Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет135/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
322
ты. Негізгі субъективті қатынас пен дамушы тұлғаның соның шеңберінде 
негізі қаланатын психологиялық артықшылықтары ерте жастан бастап 
қалыптаса бастайды. Адамның әлемге деген субъективті қатынасының ерте 
онтогенетикалық жағы тұлға дүниетанымының бастапқы деңгейі болып та-
былады.
Нәтижесінде ғылыми жетекші мен магистранттың қарым-қатынасы ба-
рысында ақпаратты жеткізу, бағалау мен мінездің белгілі бір қырларын иге-
ру, зерттеушілік жұмыстың стилі мен тіпті субъектілердің өзара іс-әрекеті 
барысында қолданатын кейбір «клишелердің» сөздік қорға енуі де жүзеге 
асады. Ғылыми жетекші әлсіз және қате жарияланымдарға жауапты бо- 
луымен қатар, өз институты мен магистранттарының да репутациясы үшін 
жауапкершілікті болып келеді. Жетекші мен магистрант тұлғалық сипатта-
ры жағынан бір-біріне икемделгені жөн. 
Нәтижесінде талқыланып отырған мәселені қарастыруда түрлі 
тұғырларға қол жеткізуге мүмкіндік берген жетекші тұлғасының теориясы 
мен тұжырымдамасының талдауына назар аударсақ (18-кестені қараңыз).
Әдетте оқытудың төменгі курстарында жетекші білім алушыларға ғы-
лыми зерттеудің әдет, дағдыларын түсіндіре отырып, меңгертеді. Жоғарғы 
курстар мен магистратурада олардың белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуін, 
өзбетінше шығармашылықпен айналысу үдерісін жүзеге асыруға және 
ұйымдастыруға көмектеседі. Ғылыми жетекшілердің де білім алушылар-
мен тікелей қарым-қатынас орнатып, тәлімгерлік ету барысында тәжірибе 
жинақтап өзгеретіндіктерін атап өткен жөн. Осы кезде жастың ұлғаюына 
қарай байқау тәжірибесі, бірнеше әдістермен танысу, әдебиетті кеңінен 
білу және өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісу секілді көптеген сапалар 
мәнді бола бастайды.
Жауапкершілікпен, өз күшіне деген сенімділікпен, басшылық пен көш-
басшылыққа ұмтылумен, қоғамдық белсенділк пен сендіре алу қабілетімен 
сипатталатын тұлғаның күш-қуаты соңғы кезде жетекші тұлғасы дамуының 
жүйесін құрайтын факторлар ретінде қарастырылады. Жетекшінің тұлғалық 
күш-қуатын анықтайтын ішкі келісімділік сезімі өзіндік қабылдауға, 
өзіндік ұсынымға, басқарушылық қызметтің сұлбасы мен эталондарына 
негізделген. Келісімділіктің жоғары деңгейі өзіңнің ішкі дүниеңді ұғыну, 
өзіндік басқарылуы мен оның басқарушылық қызметтегі мәнділігін бол-
жайды. «Мен-нәтижеге қол жеткіземін» дегендей, жетекшінің өз алдына 
қойған мақсатына жетуге деген сенімділігі осы келісімділік деңгейінің 
салдары болып табылады. «Мен нәтижеге қол жеткіземін» ұстанымы 
басқарушылық қызметтің психологиялық ерекшеліктері мен өнімділігіне 
әсер ететіндігі анықталған. 
Төмендегідей құрауыштардан тұратын Е.А. Климовтың кәсіби маман 
сұлбасы толығынан жасақталған болып саналады: 1) адамның тұтастығы 


323
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
қасиеті ретінде (әлемнің бейнесі, бағыттылық, сыртқы дүниеге деген қа рым-
қатынас, щығармашылықты таныту ерекшеліктері, жеке тұлғаның зият керлік 
қырлары, эмоционалдылық, кәсіби үміт, кәсіби ортадағы өз орнын елестету); 
2) кәсіби маман болуы (ерекше қырлары, моторика, білік, дағды, іс-әрекет); 
3) кәсіби маманның дамуы (спецификалық қырлар, ақ паратты қабылдау, 
оны өңдеу және шешім қабылдау, гностикалық бі лік, дағды және әрекет);
4) ақпараттандырылғандық, білім, тәжірибе, кә сі билік мәдениеті (специфи-
ка лық қырлар, ғылым және теориялық білім ай мағындағы бағдарлық, пәндік 
аймақ жайындағы кәсіби білім); 5) психодинамика (көңіл күйдің қар қын-
дылығы, олардың тез ауысуы, сол кәсіби ау мақтағы қиындықтар мен жүк-
темелер); 6) кәсіптің талаптарына сәйкес өзі нің жастық-жыныстық ерек ше-
лік теріне байланысты сұрақтар төңі ре гінде ойлану. 
18-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет