Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет124/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

5. Қоянды жәрмеңкесi. 1848 жылы Қарқаралы казак станицасының 
жанындағы Қоянды деген жерде айырбас сауда орталы ғы ашылды. 
Жәрмеңкенiң негiзiн қалаушы ялуторлық көпес 
(Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) 
В. Ботов болды. Жәр меңке жыл сайын маусымның 
15-iнен шiлденiң 15-iне дейiн өт кiзiлiп тұрды. Алғаш-
қыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана едi. Ке-
йiн нен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған 
қызу сауда алаңына айналып кеттi. Жәрмеңке ұзын-
дығы 11, енi 5 ша қырым алқапты алып жатты.
1890 жылы мұнда 1 шiркеу, 199 сауда 
нүктесi, 42 тұрғын үй және 
707 киiз үй болды. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен 
жеке дүкенi ашылды. Қоянды пошта бекетiнiң ғимараты, пошта-те-
леграф бөлiмшесiнiң үйi де осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге 
кластер жасаңдар
«Жәрмеңкелік 
сауданың дамуы».
ойталқы
В. Ботов жәрмеңке 
ашуда неліктен 
Қоян ды жерін 
таңдады?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


148
Сауда қатынастарының дамуы
© ЖШС 
«8&8», 2018
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


149
қы мыз ды ағыл-тегiл, көл-көсiр етiп жеткiзiп тұрды. 
Ресейдiң қаржы министрлiгi Қо ян ды жәрмеңкесiнде 
Мемлекеттiк банк бөлiмшесiнiң ғимаратын сал дырды.
Сауда қатарларының аяқ жағында 
«шенеунiктер 
орыны» деп ата латын квартал орналасты. Онда Мемле-
кеттiк банк бөлiмшесi, пош та-телеграф кеңсесi салын-
ды. Қарқаралы уезi бастығына, бiтiс тi ру шi судьяға, мал 
дәрiгерлерi мен адам дәрiгерлерiне, сондай-ақ полиция қызметкерлерiне 
арналған қонақүйлер де осы жерде едi.
Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткiзiп тұ ратын. 
Сондай-ақ билердiң төтенше болыстық съездерi де осында өткiзiлетiн. 
Алым-салық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоянды жәрмеңкесi 
1930 жылға дейiн жыл сайын өткiзiлiп келдi. Оның қазақ даласындағы 
сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет