Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет10/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

БІрТұТАС ХАлыҚ ЖАСАғыНың 
ұйыМдАСТырылуы
Ұлы Дала тұрғындарының ежелден-ақ әскери өнерімен даңқы шықты. 
Қазақ халқы арғы ата-бабаларының жауынгерлік рухын мұра етіп алды. 
Туған жері, Отаны мен халқын сыртқы жаулардан қорғауда ерліктің 
өшпес үлгісін танытты.
1.
 Халық жасағы. Қазақ қоғамында кәсіби және 
тұрақты әс кер болмады. Ел басына қауіп-қатер төнген 
кезде, дұшпанның ша буылына тойтарыс беру үшін 
халық жасағы құрылды. Халық жа сағы ру-тайпалық 
негізде ұйымдастырылды. Хан мен сұлтандар тө лең-
гіт терден тұратын шағын қарулы сарбаз ұстады. 
Әрбір ер кісі жауынгер болуға міндетті еді. Бұл 
туралы Қазақ станда XIX ғасырдың басында бол-
ған зерттеуші Я. Гавердов ский былай деп жазды: 
тірек сөздер:
• Халық жасағы
• «Алаш»
• Қарақұм 
құрылтайы
• Ордабасы 
құрылтайы
Сардар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


15
«
Қырғыздарда (қазақтардаәскери өнер қаси ет ті 
саналып, онымен бүкіл халық айналысты. Қару 
ұстай ала тындардың барлығы өзімен бірге қылыш, 
кем дегенде пышақ алып жүруі, ал ел шетіне жау 
тигенде халық жасағы құрамына қосылуы тиіс 
болды». Көшпелілер көп және қуатты әскер жасақ-
тай алды. Жекелеген рулардың күш құ ры лымдары 
қысқа мерзімде бүкілхалықтық жасақ жиналатын 
жерге ке ліп жетіп, ірі әскер құрамына қосылды. Ірі әскери құраманы 
даң қты батырлар бас қар ған. Бүкілхалықтық әскери жасаққа 
хан 
қолбасшылық етті. 
Әр жауынгердің алыс жорықтарға арналған екі немесе одан да 
көп аты болды. Бірін атты шайқасқа дайындаса, екіншісін өзі мінген
қалғандарымен азық-түлігін және қару-жарағының бір бөлігін алып 
жүрген. Әрбір жасақтың 
ұраны арғы ата-бабасының руын да ғы қасиетті 
саналатын тұлғаның есімімен аталды. Жал пы қазақтың ұраны «
алаш» – 
түркі тілдес халықтар мен қазақ хал қының мифологиялық арғы атасының 
есімін білдірді. Ұрандар жа уын герлерге рух пен күш-жігер, жеңіске деген 
сенім берді. 
Әскери жасақ жоғары жауынгерлік рухымен ерекшеленді. Ту ыс қан 
руластардан құралған жасақ сарбаздары ұрыс алаңын тастап кетуді не-
Қазақтардың қару-жарағы
анықта!
Қазақ қоғамын-
да батырлар 
қан дай рөл ат-
қарды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


16
месе қашуды еш уақытта ойламады. Далалықтар 
сатқындық пен қорқақтықты жек көрді, ондай-
ларды қатал жа залады. 
Қазақ даласы жау шабуылына жиі ұшырап 
отырды. Өздері туып-өскен кең-байтақ даланың әр 
сүйем жерін қорғап қалу жолында оқтын-оқтын 
күреске шығуға тура келді. Қазақтар шайқаста 
ерлігімен көзге түскен қатардағы жауынгерлер 
мен қолбасшыларды «
батыр» атаған. Батыр атағы 
халық тарапынан жеке тұлғаларға қан майданда 
ерліктің ерен үлгісін көрсеткендерге ғана берілді. 
Бұл атақ мұрагерлікке қалдырылмады. Батыр 
атағын хан-сұлтандар да, билер мен қарапайым 
ха лық та ала алатын. XVIII–XIX ғасырларда Әбіл-
қа йыр, Абылай мен Кенесары хандар да батыр 
атанды. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамында халық-
тың құрметіне бөленген батырлар көп болды. Бұл 
қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізген азаттық күресіне 
байланысты еді. Басқыншыларға қарсы күресте Қаракерей Қабанбай
Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары, Олжа-
бай, Тайлақ, Байымбет және т.б. батырлардың даңқы 
шықты. Ерлігімен айрықша танылған батырлар Түр-
кістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерлену 
құрметіне ие болды. Қазақ халқы ба ла ларына әйгілі 
батырлардың есімдерін бер ген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет