Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қазақтардың жеңiлу себептерi және оның салдары



Pdf көрінісі
бет8/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

5. Қазақтардың жеңiлу себептерi және оның салдары. Қазақтардың 
жеңiлiп, «Ақ та бан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының 
бiрнеше себебi бар. 
Бiрiншiден, қазақ жүздерi бы ты раң қы едi, Қазақ 
хандығының басшылы ғында ауызбiршілік болмады. 
Екiншiден, жоңғарлар 
бұл ша буылға өте тыңғылықты әрi мұ қият әзiрленген едi. Оның үстi не, 
шабуылдың бас талатын уақы тында ауылдар бiр-бiрiнен алыс, қыстау дан
көктеуге көшiп шығар абыр-сабыр кез болатын. 
Үшiн шiден, қазақтар қатты 
жұт қа ұшыраған-ды. Жорыққа мiнетiн жөнi түзу ат жетiспедi. 
Төртiн-
шiден, аймақта қалыптасқан осындай гео аяси жағдайды жоңғарлар дұрыс 
әрi мұқият еске ре бiлдi. Қытаймен бей бiт келiсiм жасасты. 
Бесiншi ден, 
анықта!
Жоңғар шапқын -
шылығы қазақ 
халқының 
шаруа шылы ғына 
қандай зардабын 
тигізді?
Не себепті «Елім-
ай» бүкілхалықтық 
әнге айналды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


13
шабуылдың тұтқиылдан жасалу факторы да қа зақ-
тарға қолайсыз әсер еттi. 
Ал тыншыдан, жоңғарлар 
жақсы қа ру ланған болатын, әрi соғыс қимылдарын 
қалай жүргiзудiң мол тә жiрибесiне де қа нық едi. 
«Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның» 
қазақ қоғамына тигiзген зардабы орасан зор бол-
ды. Далалықтардың көшi-қон бағыттары өзгерiске 
ұшырады. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан 
айырылды. Же тi судағы және Қа зақ станның оңтүстiк аймақтарындағы 
бiр кезде гүл де нiп тұратын жа сыл жазиралар ендi қараусыз қаңырап бос 
жатты. Көршiлес ме м лекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша 
үзi лiп қалды.
Ең ауыр қайғы-қасiрет туған-туыстар мен жақын жан дардың қаза-
сы болды
. Шәкәрiм Құдайбердiұлының келтiрген деректерi бойынша
қазақтардың үштен екi бөлiгi қырғынға ұшыра ған. Бірқатары құлдыққа 
сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу 
үшiн қайыңның сөлiн iшкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Осы 
қиыншылықтардан тiрi қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-
салық төлеп тұрған. Қазақ халқы ел дiң әртүрлi алыс аймақтарына, тiптi 
шегаралас жатқан шет мемле кеттерге де тарап, босып кеттi. Қазақтардың 
батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрiкмендермен, 
өзбектермен, башқұрт тармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-
дамайларға алып бар ды. Қазақтардың Орал казактарымен де, Батыс 
Сiбiрдегi орыстар мен де өзара қарым-қатынастарын шиеленiстiрiп жiбердi. 
Мiне, мұ ның бәрi әбден әлсiреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей импе-
рия сының оңай олжа ретiнде отарлап алуымен аяқталды.
?
Оқиғаларды хронологиялық ретімен орналастыр:
А. Жоңғарлардың Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын басып алуы.
Ә. Батыр қонтайшының билік құруы.
Б. Қытай императоры Кансидің өлімі.
В. Цеван-Рабтанның қазақ жеріне әскер аттандыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет