Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 А. Тевкелев бастаған елшiлiктiң Кiшi жүзде болуы



Pdf көрінісі
бет24/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

2. А. Тевкелев бастаған елшiлiктiң Кiшi жүзде болуы. Қазақтардан ант 
алу үшiн патша үкiметi Әбiлқайырға 1731 жылғы көктемде Петербургтен 
А. и. Тевкелев бастаған елшiлiктi жiбердi. Оған Кiшi жүз дiң билеушiлерiн 
Ресейдiң қол астына қалай өткiзуi керектiгi жө-
нiн де жан-жақты нұсқау берiлдi. Кiшi жүздiң ат 
төбелiндей билеушi тобына қалағанынша сый-сияпат 
берiп, тiкелей сатып алу жағын да қарастырып 
көрудi тапсырды. Ол үшiн 1 миллион орыс рублiне 
дейiн жұмсауға рұқсат етiлдi. Әбiлқайырға импе-
ратрица Анна Иоанновна ның атынан қымбат баға- 
лы – болат қылыш, бұлғын iшiк, екi түлкi тымақ, шұға маталар мен басқа 
да сыйлықтар беру көзделдi. Бiрақ оларды Құран ұстап, ант берiлгеннен 
және құжатқа қол қойыл ғаннан кейiн ғана тапсыру қарастырылды. 
Дипломатиялық тапсырмамен келгендердiң құрамында башқұрттың 
ықпалды старшыны әрi батыры 
Таймас Шайымов та болды.
Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлiк, сонымен қатар 
барлау мәлiметтерiн де жинауға – жер бедерiн суреттеуге, қазақтар дың
тiлi, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлерi туралы мәлiметтер жи нақ тауға 
тиiс болды. Елшiлiк сондай-ақ тұрғындардың империя қол астына өтуi 
қабыл алынған кездегi көңiл күйiнiң қандай болғанын да бiлуi тиiс едi. 
А. Тевкелевке қазақтарға ең жақын көршi ха лық тар туралы да деректер 
жинау тапсырылды. 
3. Әбiлқайыр ханға қарсы оппозицияның қа-
лып тасуы. Кiшi жүздегi ақсү
йектердiң едәуiр бөлiгi 
Ресейдiң қол астына өтуге үзiлдi-кесiлдi қарсы бол-
ды. Жергiлiктi жерде айқындалғанындай, Ресейдiң 
қол астына өту туралы шешiм Әбiлқайыр ханның 
жеке өзi нiң бастамасы бойынша қабылданған болып 
шықты. Оппозиция лық көңiл күйдегi көптеген қазақ 
талда
А.И. Тевкелевке 
жүктелген міндеттің 
мақсаты неде?
ойлан!
Әбілқайырдың Қазақ 
хандығындағы жағдай-
ды Ресей бодандығын 
қабылдамай-ақ шешуіне 
болар ма еді? Сен қандай 
жол ұсынар едің?
сөзіңді дәйекте
Әбілқайыр ханға 
оппозицияның 
(қарсы топтардың) 
қалыптасу 
себептерін талда.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


32
билеушiлерi Ресеймен екi арада ғы ке лiссөздердi болдырмай, ашықтан-ашық 
үзiп тастауға тырысып бақ ты. Ресей елшiлерiн өлтiрiп жiберуге әрекет 
жасағандар да болды. Сондықтан дипломатиялық тапсырмамен келген 
елшiлердi қор ғау iсi Әбiл қайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға тапсырылды. 
Қазақ билеушiлерi сенiмдi де тиiмдi одақтас табу мүддесiн басшылық-
қа алды, одақтастар олардың бостан дығына озбырлық жасап, қол 
сұқпайтын болуы керек деп үмiт тендi. Ал Ресей империясы «бодандықты» 
көрші елдердің жерін өзіне қо сып алу деп түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет