Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


талда Абайдың саяси көз- қарасының қалып- тасуына әсер еткен  жағдайлар. анықта!



Pdf көрінісі
бет163/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

талда
Абайдың саяси көз-
қарасының қалып-
тасуына әсер еткен 
жағдайлар.
анықта!
«Хакім Абай» 
атануының себебі.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


190
тиын-тебенге жалданды, үй қыз метшiлерi, қолбала, 
бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезiп кеткендер 
де көп едi.
Абай қазақтың мал өсiрумен қоса сауда жасау ды, 
белгiлi бiр кә сiп түрiмен шұғылдануды үйрену қажеттiгiне 
баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсiп 
түрлерiне үлкен iлтипатпен қызыға қа рады. Ол былай 
деп жазды: 
«Ендi қарап тұрсам, сарттың екпеген 
егi нi жоқ, саудагердiң жүрмеген жерi жоқ, қылмаған 
шеберлiгi жоқ. Өзi менен өзi әуре болып, бiрiменен бiрi ешбiр шаһари (яғни 
қала адамда ры болып. – авт.)
 жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда 
қа зақтың өлiсi нiң ахиреттiгiн (кебiнiн. – авт.), тiрiсiнiң киiмiн сол 
жет кiзiп тұрды».
Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрдi, байлардың қа ра-
пайым халыққа менсiнбей қарауы оның ашу-ызасын келтiрдi. Қо ғамды 
прогресшiл түрде дамыту жолдарын үнемi iздестiрiп отырды. Абай ел 
басқаруға халық үшiн қызмет ететiн, адал адамдар сайлануы тиiс деп 
есептедi. Ол өз төңiрегiндегi адамдардың, жақындары мен шә кiрттерiнiң 
бойындағы өз халқына риясыз берiлу, оның мүд делерiн қорғау қасиеттерiн 
қолдап отырды.
4. Абай және халық ағарту iсi. Ұлы ақын жас ұрпақты иман дылыққа, 
адам гершiлiкке, ғылым-бiлiм үйренуге шақырды. 
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңiз,
Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда,
Оған қайғы жесеңiз,
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның бiлсеңiз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл iс көнсеңiз...», 
– 
Абай жастардың бойындағы кеселдi кемiстiктердi, арсыздық пен 
ұятсыздықты, дөрекi надандықты тәрбие және бiлiм беру арқылы жою-
ға үндедi. Ақын ол үшiн қазақ балаларын оқытатын мектептердi көп-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет