Әлеуметтану біздің өмірге не үшін керек? ВИ Мусаев Ерсултан Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын зерттейді.
Әлеуметтану терминін ең алғаш рет XIX ғасырда Огюст Конт қолданған. Қоғамдық құбылыстар,қоғамдық институттар,қоғамдық қатынастардың обьектісін әлеуметтану құрайды. Әлеуметтану - адамдардың әрекеттерін, оларды сол әрекеттерді жасауға итермелеп тұрған жалпы қоғамдық контексті түсінуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынады.
Әлеуметтану қоғам мен әрбір адамның өмірінде маңызды орын алады. Әлеуметтану әлеуметтік шындық және ондағы өзгерістер туралы білімнің қалыптасуына ықпал етеді, қоғамдық даму процестерінің логикасын түсіндіреді, адамға қоғамдағы өз орнын анықтауға, өмірлік жолды таңдауға және өмірлік болашағын білуге көмектеседі, жеке күш-жігерін мәселелерді шешуге шоғырландырады. Әлеуметтану жеке өмірімізде, елде және қоғамда кездесетін шағын әрі ауқымды мәселелердің барлығын қарастырады. Шағын көлемде ол қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін - отбасылы болу, жұмысқа тұру, бала өсіру, көңіл көтеру сияқты жайттарды қарастыруы мүмкін. Ал кең ауқымда әлеуметтану үйсіздік, денсаулық сақтау реформасы, қоршаған ортаның азуы, кедейлік және соғыс сияқты маңызды ұлттық және халықаралық проблемалардың түйінін іздейді. Әлеуметтану сонымен қатар болашақтың даму тенденцияларын нақтылауға, алдағы жылдарға және алыс болашаққа ғылыми негізделген болжам жасауға көмектеседі.Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Жас мамандарды даярлауда олардың жалпы және кәсіби білімінің құрамдас бөлігі бола отырып, әлеуметтану пәнінің маңызы ерекше. Біз өмір сүріп жатқан қоғам қандай, оның даму перспективалары қандай, біз әлеуметтік процестерге қатысып, әсер ете аламыз ба, қазіргі өмірде осы процестерді ұтымды басқару және реттеу ғылымын меңгере аламыз ба – әлеуметтану осы сұрақтардың барлығына жауап беруге көмектеседі.