетедi деген қауiппен, олардың 
алдын алу үшiн ХIХ ғасырдың соңында патша үкiметi Қа зақстанда құпия 
мәлiметтер жинап тұратын 
жалдамалы агент тер  тобын құрды. «Өте 
сенiмдi» деген қазақтардан әр уезден екi жансыз жа сырын тағайындалды. 
Олар жергiлiктi халықтың кө ңiл күйi тура лы патша үкiметiне қажеттi 
құпия мәлiметтер жинау мен айналысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет