Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет104/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

1868 жылғы маусымның бас кезiнде Орал облысындағы көтерi лiс өзi-
нiң шырқау шегiне жеттi. Қарапайым көшпелi халықтың ашу-ыза сы ендi 
жергiлiктi ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ере женi қабылдауға 
келiсiм берген ақсүйектердiң ауылдары на шабуыл ұйымдастырылды. 
Реформалардың мәні 
мен халық арасын-
да тараған қауесетті 
салыстырыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


124
Торғай мен Орал облыстарындағы көтерiлiстiң кеңiнен өрiстеуi 
патшалық Ресейдiң жергiлiктi әкiмшiлiктерiн ғана емес, оның орта лық 
үкiметiнiң де мазасын кетiрiп, үрейiн ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз 
басып тастау үшiн патша үкiметi Петербургтен, Мәскеу ден, Харьковтан 
және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер 
жiбердi. Соның iшiнде Орал облысында подполковник Рукин мен Верев-
кин бастаған жазалаушы әскерлер жойқын қимыл көрсеттi. Көтеріліс 
біртіндеп әлсірей бастады.
2. Маңғыстаудағы көтерiлiс. Жаңа ереже енгiзiлгеннен кейiн Маң -
ғыстау түбегiндегi адайларда жер мәселесi қатты шиеленiсiп кеттi.
1870 жылдың наурызында Маңғыстау приставы подполковник Ру
кин 
құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбiрегi бар әскери жасағын бас тап және 
беделдi деген рубасыларын ертiп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшiп 
бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың 
көтерiлiске шығуына түрткi болды. Бозашы деген жерде досан Тәжiұлы
Иса Тiленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинады. Кескiлескен шайқас 
басталып кеттi. Көп ұзамай Рукин бастаған әскери жасақ тас-талқан 
болып жеңiлдi. Жаралы болған Рукин өзiн-өзi атып өлтiрдi. Бұл жеңiс 
көтерiлiсшiлердiң рухын кө те рiп, оларды жiгерлендiре түстi.
Көтерiлiс Маңғыстау түбегiн түгел қамтыды. Алек-
сандровск фор тының және Николаев станицасының 
балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық 
бiлдiрдi. Қайықтарды тартып әкету бас талды. Сарытау 
шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өзде рiнше флотилия 
құрып алды. Кейiнiрек ол флотилия Алексан д ровск фортын қоршауға 
қатысты. Көтерiлiске қатысушылардың са ны 10 мың адамға жеттi.
1870 жылдың сәуiрінде көтерiлiсшiлер Александровск форты мен Ни-
колаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын өртедi және 
Нижнее бекiнiсiн қиратты. Алайда зеңбiректiң үстi-үс тiне жарылған сна-
рядтарына шыдай алмай, кейiн шегiнуiне тура кел дi. Көтерiлiс жергiлiктi 
отаршыл өкiмет билiгiнiң ғана емес, сонымен қатар орталық үкiметтiң де 
зәресiн ұшырды.
Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуiр күшейе түскен едi. 
Патша үкiметi Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз 
әскерiн Красноводск төңiрегiне шоғырландыра 
бастады. Маңғыс таудағы көтерiлiс орталығы 
олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерiлiстi 
басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелдi. 
Сөйтiп, ма мыр айының аяқ кезiнде Кавказдан 
Маңғыстауға әс кер күшi жеткiзiлдi. Адай-қа-
Рукиннің іс-әрекетіне 
баға бер.
ХІХ ғасырдың 60–70-жылда-
рындағы ұлт-азаттық көтері-
лістердегі халық талаптары-
ның сабақтастығы неден 
көрінді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


125
зақ тардың жан аямай қарсы тұрғанына қа рамай, көтерiлiс жеңiлiске 
ұшырады, күштi қаруланған тұрақты әс керлерге төтеп бере алмады. Патша 
әскерлерi көтерiлiсшiлердi жазалау үшiн оларды барлық жерден тiмiскiлеп 
iздестiрумен болды. 1873 жылы адайлардың кезектi жаңа көтерiлiсi бұрқ 
ете түстi. Бұл көтеріліс те жеңіліске ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет