Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


§49–50. Бүгінгі сабағымызда Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан  үлесін бағалаймыз.. ыБырАй АлТыНСАриН – АғАрТуШы



Pdf көрінісі
бет154/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

§49–50.
Бүгінгі сабағымызда Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан 
үлесін бағалаймыз..
ыБырАй АлТыНСАриН – АғАрТуШы, 
ЖАңАШыл-ПЕдАгОг, ҚОғАМ ҚАйрАТКЕрІ
Аса көрнектi педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрi қоғам 
қайраткерi Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының бiлiм көкжиегiн кеңей-
туде, ағарту саласында аса зор рөл атқарды.
1. ы. Алтынсариннiң ағартушылық көз қа ра сы-
ның қалыптасуы. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин 
қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мек -
те бiнiң қалыптасуында өшпес iз қалдырды. Ол 1841 
жылы қазiргi Қо с танай облысының аумағында дүниеге 
келдi. Әке сi нен ерте айырылған ол атасының – бел гiлi 
би және старшын 
Балқо жа Жаң быр шин нiң қолында 
тәрбиеленедi. Ыбырай бала ке зiнен бас тап бiлiмге және 
өз бетiнше ізденуге бейiм еке нiн байқатты. Көп оқыды, 
Ре сей қоғамының бiлiмдi адамдарымен жиi араласып 
тұрды. Орынборда оқып жүрген кезiнде шы ғыс танушы 
ғалым В.В. Гри горьевпен жақын танысып алды. Ол 
өзiнiң бай кiтапханасын Ыбы рай Алтынсариннiң ер-
кiн пайдалануына рұқсат еттi. Бiлiмге құш тар жас бос 
уақы тының бәрiн де сол кiтапханада өткiздi.
тірек сөздер:
• Ы. Алтынсарин
• Ведомство
• Кредо 
Ыбырай
Алтынсарин
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


182
Бiлген үстiне бiле түссем деген құмарлық пен өз 
халқыма неғұр лым көбiрек пайда келтiрсем деген 
абзал арманға ұмтылыс жас Ыбы райдың өмiрлiк 
кредосына айналды. Өзiнiң мiнез-құлқы 
жағынан 
қа рапайым әрi еңбексүйгiш едi, көп оқыды, өзге 
халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбi-
рек бiле түссем деп арманда ды. Алған бiлiмiн өз халқының пайдасына 
жа ратуға талпынды.
1857 жылы ол Орынбор шегара комиссиясы жанындағы мектептi алтын 
медальмен бiтiрдi. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тiлдерiнде еркiн 
сөйлей бiлдi. Кейiнiрек халық ағартушысы ретiнде өз дігі нен оқып, білімін арт-
тыра түсудi белсендi түрде жал ғастырды. Дүние жүзi әдебиетiнiң классиктерi
В. Шекспирдiң, И. Гетенiң, Д. Байронның, А.С. Пушкиннiң, Н.В. Го-
гольдiң, М.Ю. Лермонтовтің, Ғ. Ни замидiң, Ә. Фирдоусидiң, Ә. Науаидың 
шығармаларын зор зейiн қойып оқыды.
Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасының қалып тасуына орыс 
педагогі К. Ушинскийдiң және чех ойшылы Я. Коменскийдiң ең бектерiмен 
таныс болуы оң әсерiн тигiздi. Ы. Алтынсарин орыстың көрнектi демо-
краттары Н.Г. Чер нышевскийдiң, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнiң 
және басқа лардың шы ғармаларымен де таныс болды.
Мектептi бiтiрiп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жыл-
дай атасының қол астында кеңсе қызметкерi болып iстедi. Осы жылдар 
iшiнде ол өз халқының сауатын ашып, бiлiмiн көтерудiң аса қажет екенiн 
жете түсiндi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет