Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет128/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
306
2009 жылы А.Ә. Болатбаева «Развитие концептуальных и прикладных 
основ процесса овладения магистрантами военного вуза методологией ис-
следовательской деятельности» тақырыбында 20.01.04 – әскери оқыту мен 
тәрбиелеу, әскери және оперативті даярлық мамандығы бойынша (соның 
ішінде Қарулы күш, әскер түрі және арнайы әскер)докторлық диссертация 
қорғады.
А.Ә. Болатбаева 2015-2016 оқу жылынан педагогика және білім беру 
менеджменті кафедрасының меңгерушісі болып істеді. 100-ден аса ғылыми 
еңбектің авторы.
Ғылыми бағыты: білім беру саясаты, қоғамдық сараптама индикаторла-
рын жасау, зерттеу әрекеті әдіснамасы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру мазмұнын құрастыру, ой-әрекеттік педагогика.
Шамельханова Неля Аманжолқызы – техника 
ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылым да-
рының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлт-
тық техникалық университетінің профессоры.
1956 жылы Жезқазған қаласында дүниеге кел-
ген. Профессор гранттық жоба бойынша Қазақстан 
Республикасында техникалық және кәсіптік білім 
беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске 
асыру мақсатында бұл жүйедегі маман даярлаудың 
мазмұнын жаңарту жолдарына белсенді ізденістер 
жүргізді. Олар: шетелдегі техникалық және кәсіптік білім беру тәжірибесі; 
Қазақстанда еңбек нарығындағы кәсіптік мамандық құрылымының 
өзгерістері; кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы даярлық 
мазмұны. Сол себепті кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту бағытында 
іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілуде. Ең әуелі осы отандық 
техникалық кәсіптік білім беруді жаңартуды терең түсіну мақсатында білім 
берудің шетелдік модельдерін салыстырмалы педагогиканың әдіснамасы 
арқылы зерттеу жүргізілуде. Кәсіптік білім берудегі бұл үдеріс көптеген 
елдердің, әсіресе Еуропалық кеңестің, АҚШ-тың, Жапонияның стратегия-
сынан анық көрінуде.
Зерттеудің екінші кезеңінде кәсіптік стандарттарды жобалаудың 
әдіснамалық тұғырлары іздестірілуде. Кәсіптік стандарт қызметкерлердің 
кәсіби әрекеті сапасына бағдар ретінде алынады: 1) құзыреттіліктердің 
деңгейлік жүйесі; 2) кәсіптік міндеттер жүйесі; 3) қызметтік карта; 4) тұл-
ғалық қасиеттер жүйесі.
Зерттеудің үшінші кезеңінде кәсіптік білім беру әрекетінде тиімді және 
үйлесімді стандарттарды жобалаудың ғылыми-әдістемелік құралдары жа-
салды [249].


307
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Зерттеу Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясында профес-
сор А.Қ. Құсайыновтың басшылығымен жүргізілуде. Зерттеу пәні – кәсіптік 
стандарттарды жобалау. Бұл зерттеу нәтижесінде профессор Н.А. Шамель-
ханова «Модернизация содержания профессионального образования» атты 
монография (Алматы, 2011. – 232 с.) жариялады.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде 
түбірлі өзгерістер болды. Бұл кезеңді тек ғылыми-техникалық прогреске сай 
ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы әлеуметтік сұранысқа сәйкес дайында-
латын маманның үлгісін қалыптастырудың зерттеушілік және практикалық 
жұмыстарының бастамасы деуге болады. Мұның өзі ғылымның көптеген 
салаларында модельдеуді тиімді тәсіл ретінде қолдануға жол ашты және 
зерттеулердің әртүрлілігі бір үлгідегі нормативтік құжат ретіндегі ма ман-
ның біліктілік сипаттамасын жасауға әкелді. 
Егемендік алғаннан кейін әр республика жоғары кәсіптік білім беруді 
дамытудың тұжырымдамасын жасау қажет болды. Қазақстан Республика-
сы Лиссабон Конвенциясының ұстанымдары мен критерийлеріне сәйкес 
өзінің тұжырымдамасын анықтады. Тұжырымдаманың негізі Халықаралық 
білім берудің біліктілік стандартының ұсыныстарына сүйенді. Жоғары 
кәсіптік білімді дамытудың қабылданған тұжырымдамасына сәйкес бака-
лавриат, магистратура стандарттары жасалды. Оларда алғаш рет «маман 
моделі» термині қолданылып, «түйінді құзыреттіліктеріне қойылатын та-
лаптар» белгіленген.
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан 
келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі 
ереже ретінде төмендегілерді көрсетеді:
– құзыреттілік ұғымы тек танымдық және технологиялық құраушы 
ғана емес әрі мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық, 
яғ ни ол оқыту нәтижелерін (білім мен іскерлікті), құндылық бағдар жүйе-
ле рін, әдет және т.б. қамтиды;
– құзыреттілік алынған білім, іскерлік, тәжірибе мен мінез-құлық 
тәсілдерін нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілетін білдіреді.
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 
дайындаған диссертация тақырыбы: «Теоретические основы формирова-
ния исследовательской культуры обучающихся технических университе-
тов» (Алматы, 2009).
Ғылыми еңбектері: Исследовательская подготовка будущих инжене-
ров (концепция формирования исследовательской культуры): монография. 
– Алматы: КазНТУ, 2005. – 268 с.; Модернизация содержания профессио-
нального образования: монография. – Алматы: Rond&A, 2011. – 232 с.
Профессорлар А.С. Тотанова, Л. Аубакирова, Ж. Асанов педагогикалық 
зерттеу әдістемелерін ұсынды.


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
308
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің математикалық және 
статистикалық әдістерінеарнап Б.М. Қосанов, К. Кенжеғалиев, Г.К. Ахме-
това, С.А. Ұзақбаева және т.б.ғалымдар оқу құралдарын жазды.
Калкеева Қамарияш Райханқызы – педагогика 
ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік педагогика 
және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры.
1958 жылы қаңтардың 23-жұлдызында Қара ған-
ды облысының Ақтоғай ауданында туған. 1985 жылы 
Жезқазған педагогикалық институты филологиялық 
факультетінің «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі» 
мамандығын тәмамдады. 
1985–2006 жылдар аралығында Жезқазған пе-
да гогикалық институтында, Ө.Ә. Байқоңыров атындағы университетте 
қызмет атқарды. 2006–2011 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарды. Қалкеева Қамарияш 
Райханқызының ғылыми ізденімдері Қазақстан педагогикасы мен білім 
тарихы және педагогика ғылымының дидактика салаларына бағытталған. 
«Қазақстан педагогикасы мен білім тарихы» атты жаңа оқу пәнін жасап, 
оны педагогтік мамандар дайындау, оқу үдерісіне енгізді [97].
2011 жылдың «Үздік оқытушы-2011» атағының иегері. Ғалымның 
қаламынан 2 монография: «Ыбырай Алтынсарин оқулықтары», «Қазақстан 
педагогикасы және білім тарихы: полипарадигмалық тұғыр», 2 оқулық: 
«Педагогика пәнінің логикалық-құрылымдық курсы», «Қазақстан педа-
го гикасы және білім тарихы», «История педагогики и образования Ка зах-
стана», 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдар және 100-ден астам ғылыми 
ма қалалар жарық көрді. Ғылыми жоба авторы. 18 магистрант, 2 ғылым кан-
дидатын дайындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет