Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет79/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕР ЖҮЙЕСІ
3.1. Зерттеу әдістерінің құрылымы. 
Байқау, әңгімелесу, сұхбаттасу, сауалнама жүргізу. 
Дидактикалық зерттеу әдістерінің құрылымы
Әдіснамалық ережелер мен ұстанымдар нақты әдістерде өзінің ық-
палды, аспаптық көрінісін табады. Сонымен бірге дидактикалық зерттеулер-
де логикалық ойлау түрлері – индукция және дедукция, анализ және синтез, 
рәсімдеу және модельдеу, салыстыру, топтау жән жалпылау, абстрактілеу 
және нақтылау, нақтыдан абстрактіге өрлеу және абстрактіден нақтылауға 
өту қолданылады.
Бірақ сәйкес әдістер кешенін сипаттаудан бұрын дидактика саласында-
ғы екі түрлі жұмыс түріне (бұл сөз зерттеушілік ұғымына жатпайды) на-
зар ау дару қажет. Бұл таза теориялық талдауға негізделген және шолу си-
патындағы жұмыстар. Бұл шектеуді жеңіл өткізу үшін дидактикалық зерт-
теу әдісін – өзара байланысты амалдардың сәйкес әрекеті мен тәсілдерін, 
дидактикалық үдерістердің жекелеген элементтерінің арасындағы тәу ел-
ділікті, сонымен қатар білім беру мен оқытудың заңдылықтарын тұтас ашу-
ға мүмкіндік беретін жүйе ретінде қабылдаймыз. 
Дидактикалық зерттеулерді жүргізу үшін ерекше ғылыми әдістер қол-
да нылады. Дидактикада зерттеу әдістерінің үш түрлі тобы бар. Біріншісі 
– ғылыми-педагогикалық талдау әдісімен жүргізілетін теориялық де рек көз-
дерді, архив материалдарын, құжаттарды зерделеу. Мынадай да тәсіл бар: 
идеяларды және дамудағы тұжырымдаманы талдау. 
Педагогикалық тәжірибені ретроперспективалық талдау деген де бар. 
Екінші топ зерттеудің анық, сенімді фактологиясын қамтамасыз етеді. 
Мәліметтерді алу сипаттамасына қарай байқау, әңгіме, сауалнама, сұхбат, 
рейтинг және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. Бұл әдістер екі бас-
ты – педагогикалық эксперимент және педагогикалық тәжірибені жалпы-
лау әдістерімен байланысты. Педагогикада тұлғаның қалыптасуын, оқуын, 
тәрбиелілігін, дарындылығын және т.б. өлшейтін арнайы жасақталған аппа-
рат жоқ болғандықтан, нақты мәліметтер педагогикалық үдерістерді және 
құбылыстарды кешенді зерделеу әдістерін қолдану барысында ғана алы-
нады. Міне, сондықтан да даулы немесе қарама-қайшы мәліметтер пайда 
болған кезде бағалау және өзін-өзі бағалаудың үйлесімділігі, рейтинг және 
172


173
3.1. Зерттеу әдістерінің құрылымы. Байқау, әңгімелесу, сұхбаттасу ...
педагогикалық консилиум қолданылады. Ақырында, әдістердің үшінші то-
бында: зерттеу нәтижелерін сапалы талдау және нәтижелерді сандық түрде 
өңдеу (статистикалық және статистикалық емес) әдістері қолданылады.
М.Н. Скаткиннің «Методология и методика педагогических исследова-
ний» және Ю.К. Бабанскийдің «Проблемы повышения эффективности пе-
дагогических исследований» атты кітаптарында оқытудың әртүрлі мәселесі 
бойынша дидактикалық зерттеудің нақты әдістемесі берілген. Бұл әдістерді 
білу ғалым-зерттеушіге ғана емес, мектептің әрбір мұғаліміне қажет. Бұл 
өзге мұғалімдердің тәжірибелерін үйрену, өзінің кәсіби қызметіне баға беру 
және шығармашылықпен іздену үшін керек [213; 21].
.Бүгінгі күні зерттеу қызметін ұйымдастыруда білім мен біліктерді 
меңгеру мәселесі әрбір мұғалім, әрбір басшы үшін ерекше көкейкесті бо-
лып отыр, себебі педагогикалық ұжымдардың көпшілігі тек оқу үдерісін 
жетілдірумен ғана емес, сонымен қатар инновациялық технологияны қол-
данып және жасаумен де айналысады. 
Еліміздің көптеген мектептерінің базасында эксперименттік білім беру 
алаңдары құрылған. Эксперименттік білім беру алаңдары жалпы мектеп-
терден оқытудың жаңа мазмұнының, педагогикалық қызметтің жаңаша 
әдіс-тәсілдерінің жобалап, жүзеге асыруымен ерекшеленеді және білім 
беру үдерісінің жаңа формалары іздестіріліп, сәйкес диагностикалық жүйе 
жобаланып, сынақтан өткізіледі (14-кесте).
14-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет