Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет79/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

6. Қарулы күштердiң құрылуы. Кене сары 20 мың сарбаздан тұ ратын 
әрi жа уынгерлiк қабiлетi күштi тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары 
әскерi жүз дiк тер мен мыңдықтарға бөлiндi. Ерлiгi мен ерекше көзге түскен 
сарбаздардың қатарынан 
жүзбасылар мен мың басылар тағайындалды. 
Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден iрiктеп, 
мергенбасы 
басқара тын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгiсi бойынша хан 
өз әскерлерiне ерекше 
 айырым белгiлерiн енгiздi.
Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әске-
ри өнердiң амал-тә сiлдерiн меңгерудi талап еттi. 
Көтерi лiсшiлердi әскери өнерге үйрету мен орыстың, 
татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет 
еткен тәжiрибелi солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртiп орната 
бiлдi. Әскери тәртiптi бұз ғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ ар найы 
қой маларда сақталды. 
Кенесары барлаушылардың қызме тiн де шебер пайдаланды. Олар кө-
терi лiс бас шы сына патша әскерлерiнiң қашан және қайда бет ала тынын 
алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерiнiң тыл қыз метi де жолға қо-
йылды. Ол көтерi лiс шiлердi азық-түлiкпен, жемшөппен қам тамасыз еттi. 
7. Патша үкiметiнiң жазалау әрекет терi. Отаршылдыққа қарсы кү реске 
қа зақтардың үш жүзiнiң бәрi бiрдей белсене қатысуы патша үкiметiнiң 
зәресiн ұшыр ды. Сондықтан да ол көтерiлiс шi лерге қарсы неғұрлым батыл 
әрекеттер ұйымдастыруға көштi
Ресей императоры Кенесары бастаған көтерiлiстi басу мәселе-
сiн ұдайы ерекше бақылауда ұстады. Ол қазақ ханына қарсы жо рық
ұйым дастыру жөнiнде жарлық шығарды. Ханның басына 3 мың сом 
мөл шерiнде сыйлық жария ланды. Көтерiлiсшiлерге қарсы старшина 
Лебедев басқарған жазалаушы отряд жiберiлдi. 1843 жылы сұлтандар 
А. Жантөрин мен Б. Айшуақұлы бас таған екiншi әскер жабдықталды. 
Онымен бiр мез гiл де Омбыдан, Петропавлдан, Қар қаралыдан да әскер-
лер шықты. Патша үкiметiнiң әскерлерi жергiлiк-
тi жер жағ дайын нашар бiлдi. Оның үстiне, дала 
сар баз дарына қарсы ұрыс жүргiзудiң ерек ше әдiсi 
қажет едi. Мұның бәрi де патша үкiметi жазалаушы 
әскерiнiң сiлесiн қа тырды.
Туған өлкенiң жер жағдайын жақсы бiлетiн Ке-
несары жауға қар сы шабуылды одан әрi үдеттi. 1844 жылы Кенесары 
хан Тобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында А. Жан төрин сұлтанның әскерiне 
күйрете соққы бердi. Кескiлескен шай қас та сұлтанның 44 адамы қаза 
Қарулы күштер құры лы -
мына сызба жасаңдар.
Кенесары бастаған ұлт-
азаттық күрес неліктен 
жалпы ұлттық сипатқа 
ие болды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


94
тапты. Бұл кезде Дуниковскийдiң әс ке ри тобы таяу маңда болған едi. 
Бiрақ оның ұрысқа араласуға батылы жетпедi. 
Кенесарының не гiзгi әскери күштерi 1844 жылдың тамызында Ека-
терина стани цасына шабуыл жасады. Бе кi нiстiң ма ңын дағы елдi мекендi 
өртеп жi бердi, 40 адамды тұтқынға алды, қы руар малды айдап әкеттi. Соны-
мен қатар мылтық, пистолет, қы лыш, най за сияқты көптеген қару-жа рақ 
түрлерiн олжалады. Арнайы жi бе рiлген жазалаушы отряд Ке несарының 
ауылына жете алған жоқ. Үкi мет басында ғы ларды абыржушылық пен 
үрей биледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет