127
бөлiндi. Соның салдарынан оның бiр бөлiгi Iшкi Орда ның, екiншi бөлiгi За-
каспийск облысының, ал үшiн шi бөлiгi Дала ге нерал-губернаторлығының
құрамында болды. Пат ша үкiметiнiң мұн дай қадамға баруы Кiшi жүз
қазақтарының қайта-қайта көтерiлiс жасай беруiне байланысты едi.
5. ресей сот жүйесiнiң енгiзiлуi. Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi
бойынша жергiлiктi тұрғындар тарапынан жасалған бiрқатар қыл мыс -
тар үшiн жалпыимпериялық заң негiзiнде жауапкершiлiкке тарту ша-
ралары қарастырылды. Христиан дiнiне қарсы әрекет, жа ңа басқару
жүйесiне наразылық таныту, алым-салық төлеуден жә не мемлекет үшiн
түрлi мiндеткерлiктер атқарудан бас тарту қыл мыстары билер сотының
қарауынан алынып, жергiлiктi отар шылдық билiктiң құзыретiне берiлдi.
Билер 3 жылдық мерзiмге сайланатын болды. Олардың қызметi уез-
дiк начальник тарапынан қатаң қадағаланды. Ел ара с ында би сайлауда
«партиялық» тартыстар өрши түстi. Би бо лып кездейсоқ және қоғамда
беделi мен қабiлетi жоқ адамдар да са й лана бастады. Осыдан барып қазақ
өмiрiндегi билердiң абыройы мен беделi төмендедi.
Достарыңызбен бөлісу: