315
4.5. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығы
семинарларының жазу дағдыларын дамытудан бөлек зерттеушілік жұмыс,
аргументация негіздеріне, сонымен қатар кітапханада жұмыс әдістерімен
танысуға мақсаттылығы айтылады. Кейде
жазу курстарының атауының
өзі не іс-әрекеттің басқа түрлері енеді: фокуста оқу мен жазу (University
of California, Berkeley; Duke University; Carnegie Mellon University) неме-
се ауызша және жазбаша қарым-қатынас тұрады (Massachusets Institute of
Technology, Georgia Institute of Technology).
Университеттерде студент-
тер базалық деңгейге қол жеткізгеннен кейін игерілген жазу білімдерін
жетілдірудің түрлі мүмкіндіктері бар. Талдау барысында ілгері деңгейдегі
жазудың базалық деңгейінен басқа талаптары бар бес университет анық-
талды.
Осылай, Стэнфорд университетінде студенттер алғашқы үш жыл
ағымында жазу бойынша үш курс оқиды. 3-курста «Writing in the Major» ар-
найы курсы оқытылады, бұл курс студенттерге өздері таңдаған мамандық
бойынша жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді және қайсыбір
пәнде жазу ерекшеліктерін оқудың негізі болады.
Жоғарыда аталған курстардан бөлек көптеген университеттер оқытуда
WID принциптерін қолданады. Мұндайкурстардымысалы«Writing in As-
«Writing in As-
tronomy» (California Institute of Technology), «Legal Research & Writing»
(Columbia University), «Writing About Science and Engineering» (The Johns
Hopkins University) жәнет.б. болады. Аталған курстар арнайы кафедраларда
жасалады және сәйкесінше белгілі бір пәннің маман-оқытушысымен оқы-
тылады. Ерекше көңіл бөлетін жайт, қолдау студенттерге ғана емес, өз курс-
тарында WAC принциптерін іске асырушы оқытушыларға да көр се тіледі.
Академиялық жазу орталықтарының парақтарында оқы ту шы ларға арналған
ресурстар, сонымен қатар кеңестер жазылған, мысалы жазу тапсырмаларын
қалай құру керек, оларды қалай бағалау керек, сонымен қатар жазу дағдысын
тиімді дамытуға ықпал ететін пікірлерді қалай жазу керек (мысал үшін
Дьюк университетінің, Мадисондағы Висконсинск университетінің (Uni-
versity of Wisconsin-Madison) сайтын қараңыз).
Кейбір университеттерде
оқытушыларға арналған арнайы курстар ұйымдастырылады. Принстонс
университетіндегі «Writing across University» бағдарламасы немесе Чикаго
университетіндегі жазуды оқыту курстары («Writing peda-gogy») мысал
бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: