Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет108/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
264
Педагогика әдіснамасы терминдерінің, ұғымдардың категориялық, 
ба залық (негізгі) және шеткері болып бөліну негіздерін анықтау болуы 
керек. Топтама негізінде мынаны бұл ғылымтануда қалай жасалады, пе-
да гогикалық шындықтағы құбылыс түсінігінің іргелілігі, көлемі, педа-
гогика ғылымы прогресін көрсету түсінігінің өзгеруі болуы керек. Ондай 
көзқарасөзара ғылымаралық сипатта және қолданылуы тәрбие туралы 
ғылымның арнайы ерекшеліктерге қарама-қайшы келмейді. 
Педагогика әдіснамасының категориялары:
педагогикалық шындық болмыс;
педагогика ғылымы;
педагогикалық жүйе (кіші жүйе);
әдіснама (жалпы);
педагогика әдіснамасы, дидактика әдіснамасы, тәрбие теориясының 
әдіснамасы;
педагогикалық заңдылық;
педагогикалық категория;
педагогикалық түсінік;
педагогикалық тәжірибе (практика);
педагогикалық теория;
педагогикалық ақпарат (информатика);
педагогикалық зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
Педагогика әдіснамасындағы базалық (негізгі) ұғымдар:
педагогикалық мәселе;
педагогикалық үдерістің қарама-қайшылығы;
педагогикалық логика;
педагогикалық практиканың ғылыми қорытындыларға сұранысы;
педагогикалық тезаурус;
педагогикалық зерттеу әдісі;
педагогикалық зерттеу көзі;
болжам;
педагогикалық зерттеу құралдары;
педагогикалық зерттеу нәтижесі;
зерттеу нәтижесінің сапасын бағалау өлшемі;
педагогикалық үдеріс тиімділігін бағалау өлшемі.
Педагогика әдіснамасының шеткері түсініктері:
педагогикалық ақпарат көздеріне талдаулық шолу;
зерттеудің терминологиялық әдісі;
педагогикалық зерттеудегі байқау;
педагогикалық үдеріс;
педагогикалық құбылыс;
педагогикалық дерек;


265
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
педагогикалық тұжырымдар;
ғылыми-педагогикалық ұсыныстар;
педагогикалық дескриптор (АІТ лексикалық бірлігі).
Шеткері түсініктер базалық (негізгі) ұғымдар көлеміне кіреді. Мұнда 
көбірек қолданылатын, кең тараған бөлімдер енгізілген. 
Еңбектері: Вопросы жизненного самоопределения выпускников ср. 
школ. – Ростов-на Дону, 1972; Методы пед. исследований. – М., 1972; Вза-
имосвязь пед.науки и практики. – М., 1984; Основы педагогической кон-
фликтологии: учебник. – М., 1995. 
Философ және әдіснамашы Георгий Петрович 
Щедровицкий – Мәскеу логикалық үйірмесінің 
негізін салушы. Ол гносеологиялық және онто ло-
гиялық деңгейдегі әрекеттік тұғырды басым бағытқа 
жатқызды. Әдіснаманың өзін-өзі анықтау идея-
сын, логикалық-әдіснамалық бағдарлама ұсынды. 
Өзінің философиялық-әдіснамалық идеяларын 
ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар арқылы та-
ратты (1979–1993 жылдары 93 ойын жүргізді).
Г.П. Щедровицкийдің ғылыми шығармашы лы-
ғының аймағы: педагогика және логика, әрекеттің 
жал пы теориясы, логика және жүйелік-құрылымдық зерттеулер әдіснамасы, 
ғылым мен техника философиясы, психология және социология, семиотика. 
Ресей Білім академиясының академигі, профессор В.А. Сласте нин-
нің «Тұлғаға бағдарланған кәсіптік білім беру» атты ғылыми мектебі пе-
да гогикалық білім беруге үлкен үлес қосты. Мұғалімдікәсіптік даярлау 
педагогиканың басты мәселесі екенін басшылыққа ала отырып, академик 
В.А. Сластенин отандық педагогикалық білім беру теориясының негізіне 
алынған ұғымдар мен заңдылықтарды табу үшін ғылыми ізденістерді 
ұйымдастырды.
Сластенин Виталий Александрович (1930 жылы Горно-Алтайскіде Ал-
тай өлкесінде дүниеге келген, РСФСР – 13.06.2010, Мәскеу, Ресей Феде-
рациясы) – педагогика саласындағы ресейлік ғалым, 
педагогика ғылымдарының докторы, академик.
Академик В.А. Сластенин мен оның ғылыми 
мек тебінің оқушыларының іргелі еңбектері педаго-
ги калық білім берудің заманауи саясатын анықтауда, 
кәсіптік педагогикадағы ғылыми зерттеулер мен 
практикалық әрекетте басшылыққа алынып отыр. 
Ғылыми мектепте педагогикалық білім берудің 
құрылымы мен мазмұны анықталып, жаңа моделі 
жасалып іске асырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет