319
4.6. Ғылыми
мектеп пен ғылыми жетекші
(3 кредит), EnglishNewspaper (3 кредит) сияқты курстардың нәтижелі
оқытылатыны байқалды. Сонымен қатар магистратура сияқты білім берудің
келесі кезеңінде магистранттар ілгері деңгейдегі ResearchMethodology кур-
сын міндетті пән ретінде өтеді, ол AcademicWriting, GreetWriting пәндерінің
логикалық жалғасы болып табылады. Барлық пәндер ағылшын тілінде
өтеді.
Қазір,
Ресейді қоса алғанда, Шығыс Еуропаның көптеген универ си тет-
терінде белгілі бір мамандық бойынша оқу курстарын қалыптастыру және жо-
спарлау уақытында зейіннен тыс қалып қойған маңызды сұрақ – оқу тілінде
академиялық коммуникация дағдылары мен біліктерін дамыту қажеттілігі,
өйткені оқу үдерісі жүргізілетін тіл арқылы студенттердің жалпы академиялық
сауаттылығын қалыптастыру жүреді. Жоғарыда аталғандай, АС жиі тек қана
ағылшын тіліндегі курстар аясында өтеді. Дж. Харборд пікірінше, академиялық
құзыреттіліктерді тек қана ағылшын тілінде дамыту идеясы қолайсыз, ал АС
дамыту міндетін тек қана ағылшын тілі оқытушыларына жүктеу тиімсіз.
Бұдан бөлек оқу үдерісінде студенттер (аралық және қорытынды)
бақылаудың жазбаша түріне жиі жолығады. Бұл үшін оларға жазудың жаңа
жанрларын игеру қажет (мысалы, академиялық эссе). Жүргізілген тал-
дау халықаралық ғылыми қоғамға жоспарлы интеграциялану мақсатында
білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін қазақстандық жоғары
білім беру жүйесі жеке академиялық жазуды және жалпы АС дамытуға көп
көңіл бөлу керектігін көрсетті. Жазу дағдысы ауыспалы (transferrableskill)
болғандықтан, оны ана тілі негізінде дамыту, содан кейін шет тіліне ауыс-
тыру немесе екі тілді де бірге оқыту тиімді болады. Бұл үшін оқу курстары-
на жоғары оқу орнындағы сәтті білім берудің негізі ретіндегі академиялық
жазумен байланысты зерттеушілік құзыреттілікті
қалыптастыруға және
қазіргі білім беру тұжырымдамаларын тиімді іске асыруға мүмкіндік
беретін жаңа және икемді модельдерін ендіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: