339
Зерттеуші сөздігі
ТӘЖІРИБЕЛІК ӨНДІРІС – негізгі қызметі тәжірибелік үлгілер мен пайдалы мо дель-
дерді, жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді дайындау және байқаудан өткізу болып
табылатын ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшесі немесе
заңды тұлға.
ТЕОРИЯ – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр
алуан қоғамдық құбылыстар
мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми ұстанымдарды
білдіретін ілім.
ТҰҒЫР – педагогикалық нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығы. Сондықтан
зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін нақтылауда немесе шешуде тұлғаға бағдарлы,
аксиологиялық,
іс-әрекеттік, құзыреттілік тұғырларын басшылыққа алуы тиіс.
ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (РҺD), БЕЙІНІ БОЙЫНША ДОКТОР – тиісті мамандықтар
бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және дис сер-
тация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже.
ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУ – табиғат, қоғам, адам дамуының негізгі заңдылықтары мен олардың
өзара байланысы туралы жаңа ғылыми білім алуға бағытталған теориялық және (немесе)
эксперименттік зерттеу [37; 52; 93; 198].
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
340
Достарыңызбен бөлісу: