Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Қарашығын – алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген  жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрі. уезд



Pdf көрінісі
бет103/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

Қарашығын – алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген 
жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрі.
уезд – ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiндегi Ресей империясының әкiм шiлiк-
аумақтық бiрлiгi.
II Александр (1818–1881) – 1855 жылдан Ресей императоры.
Қазақ болыстарын «құру кезiнде» рулық принцип негiзге алынбай, ендi 
аумақтық принцип не гiзге алынды. Өйткенi патша үкiметi рулық ерек-
ше лiктердi еске алуды сая си тұрғыдан алғанда зиянды деп тапты. Қа зақтардың 
ежелден көшiп-қо нып жүрген байырғы атамекен жерлерi ендi «мемлекет 
меншiгi» саналды. Ол жерлер қазақтардың «мерзiмсiз әрi қоғамдық негiзде 
пайдалануына» берiлетiн болды. Бұрыннан алынып келген жасақ (салық) үй 
басына салынатын түтiн салықпен (алғашқыда жылына 3 сом, ал кейiнi- 
рек – 4 сом) алмастырылды...»
Коншин Н. Семей өлкесiнiң 1917 жылға дейiнгi тарихи очеркi//Қазақ этно-
графиясы жөнiндегi еңбектер. – Павлодар, 2005, 96-бет.
1. 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша Қазақстанда қан дай 
өзгерiстер енгiзiлдi? 2. Салық жүйесi қалай өзгертiлдi?
*
§33–34.
Бүгінгі сабағымызда ХІХ ғасырдың 80–90-жылдарындағы әкімшілік рефор-
малардың мазмұнын, қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық 
күресінің себеп-салдарын анықтаймыз.
ҚАЗАҚТАрдың 1860–1870 ЖылдАрдАғы 
АЗАТТыҚ КүрЕСІ
ХIХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкiмшiлiк рефор-
малар бойынша қазақ халқының құқықтары тым 
шектелiндi. Мұның өзi қазақтардың тарапынан 
қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды. 
Сондықтан да патша үкiметi 80–90-жылдары рефор-
маны одан әрi жалғастыруға мәжбүр болды.
1. Торғай және Орал облыстарындағы көтерi-
лiс тер. Қазақтар патша үкiметiнiң реформаларына 
тірек сөздер:
• Маңғыстаудағы
көтеріліс
Досан Тәжіұлы
• Контрибуция
Шаруа бастығы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


123
ашық тан-ашық күштi наразылық танытты. Үкiметке қарсы көтерiлiс жа-
сайтын жағдай пiсiп-жетiлiп келе жатты. Көтерiлiс күтпеген жерден бұрқ 
ете қалып, 1868 жылдан 1869 жылға дейiн созыл ды. Ол отаршылдыққа 
қарсы айқын сипат алды.
Көтерiлiстiң басы-қасында iрi рубасылары жүрдi. Қазақтар үкi-
меттiң жiберген комиссияларын қабылдамады. Көтерiлiсшiлер үкi мет 
билiгiне бағынудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Халық қарулана бас тады. 
Олар басқарудың жаңа ережелерiн енгiзуге, елдi Ресей ше неунiктерiнiң 
басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгi ескi тәртiпке қайтып 
оралуды талап еттi.
Ашу қысып, зығырданы қайнаған елдi басу үшiн патша үкi метi 
бұрынғы ел билеген сұлтандарды араға салып көрдi. Бiрақ халық олардың 
сөзiне құлақ аспады. Қайта олардың өзiн елдiң көзiнше мас қара еттi. Ендi 
үкiмет билiгi мұсылмандардың Уфа губерниясында ғы дiни басшылығына 
қолқа салды. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртiп қазақтар ды 
шоқындырады, әскер қатарына алып, алым-салық түрлерiн еселеп арт-
тырады екен деген қауесет тарап кеттi.
Жаңа ереженiң қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ 
даласына үстi-үстiне жiберiлiп жатқан комиссиялар оны ауызекi түрде 
айтып түсiндiре алмады.
Әуелi Орал облысында басталған толқу бiрте-бiрте 
көршiлес Тор ғай облысын да қамтыды. Қазақтардың 
600–700 адамнан тұратын жасақтары ауыл-ауылды 
аралап, патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне бағынбауға, 
басқарудың жаңа тәртiбiнен бас тартуға шақырды. 
Қазақтарды бейбiт жолмен тыныштандырудың сәтi түспедi, ол ешқандай 
нәтиже бермедi.
Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әс-
кери отрядтар жiберiлдi. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, 
бiрқатар зеңбiрек болды. Әскери қақтығыс орын алып, қантөгіске ұласты.
1868 жылдың мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон 
Штемпельдiң құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына ша буыл 
жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отряд ты жетi күн 
бойы қоршап, тырп еткiзбедi. Сөйтiп, жемшөбi мен азық-түлiгi қалмаған 
жазалаушылар керi қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған 
жазалаушы әскер де Орынбор шегара шебiне шегiнiп кеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет