Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет105/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
258
қауымдастық мойындаған бөлігіне айналдырды. 1974–1991 жылдары Жал-
пы педагогика институтының директоры қызметін атқарды. Ол салыстыр-
малы педагогика бойынша оқу бағдарламаларын және оқу құралдарын 
жазып даярлады. З.А. Малькова білім беру саласын бағалау өлшемдерін 
ұсынды, салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістерін жасады. 
Ұлттық және халықаралық жобаларды басқарды.
Вульфсон Борис Львович (1920–2016) – салыс- 
тырмалы педагогика саласындағы танымал маман, 
компаративистік білімнің қалыптасуы мен дамуына 
үлкен үлес қосқан. Оның еңбектерінде Батыстағы 
педагогикалық ойдың философиялық және социо-
ло гиялық негіздері зерттелген. Б.Л. Вульфсон пе-
да гогикалық компаративистиканың әдіснамалық 
және теориялық мәселелеріне көп көңіл бөлді. 
Оның еңбектерінде Еуропа елдеріндегі білім беру 
ке ңістігіндегі жетістіктер мен қайшылықтарға си-
паттама берілді. Д. Дьюи, Э. Фромм, Ж. Маритен, 
Ж. Фурастье, С. Френе, Дж. Брунер сияқты ойшылдардың педагогикалық 
тұжырымдамалары туралы мазмұнды очерктер жазды. Б.Л. Вульфсон білім 
саласындағы халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және 
басқалар) қызметтеріне талдау жасады және олардың жеке мемлекеттердегі 
білім беру саясатына ықпалын көрсетті.
Ғылыми мектептің теориялық нәтижелері:
– шетелдерде және Ресейде салыстырмалы педагогиканың дамуының 
тарихи кезеңдері анықталды және сипатталды;
– салыстырмалы педагогиканың әдіснамалық негіздері жасалды, 
педагогикалық компаративистиканың әдістері жетілдірілді;
– шетелдердегі заманауи педагогиканың дамуын ұйымдастыру жайы 
сипатталды;
– Батыста және Ресейде жастарға адамгершілік және азаматтық 
тәрбиенің өзекті мәселелерін салыстырмалы түрде қарастырды;
– әлемдік білім беру кеңістігіндегі шетелдік білім беру жүйесінің 
трансформациясы зерттелді;
– шетелдердегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйелері 
талданды және сипатталды;
– шетелдердегі педагогикалық білім беруді жаңарту үрдістері зер де ленді;
– шетелдердегі білім беруді басқаруды оңтайландыру жолдарын тал-
қылады;
– инклюзивті білім беру жолдары анықталды;
– жалпы орта білім беру мазмұнын стандарттау үдерісінің ерек ше-
ліктері сипатталды.


259
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
Салыстырмалы педагогиканың ғылыми кеңесі (төрағасы – профес-
сор С.В. Иванова) РБА білім беру философиясы мен теориялық педаго-
гика бөлімінің жанынан құрылды. Бұл кеңес Ресейдегі салыстырмалы 
педагогикалық зерттеулерді үйлестірумен айналысады.
Салыстырмалы педагогиканы зерттеу әдіснамасы ТМД елдері ға лым-
дарының атсалысуымен дамуда. Олардың ішінде С.В. Иванова, Г.Қ. Нұр ға-
лиева, А.Қ. Құсайынов, К.С. Мусин сияқты профессорларды айрықша атап 
өткен жөн.
Иванова Светлана Вениаминовна 2011 жылдан 
бері РБА Білім беруді дамыту стратегиясы инс-
ти тутын басқарып келеді. Профессор, философия 
ғы лымдарының докторы (2008), Ресей Феде ра-
ция сының 1-сыныптағы кеңесшісі. Көптеген мем-
ле кеттік құжаттарды жасауға белсене атсалысты. 
Ғы лыми бағыты – дидактикалық білімнің фило со-
фиялық-әдіснамалық мәселелері.
Кәсіптік педагогика – үздіксіз білім беру теория- 
сы.
1998 жылы РБА Педагогиканың теориясы мен 
тарихы институтының құрамында Үздіксіз білім беруорталығы ашыл-
ды. Ол орталықты РБА академигі А.М. Новиков ашты. С.Я. Батышев пен
А.М. Новиковтың ғылыми мектебі мынадай зерттеулер жүргізді:
– кәсіптік педагогика мен үздіксіз білім беру теориясын зерделеудің 
әдіснамалық тұғырларын жасау;
– кәсіптік педагогика мен үздіксіз білім беру теориясын – ғылыми 
білімнің пәнаралық салалары екендігін анықтау, бұл салалар жалпы педа-
гогика, философия, психология, әдіснама, кибернетика, жүйелер, теорияла-
ры, жүйелі талдау, басқарудың жалпы негізінде құрылымданған;
– кәсіптік педагогиканы да, үздіксіз білім беру теориясын да білім 
алушылардың барлық жастағылары мен әлеуметтік топтары қамтиды; білім 
берудің барлық деңгейлерін сабақтастық пен өзара байланысты қамтиды;
– кәсіптік педагогика, үздіксіз білім беру теори-
ясы экономикалық әлеуметтік, мәдениет салалар мен 
байланысты (нақ ты тарихи кезеңдерде).
Батышев Сергей Яковлевич (1915–2000) – педа-
гогика ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес 
Одағының Батыры. Автоматтандырылған өндіріске 
жұмысшыларды кәсіптік оқытудың мәселелік сыз-
басын ұсынды. Мамандықтар тобын құру ұста ным-
дарын жасады. Сол ұстанымдарға сәйкес оқу бағ дар-
ламаларын дайындау жұмысын басқарды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет